ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
40
7.5.23 Қышқылдармен, сілтілермен және сұйық жанбайтын химикаттармен
сыйымдылықтарды тасымалдау барысында автомобильдің шанағында тігінен орнату және
нығыз түрде бекіту қажет.
7.5.24 Бензинді тек арнайы цистернларда немесе металлдан жасалған берік
бұрандалатын тығыны бар сыйымдылықта ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Бензин
тасымалдаушы көлігі жабдықталуы тиіс жерге қосушы шынжырмен, ал бензинді сақтау
үшін арналған сыйымдылықтар - жерге қосылуы тиіс.
7.5.25 Басқа жүктермен бірге этилдендірілген бензинді тасымалдауға, сонымен
қатар, адамдарға автомобильдің шанағында болуға рұқсат етілмейді.
8 ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖӘНЕ ГАЗ ЖАЛЫНДЫ ЖҰМЫСТАРДЫ
ОРЫНДАУ
8.1 Электрлік дәнекерлеу және газ жалынды жұмыстарды орындауды
ұйымдастыру
8.1.1 Электр дәнекерлеу және газ жалынды жұмыстарды орындау барысында осы
Ережелердің, МемСТ 12.3.003 және МемСТ 12.3.036, «Металлдарды дәнекерлеу, балқыту
және кесу барысындағы жұмыстарға қатысты шарттарынының санитарлық-
эпидемиологиялық талаптары», «Өрт қауіпсіздігіне қатысты жалпы талаптар» Техникалық
регламентінің талаптары және «Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қауіпсіздігінің
ережелерінің» талаптарын орындау қажет.
8.1.2 Дәнекерлеу жұмыстарын биіктікте орындау барысында ҚР ҚН 1.03-05,
«Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қауіпсіздігінің ережелерінің» және осы
Ережелер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет. электрмен дәнекерлеу
шеберлерінде электр қауіпсіздігі бойынша II кем емес тобы бар болуы керек.
8.1.3 Электрмен дәнекерлеу және газ жалынды жұмыстарын биіктікте өндіру
жерлері (жанбайтын қорғаныс төсемі немесе жанбайтын материалмен қорғалған төсемі
жоқ болған жағдайда) жанғыш материалдардан 5 м кем емес радиусында босатылуы тиіс,
ал жану қаупі бар материалдардан және жабдықтан (газ генераторларынан, газ
баллондарынан және т.с.с.) – 10 м кем емес.
8.1.4 Құрылым элементтерін кесу барысында кесілген элементтердің кенеттен
қирауына қарсы шаралар қабылдануы тиіс.
8.1.5 Дәнекерлеуді, кесуді және қыздыруды ашық жалын аппараттарымен,
сыйымдылықтармен және жанғыш немесе зиянды заттармен толтырылған немесе
электротехникалық құрылғыларға жататын, кез-келген сұйықтықтарды немесе газдарды
қысыммен қосатын құбырлармен, қауіпті жұмыстардың өндірісіне наряд-рұқсатынсыз
және әрекет етіп отырған ұйыммен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды
келісусіз орындауға рұқсат етілмейді.
8.1.6 Оңай тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар астынан сыйымдылық
жұмыстарын бастамас бұрын тазартылуы, жуулуы, булануы және инертті газбен, ауамен
үрленуі тиіс. Әдетте оларда от жұмыстарын өткізу тұрақты еріксіз желдету барысында
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
41
орындалуы тиіс. Жұмыстарды батамас бұрын сыйымдылық 40
о
С аспайтын
температурасына дейін салқындатылуы тиіс.
8.1.7 Дәнекерлеу жіктерінің сапа бақылауын гамма-дефектоскопия көмегімен жүзеге
асыру барысында СЕ 5.01.011 талаптарын сақтау қажет.
8.1.8 Ультрадыбыс көмегімен дәнекерлеу жіктерінің сапа бақылауы барысында
МемСТ 12.1.001, МемСТ 12.2.051, БҚ34 ҚР20/03.501/202 және БҚ34 ҚР17.5302
талаптарын сақтау қажет.
8.2 Дәнекерлеу және газ жалынды жұмыстарының өндірісі
8.2.1 Газ
өткізгіш
тармақтарының
шілтерлердің,
кескіштердің
және
бәсендеткіштердің бұрандалы түтіктердегі бекітілуі, сонымен қатар, тармақтардың қосылу
жерлерінде тартқыш қамыттармен жүзеге асыру қажет.
8.2.2 Доғалық дәнекерлеу үшін дәнекерлеу кезеңінің ұзақтығын ескеруімен
максималды электр жүктемесі барысында сенімді жұмысқа есептелген оқшауланған
иілгіш кабельдерді қолдану қажет.
8.2.3 Дәнекерлеу кабельдердің қосылуын, қосылған жерлерді кейінгі оқшаулауды
қоса алғанда тығыздаумен, дәнекерлеумен немесе пісірумен орындау қажет.
8.2.4 Кабельдерді дәнекерлегіш жабдыққа қосу тығыздалған немесе пісірілген
кабельдік ұштар көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.
8.2.5 Дәнекерлеу сымдарын салу немесе орнын алмастыру барысында олардың
оқшаулауының зақымдалуына және сумен, маймен, болат арқандарымен және ыстық
құбырлармен жанасуына қарсы шараларын қабылдау қажет. Дәнекерлеу сымдарынан
ыстық құбырларға және оттегі бар баллондарға дейінгі қашықтық 0,5 м кем болмауы тиіс,
ал жанғыш газдармен – 1 м кем емес.
8.2.6 Дәнекерлеушілердің бөлмедегі жұмыс орындары ашық доғамен дәнекерлеу
барысында шектес жұмыс орындарынан және өту жерлерінен биіктігі 1,8 м кем емес
жанбайтын
экрандармен
(шымылдықтармен,
қалқандармен)
бөлектенуі
тиіс.
Дәнекерлеушілер жеке қорғаныс құралдарымен қамсыздандырылуы тиіс: МемСТ 12.4.013
бойынша көзілдіріктермен және МемСТ 12.4.023 бойынша қалқаншалармен.
Ашық ауада дәнекерлеу барысында, бірнеше дәнекерлегіштердің бір-бірінен жақын
жерде бір уақытта жұмыс істеуі жағдайында және адамдардың қарқынды қозғалысы
телiмдерінде қоршауларды орнату қажет.
8.2.7 Жаңбыр немесе қар басуы барысында электрмен дәнекерлеу жабдықтарының
және электрмен дәнекерлегіштің жұмыс орнының үстінде шатырлар жоқ болған жағдайда
электр дәнекерлеу жұмыстарының өндірісі рұқсат етілмейді.
8.2.8 Тұрақты дәнекерлеу посттарынан тыс дәнекерлеу жұмыстарының өндіріс
орындары басшының немесе нысандағы өртке қарсы қауіпсіздігі үшін жауапты маманның
жазбаша рұқсатымен анықталуы тиіс. Қажет болған жағдайда аса қауіпті жұмыстарды
орындауға рұқсат наряды жасалады.
Дәнекерлеу жұмыстарының өндіріс орындары өртті сөндіру құралдарымен
қамсыздандырылуы тиіс.
8.2.9 Сыйымдылықтардың немесе қуыстардың ішінде электр дәнекерлеу және газ
жалынды жұмыстарын орындау барысында құрылым жұмыс орындары сорғыш
Достарыңызбен бөлісу: |