Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет16/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62

47
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
күнгі тапсырмаларға бөлінеді. Оқу жылының басында әрбір оқушы 
белгіленген уақытта белгілі бір тапсырманы өзі біліп алуы жөнінде 
мұғаліммен шарт («контракт») жасайды. Оқушылардың сыныптарға 
бөлінуі сақталғанымен, негізгі оқу процесінен оқшау ұйымдық және 
оқу-тәрбие міндеттерін орындау үшін пайдаланылады.
ДАМЫТА  ОҚЫТУ  (ағылш.  developing  education).  Оқушылардың 
бі лім ді  өз  бетінше  іздеуіне,  шығармашылық  тұрғыдан  ізденуге  не-
гізделетін оқыту, бұл оқушының бойында тапқырлық қасиеттерінің 
бо луымен, білім мен шеберліктерді туындаған жағдайға сәйкес пай-
далану. Қазіргі тілдерді үйрету әдістемесінде дамыта оқыту жекелеп 
оқыту тәсілі, сондай-ақ оқушыға баса назар аударылған тәсіл аясында 
айтарлықтай  сәтті  жүзеге  асып  келеді.  ХХ  ғ.  30  ж.  Л.С.Выготский 
оқыту мен дамытудың арақатынасы туралы мәселені қарастыра келе 
дамыта оқыту теориясының негізін қалады.
ДАМЫТУ.  Алдыңғыдан  кейінгінің,  алғы  сөзден  кейінгі  сөздің, 
алдыңғы ой-пікірден соңғы лебізді, әдепкі құбылыстан екінші құбы-
лыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР.  Жалпы және арнайы дарындылығын (му-
зыкаға,  сурет  салуға,  техникаға  және  т.б.)  байқатқан  балалар.  Да-
рын дылықты  ақыл-ой  дамуының  қарқыны  бойынша  –  басқа дай 
жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарынан озық тық дәре-
жесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарын дылығы 
тестері мен зияттылық коэффициенті осыған негізделген).    
ДАУЫСТАП  ОҚУ.  Оқу  түрі;  графикалық  мәтінді  дауыстап  оқу. 
Шет тілін үйрету кезінде оқыту тәсілі ретінде қолданылады. Оқыту 
практикасында хормен және жекеше дауыстап оқу деп екіге бөлінеді. 
Дауыстап оқу мен ішінен оқудың арақатынасы сабақтың мақсаты мен 
оқыту кезеңіне қарай өзгереді. 
ДӘРІС  (лат.  lectio  –  оқу).  Монологтік  сөйлеудің  бір  түрі,  оқу 
пәнінің тақырыбын немесе мәселелерін ауызша баяндау. Дәріс білім 
берудің негізгі формасы болып табылады. Тыңдаушылардың дәрісті 
қабылдауы  дәрісті  оқитын  адамның  тыңдаушылардың  назарын  бір 
жерге  шоғырландырып,  ұстап  тұру  қабілетіне  байланысты.  Шетел 


48
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
студенттеріне  арналған  монологтік  сөйлеу  түрі  болып  табылатын 
дәріс ауызша монолог (немесе диалогты монолог) түрінде болуы тиіс, 
бұл  тыңдаушыларды  қарым-қатынас  жасауға  тартып,  аудиторияға 
кеңінен  ықпал  ету  құралдарын  (мысалы,  тыңдаушыларға  берілген 
сұрақтар), сондай-ақ көрнекілік құралдарын пайдалануды көздейді.
ДӘРІСТЕМЕ. Сыныптан және мектептен тыс мәдени-ағарту жұмы -
сы. Мектеп дәрістемесін оқушылар ұйымдастырады. Оларға мұғалім-
дер  мен  ата-аналар  кеңес  береді.  Сыртқы  дәрістемені  оқушылар 
үшін клуб, мұражай, филармония, жоғары мектеп, қоғамдар өткізеді. 
Мектеп дәрістемесін кеңес басқарады, оның құрамына дәріске бейім 
оқушылар, сондай-ақ кеңесші мұғалімдер мен ата-аналар енеді.
ДӘРІСТІК ӘДІС. Сабақта айтылмақ ойды тезис-жоспар бойынша 
күні  бұрын  жобалап,  жоспарлап  алып,  сол  бойынша  мұғалімнің 
баяндау монологы. Дәрістік әдіспен оқыған сабақтың тартымды болуы 
үшін кейде мұғалім ойды баяндай келіп, түйін жасауды оқушылардың 
қатысуымен іске асырады немесе теориялық мәселелерді айта келіп, 
оған  өмірден  мысал  келтіруді  оқушыларға  қалдырады.  Оны  кейде 
дәріс әңгіме әдісі немесе аралас әдіс деп те атайды.
ДЕДУКТИВТІ  ОҚЫТУ  ӘДІСІ.  Ережелер  мен  қорытындыларды 
хабарлауды қарастыратын оқыту әдісі, содан кейін ережелер мен қоры-
тындылар сөйлеу кезінде қолданылатын мысалдар арқылы көр сетіледі.
ДЕЙТЕРЛІК  ОҚЫТУ  (ағылш.  deuterolearning;  грек.  deuteros  – 
екінші). Батыс педагогика психологиясында оқу әрекетіндегі оқуды, 
яғни тиімді оқудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін шеберліктерді біл-
діретін термин. Отандық лингводидактикада оқу шеберліктері деген 
термин пайдаланылады.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ. Адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қи мыл-
әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін 
жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, 
шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды.
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ (грек. basis – негіз, тірек). 1. Компьютердің 
жадында сақталатын деректердің (мәліметтердің) жүйеге келтірілген 
жиынтығы. Деректер базасын (қолданушыларға ақпараттық хабарды 


49
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жаңартуға,  анықтауға,  құруға  мүмкіндік  береді)  құру  және  жүргізу 
үшін  деректер  базасын  басқару  жүйесі  деп  аталатын  тілдік  және 
бағдарламалық  құралдар  жиынтығы  пайдаланылады.  2.  Жалпы 
деректер жиынтығының ұстанымдары, олардың сипаттамасы, сақтау 
және  пайдалануы  ерекше  ережелер  бойынша  ұйымдастырылған. 
Деректер  базасы  әдістемеде  типтік  қателер,  коммуникативті 
міндеттер, лексикалық минимумдар, тілді меңгеру деңгейлері және 
т.б. салалар бойынша пайдаланылады.
ДЕШИФРОВКА  (фран.  dechiffer  –  шифрді  ашу,  шифрді  шешу). 
Оқу  материалына  кірісу  және  іске  қосуды  жоспарлау  шеңберінде 
оқушыларды  қарым-қатынас  жағдаяттарымен  таныстыратын  білім 
алушының  резервтік  мүмкіндіктерін  іске  қосу  әдісі  мен  оқытудың 
суггестопедтік әдісі аясында жүзеге асырылатын оқыту кезеңі.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ  ТЕСТ.  Тест  тапсырмаларын  арнайы 
ұйымдастыру  жүйесі,  бұл  білім,  біліктілік,  дағды  деңгейін  ғана 
анықтап қоймайды, сондай-ақ олардың дұрыс құрылмау себептерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалық тест жіберілген қатенің 
себебін ғана анықтауға емес, сондай-ақ ықтимал қателерді болжауға 
да бағытталған.
ДИАФИЛЬМ (грек. dia – арқылы + фильм). Оқу құралының экрандық 
түрі,  визуалды  көрнекі  құралы.  Тақырыптар  мен  мәтіндерден 
құралған кинотаспалардағы позитивті кескіндерден тұрады.
ДИДАКТИКА (грек. didaktikos – үйретуші). Білім беру мен оқыту 
теориясын дайындайтын педагогиканың бір саласы. Дидактиканың 
негізгі  міндеті  –  оқу  процесін  бағындырудағы  заңдылықтарды  ай-
қын дау  және  сол  заңдылықтарды  білім  алу  мақсатын  ойдағыдай 
орын дау  үшін  пайдалану.  Дидактика  қоғамның  белгілі  бір  даму 
кезеңінде  білім  беру  міндеттеріне  сәйкес  оқушыларға  қажет  білім, 
дағды және шеберлік көлемін анықтайтын білім берудің мазмұнын 
ғылыми тұрғыдан негіздеумен шұғылданады. Дидактика философия 
және әлеуметтану, логика және психология, жоғары жүйке қызметінің 
физиологиясы  сияқты  және  т.б.  ғылымдармен  тығыз  байланысты. 
Дидактика  оқытуға  байланысты  қағидалар,  әдістер,  мазмұндар, 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау