Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет21/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62

62
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жаңа  әдіс-тәсілдері  бойынша  Жаттығу  әдісі  бір  жүйеге  түсіріліп, 
жоғары  тиімділікпен  жүргізіледі.  Жаттығу  әдісі  арқылы  оқыту 
теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады.
ЖАТТЫҒУ  ТИПОЛОГИЯСЫ  (грек.  typos  –  таңба,  форма,  үлгі 
+  ...логия).  жаттығуларды  маңызды  белгілері  бойынша  класси-
фикациялау. Ең басты классификациялық белгісі жаттығудың сөйлеу 
қызметін  дайындауға  бағытталғандығы  (дайындық  немесе  тілдік 
жаттығулар) және сөйлеу қызметіне қатысуды қамтамасыз ету (сөйлеу 
және  коммуникативті  жаттығулар).  Е.И.Пассов  (1977)  жаттығуды 
мынадай  түрлерге  бөлуді  ұсынған:  тілдік,  аударма  жаттығулары, 
трансформациялық,  алмастырылатын,  сөйлеу,  сұрақ-жауап,  шартты 
түрде ауызша (Изаренков, 1994; Ильин, 1975; Рахманов, 1980).
ЖАТТЫҒУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ.  Топтық  практикалық  әдіске 
қатысты жалпыдидактикалық оқыту әдісі. Оқытушы үйренушілердің 
сөйлеу  автоматизмін  дайындау  үшін,  яғни  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыру үшін пайдаланылады. Әдісті пайдалану сөйлеу дағды-
ларын  қалыптастырудың  екі  түрін  қамтамасыз  етеді:  а)  дағдыны 
қалыптастыру  (дыбыстардың  дұрыс  айтылуы,  фразаларды  дұрыс 
айту, тілдік нормаларға сәйкес сөйлеуді қалыптастыру); ә) дағдыны 
пайдалану (шет тіліндегі сөздер мен модельдердің, сөз таңдау және 
сөйлем модельдерінің сөйлесім мазмұнына тәуелділігін ұзақ мерзімге 
еске  түсіру,  лексика-грамматикалық  бірліктерді  қысқамерзімді 
есте  сақтауды  белгілі  бір  мерзімде  игеру).  Жаттығу  қорытындысы 
бойынша, яғни қайта-қайта және сөйлеу қызметін саналы орындау 
және  пайдалану  білім  берудегі  сөйлеу  дағдылары  болады,  сөйлеу 
шеберлігіне арналған база болып табылады.
ЖАТТЫҒУЛАР  ЖҮЙЕСІ.  Арналымы,  материалы  және  оларды 
орындау тәсілі бойынша біріктірілген жаттығу түрлерінің жиынтығы 
(мысалы, тілдік, сөйлеу, аспектілі, кешенді жаттығулар). 
ЖАТТЫҚТЫРҒЫШ  ЖАТТЫҒУЛАРЫ.  Міндеті  –  оқушыларға 
дағдылар мен шеберліктерді дамыту барысында, сондай-ақ оларды 
құрып болғаннан кейін бекіту үшін әртүрлі сөйлеу түрлерінде тілдік 
материалды пайдалануға үйрету болып табылатын жаттығу түрі.


63
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖАТТЫҚТЫРУ.  Жаттықтыру  жаттығуларын  пайдалануды  қарас-
тыратын  жалпы  дидактикалық  оқыту  әдісі;  бұл  екі  түрлі  сөй леу 
дағдыларын  қалыптастыруға  көмектеседі:  а)  рәсімдеу  (бұл  ды-
быстарды дұрыс айтуды, дұрыс интонация қоюды, тіл нормаларына 
сәйкес  сөйлеуді  рәсімдеуді  қамтамасыз  етеді)  және  ә)  пайдалану 
(оның  көмегімен  өзге  тілді  сөздер  ұзақ  уақыт  бойғы  жадыдан 
алынады, пікірдің мазмұнына қарай сөздер таңдалады). Жаттықтыру, 
яғни  арнайы  таңдалған  жаттығулар  түріндегі  жеке  сөйлеу  әрекет-
терін бірнеше рет және саналы түрде орындау нәтижесінде сөйлеу 
дағдылары қалыптасады, бұл жаттықтыруды пайдаланудың мақсаты 
бо лып  табылады.  Алайда  дағдыларды  игеру  маңызды,  бірақ  тілді 
меңге рудің тек бастапқы кезеңін ғана құрайды. Келесі кезең әртүр-
лі сөйлеу қызметіндегі сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға бағыт-
талған. Осы мақсатта жалпы дидактикалық пайдалану әдісі (практи-
ка) қолданылады (Беляев, 1965).
ЖАТТЫҚТЫРУ САБАҒЫ. Оқу әрекетінің сипатына қарай бөлінетін 
сабақ  түрі;  жаттықтыру  сабағында  оқушылардың  қызметі  тілдік 
құралдарды  пайдалану  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған. 
Жат
     
тықтыру  сабағы  бекіту  түрлері  бойынша  ажыратылады,  оның 
мына дай  түрлері  болады:  белгіленген  үлгі  бойынша  жаттықтыру, 
ере же  мен  үлгіге  негізделген  жаттықтыру,  үлгіні  негізге  алмай-ақ 
ере желерді меңгеруге негізделген жаттықтыру.
ЖАТТЫҚТЫРУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ.  Практикалық  әдістер 
тобына жататын жалпы дидактикалық оқыту әдісі. Оқытушы сөйлеу 
тетігінің автоматизмдерін қалыптастыру, яғни сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру үшін пайдаланады. Қазіргі әдістемеге сәйкес, жаттық-
тыруды  ұйымдастырудың  басты  мақсаты  –  жаңа  дағдыларды  қа-
лыптастыру  емес,  игерген  дағдыларды  түзету,  ана  тіліне  тән  ойды 
құ рау процесінен үйренетін тілге тән рәсімдеу процестеріне ауысуға 
көмек көрсету болып табылады. Бұл әдісті пайдалану екі түрлі сөйлеу 
дағдысын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді:  а)  рәсімдеу  дағдылары 
(дыбыстарды  дұрыс  айту,  фразаға  интонация  қою,  тіл  нормаларына 
сәйкес сөйлеуді рәсімдеу); ә) пайдалану дағдылары (ұзақ уақыт бойы 


64
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
есте сақталған өзгетілді сөздер мен модельдерді алу, сөздер мен сөйлем 
модельдерін таңдау). Жаттығу, яғни сөйлеу әрекеттері мен операцияларын 
бірнеше рет саналы түрде орындау нәтижесінде сөйлеу шеберліктерінің 
негізі болып табылатын сөйлеу дағдылары қалыптасады.
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН КУРС. Жеделдетілген оқыту әдістерін пайда-
лану арқылы шет телдерін үйрету курсы.
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН (лат. intensio – күш, жүктеме) ОҚЫТУ. Оқушылар 
барынша  күш-қуаттарын  жұмсаған  жағдайда  азғантай  ғана  уақыт 
кезеңінде оқу материалын игеруді қамтамасыз ететін оқыту.
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСІ. Шет тілін үйрету әдістерінің 
тобы, 60 ж. болгар ғалымы Г.Лозанов әзірлеген. Оқытушы әдеттегі 
оқытуда  пайдаланылмайтын  оқушы  тұлғасының  психологиялық 
резервтерін  басшылыққа  алады.  Жеделдетілген  оқыту  әдісінің 
дәстүрлі  оқытудан  ерекшелігі:  педагогикалық  қарым-қатынастың 
әртүрлі  формаларына,  топтағы  әлеуметтік-психологиялық  ахуалға, 
тиісті оқу мотивациясын қалыптастыруға, тілдік материалды игеру 
және  сөйлеу  қарым-қатынасы  кезіндегі  психологиялық  кедергіні 
жоюға  баса  назар  аударылады.  Жеделдетілген  оқыту  әдісін  тілді 
қысқа  мерзімде  оқыту  жағдайларында  және  азғантай  ғана  уақыт 
ішінде сөйлеу дағдысын дамыту кезінде пайдаланған орынды.
ЖЕКЕЛЕП  ОҚЫТУ  (лат.  individuum  –  бөлінбейтін;  жеке).  Оқу-
шылардың  жеке  басының  психологиялық  ерекшеліктерін  еске ре 
отырып,  оқу  процесін  ұйымдастыру;  бұл  әрбір  оқушының  ық ти-
мал  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  жайлы  жағдай  жасауға  мүм-
кіндік  береді.  Оқыту  практикасында  оқудың  орташа  деңгейіне, 
оқу  қабілеттеріне  бағдарланады,  сондықтан  да  әрбір  оқушы  өз 
бойындағы ықтимал қабілеттіліктерді жүзеге асыра алмайды. Жеке-
леп  оқыту  бағдарламада  белгіленген  оқу  әрекетінің  деңгейі  мен 
әрбір оқушының нақты мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктерді 
еңсеруге бағытталған. Жеке және топтық тапсырмалар жекелеп оқыту 
құралдары  бола  алады.  Жекелеп  оқытудың  тиімді  формаларының 
бірі  оқу  барысында  рөлдік  ойындар  мен  оқытудың  техникалық 
құралдарын пайдалану болып табылады.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау