Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет28/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
52 
11.28 Машина  паспортында  көрсетілгеннен  жоғары  көлбеулік  бұрышымен  жоғары 
немесе  төмен  қозғалу  кезінде  бульдозерлермен  және  скреперлермен  топырақты  қазуға 
тыйым салынады.  
11.29 Нығыздамасы  еркін  құлайтын  топырақтың  тығыздалуы  бойынша  жұмыстар 
жүргізілетін телiмдерде база машинасынан 20 м жақын жерде жұмысшылар мен басқа да 
тұлғалардың жүруіне рұқсат етілмейді.  
11.30 Карьерлерді қазу кезінде «Карьерлердегі борттардың, кертпеш құламаларының 
және үйінділерінің деформациясын бақылау және олардың тұрақтылығын қамтамасы ету 
жөніндегі  шараларды  әзірлеу  жөніндегі  әдістемелік  нұсқаулардың»  талаптарын  сақтау 
қажет.  
11.31 Жару  тәсілімен  жартас  топырағын  қазу  кезінде  «Жару  жұмыстары  кезіндегі 
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын» сақтау қажет.  
11.32 Күрделі  жағдайларда  (ылдидағы  топырақты  ойып  алу,  құлама  үйінділердің 
тазалау)  машиналарды  қолдану  қажет  болған  кезде  осы  жағдайларда  (заттардың  құлауы 
және  аударылуы)  туындайтын  қауіпті  өндірістік  ықпалдардың  жұмысшыларға  әсерін 
ескертетін қорғаныс құралдарымен жабдықталған машиналарды қолданған дұрыс.       
11.33 Топырақты электрлік қыздыру жағдайында қорек көзінің кернеуі 380 В аспауы 
тиіс.  Топырақтың  қыздырылатын  телiмін  қоршап,  қоршауларға  қауіпсіздік  белгілерін 
орнату,  ал  түнде  жарықтандыру  қажет.  Қоршаулар  мен  қыздырылатын  телiм  контуры 
арасындағы қашықтық 3 м кем болмауы керек. Қыздырылатын телiмде жұмысшылардың 
және басқа да тұлғалардың болуына рұқсат етілмейді.  
11.34 Топырақтың  қыздырылатын  телiміндегі  уақытша  электрмен  қамту  желілері 
оқшауланған  сымдармен  жүргізілуі  тиіс,  электр  жабдықты  әр  жылжытудан  және  электр 
сымдарын жүргізгеннен кейін оқшаулағыш кедергісін мегаомметрмен өлшеп алған жөн.  
11.35 Топырақты  гидромеханизация  тәсілімен  қазу  кезінде  ҚНжЕ  3.02.01    және   
ВҚН 33-2.1.05 талаптарын орындаған жөн.     
11.36 Жер  қазатын  машиналармен  кабельдерден  1 м  аз  қашықтықта  қазу 
жұмыстарын жүргізуге және 5 м аз қашықтықта тоқпақтаманы және басқа да осыған ұқсас 
соққы механизмдерін қолдануға болмайды.  
Кабельдер  астында  жер  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  топырақты  қопсыту  үшін 
балғаларды және оларды қазу үшін жер қазу машиналарын, сонымен қатар сүймендер мен 
қайлаларды  қолдануға  кабельге  дейін  0,3 м  кем  емес  топырақ  қабаты  қалғанға  дейінгі 
тереңдікте ғана рұқсат етіледі. Топырақты одан ары қазу күрекпен жүргізіледі.  
11.37 Қыс мезгілінде топырақты, оны қыздырып алғаннан кейін ғана күрекпен қазуға 
болады. бұл ретте кабельдерге жылу көздерінің жақындауы 0,15 м кем болмауы тиіс.  
11.38 Зиянды  газдар  пайда  болған  кезде  жұмыстарды  тез  арада  тоқтатып,  газдану 
көзін анықтап, оны жойғанға дейін жұмысшылар қауіпті жерлерден шығарылуы керек.  
 
 
12 ЖАСАНДЫ НЕГІЗДЕРДІ ОРНАТУ ЖӘНЕ БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
12.1 Жасанды  негіздерді  орнату  және  бұрғылау  жұмыстарын  орындау  кезінде 
жұмысшыларға  жұмыс  сипатына  байланысты  келесі  қауіпті  және  зиянды  өндірістік 
ықпалдардың әсерін ескерту бойынша шараларды қарастыру қажет: 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
53
 
- құлайтын тау жыныстары (топырақтар);  
- жылжымалы  машиналар  және  олардың  жұмыс  органдары,  сонымен  қатар  олар 
жылжытатын конструкциялар мен заттар;  
- 1,3  м  және  одан  да  жоғары  биіктегі  құламаға  жақын  жерде  жұмыс  орындарының 
орналасуы; 
- машиналардың төңкерілуі, қадалар мен олардың бөліктерінің құлауы; 
- электр тізбегіндегі жоғары кернеу, оның қысқаша тұйықталуы адам денесі арқылы 
орын алуы мүмкін.  
12.2 12.1-тармақта көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар болған кезде 
жасанды  негіздерді  орнату  және  бұрғылау  жұмыстарының  қауіпсіздігі  ұйымдық-
технологиялық  құжаттамаларда  (құрылысты,  жұмыс  жасауды  және  басқаларын 
ұйымдастыру  жобаларында)  берілген  еңбекті  қорғау  жөніндегі  келесі  шешімдерді 
орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс: 
- жұмыстарды  орындау  үшін  механизация  тәсілдерін  анықтау  және  құралдарын 
таңдау; 
- жұмыстарды орындау реттілігін бекіту; 
- жабдықтарды  монтаждау  және  демонтаждау,  сонымен  қатар  алаңды  жылжыту 
схемаларын әзірлеу; 
- машиналар  конструкциясында  қолдану  үшін,  сонымен  қатар  жұмыс  орындарын 
ұйымдастыру  кезінде  қажетті  ұжымдық  қорғаныс  құралдарының  номенклатурасы  мен 
қажетті санын анықтау. 
12.3 Бұрғылау  жұмыстары  мен  жасанды  негіздерді  орнату  жұмыстарын  осы  Ереже 
талаптарын сақтай отырып жүзеге асырған жөн.  
12.4 Қада  қадаушы  және  бұрғылаушы  машиналар  бұрғылау  құралын  немесе  жүкті 
қармап  алатын  тетіктің  көтеру  биіктігін  шектегішпен  және  дыбысты  сигнализациямен 
жабдықталуы керек.  
12.5 Арқандар  өндіруші  зауыттың  сертификатына  немесе  оларды  сынау  туралы 
актілерге  ие  болуы  керек;  жүкті  қармап  алатын  құралдар  сыналуы  және  олардың  жүк 
көтергіштігін  және  сынау  күнін  растайтын  биркаларға  немесе  клеймаларға  ие  болуы 
керек.  
12.6 Машина  паспортына  сәйкес  балғаның  коперға  арналған  балға  мен  қаданың 
шекті массасы оның фермасында немесе рамасында көрсетілуі тиіс.  
12.7 Орнатылған  қада  қадаушы  және  бұрғылаушы  машиналар  мен  оларға  жақын 
орналасқан  құрылыстар  арасындағы  қашықтық  жұмыс  өндірісі  жобасымен  анықталады. 
Осы  машиналар  жұмыс  жасап  тұрған  кезде  ұңғыма  сағасынан  немесе  қаданы  қадаған 
жерден кемінде 15 м қашықтықта қауіпті аймақты белгілеген жөн.  
12.8 Қада  қадаушы  және  бұрғылаушы  машиналарды  жылжытуды  машина 
конструкциясы  тасымалдау  күйінде  тұрған  кезде  алдын  ала  жоспарланған  горизонталь 
жол бойынша жүргізген жөн.  
12.9 Қалқымалы  копермен  қадаларды  қадау  кезінде  олардың  жағаға  немесе  түпке 
бекітілген якорларға сенімді жақындауын, сонымен қатар кезекші кемелердің немесе жаяу 
жүргінші көпірінің көмегімен жағамен байланысуын қамтамасыз ету қажет.      
Қалқымалы копер құтқару шеңберлерімен және қайықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау