Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет34/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
64 
14.26 Құрылымдарды  немесе  жабдықтарды  ауыстырған  кезде  олардың  және 
монтаждалған жабдықтың немесе басқа құрылымдардың шығыңқы бөліктері арасындағы 
аракашықтық көлденеңінен 1 м кем болмауы, тігінен – 0,5 м кем болмауы тиіс. 
14.27 Жұмыстағы үзілістер кезінде құрылымдардың және жабдықтардың көтерілген 
элементтерін көтерген күйінде қалдыруға жол берілмейді. 
14.28 Жобалық  қалыпта  белгіленген  құрылымдар  немесе  жабдықтар  элементтері 
олардың  тұрақтылығы  және  геометриялық  өзгермеушілігі  қамтамасыз  етілетіндей  түрде 
бекітілуі тиіс. 
Жобалық қалыпқа орнатылған құрылымдар және жабдықтар элементтерінің ілмегін 
алуды  жобаға  сәйкес  оларды  тұрақты  немесе  уақытша  бекіткеннен  кейін  жүргізу  керек. 
Ілмегі  алынғаннан  кейін  орнатылған  құрылым  немесе  жабдық  элементтерін  жылжытуға, 
жұмыстар  өндірісінің  жобасымен  қарастырылған  монтаждық  жабдықты  пайдалану 
жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді. 
14.29 Тексеру аяқталып және орнатылған элементтерді сенімді бекіткенге дейін егер 
жұмыстар  өндірісінің  жобасымен  қарастырылмаған  болса,  жоғары  орналасқан 
құрылымдардың оларға сүйенуіне жол берілмейді. 
14.30 15  м/с  және  одан  асатын  жел  жылдамдығында,  мұз  басуда,  найзағай  кезінде 
немесе  жұмыс  алаңының  шегінде  көрінуді  қиындататын  тұманда  монтаж  жұмыстарын 
орындауға тыйым салынады. 
Тік  панельдерді  және  сол  секілді  үлкен  желкенді  құрылымдарды  ауыстыру  және 
орнату  бойынша  жұмыстарды  10  м/с  және  одан  асатын  желдің  жылдамдығында  тоқтату 
қажет. 
14.31 Жүкшығырмен  құрылымдарды  және  жабдықтарды  жылжытқан  (қозғалтқан) 
кезде  тежегіш  жүкшығырлардың  және  полиспастардың  жүк  көтергіштігі  егер  басқа 
талаптар жобамен белгіленбеген болса, тарту құралдарының жүк көтергіштігіне тең болуы 
тиіс. 
14.32 Орамды  дайындамалардан  құрылымдарды  монтаждау  кезінде  орамның 
өздігінен оралуына қарсы шаралар қабылдануы тиіс. 
14.33 Жекелеген  царгтардан  тұратын  көлденең  цилиндрлі  сыйымдылықтарды 
құрастырған  кезде  царгтардың  өздігінен  домалану  мүмкіндігін  болдырмайтын  сыналы 
аратөсемдер және басқа керек-жарақтар қолданылуы тиіс. 
14.34 Ірілендіргіш  құрастыру  және  монтаждауға  жататын  құрылымдар  мен 
жабдықтарды дайындау әдетте осыған арнайы бөлінген орындарда орындалуы тиіс. 
14.35 Бірнеше  көтергіш  немесе  тартқыш  құралдармен  құрылымдарды  немесе 
жабдықтарды  ауыстыруды  жүккөтергіш  механизмдермен  жұмыстардың  қауіпсіз 
жүргізілуі  үшін  жауапты  тұлғалардың  тікелей  басшылық  етуімен  жұмыстар  өндірісінің 
жобасына  сәйкес  жүзеге  асыру  қажет,  бұл  жағдайда  олардың  әрқайсысына  келетін 
жүктеме кранның жүк көтергіштігінен аспауы тиіс. 
14.36  
Әрекет  етуші  кәсіпорын  шарттарында  монтаждық  (демонтаждық) 
жұмыстарды  өндіру  кезінде  пайдаланылатын  электржелілер  және  жұмыс  аймағындағы 
басқа  әрекет  етуші  инженерлік  жүйелер  әдетте  сөндірілуі  тиіс,  ал  жабдықтар  мен 
құбырлар жарылыс қауіпті, жанғыш және зиянды заттардан босатылуы тиіс. 
14.37 Құрастыру  операцияларын  орындау  кезінде  саңылауларды  үйлестіру  және 
олардың  монтаждалатын  бөлшектерде  үйлесуін  тексеру  конусты  жиектемелерді,  құрама 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
65
 
тығындарды  және  т.б.  пайдаланумен  жүргізілуі  тиіс.  Саңылаулардың  сәйкес  келуін 
саусақпен тексеруге жол берілмейді. 
14.38 Электр  сымдарының  жанында  (монтаждалатын  тораптың  немесе  буынның  ең 
үлкен  ұзындығына  тең  келетін  арақашықтық  шегінде)  құбырлар  мен  ауа  құбырлары 
буындарының және жабдық тораптарын монтаждау түсірілген кернеуде жүргізілуі тиіс. 
Жұмыс  кернеуін  түсіру  мүмкін  болмағанда  ҚР  ҚН  1.03-05  және  «Қазақстан 
Республикасының  электрқондырғыларын  орнату  ережелеріне»  сәйкес  наряд-рұқсат 
бойынша жүргізу керек. 
14.39 Бас 
мердігердің  және  тапсырыс  берушінің  жазбаша  рұқсатынсыз 
монтаждалған 
және 
әрекет 
етуші 
жабдық 
арасында 
жалғастырушыларды  
(байланыстырғыштарды)  орнатуға  және  алуға,  сонымен  қатар  әрекет  етуші  жүйелерге 
(электрлі,  булы,  технологиялық  және  т.б.)  уақытша  қондырғыларды  қосуға  жол 
берілмейді. 
Жарылыс қауіпті орта шарттарында жабдықты монтаждау кезінде ұшқынның түзілуі 
мүмкіндігін болдырмайтын құралдар, керек-жарақтар және жабдықтар қолданылуы тиіс. 
 
 
15 ТАС ЖҰМЫСТАРЫ 
 
15.1 Тас  жұмыстарын  орындау  кезінде  жұмыс  істеп  тұрған  келесі  қауіпті  және 
зиянды өндірістік ықпалдарға әсердің алдын алу бойынша шараларды қарастыру қажет: 
- 1,3  м  және  одан  асатын  биіктік  бойынша  деңгей  айырмасының  жанында  жұмыс 
орындарының орналасуы; 
- жоғары орналасқан материалдардың, құрылымдардың және саймандардың құлауы; 
- құрылым элементтерінің өздігінен бұзылуы; 
- машиналардың  қозғалмалы  бөліктері  және  олармен  жылжытылатын  құрылымдар 
және материалдар. 
15.2   15.1-т.  көрсетілген  қауіпті  және  зиянды  өндірістік  ықпалдар  болған  жағдайда, 
тас  жұмыстарының  қауіпсіздігі  ұйымдық-технологиялық  құжаттамада  (құрылысты, 
жұмыстардың  өндірісін  және  т.б.  ұйымдастыру  жобаларында)  берілген  еңбекті  қорғау 
бойынша келесі шешімдерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс: 
- құрылымдарды  және  қажетті  төсеу  құралдарын,  жүк  қамту  құрылғыларын, 
контейнерлендіру  құралдарын  және  ыдыстарды  орнату  орындарын  көрсетумен  жұмыс 
орындарын ұйымдастыру; 
- салынатын 
құрылымдардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында 
жұмыстардың орындалу бірізділігі
- ғимараттың  жанында  заттарды  құлаудан  және  адамды  биіктіктен  құлаудан  қорғау 
құралдарын орнату орындарын және құрылымдарды анықтау; 
- жылдың  суық  мезгілінде  тас  қалаудың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  бойынша 
қосымша қауіпсіздік шаралары. 
15.3 Көп  қабатты  ғимараттың  әрбір  жоғары  орналасқан  қабатының  қабырғасын 
қалау  қабатаралық  аражабынды  көтергіш  құрылымдарды,  сонымен  қатар  баспалдақ 
клеткасындағы алаңшаларды және марштарды орнатқаннан кейін жүргізілуі тиіс. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау