ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
46
қадағалау мемлекеттік органдарымен келістіру бойынша қуаты 10 кВт дейінгі зауытта
жасалған басқа электр жылыту құрылғыларын қолдануға рұқсат етіледі.
9.17 Ғимараттарда қозғалмалы және контейнерлік типтегі қолмен жасалған электр
жылыту құрылғыларын, (құралды қолданусыз) есіктердің және терезе жармаларының ішінен
еркін ашылуына кедергі жасайтын люминесценцияға негізделген шамдарды, сонымен қатар,
торларды, сеткаларын және басқа құрылғыларды орнатуға рұқсат етілмейді.
9.18 Әрбір мобильді (мүліктік) ғимаратқа қатысты паспорт және қолдану бойынша
нұсқаулық жасалады.
9.19 Құрылыс алаңдарында санитарлық-тұрмыстық бөлмелерін тұрмыстық бөлмелер
ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.
10 ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ
НЕМЕСЕ БҰЗУ БАРЫСЫНДА БӨЛШЕКТЕУ
10.1 Ғимараттарды және құрылыстарды бөлшектеу барысында (бұжан дылай –
құрылымдарды бөлшектеу) оларды қайта құру немесе бұзу барысында жұмыскерлерге
жұмыс сипатымен байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдарының
қатысты әсерлерін алдын алу бойынша шараларын қарастыру қажет:
- құрылыс құрылымдары элементтерінің өздігінен бұзылуы және жоғары орналасқан
бекітілмеген құрылымдардың, материалдардың, жабдықтың құлауы;
- құрылыс машиналарының қозғалушы бөліктері, онымен қозғалатын заттар;
- өткір жиектер, бұрыштар, шығып тұратын бекне саусақтар;
- шаңның және зиянды заттардың жұмыс аймағының ауасында ұзақ болуы;
- ұмыс орнының жанында 1,3 м және одан да көп биіктігінде сарқыраманың
орналасуы
10.2 Құрылыстарды бөлшектеу бойынша жұмыстарды өткізуді бастамас бұрын, онда
тұрып жатқан азаматтарды көштірумен немесе сол жерде орналасқан ұйымдардың
шығуымен байланысты дайындық шараларын, сонымен қатар, желіден су-, жылу-, газ-
және электр қамсыздандыру, канализацияны, технологиялық өнім құбырларын өшіріп
және олардың зақымдалуына қарсы шараларын қабылдап, орындау қажет.
Дайындық шараларын орындау бойынша барлық қажетті келісулер құрылысты
ұйымдастыру жобасын жасақтау кезеңінде жасалуы тиіс.
10.3 Ғимараттарды
бөлшектеуді
ұйымдастыру-технологиялық
құжаттамада
(құрылысты және жұмыс өндірісін және т.б. ұйымдастыру жобаларында) қарастырылған
шешімдері негізінде жүзеге асыру қажет
Ғимараттардың (құрылыстардың) жалпы күйінің, сонымен қатар, іргетастардың,
бағана керегелерінің, күмбездердің және басқа құрылымдардың зерттеуін өткізген соң
аталған шешімдер жасалуы тиіс.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі мәселелердің шешілуі жүзеге асырылатын
негізінде актісі жасалады:
- бөлшектеуді өткізу тәсілін таңдау;
- жұмыстарды орындаудың кезектілігін анықтау;
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
47
- қауіпті аймақтарды анықтау және қажет болған жағдайда қорғаныс қоршауларын
қолдану;
- құрылымдардың кенеттен қирауын болдырмау мақсатында бөлшектенетін
ғимараттың құрылымдарын уақытша немесе тұрақты бекіту немесе күшейту;
- шаңды
басу бойынша шаралар;
- биіктікте жұмыс істеу барысында қолданылатын қауіпсіздік шаралары;
- құрылымдарды және жабдықты бөлшектеу барысында арқандау схемалары.
10.4 Жұмысты бастамас бұрын жұмыскерлерді жұмыс өндірісінің жобасында
қарастырылған шешімдермен таныстыру және жұмыстың қауіпсіз тәсілдері туралы
нұсқаулықты өткізу қажет.
Ғимараттарды бөлшектеу барысында тұрақсыз құрылымдарын алуды жұмыс
басшысының қатысуында орындау қажет.
10.5 Құрылымдарды бөлшектеу кезінде оған жұмыс жасауға қатыспайтын басқа
тұлғалардың қатынауына тыйым салынады. Ғимараттарды бөлшектеу бойынша
жұмыстардың телiмдерін МемСТ 12.4.059 бойынша жасалған қоршаулармен қоршау
қажет. Бөлшектеу кезінде адамдар ғимаратқа кірмеуі тиіс.
10.6 Құрылыстарды механикаландырылған әдіспен бөлшектеу кезінде адамдар үшін
қауіпті аймақтарды белгілеу, ал машиналарды (механизмдерді) конструкциялардың
бұзылу аймағынан тыс орналастыру қажет.
Машинист кабинасы сынған бөлшектердің тиіп кету ықтималдығынан қорғалуы, ал
жұмысшылар қорғайтын көзілдіріктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
10.7 Құрылыстарды бөлшектеу кезінде, сонымен қатар қалдықтарды, қоқыстарды
жинау кезінде шаңның түзілуін азайту бойынша шараларды қабылдау қажет. Шаңды
ортада жұмыс жасайтын жұмысшылар тыныс алу органдарын ауадағы шаңнан және
микроағзалардан (зең, саңырауқұлақ, олардың споралары) қорғайтын құралдармен
қамтамасыз етілуі тиіс.
10.8 Жұмысшыларды газ немесе зиянды заттар пайда болуы ықтимал жерлерге
жібермес бұрын оларды тексеріп алу керек. Газ күтпеген жерден пайда болған кезде
жұмыстарды
тоқтатып, жұмысшыларды қауіпті аймақтан шығару қажет.
Газ пайда болуы ықтимал жерлерде жұмыс жасайтын жұмысшылар қорғаныс
құралдарымен (газ қағарлармен) қамтамасыз етілуі тиіс.
10.9 Құрылыстарды бөлшектеуді (конструкцияларды демонтаждау) жоғарыдан
төмен қарай ретімен жүзеге асыру қажет.
Құрылыстарды бір уақытта бір вертикаль бойынша бірнеше яруста бөлшектеуге
тыйым салынады.
10.10 Құрылыстарды бөлшектеу кезінде жұмыс орындарына өтететін жерлер
қалдыру қажет.
Жабынды және сыртқы қабырғаларды бөлшектеу кезінде қызметкерлер сақтандыру
белдіктерін қолданулары керек.
10.11 Карниздер мен ғимараттың аспалы бөліктерін бөлшектеу кезінде қабырғаға
тұруға тыйым салынады.
Жұмыстарды жұмыс фронты шегіндегі көру мүмкіндігін шектейтін көк тайғақ,
тұман және жаңбыр кезінде, жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары найзағай және жел
кезінде жасауға рұқсат етілмейді.