Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет7/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

10 



белгіленген  тәртіпте  және  құрамда  жауапты  конструкциялары  мен  жабдықтарын  аралық 

қабылдауды орындау және құжаттау);  

-  құрылыс  алаңында  еңбек  қауіпсіздігін  және  оны  қорғауды,  қоршаған  орта  мен 

халық үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсізідігін қамтамасыз ету;  

-  құрылыс  алаңын  басқару,  оның  ішінде  құрылыс  алаңын  қорғауды  және  оны 

құрылыс  салушы  (тапсырыс  беруші)  пайдалануға  қабылдағанға  дейін  объектінің 

сақталуын қамтамасыз ету; 

-  өз  құзыреті  шегінде  құрылыс  алаңына  іргелес  аумақта  тәртіпті  сақтау  бойынша 

әрекет ететін жергілікті атқарушы органның талаптарын орындау

-  кейін  сәйкестік  туралы  декларацияны  ұсына  отырып,  пайдалануға  қабылданатын 

объектінің дайындығы туралы құрылысқа тапсырыс берушіні хабардар ету. 

4.12 Келісім  негізінде  құрылысты  жүзеге  асыру  барысында  жобалық  құжаттаманың 

әзірленуін жүзеге асырған тұлғаның (ары қарай – жобалаушы):

 

1) құрылыстағы негізгі функциясы:



 

– құрылыс басталғаннан кейін жер телімінің қала құрылыстық жоспарының немесе 

әрекеттегі нормативтік құжаттарының өзгеруі жағдайында, белгіленген тәртіпте жобалық- 

сметалық және жұмыс құжаттарына өзгерістерді енгізу;

 

–  мердігердің  технологиялық  мүмкіндіктерін  есепке  алу  қажеттілігіне  байланысты 



жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістерді енгізу;

 

– өндірісті қамсыздандыру қажеттілігіне байланысты қосымша жобалық шешімдерді 



әзірлеу;

 

–   құрылыс   салушымен   (тапсырысшымен)   жасасқан   келісім   бойынша   авторлық 



қадағалауды жүргізу, соның ішінде, әрекеттегі заңнамада қарастырылған жағдайларда;

 

– жұмыс құжаттамаларындағы ауытқушылықтарды, соның ішінде сәйкес келмейтін 



өнімді қолдану мүмкіндігі туралы шешімді қабылдауды келістіру.

 

2)  жобалық  шешімдердің  әрекеттегі  нормаларға  сәйкес  келмеуі  анықталған 



жағдайда,  сондай-ақ  егер  жобалық  шешімдерде  өндірістен  алынған,  материалдар  мен 

конструкцияларды  қолдану  қарастырылса,  жобалаушы  өз  есебінен  жобаға  өзгерістерді 

енгізеді және құрылыс қатысушыларының шығындары үшін толық жауап береді.

 

 



5 ҚҰРЫЛЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН 

ТАЛАПТАР

 

 

5.1  Келісім   негізіндегі   құрылысты   жүзеге   асыру   мақсатында   құрылыс   салушы 



(тапсырысшы)   әрекеттегі   заңнамаға   сәйкес   жұмыстарды   орындау   үшін   мердігерді 

(бас мердігерді) құрылысты жүзеге асыратын тұлға ретінде тартады.

 

Объектінің құрылысын салуды жүзеге асыру ниеті бар тапсырысшы, заңнамаға сәйкес 



ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарынан осы объектінің құрылысын салуға 

жер  телімін  беру  туралы  шешім  немесе  тапсырысшыға  тиеселі  телімді  құрылыс  салуға 

қолдануға рұқсат алуы керек.

 

5.2  Құрылыстық  өндірісті  дайындау  құрылыс-монтаждық  жұмыстарды  жоспарлы 



басталуымен  және  объект  құрылысының  барлық  қатысушыларының  өзара  байланысқан 

қызметтерімен қамтамасыз етіледі және жүзеге асырылады.

 

5.3  Келісім  негізіндегі  құрылысты  жүзеге  асыру  кезінде  құрылыс  қатысушылары 



(заңды  тұлғалар)  өздерінің  өкімдік  құжаттармен  (бұйрықтармен)  құрылысқа  жеке  жауап 


11

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

беретін лауазымды тұлғаларды:



 

–  құрылыс   салушы   (тапсырысшы)   –   құрылыс   салушының   (тапсырысшының)

 

техникалық қадағалаудың жауапты өкілін;



 

–  құрылысты  жүзеге  асыратын  тұлға  (мердігер,  бас  мердігер)  –  жауапты  жұмыс 

өндірушісін;

 

– жобалық құжаттаманың әзірленуін жүзеге асырған тұлға (жобалаушы) – авторлық 



қадағалау орындалған жағдайда, авторлық қадағалаудың жауапты өкілін тағайындайды.

 

Аталған  тұлғалардың  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласында  әрекеттегі 



заңнамаға  сәйкес  келетін  тиісті  рұқсаттары  болуы  міндетті.  Бұл  ретте  жауапты  жұмыс 

өндіруші  мен  техникалық  қадағалаудың  жауапты  өкілі  функцияларының  бір  бөлімшенің 

немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасының атқаруына жол берілмейді.

 

5.4  Тапсырысшы   жылжымайтын   мүлік   объектісін   салуға   конкурсты   (тендерді) 



өткізудің   немесе   мердігерлік   келісімін   жасасу   алдында   жобалық   құжаттамалардың, 

әрекеттегі  заңнаманың,  нормативтік  құжаттар  мен  стандарттардың  талаптарына  сәйкес 

құрылысты  атқаратын  тұлғаның  орындалатын  жұмыстардың  және  құрылысы  аяқталған 

объектілердің  сапасын  қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  мен  дайындығын  тексеруі  мүмкін. 

Осындай тексеру арқылы:

 

–  жұмысты атқарушының атқаратын жұмыстардың барлық түрлеріне, соның ішінде 



геодезиялық  бөлу  жұмыстарына,  сонымен  қатар  бөлшектік  бөлу  жұмыстарына  техно- 

логиялық  құжаттамалардың  (ЖӨЖ,  ҚҰЖ,  технологиялық  карталардың,  регламенттердің 

және т.б.) болуы;

 

–  құрылысты  жүзеге  асырушы  тұлғаның  технологиялық  құжаттамаларында  техно- 



логиялық  процесте  бақылау  операцияларының  орындарын  белгілейтін  міндетті  бақы- 

лаудың   барлық   түрлеріне   бөлшектеп   өңделген   құжаттамалық   шаралардың,   орындау- 

шылардың,   бақылау   әдістерінің,   оны   орындау   ережесінің,   оның   нәтижелерін   құжат- 

тандыру  мен  бағалаудың,  бақылау  нәтижелері  туралы  ақпараттарды  пайдалану  ереже- 

лерінің, ақау өнімдерді пайдалану ережелерінің бар болуы;

 

–   жұмысты   орындаушының   кіріс   бақылауда   материалдар   мен   өнімдерге сынақ 



жүргізетін және өз күшімен дайындайтын материалдар мен өнімдердің сапасына бақылау 

жүргізетін  зертханалардың   бар   болуы,   сонымен   қатар   құрылысты   жүзеге   асырушы 

тұлғаның  зертханасында  орындалмайтын  сынақтардың  түрлерін  орындау  үшін  тәуелсіз 

зертханалармен жасасқан келісімдердің бар болуы;

 

–  жұмысты  орындаушының  қызметтері  мен  бөлімшелерін  өлшеудің  қажетті  құрал- 



дарымен,   сынақтық   қондырғылармен,   өлшеулердің   біртұтас   мемлекеттік   жүйесінің 

талаптарына сәйкес келетін өлшеулер мен сынақтарды бақылау әдістерімен жабдықталуы;

 

– жұмысты   орындаушы   қызметкерлерінің   тиісті   құжаттармен    расталған   білік- 



тіліктерінің жеткіліктілігі;

 

– жұмысты   орындаушының   бақылаудың   барлық   түрлерінің   нәтижелері   орын- 



далуымен  дәйектілігіне  жеке  жауапкершілікті  белгілейтін  ұйымдастырушылық  құжат- 

тардың сондай-ақ осы нәтижелерді құжаттандырудың болуы анықталады.

 

5.5  Жұмысты   орындаушы   осы   ұйымның   салатын   жылжымайтын   мүлік   объек- 



тілерінің  сапасын  кепілді  қамтамасыз  ету  мен  құрылыс  және  монтаждық  жұмыстарды 

орындау бойынша өз мүмкіндігін белгіленген тәртіппен сертификацияланған, ИСО 9001-

2008 талаптарына сәйкес келетін сапа жүйесімен растауы мүмкін.

 



жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау