ҚР ҚН 1.03-00-2011
IV
КІРІСПЕ
Техникалық мөлшерлеу және стандарттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен
басқару бойынша мақсаттар, негізгі қағидалар, ережелер ҚР «Ғимараттар мен құрылыс-
тардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық
регламентінде белгіленген.
Нормаларды қайта өңдеуде Қазақстан Республикасының әрекеттегі нормативтік
құжаттарының тәжірибесі, ғылым мен жаңа технологиялардың жетістіктері, ұлттық
және мемлекетаралық нормативтік құжаттарда ұсынылған жобалау және құрылыс салу
бойынша Еуразиялық одақтастықтың алдыңғы қатарлы тәжірибесі есепке алынды.
Осы құрылыс нормалары (ары қарай – ҚР ҚН) құрылысты жүргізудің жалпы
ережелерін және құрылыс ұйымдарына қойылатын талаптарды белгілейді, олардың
орындалуы құрылыстың сенімділігін және қауіпсіздігін, салынған ғимараттар мен
құрылыстарды қолданысқа енгізу кезінде тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Тұтынушы нарығында айналысқа түсетін, құрылыс өнімдерінің ерекшелігін құрылыс
объектісіне жалпы өмірлік циклына әсер ететін факторлардың жиынтығы бойынша
– құрылыс объектісін салу туралы шығармашылық ойдың туындауынан бастап
оны іздестіруге, жобалауға, салуға, қолданысқа енгізуге және жоюға дейін бағалаған
жөн. Құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесі талаптарына сәйкес,
тұтынушылар мен қоршаған орта үшін құрылыс объектісінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету дамыған елдер тәжірибесі бойынша құрылыс қызметінің өнімі өз қауіпсіздігінде
ерекше талаптарды, шарттар мен қамсыздандыру механизмін, сондай-ақ мынадай үш
құрамның:
– құрылыстағы техникалық реттеудің тиімді жүйесінің;
– қауіпсіз және сапалы материалдық ресурстардың;
– білікті адами ресурстардың болуын талап ететінін көрсетеді.
Нормативтік келісімдер, мемлекеттердің экономикалық және кедендік одақтары,
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) сияқты халықаралық байланыстар мен мемлекетаралық
әлеуметтік-экономикалық институттардың дамуы, ұлттық нормативтік базалар ара-
сындағы айырмашылықтар ұлттық заңнамалардың гармонизациялануы және өңірлік,
халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды кеңінен қолдану есебінен
деңгейлестіріледі. Ұлттық нормативтік базалар қабылдайтын, пішіндердің көп түрлілігіне
қарамастан, экономикасы дамыған мемлекеттердің көпшілігінде құрылыс саласының
нормативтік базасы халықаралық, өңірлік және одақтық келісімдерде бекітілген жалпы
қағидаларға негізделеді.
Осы нормативтік құжаттың талаптары міндетті болып табылады.
ҚР ҚН 1.03-00-2011
СН РК 1.03-00-2011
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ. КӘСІПОРЫНДАРДЫ, ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
САЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРОИЗВОДСТВО. ОРГАНИЗАЦИЯ
СТРОИТЕЛЬСТВА ПРЕДПРИЯТИЙ, ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ
Енгізілген күні – 2012-05-01
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
Осы құрылыс нормалары жаңа құрылыс салуға, сонымен қатар экономиканың
барлық саласындағы әрекеттегі объектілердің (кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар
және олардың кешендері) реконструкциясы мен жөндеуі кезінде құрылыс өндірісін
ұйымдастыруға, объект құрылысының барлық қатысушыларымен сақталуы міндетті негізгі
талаптарды анықтайды.
Осы құрылыс нормалары:
– адамдардың денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін,
құрылыс саласының барлық құрылыс объектілері мен субъектілеріне минималды талап-
тарды қоятын, құрылыс саласының техникалық реттеуден шығатын, құрылыстық
нормалаудың міндеттері мен мақсаттарын белгілейді;
– нормалау объектісіне сапалы сипаттама беру үшін функционалды талаптарды
тұжырымдайды.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының (ары қарай – ҚР) аумағында
қолданылады және белгіленген тәртіпте алынған, жобалау мен құрылысқа арналған
бастапқы материалдар (деректер) негізінде тұрғызылатын, жаңа және әрекеттегі ғимараттар
мен құрылыстарды (ары қарай – құрылыс) қайта қалпына келтіруге және жоюға (бұзуға),
сондай-ақ жер құқығына сәйкес келетін, жер телімдерін абаттандыруға және инженерлік
дайындауға таралады.
Осы нормалардың талаптары ҚР аумағында құрылыстық қызметті жүзеге асыратын
барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Желілік құрылыстарды, электр қуатын беру, байланыс, құбыр желілері мен басқа
да техникалық инфрақұрылым объектілерін салу кезінде, сондай-ақ темір жол қарауына
алынған жерде, автомобиль және басқа да көлік жолдарына бөлінген жерде осы норма-
тивтік құжаттардың талаптары ескерілуі тиіс.
Құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасына сәйкес, құрылысы
арнайы рұқсатсыз салынатын, ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ құрылыс
салушылардың (жеке тұлғалардың) өз күштерімен жерге берілетін тиісті құқығы бар,
өздеріне тиесілі жер телімдерінде салатын, жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне
таралмайды.
Ресми басылым 1