Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет26/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
48 
10.12 Құрылыстарды  бөлшектеу  кезінде  конструкциялардың  өздігінен  бұзылуының 
немесе құлауының алдын алу қажет.  
Жұмыстар орындалатын аймақта орналасқан тұрақты емес конструкцияларды алып 
тастау немесе бекіту, не болмаса жұмыс өндірісі жобасына сәйкес күшейту қажет.  
Түтін  құбырларын,  тас  бағандарды  және  аралықтарды  қолмен  шабуға,  сонымен 
қатар оларды жабынның үстіне құлатуға тыйым салынады.   
10.13 Құрылыстарды  «құлату»  тәсілімен  бөлшектеу  кезінде  жалғанған  тростардың 
(арқандардың) ұзындығы ғимарат биіктігінен 3 есе үлкен болуы керек.   
10.14 Құрылыстарды жару тәсілімен бөлшектеу кезінде «Жару жұмыстары кезіндегі 
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын» сақтау қажет. 
10.15 Жүк  көтергіш  крандар  көмегімен  конструкциялар  мен  жабдықтарды 
демонтаждау кезінде осы Ереженің 7-бөлімінің талаптарын сақтау қажет.  
Босату  тәсілдері,  сонымен  қатар  демонтаждалатын  конструкцияларды  ілмектеу 
схемалары жұмыс өндірі жобасында көзделгендерге сәйкес келуі керек.  
10.16 Құрылыстарды  бөлшектеуден  алған  материалдарды,  сонымен  қатар  құрылыс 
қоқысын  жабық  науалар  арқылы  немесе  жүк  көтергіш  крандардың  көмегімен  беті 
жабылған  жәшіктермен  немесе  контейнерлермен  түсіру  қажет.  Науаның  төменгі  ұшы 
жерден 1 м жоғары болмауы немесе бункерге кіріп тұруы тиіс.      
Науалардағы  немесе  басқа  да  құралдардағы  қоқысты  3 м  аспайтын  биіктіктен 
лақтыруға рұқсат етіледі. Осы жерлердегі қауіпті аймақтарды қоршау қажет.  
Қауіпті аймақтардың өлшемдері ҚР ҚН 1.03-05 сәйкес анықталады.  
10.17 Ғимараттарды  бөлшектеу  кезінде  алынатын  материалдарды  арнайы  бөлінген 
алаңдарға жинау керек.  
 
 
11 ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫ 
 
11.1 Жұмыс  орындарын  орларға  немесе  шұңқырларға  орналастыруға  байланысты 
жер  және  басқа  да  жұмыстарды  орындау  кезінде  жұмыс  сипатына  байланысты  келесі 
қауіпті  әрі  зиянды  өндірістік  ықпалдардың  жұмысшыларға  әсерін  ескерту  бойынша 
шараларды қарастыру қажет:  
- опырылып құлайтын тау жыныстары (топырақ); 
- құлайтын заттар (жыныс бөліктері); 
- қозғалып тұратын машиналар және олардың жұмыс органдары, сонымен қатар олар 
жылжытатын заттар; 
- жұмыс орнының 1,3 м және одан да жоғары биіктіктегі құламаға жақын орналасуы; 
- электр  тізбектегі  жоғары  кернеу,  оның  тұйықталуы  адам  денесі  арқылы  жүруі 
мүмкін; 
- химиялық қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар. 
11.2 11.1-тармақта  көрсетілген  қауіпті  әрі  зиянды  өндірістік  ықпалдар  болған 
жағдайда  жер  жұмыстарының  қауіпсіздігі  ұйымдық-технологиялық  құжаттамаларда 
(құрылыс  ұйымының  жобалары  және  жұмыс  өндірісі  және  басқалары)  берілген  еңбекті 
қорғау жөніндегі келесі шешімдерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:   


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
49
 
- машина  мен  топырақ  жүктемесін  есепке  ала  отырып,  котловандардың, 
шұңқырлардың (бұдан былай - орлар) бекітілмеген еңістердің қауіпсіз тіктігін анықтау; 
- котловандар мен шұңқырларды бекіту конструкцияларын анықтау; 
- топырақты  және  олар  орнатылатын  желерді  өңдеу  үшін  қолданылатын 
машиналардың типтерін таңдау;  
- маусымды  өзгерістерге  байланысты  еңістердің  тұрақтылығын  бақылау  және 
қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар; 
- котловандар  мен  шұңқырларды  қоршауларын  орнату  орындары  мен  типтерін, 
сонымен  қатар  жұмысшылардың  жұмыс  орнына  түсуіне  арналған  баспалдақтарды 
анықтау. 
11.3 Топырақтың  шайылуын,  көшкіндердің  түзілуінің,  орлардың  қабырғаларының 
бұзылуының алдын алу мақсатында жер жұмыстары жүргізілетін жерлерде оларды бастағанға 
дейін жер бетіндегі және астындағы суды бұрып жіберуді қамтамасыз ету қажет. 
Жұмыстар  жасалатын  жерлер  тастардан,  ағаштардан,  құрылыс  қоқысынан 
тазартылуы тиіс.  
11.4 Жоғары  кернеуге  ие  кабельдердің,  қолданыстағы  газ  құбырының,  басқа  да 
коммуникациялардың  қорғалатын  аймағындағы,  сонымен  қатар  топырағы  патогенді 
зақымдалуы ықтимал телiмдердегі (қоқыс тастайтын жер, мал моласы, зират және т.б.) жер 
жұмыстарын осы коммуникацияларды пайдаланатын ұйымнан немесе санитарлық қадағалау 
органынан рұқсат алғаннан кейін ғана наряд-рұқсат бойынша жүзеге асыру қажет.  
Осындай жағдайларда жұмыс жасауды жұмыс басшыларының тікелей бақылауымен, 
ал  кернеуі  бар  кабельдердің  немесе  қолданыстағы  газ  құбырларының  қорғалатын 
аймақтарында  осы  коммуникацияларды  пайдаланатын  ұйымдардың  жұмысшыларының 
бақылауымен жүзеге асырған жөн. 
11.5 Қолданыстағы  жер  астындағы  коммуникацияларға  тікелей  жақын  жерлерде 
топырақты  өңдеуге  тек  күректермен  ғана  жіберіледі,  соққы  құралдарын  қолдануға 
болмайды.  
Орлардың 
механикалық 
бұзылулардан 
қорғалмаған 
қолданыстағы 
коммуникациялармен  қиылысқан  жерлерінде  жер  қазатын  машиналарды  қолдануға 
ұйымдармен – коммуникация иегерлерімен келісім бойынша рұқсат етіледі.  
11.6 Жер 
жұмыстарын 
жүргізу 
процесінде 
коммуникациялар 
жобасында 
көрсетілмеген  жер  асты  құрылыстарын  немесе  жарылу  қауіпі  бар  материалдарды 
анықтаған  жағдайда  жер  жұмыстары  коммуникация  иегерлерінен  немесе  тиісті  уәкілетті 
мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттарды алғанға дейін уақытша тоқтатылуы тиіс.  
11.7 Жұмыс орындарын орларға орналастыру кезінде олардың жобада қабылданатын 
өлшемдері  жұмыс  орындарына  және  ені  0,6  м  кем  емес  жұмыс  орындарына 
конструкциялар, жабдықтар, керек-жарақтар, сонымен қатар өтпе жолдар орналастыруды 
қамтамасыз етуі тиіс, ал жұмыс орындарында – жұмыстар аймағына кеңістік қажет.    
11.8 Елді  мекендердің  көшелерінде,  жолдарында,  аулаларында,  сонымен  қатар 
адамдар болуы ықтимал басқа да жерлерде қазылатын орлар МемСТ 12.4.059 талаптарын 
есепке  ала  отырып,  қорғайтын  қоршаулармен  қорғалуы  тиіс.  Қоршауларға  ескерту 
жазбаларын, ал түнде сигналдық жарықтарды орнату қажет.  
11.9 Адамдардың орлар арқылы өтуі үшін МемСТ 12.4.059 талаптарына сәйкес өтпе 
көпірлер салынуы керек.  


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау