Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет27/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62

80
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тегі  оқу  процесінің  ұйымдасуын  қарастыратын  оқыту  теориясы. 
Осының бәрі, сондай-ақ ғылыми ақпарат контекст арқылы оқытудың 
негізгі мазмұнын құрайды. Оқытуды бұлайша ұйымдастыру студент 
қызметінің  динамикалық  қозғалысын  академиялық  қызмет  түрінен 
кәсіптік  оқу  және  кәсіптік  түріне  қарай  бағыттауды  қамтамасыз 
етеді. Контекст арқылы оқыту теориясы мен технологиясының қай-
нар  көзі  қызмет  теориясы,  сондай-ақ  «белсенді  оқыту»  теориясы 
бо лып табылады. Контекст арқылы оқыту технологиялары кәсіптік 
оқыту  жүйесінде  пайдаланылады.  Олар  кәсіптік  білімнің  негізгі 
қарама-қайшылығын еңсеруге мүмкіндік береді: студенттің кәсіптік 
қызметті игеруі көбіне мақсаты, мотиві, мазмұны, формасы, әдістері, 
құралдары, процесі жағынан кәсіптіктен өзгеше оқу әрекеті арқылы 
ұйымдастырылады.
КОНТЕКСТ  (МӘНМӘТІН)  НЕГІЗІНДЕ  ОҚЫТУ.  Тілді  үйрету 
сабақтары сөйлеу қызметінің немесе қарым-қатынас жасау саласының 
(тұрмыстық, кәсіби) нақты бір түріне бағдарланған оқыту.
КОНТЕНТ-ТАЛДАУ (ағылш. content). Педагогикада пайдаланылатын 
зерттеу әдісі. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, 
сұхбат, балалардың жұмысы) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға 
беруді білдіреді.
КОМПЬЮТЕРЛІК  ЛИНГВИСТИКА  –  (математикалық,  есептеу 
лингвистикасы  деп  те  атайды)  жасанды  интеллектінің  бағыты, 
бұл  бағыт  табиғи  тілдерді  сипаттауда  математикалық  модельдерді 
қолдануды мақсат етеді. 
КОУЧИНГ (ағылш. coaching). Өмірдің әртүрлі салаларында мақсат-
тарға  қол  жеткізуге  бағытталған  оқушыларға  кеңес  беру  про цесі. 
Көбіне  шет  тілін  үйрету  сабақтарында  ұстаздың  (тьютордың)  бас-
шылығымен жекелеп оқыту жағдайларында жүзеге асады.
КӨРКЕМ  МӘТІНДІ  ТАЛДАУ.  Практикалық  курстағы  оқыту 
аспектісі, оның мақсаты – оқырманға оқып отырған мәтіннің идея-
лық-көркемдік мазмұнын, оның тілі мен стилінің ерекшелігін тере-
ңірек  әрі  толық  түсінуге  көмектесу,  түптеп  келгенде,  сөздік  қорды 
байытуға  және  оқырманның  сөйлеу  шеберліктерін  дамытуға  әсер 


81
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ету. Оқыту барысында көркем мәтінді пайдалану тіл үйренушілердің 
тілге  деген  қызығушылығын  арттырады.  Мәтін  елтану  және 
кәсіби  ақпараттың  қайнар  көзі  болып  табылады.  Сабақ  барысында 
бейімделген  және  бейімделмеген  мәтіндер  пайдаланылады,  бұл 
оқушылардың  тілді  меңгеру  деңгейі  және  мәтін  қиындықтарының 
деңгейі  арқылы  анықталады.  Мәтінмен  жұмыс  істеуге  түсініктеме 
бере  отырып  оқу,  тілдік  ерекшеліктерді,  автордың  стилі  мен  түпкі 
ойын  талдау  жатады.  Бастапқы  кезеңде  оқу  тетіктерін  қалып-
тастыруға баса назар аударылады. Сабақта көркем мәтін екі тұрғыдан 
қарас тырылады:  автор  тарапынан  –  көркемдік  түпкі  ойды  іске 
асыру ретінде, оқырман тарапынан – мәтіннің мағынасын қабылдау, 
яғни  оны  мәтін  арқылы  ғана  емес,  сондай-ақ  оқырманның  өзіндік 
тезаурусы, оның жеке тәжірибесі арқылы түсіндіруге болады. Қазіргі 
әдістемеде  мәтінді  талдаудың  мынадай  бағыттары  әзірленген: 
стилистикалық  декодтау  (И.В.Арнольд),  бұл  бағыт  аясында 
оқушылар талдау критерийлерімен танысып, туындының мазмұнын 
ашады  (декодтайды); 
семиотикалық  талдау  (Ю.М.Лотман),  бұл 
талдау барысында мәтінді ішкі жағынан ұйымдастыруға баса назар 
аударылады; 
құрылымдық-функционалды  талдау,  бұл  талдауға 
мәтіннің  көркемдік  құрылымын,  мәтіннен  тыс  фактілерді  (автор 
туралы мәліметтер) зерттеу, мәтінді эстетикалық тұрғыдан қабылдау 
қамтылған. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс істеуге арналған тап-
сырмалар жүйесі де әзірленген, бұл жүйе 
мәтіналды, мәтіндік және 
мәтінсоңы жаттығуларынан тұрады.  
КӨРНЕКІ  ҚҰРАЛДАР.  Заттар  мен  құбылыстардың  жалпақ  және 
көлемді  суреттері;  табиғи  немесе  препарация  түріндегі  табиғи 
нысандар. Көрнекі құралдарды пайдалану оқушылардың түсініктері 
мен  ұғымдарын  дұрыс  елестетуге,  дағдылар  мен  шеберліктерді 
қалыптастыруға әсер етеді. Көрнекі құралдар жаңа оқу материалын 
түсіндіру,  бекіту,  өткен  материалды  қайталау,  оқушылардың  білі-
мін тексеру сияқты оқытудың әртүрлі кезеңдерінде, сондай-ақ ауди-
ториядан тыс, үйірме жұмыстарында пайдаланылады. Көрнекі құрал -
дар оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнына, оқыту әдіс-


82
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тері мен тәсілдеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі 
тиіс, сондай-ақ ғылыми, эстетикалық, санитарлық-гигиеналық, техни-
калық және экономикалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Көрнекі 
құралдар  арналымы,  мазмұны,  суреттеу  тәсілдері,  материалдары 
және  дайындау  технологиялары,  пайдалану  әдістері  мен  тәсілдері 
жағынан әртүрлі. Олар екіге бөлінеді: табиғи нысандар, өнер заттары 
мен  құбылыстарынан  (кескіндеме,  графика,  мүсін)  тұратын  табиғи 
көрнекі құралдар, сондай-ақ техникалық нысандар. Сурет тәсілдері 
бойынша  заттар  мен  құбылыстарды  нақты  көрсететін  суретті, 
бейнелі (модельдер, макеттер, нақпішін, картиналар) және схемалық, 
шартты  (кестелер,  сызбалар,  графиктер)  көрнекі  құралдар  болып 
бөлінеді. Жалпақ, сондай-ақ көлемді бейнелеу көрнекі құралдарының 
қозғалмайтын  және  қозғалатын  екі  түрі  болады.  Жалпақ  бейнелеу 
көрнекі  құралдарының  ішінен  экрандық  көрнекі  құралдарын  бөліп 
көрсетуге болады: диапозитивтер, диа және кинофильмдер. Экрандық 
көрнекі  құралдары,  проекциялық  аппаратурамен  бірге  жүретін 
дыбыстық құралдар (кодоскоп, фильмоскоп және т.б.), магнитофон, 
теледидар, бейнемагнитофон, компьютер және т.б. техникалық оқыту 
құралдарының тобына жатады. Қабылдау (есту немесе көру) түріне 
қарай көрнекі құралдар аудитивті (грамжазба, магнитжазба, радио 
арқылы хабарлау), визуалды (табиғи, көркемдік-бейнелі, графикалық) 
және аудиовизуалды (кинофильмдер, бейнежазбалар және т.б.) оқыту 
құралдары болып бөлінеді.
КӨРНЕКІЛІК. Педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, 
дәрістің,  үгіт-насихаттың,  жарнаманың  танымдылығы  мен  пәрмен-
ділігін  арттыру  жолы,  оқытуда  заттар  мен  құбылыстардың  әрқай-
сысының  өзіне  тән  жаратылыс  бітімін,  әрқилы  сыр-сипаттарын 
сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған 
ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. 
Оның  ішінде  ақпаратты  ең  көп  қабылдайтын  сезім  мүшесі  –  көру 
түйсігі.  Адам  жадында  терең  таңбаланатыны  да  осы  көру  түй-
сігі  арқылы  қабылданған  ақпараттар.  Бірақ,  түйсік  өздігінен  құбы-
лыстардың  ішкі  байланысын,  олардың  заңдылығын  бейнелей  ал-
май ды.  Құбылыстардың  мәнін  адам  санасында  ойлау,  пайымдау 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау