Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет22/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62

65
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖЕЛІЛІК БАҒДАРЛАМА. Компьютерді пайдалану арқылы оқыту 
аясында  пайдаланылатын  оқыту  бағдарламасының  түрі;  бақылау 
тапсырмаларын орындаған кезде оқушылардың берген жауаптарының 
сипатына  қарамай-ақ,  оқу  әрекетінің  бірден-бір  ықтимал  бағытын 
қарастырады.
ЖЕЛІЛІК КУРС. Білім берудің және дағдылар мен шеберліктерді 
қалыптастырудың  электронды  жүйесі,  бұл  қашықтан  оқыту 
процесінің үздіксіздігі мен толықтығын, оның ішінде оқушылардың 
ақпараттық-іздеу қызметін қамтамасыз етеді.
ЖЕЛІЛІК ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Қашықтан оқытудың 
тиімділігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  элементтер  жиынтығы.  Оқу 
процесінде  технологияның  екі  тобы  қолданылады:  пассив  (оқу-әдіс-
темелік материалды басып шығарып беру, аудио және ви зу ал ды тасы-
малдаушылар  немесе  СD-ROM)  және  интерактивті  –  ком пьютерлік 
(мысалы, телеконференциялар, электронды пошта және т.б.).
ЖИНАҚТАУ САБАҒЫ. Оқу пәнінің өткен бөлімі немесе тақырыбы 
бойынша оқушылардың білімдерін бекіту мен жүйелеу мақсатында 
өткізілетін сабақ. Жинақтау сабағы көбіне әңгіме, кейде дәріс түрінде 
өткізіледі. Сондай-ақ құжаттарды, оқу фильмін не диапозитивтерді 
талдау,  жалпылайтын  кестелер  құру,  лабораториялық  жұмыстар 
жасау арқылы да жинақтау сабағын өткізуге болады.
ЖОБАЛАУ ӘДІСІ. Оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін прак тикалық 
тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.
ЖОБАЛЫҚ  (лат.  projectus  –  алға  қарай  ұмтылған)  ӘДІСТЕМЕ. 
Оқу процесі барысында шағын топтардың әлеуметтік тұрғыдан өзара 
әрекеттесуін модельдеуге негізделген оқыту технологияларының бірі. 
Оның негізінде оқытуға деген жеке тұлғалық-қызметтік тәсіл жатыр. 
Жоба дегеніміз – шет тілінде өз бетінше жоспарланатын және іске 
асырылатын жұмыс, мысалы, газет немесе журнал шығару, мақалалар 
жинағы, көрме, қойылым, концерт және т.б. дайындау. Жобамен жұмыс 
істеу оқытудың саралы тәсілін жүзеге асыруға, оқу-рөлдік ойындар 
негізінде  оқушылардың  белсенділігі  мен  өз  бетінше  жұмыс  істеу 
қабілетін арттыруға, оқу міндеттерін өз бетінше орындауға мүмкіндік 


66
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
береді.  Оқушы  өзі  үшін,  өзінің  жетістіктері  мен  сәтсіздіктері  үшін 
жауап  беретін  оқу  әрекетінің  жеке  субъектісі  болатын  фронтальды 
немесе жеке оқытумен салыстырғанда, жобалық технология «оқушы 
– мұғалім – топ» деген жүйеде өзара ынтымақтасуға, оқу әрекетінің 
ұжым дық субъектісін өзектендіруге жағдай жасайды. Мұндай қыз-
мет  нәтижесінде  лексикалық  бірліктер  мен  грамматикалық  құры-
лымдар еріксіз есте қалып, сөйлеу қызметіне мотив беріледі. Педа-
гогикалық технология ретінде жобалар әдісіне қойылатын талаптар 
Е.С.Полаттың  (1998)  жұмысында  жасалған.  Жобалық  оқыту  әдісі 
ХХ  ғасырдың  басында  АҚШ-та  пайда  болған.  Оның  негізгі  ұра-
ны – бала өзі меңгерген білімді өмір сүру үшін пайдалануға бола-
тынын,  нәтижесінде  пайда  тауып,  бақытқа  кенелетінін  білсе,  ол 
қызығушылықпен оқиды. Әдістің мақсаты – есте сақтау мектебінен 
ойлау  мектебіне  көшу,  оқытушы  мұғалімді  емес,  тануға  ұмтылған 
оқушыны назарға алу. Жобамен жұмыс істеу үш кезеңнен тұрады: 1) 
жоспарлау; 2) жобаға дайындалу және орындау; 3) жобаны талқылау 
және бағалау. Жобаға дайындық және оны жүзеге асыру процесінде 
оқушыларға жобада пайдаланылатын, оның мазмұнын құрылымдауға 
мүмкіндік беретін материал таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Оқушылар 
жұмыстың негізгі бөлігін өз бетінше дайындалу кезінде өз беттерінше 
жүргізеді.  Аудиторияда  оқытушының  қатысуымен  тек  бастапқы 
және  қорытынды  жұмыс  бөліктері  ғана  өткізіледі.  Оқытушының 
рөлі оқушылардың шығармашылық әлеуетін көрсету үшін барынша 
қолайлы жағдай жасау, олардың жұмыстарын үйлестіру, тап болған 
қиындықтарды еңсеруге көмектесу. Жобаға қатысу ұжымда жұмыс 
істеу  шеберлігін  шыңдайды.  Жобамен  жұмыс  істеу  білім  берудің 
заманауи  үдерісін  білдіреді,  яғни  оқытуды  зерттеу,  іздеу  моделіне 
бағытталған.  Бұл  модель  әртүрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеу 
тәсілдерін пайдалануды қамтиды, оқушыларды шығармашылық тұр-
ғыдан ойлауға үйретеді, жобада алға қойылған тапсырмаларды ше-
шудің ықтимал нұсқаларын іздеуге, оларды жүзеге асыру тәсілдері 
мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді (Полат, 2000; Коряковцева, 
2002; Конышева, 2003).


67
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ  БІЛІМ.  Орта  білім  негізінде  жоғары  оқу  орындарында 
берілетін және ресми құжатпен (дипломмен, сертификатпен және т.б.) 
расталатын білім деңгейі. Жоғары білім – маманға зерттемелік және 
практикалық  мәселелерді  мәдениет,  ғылым,  техника  жетістіктерін 
шығармашылықпен  пайдалана  отырып  дамытып,  өз  бетімен  және 
жауапкершілікпен  шешуге  мүмкіндік  беретін  жүйеленген  білім 
жиын тығы мен іс-әрекет дағдыларын меңгеру нәтижесі. Жоғары бі-
лім берудің мақсаты – адамның зияткерлік қабілетін, тұлғалық және 
адамгершілік қасиеттерін кемелдендіру.
ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ. Кәсіби білім алу деңгейі; толық орта 
білім негізінде жоғары оқу орындарынан алынған және жоғары оқу 
орнын аяқтау туралы дипломмен расталған мамандық бойынша бі-
лік тілік деңгейі.
ЖОСПАР  (лат.  planus  –  бірдей,  тегіс).  1.  Жазбаша  хабарламаның 
түрі.  Жоспар  бағдарламаның  сөйлеу  және  сөйлеуден  тыс  қызметін 
ашады және бекітеді, нәтижесі оның пункттерінен көрініс табады. 2. 
Анықталған тәртіп, мазмұндау кезіндегі бірізділік, мысалы, мақала, 
сөйлеу және т.б.
ЖҰМБАҚ.  Ұқсатып  айту  арқылы  заттың  атын  табуды  үйретудің 
тәсілі,  ой  дамытудың  құралы.  Жұмбақтың  заттарға,  іс-әрекетке, 
өмірге байланысты түрлері көп.
ЖҰМЫС  МАТРИЦАСЫ  (лат.  matrix  (matrixіs)  –  қайнар  көзі, 
бастау). Тестілеу кезінде оқушылар өздері таңдаған жауапқа сәйкес 
келетін сандар немесе әріптерді арнайы кестеге белгілейді. Тестілеу 
аяқталғаннан кейін жұмыс матрицасы бақылау матрицасымен салыс-
тырылады, бұл жауаптың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
ЖЫЛДЫҚ БАҒА. Оқушылардың жыл бойы алған білімін бағалау 
ретінде қойылатын баға.
- З -
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. Ақиқатты және олардың заңдылықтарын тану 
құбылыстарының  тәсілдері.  Тіл  үйретуге  қатысты  қолданылатын 
зерттеу әдістері – оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында оны 
зерттеу тәсілдері. Мынадай негізгі зерттеу әдістері бар: 1) оқыту әдіс-


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау