Кәсіподақ органдары мен ұйымдарында ақпараттық жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар мен жұмыс жағдайы туралы



жүктеу 201,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі201,5 Kb.
#21377

Кәсіподақ органдары мен ұйымдарында ақпараттық жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар мен жұмыс жағдайы туралы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері мен олардың мүшелік ұйымдарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі ақпараттық жұмыс болып табылады, ол кәсіподақ құрылымының бірлігін нығайтуда, олардың жарғылық мақсаттар мен міндеттерін жүзеге асыру қызметін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады.



2015 жылдан бері ақпараттық жұмыс талаптарына сай келетін салалық кәсіподақтың сайты құрылып, жетістікпен жұмыс жасайды, бұл туралы ағымдағы жылдың қыркүйек айында халықаралық тренерлер және сарапшылармен өткізілген ҚРКФ семинарында айтылды. Сайтқа сала кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдарының қызметі туралы материалдар уақытында жарияланады.

Диаграмма деректеріне сәйкес, салалық кәсіподақтың ресми сайтындағы материалдар басылымдары санының көбеюін көруге болады.

Егер 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сайтқа 306 ақпарат орналастырылса, 2016 жыл бойы сайтқа 499 ақпарат жіберілген, 2015 жылда – 161 ақпарат жарияланған. Сонымен қатар 2015 жылы «Парасат» және «Ұстаз» кәсіподақтарын ешқандай ақпарат жібермеген. 2016 жылы ақпараттың ең аз алынғаны: «Парасаттан» -7, «Ұстаздан»-4 және «Алматы облыстық ұйымынан»- 4. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ең аз ақпарат жіберген кәсіподақтар: «Ұстаз»(2), Солтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы (3), Семей аумақтық ұйымы (3), Атырау облыстық ұйымы(4).

Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары республикалық «Қазақстан кәсіподағы» кәсіподақ газетіне жазылу кампаниясына үлкен мән береді (№1қосымша). Салалық кәсіподақ жазылым бойынша ҚР кәсіподақтар Федерациясының жүйесіндегі талассыз лидер болып табылады. Егер 2015 жылы мүшелік ұйымдар республикалық «Қазақстан кәсіподағы» кәсіподақ газетінің 3331 данасына жазылса, 2016 жылы – 3965, ал 2017 жылы салада 4746 данаға жетті. Сала кәсіподақ ұйымдарының қызметі «Қазақстан кәсіподақтарында» тұрақты негізде жарияланып тұрады. Газет беттерінде 2016 жылы мүшелік ұйымдардың (Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Семей, Маңғыстау, Жезқазған, Талдықорған) қызметтің түрлі бағыттары бойынша 60-тан астам, ағымдағы жылы - 156 мақалалары жарияланды.



Кәсіподақтың ақпараттық серіктесі болып табылатын «Білімді ел» Республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетіне жазылу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 720 данаға, 2017 жылы – 1525 данаға жазылды. 2016 жылы газет беттерінде мүшелік ұйымдардың (Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстары) 14 материалы жарияланды. Үстіміздегі жылы осы газеттің беттерінде сала кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдарының (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстары) 21 материалы жарияланды. Газетте тұрақты заңгерлік парақша жүргізіледі, оқырмандар сұрағына салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары, ҚР БжҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаров жауап береді.

Кәсіподақтың ақпараттық жұмысында сондай-ақ орталық және жергілікті газеттер, журналдар, радио және теледидар қолданылады. Салалық кәсіподақтың қызметі туралы мақалалар саны көбейді. Қазақстандық салалық кәсіподақ төрайымы 7 телевизиялық бағдарламаларға қатысып, мақалалары «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» және «Білімді ел», «Қазақстан кәсіподақтары» республикалық газеттерінде жарияланды. Салалық кәсіподақ басшылығы тұрақты негізде теледидар және радиобағдарламаларға қатысады ( 2 қосымша).

Атырау, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік –Қазақстан облыстық ұйымдарының белсенді ақпараттық жұмыс жүргізетенін айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Талдықорған аумақтық ұйымының ақпараттық жұмысы белсендендірілді (3 қосымша).



2017 жылдың 23-ақпанынан бастап Атырау облыстық ұйымы айына екі рет шығатын "Ұстаздық еңбек" салалық кәсіподақ газетін шығара бастады. Бұл газет ақпараттық жұмысты жақсартуға және аймақтыңкәсіподақ активін оқытуға ықпал етеді. Өз қызметі туралы ақпаратты облыстық кәсіподақ ұйымы "Атырау", "Серпер", "Жайық шұғыласы" облыстық газеттері мен "Профсоюзная жизнь" журналында жариялайды.

Ақтөбе облыстық ұйымы 2017 жылдың басынан бері сала кәсіподағының сайтына, республикалық және жергілікті БАҚ-қа 90-нан астам материал жіберді. Ұйым басшылығы тұрақты негізде кәсіподақ қызметінің және білім қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелері бойынша облыстық және қалалық теле- және радиобағдарламаларға қатысады. Облыстың кәсіподақ активін оқытуға мән беріледі. Жыл сайын облыстық және аудандық деңгейлердегі семинарларда 10000-дай кәсіподақ мүшелері оқытылады.

Кәсіподақ пен оның қызметі туралы халықты ақпараттандыруды арттыу мақсатында, Шығыс-Қазақстан облыстық ұйымы кәсіподақ жұмысының нәтижелерін салалық сайт, республикалық, облыстық, аудандық газеттер арқылы жариялайды. Ақпараттық парақшалар, бюллетеньдер, буклеттер шығарылады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттерін тарта отырып, кәсіподақ активі үшін семинарлар өткізіледі.

Зайсан аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы аудандық білім бөлімімен бірге «Мектеп және қоғам» газетін шығарады.



Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымы белсенді ақпараттық жұмыс жүргізеді. Жыл сайын Атқару комитетінің мәжілістерінде ақпараттық жұмыс жағдайы туралы мәселе қаралады; тоқсан сайын кәсіподақ активі мектебінің сабақтары жүргізіліп, онда кәсіподақ активіне әлеуметтік-экономикалық және құқықтық сипаттағы ақпарат жеткізіледі, кәсіподақ қозғалысының мәселелері мен оның облыстың, республиканың қоғамдық өміріндегі рөлі жарияланады. Мектептің негізгі тақырыптарының бірі "Учительская плюс" облыстық газетінің бас редакторының шеберлік класы болып табылады. 2017 жылдың басынан бері БАҚ-та 26 материал, сала кәсіподағынығң сайтында – 29 ақпарат және 6 бейнематериал, Қостанай АКҰ сайтында -26 материал және 2 материал облыстық ТВ-да жарияланды. Облыстық ұйым жазылым бойынша саладағы лидер болып табылады, 2017 жылы "Қазақстан кәсіподағына" - 538, "Білімді елге" – 571 данаға жазылды.


жүктеу 201,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау