Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13063 болып
тіркелді.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі
2–тармағының
100-бабы
18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
бекітілсін.
қағидалары
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және
инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық
жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның
көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ ______________
2016 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ _______________
2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1211 бұйрығымен бекітілген
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы
Кәсіпкерлік Кодексінің
2) тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және жұмыс
100-бабының
істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру тәртібін
айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) грант алушы - осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған жеке және (немесе) заңды
тұлға;
2) гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - құрамына уәкілетті
органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдері (
келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі -
ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мүшелерінің саны тақ, өтінімдерің сараптамасын
және осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш
берушілердің жобалары бойынша шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы
орган;
3) заманауи технология – нарықта мойындалған және жоғары сұранысқа ие технология;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (
бұдан әрі - уәкілетті орган) - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы
басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын
орталық атқарушы орган;
5) инновациялық грант - инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру
үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) комиссия шешімі - комиссия мүшелері отырысына қатысушылардың санынан дауыс беру
қорытындылары негізінде грант беру туралы ақпаратты қамтитын хаттама, дауыстар тең болған
жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
7) лицензиялық шарт – патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа)
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
8) озық технология – нарықта аз тәжірибелік қолданыстағы және одан әрі тарату үшін жоғары
әлеуетті технология;
9) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
10) өтінім беруші – өтініш беруші -, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін
қарауға өтінім ұсынған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және (немесе) Қазақстан
Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) технология - пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін
процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
12) технологиялар трансферті – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің оларға
меншік ету, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым
салынбаған әдістермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
13) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты – индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін
үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
3. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант уәкілетті
органмен айқындалған басым бағыттар шеңберінде технологиялар трансферті арқылы кәсіпорындардың
технологиялық міндеттерін шешу үшін өтініш берушілерге беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
4. Инновациялық гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және
уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық
институттың арасында жасалған шарттың негізінде инновациялық гранттарды беру көзделген
қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ұлттық институттың ағымдағы
есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
№ 332
енгізіледі) бұйрығымен
2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамуына
инновациялық гранттар беру тәртібі
6. Ұлттық институт бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми
интернет-сайтында өтінімдерді қабылдау мекен-жайы мен мерзімін көрсете отырып, грант алуға
өтінімдер қабылдау мен қараудың басталғаны туралы жариялайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі
өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен
келісіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
7. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру
рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ұлттық институтпен өтінімнің қабылдануы және ұсынылған құжаттардың толықтығын және
рәсімдерін ұлттық институттың актілерімен реттелетін Қағидалар талаптарына сәйкес келуін
тексеру.
Осы Қағидалар талаптарына өтінімдердің сәйкес келуін тексеру аяқталғаннан кейін, ұлттық
институт өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар
болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Осы Қағидалардың 19-тармақ талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда,
ұлттық институттан хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінде анықталған
сәйкессіздіктерді өтінім беруші жояды.
Сұратылған құжаттар 10 (он) жұмыс күнінде ұсынылмаған жағдайда өтінім одан әрі қараусыз
өтінім берушіге қайтарылады.
Уәкілетті органды, ұлттық институттың акционерін және Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұлттық институт өтінім туралы
ақпараттың инновациялық грант беру рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғаларға жарияланбауын
қамтамасыз етеді;
2) ұлттық институттың өтінімдер сараптамасын өткізуі.
Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.
Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған өтінімдер, қаржылық-экономикалық
және құқықтық сараптамадан бұдан әрі өтпей, шешім қабылдау үшін комиссия қарауына шығарылады;
3) сараптамалар нәтижелері мен өтінім материалдары бойынша кешендік қорытындыны жасау
және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін комиссия
қарауына жіберу.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (
алпыс) жұмыс күнін құрайды;
4) өтінімдерді комиссия отырысында қарастыру және инновациялық грантты беру немесе
беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) Шартқа қол қою немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы өтінім берушіге
хабарлау.
Ұлттық институт өтінім берушілерге комиссияның шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш)
жұмыс күнінде ұлттық институтпен Шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарлайды немесе өтініш
берушілерге инновациялық грантты беруден бас тарту туралы негіздемелері қоса берілген
хабарламалар жібереді.
Шартқа грант алушы мен ұлттық институт комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20
(жиырма) жұмыс күнінде қол қояды. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап
үшін бір-бірден екі данада жасалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
7-1. Ұлттық институт мынадай жағдайларда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық гранттарды беруден бас тартады:
1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грантты алу үшін
өтінім берушімен берілген құжаттардың және (немесе) құжаттардағы мәліметтердің (деректердің)
анық еместігін белгілеу;
2) өтінім берушінің және (немесе) технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға инновациялық грантты алу үшін қажетті ұсынылған матералдардың,
мәліметтер мен деректердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен
белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.";
3) технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған жағдайда;
Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің
07.06.2017
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
№ 332
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
8. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру және гранттар бөлу туралы шешім қабылдау
мақсатында ұлттық институтта комиссия құрылады. Комиссия төрағасы ұлттық институттың бірінші
басшысы болып табылады.
9. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және құрамы ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
10. Комиссияның отырысына өтініш беруші қатысушылармен бірге ұлттық институтпен құрылған
комиссияның алдында немесе телекоммуникация құралдары арқылы өзінің жобасын ұсынуға шақырылады.
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның
сәйкес жобаның іске асырылу
бизнес-жоспарына
процесі бақылау мақсатында ұлттық институт жоба кезеңдеріне сәйкес жобаларды мониторингілеу
есебін одан әрі уәкілетті органға жіберу үшін жобаны іске асыру барысына тұрақты мониторинг
жүргізеді.
11. Жасасқан инновациялық грант беру туралы шарттар бойынша жобалардың мониторингі ұлттық
институттың актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның және ұлттық институттың
интернет-ресурсында орналастырылады.
Жобаның мониторингі процесінде инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған
кезде ұлттық институт шартты бұзу және инновациялық гранттың қаражатын қайтару туралы cұрақты
комиссия қарауына шығарады. Осы қаражат ұлттық институтпен инновациялық грант беруге жұмсалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
12. Шарт грант алушының нарықта жобаны жылжытуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық институтпен
жобаны аяқтау туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде ұлттық институтқа жоба
туралы ақпаратты ұсынуын көздейді.
3. Инновациялық гранттарды беру шарттары
13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру
аясында қаржыландырудың жалпы сомасы лицензиялық келісім-шарт бойынша негізделген шығындардан
70 (жетпіс) пайызға дейін және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу үшін негізделген
шығындардан 50 (елу) пайызға дейін, бірақ 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеден аспайтын
соманы құрайды және мынадай мақсаттар үшін шығындарды өтеу үшін бөлінеді:
1) мәмілені сүйемелдеу бойынша кеңес беру қызметтеріне шығындар (технологиялық брокер
қызметтері);
2) технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып
табылатын техникалық құжаттаманы және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу;
3) инженерлік-техникалық персоналды оқыту, соның ішінде шетелдік мамандарды тарту;
4) өнімің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;
5) технологиялық процесті сынақтан өткізу;
6) өнімді сертификаттау".
Өтініш берушіге мынадай критерийлер белгіленеді:
1) мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі;
2) біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы;
3) өтініш берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем
емес.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
14. Технология және технологияға лицензия иесі өтініш берушімен аффилирленген болмауы
тиіс.
15. Жобаны іске асыруға қаражаттарды аудару үшін комиссияның оң шешімін алған грант
алушылар Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейлі банкте жобаны іске асыруға
қаражатты нысаналы пайдалану мақсатында жобаны іске асырумен байланысты емес шығын
операцияларын грант алушымен жасау құқығынсыз депозиттеу шартымен жеке ағымдағы шот ашады.
Банктік шотты ашу туралы шартқа өтінім беруші, ұлттық институт және Қазақстан
Республикасының резиденті - екінші деңгейлі банк қол қояды.
Грант алушы Шартқа қол қойылған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес
мөлшерде жобаны қоса қаржыландыру үшін жеке ағымдағы шотқа қаражаттарды аударады. Ұлттық
институт грант алушыдан қаражаттар түскеннен кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде күнтізбелік
жоспарға сәйкес мөлшерде жеке ағымдағы шотқа қаражаттардың аударылуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
16. Енгізілетін технологияларға мынадай өлшемшарттар қойылады:
1) өндірістік кәсіпорынды технологиялық дамытуға бағытталуы тиіс;
2) озық және (немесе) заманауи, ең алдымен, отандық шикізатты пайдалануға бағдарланған
деңгейден төмен болмауы;
3) өндірістік қолдану фактісінің немесе қолдануға дайындықтың жоғары деңгейінің болуы (
жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткен);
4) экспорттық әлеуетті өнімді өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға
бағытталған болуы тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
17. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант күнтізбелік жоспарға
сәйкес қоса қаржыландыру шарттарында өтініш берушіге беріледі.
18. Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
4. Инновациялық грантты алу үшін құжаттар тізбесі
19. Өтінім беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және (немесе) орыс
тілдерінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алуға
өтініш;
2) беру шарттарын көрсете отырып, технологияны беру туралы тараптардың ниетін растайтын
алдын ала келісім;
3) осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ
ағылшын тілінде, электрондық тасығышта, MicrosoftWord нысанында беріледі);
4) үлестес тұлғалардың тізімі;
5) өтінім берушінің еншілес құжаттардың көшірмелері;
6) өтінім берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), өтінім
беруші филиалының (өкілділігінің) есепті тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат;
7) бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен
қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық
есептілік (қаржылық есептіліктің әрржылық есептіліктің олмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен
) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (ба);
8) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы
мәліметтер;
9) өтінім берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы шешім, сондай-ақ жобаның бірінші
басшысына және өтінімге қоса тіркелетін өтінімге және (немесе) өтінімге қоса берілетін
құжаттарға қол қоюға құқылы өзге де тұлғаларға сенімхат.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
19-1. Өтінім материалдарына қосымша жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын
лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері
өтінім материалдарына; бар болған жағдайда қоса беріледі
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің
07.06.2017
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
№ 332
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
20. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге және қарастыруға
жатпайды.
21. Инновациялық грантты алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік және (немесе) орыс
тілдерінде екі данамен қол қойылған және нөмірленген нысанда қағаз тасығышта және PDF
форматында бірыңғай файлмен электрондық сканерленген,нұсқамен ұсынылады немесе инновациялық
гранттарға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы ұсынылады. Өтінімнің
электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
22. Шарт жасасу үшін, осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес электрондық нысанда ұсынған
жағдайда, өтініш беруші өтінім материалдарының түпнұсқаларын қағаз тасығышта ұсынады. Бұл ретте
, грант алуға өтінім материалдарына бірыңғай папкаға жинақталған, қол қойылған, нөмірленген,
тігілген және мөр қойылған болуы тиіс.
23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің,
негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта
есептеулер барысында қолданылған дерек көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
24. Инновациялық грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде
ұсынылады.
Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
1-қосымша
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
1. Жобаның сараптамасын өткізу ұлттық институттың сарапшыларымен іске асырылады, қажет
болған жағдайда ұлттық институттың негізділігімен сараптаманы өткізу үшін отандық және (немесе)
шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалары тартылады.
Сарапшылар жоба сараптамасын мынадай бағыттар бойынша өткізеді:
1) технологиялық сараптама жобаның тектестермен салыстырғандағы артықшылықтарын анықтау,
іске асырылуын белғілеу және технолоғиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі;
2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық мақсаттылығын, бәсекеге
қабілеттілік критерийлерін, маркетингтік стратегияны бағалу, жұмыстарды мәлемделген мерзімге,
көлемғе және жұмыстың мазмұны мен қаржыландыруға сұралатын сомаға бөлу мақсатында жүргізіледі;
3) құқықтық сараптама ұсынылған құжаттар мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келу
пәніне жан-жақты құқықтық талдау мақсатында жүргізіледі.
2. Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық
қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде, оның ішінде сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен
сараптамалық ұйымдардың тізбесін жасайды.
3. Өтінімдерді сараптамадан жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр
сарапшымен сарапшылық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады, оның нысаны ұлттық институттың
актілерімен реттеледі.
4. Сараптама жүргізу тәртібі мен бағалау парағының нысаны ұлттық институттың актілерімен
регламенттеледі.
Сараптама жүргізу мен нысаны бағалау парағы актілеріне тәртібі ұлттық институттың
актілерімен реттеледі.
5. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтініш берушімен үлестес сарапшыларға
өтінімді бағалауға жол берілмейді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша
Үлгі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
332
) бұйрығымен
(Қызметтік пайдалану үшін)
Тіркеу күні:
Өтінім нөмірі:
"__"_______20__жыл
№_____________
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грантты алу үшін
өтініш
Заңды тұлғаның атауы
Осы өтінішті Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық
грантты алу үшін қажетті құжаттар топтамасымен жолдайды
Жобаның атауы:
Жоба инновациялық грантты берудің басымды бағытына сәйкес келеді (бір ғана басымды
бағытты көрсету керек):
Минералды және көмірсутекті шикізатты іздеу, өндіру, тасымалдау және қайта
өңдеудің прогрессивтік технологиялары
Таулы-металлургиялық кешеннің прогрессивтік технологиялары
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі, тамақ өнеркәсібі мен агрохимиядағы прогрессивтік
технологиялар
Фармацевтикалық саладағы, медициналық өнеркәсіптегі, биотехнологиядағы,
биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтік технологиялар
Химия мен мұнай химиясындағы прогрессивтік технологиялар
Жаңа материалдарды қоса алғанда, машина жасаудағы прогрессивтік технологиялар
Баламалы энергетика, жаңартылатын энергия көздері
Энерготиімділік технологиялары
Инфокоммуникациялық технологиялар
Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтік технологиялар
Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар
Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтік
технологиялар
Буып-тию өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар
Робот техникасы
Нано жәна ғарыш технологиялары
Энергетика
Инновациялық гранттың сұралатын теңгемен көрсетілген сомасы (цифр арқылы және
жазбаша):
Жобаның теңгемен көрсетілген толық құны (цифр арқылы және жазбаша):
Өтінім беруші туралы ақпарат
Ұйым атауы:
Құрылу күні:
Тіркеу мәліметтері:
Өтінім берушінің заңды мекен-жайы
(индекс, облыс, аудан,елді мекен, көше,
үй, пәтер)
Өтінім берушінің нақты мекен-жайы
(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше,
үй, пәтер)
Банк деректемелері, есеп айырысу шоты,
валюттік шот, банктік жеке код:
Алынған және өтелмеген теңгелік және
валюталық кредиттер:
Телефон
Жұмыс Ұялы
Электрондық пошта
Ресми сайт
Кәсіпорын көлемі
Шағын (100 жұмыскерге дейін және жылдық жиынтық
табысы 300 мың АЕК көп емес)
Орта (100 ден 250-ге дейін жұмыскер және жылдық
жиынтық табысы 300 мыңнан 3 миллионға дейін АЕК
көп емес)
Ірі (250 жұмыскерден көп және/немесе жылдық
жиынтық табысы 3 миллионнан АЕК көп емес )
Экономикалық қызмет түрлерінің
жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет
түрі (4 таңбалы): _____________
Жұмыскерлердің нақты саны, соның ішінде:
Инженерлік-техникалық жұмыскерлер
Әкімшілік-басқарушылық персонал
Басқалары
Құрылтайшылар
(қатысу үлесін көрсетумен (бар
болған жағдайда):
Бірінші басшы туралы ақпарат:
Аты-жөні
Білімі/Ғылыми дәрежесі/беру жылы
Жынысы:
ер
әйел
Телефон
Жұмыс
Ұялы
Электрондық поштаның мекенжайы
Лауазымы
Байланыс мекен-жайы
Байланыс тұлғасы:
Аты-жөні
Телефон
Жұмыс
Ұялы
Электрондық пошта мекен-жайы
Лауазымы
Байланыс мекен-жайы
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба мақсаты:
Жоба міндеттері:
Жобаны іске асыру орны
Жобаны іске асыру мерзімі
Өткізу нарығы
(ел, аймақ)
Жобаның дайындық дәрежесі
Берілген жоба басқа көздерден қаржыландырылды:
Иә
Жоқ
Қаржыландырылса, қандай көлемде, бағдарлама атауы, жоба атауы мен алынған
қаржыландырудың сомасы
Жоба командасының құрамы:
№ Аты-жөні
Жобадағы қызметі
Негізгі жұмыстағы қызметі
Жобаға қатысуы (%)
Инновациялық гранттар туралы қандай ақпарат көздерінен білдіңіз?
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайты
"ТДҰА" АҚ сайты
"ТДҰА" АҚ жіберілімі
"ТДҰА" АҚ семинарлары, конференциялары
теледидар
әлеуметтік желілер
газеттер, журналдар
басқасы _____________________________________
Өзге тұлғаларды тарту арқылы ұлттық институтпен сараптамалық бағалауды өткізген
кезде берілген өтінім бойынша құжаттарды, материалдар мен ақпаратты, соның ішінде
құпия мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар заңды тұлға туралы, барлық көздердегі
кредиторлық берешектің бар болуы (болмауы) туралы мәліметтерді жинауға өз
келісімімді беремін.
Осымен берілген материалдар мен ақпараттың, соның ішінде бастапқы деректердің,
есептеулердің, негіздеулердің дұрыстылығын растаймын және күмәнді деректердің
берілу фактісі анықталған кезде, өтінімнің қарастыруға қабылданбайтыны туралы
ескертілдім.
Осы өтініммен қоса берілген материалдар, ақпарат, техникалық-технологиялық шешімдер
мен ілеспе құжаттаманың қолдану мен таратуға ешқандай шектеулері жоқ екенін,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерін
қамтымайтынын растаймын.
Ұлттық институтқа өтінімді берген кезде, банкрот кезеңіндегі немесе дәрменсіздік
нәтижесінде жойылған, мүлігіне тыйым салынған заңды тұлғалардың меншік иесі немесе
басшысы болып табылатын немесе болған меншім иесі және бірінші басшысы, заңды тұлға
болмайтынымызды растаймыз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 20 ___ жылғы "__"____
_____№ ______ бұйрығымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық гранттарды беру ережелерімен таныстым.
Инновациялық гранттарды беру шарттары мен Ұлттық институттың ішкі процедураларымен
өз келісімімді растаймын.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды
беру ережелерінің талаптарымен сәйкес қажетті материалдар мен (немесе) құжаттар ___
__ парақта қоса беріледі
Осы өтінім сұрақтары бойынша корреспонденцияны жүргізу үшін электрондық поштаның
мекен-жайы:
Ескерту: Заңды тұлғалар үшін ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе
өзге уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан кезде немесе байланыс мәліметтері (пошталық
мекен-жайы, электрондық мекен-жайы немесе телефоны) өзгерген кезде, Ұлттық институтқа ескерту
қажет.
Өтінім берушінің атынан қол қою өкілеті бар
тұлғаның лауазымы
____________________(Т.А.Ә.)
____________________(қолы)
Материалдар және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі (Ұлттық институтпен толтырылады)
Алынған күні:
20 __ жылғы "___" _____________
Өтінімнің тіркеу нөмірі
№_____
Тіркеуші
_____________________( Т.А.Ә.
_____________________(қолы)
Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
2-1-қосымша
Үлгі
Құрылым бойынша бизнес-жоспар
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің
07.06.2017
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
№ 332
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
(Қызметтік пайдалану үшін)
Тіркеу күні:
Өтінім нөмірі:
"__"_______20__жыл
№_____________
1. Өтінім берушінің қысқаша сипаттамасы
1. Заңды тұлғаның атауы;
2. Ұйымдық-құқықтық формасы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
3. Ұйым басшысы;
4. Заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;
5. Заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;
6. Саладағы жұмыс тәжірибесі;
7. Компанияның ағымдағы ұйымдық жағдайы, кадрларға қатысты жағдайы, клиенттері және
жеткізушілерімен қарым-қатынастары;
8. Соңғы есептік кезең үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есеп.
2. Жобаның қысқаша сипаттамасы
1. Жобаның атауы.
2. Жобаның мәні.
3. Жобаны бастау үшін алғышарттар.
4. Жоба командасы.
5. Жобаны іске асыру орны (облысы, ауданы).
6. Шығарылуға болжалды өнім.
7. Жоба тиімділігі (NPV, IRR, DPP, PI).
8. Өнімді дамыту кезеңін қосқандағы, жобаның ағымдағы жағдайы (дәлелдейтін құжаттарды
қосу қажет).
9. Жоба бойынша іске асырудың ерекше талаптары мен шектеулер: лицензияның (егер қызмет
түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттамалардың бар болуы, экспорттық және
импорттық квоталардың бар болуы, өткізу нарықтары мен шикізат бойынша, су-энергиямен жабдықтау,
көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне деген
қажеттіліктер бойынша шектеулер мен ұсынымдар, технологиялық процестер бойынша экологиялық
тазалығына талаптар.
10. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
1) меншікті қаражаттар;
2) инновациялық грант;
3) қарыз қаражаттары (несиелер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған
қаражаттары).
11. Жобаны іске асыру мерзімі – инновациялық грантты беру шартқа қол қою кезеңінен бастап
______ ай.
12. Шығындар сметасы:
Жұмыстарды орындау үшін
шығыдар
Шығындар
сомасы (
теңге)
Жұмыс
кезеңдері
Бағаны
белгілеу
бойынша
түсініктеме
Қаржыландыру
көзі
Есептеулерде
қоланылатын
дерек
көздері
Шығындар – Барлығы:
соның ішінде баптар
бойынша
Анықтама:
қаржыландырудың басқа
көздері есебінен
шығындар
Барлығы:
соның ішінде:
меншікті қаражаттар
басқалары (көрсету
қажет)
Ескерту: Шығындардың әр бабы бойынша өтінім беруші есептеулерде қолданылған деректер
көздерін, баға белгілеудің түсініктемесін көрсетеді.
13. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:
№
Шарт бойынша жұмыстардың және
олардың негізгі кезеңдерінің
атауы
Жұмыстарды атқару
мерзімі (айлар)
Кезеңнің есептік
бағасы (теңге)
Есептілік
нысаны мен
түрі
1
2
3
4
5
Ескерту: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-тен көп емес кезеңі
көрсетіледі.
3. Маркетингтік бөлім
1. Өнім сипаттамасы:
1) Шығарылуға болжалды өнім атауы;
Тауарлардың (қызметтердің)
атауы
Өндіріс көлемі құндық шамада (
теңге)
Өндіріс көлемі заттай
шамада
1.
2.
2) Функционалдық міндеті мен пайдалану облысы;
3) Өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары;
4) Өнім технологиялылығының көрсетікштері (пайдалану қасиеттері және басқа қасиеттер);
5) Мемлекеттік стандарттар мен нормативтеріне сәйкес келуі;
6) Құндық сипаттамасы (өнім бірлігіне – өзіндік құны, көтерме бағасы, бөлшек сауда бағасы
);
7) Патенттік-лицензиялық қорғалуы, авторлық құқықтары, тауарлық белгі мен зияткерлік
меншіктің басқа объектілері туралы мәліметтер.
2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық немесе ішкі):
1) Нарықтың берілген сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;
2) Бәсекелес компаниялармен ұсынылатын өнімнің сипаттамасы;
3) Нарықтың сипатты белгілері, оның жан-жақты саралануы (территориялық, демографиялық
және басқалары), нарық тауашасын бөлу;
4) Нарықтың мөлшерлік сипаттамалары (заттай және ақшалай шамадағы жыл көлемі, сұранымның
өсуге/төмендеуге беталысы);
5) Компания өнімі орнын баса алу қабілеті бар, нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу;
6) Екінші дәрежелі нарықтар (территориялық, мезгілдік және басқа қасиеттері бойынша және
басқаларымен негізгі нарықпен байланысты);
7) Зерттелетін нарықтағы негізгі беталыстар, күтілетін өзгерістер;
8) Әлеуетті тұтынушылармен келіскендіктің бар болуы мен өнімді сатып алу дайындығын
дәлелдейтін құжаттардың болуы болуы (ниет хаттамалары, жеткізу бойынша алдын ала шарттар,
жеткізу келісім-шарттары);
9) Нормативтік-құқықтық өрісі, нормативтік құжаттардың бар болуы, ерекше талаптардың бар
болуы, оларды қанағаттандыру тәсілдері, оған байланысты шығындар және уақытша шығыстар. Осы
нарықты нормативтік-құқықтық реттеуді өзгертуді болжау;
10) Осы нарықта өнімді табысты түрде өткізуге елеулі әсер етумен қамтамасыз ету
факторларының бар болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалары бойынша өнімнің артықшылығы,
өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге ерекшеліктері).
3. Ұқсас өнімдер алдындағы өнімнің артықшылықтары (бәсекеге қабілеттіліктің интегралды
индексін есептеу қажет).
Параметрлері
Өлшем
бірлігі
Мінсіз өнім үшін
мәндер
Жоба
өнімінің
мәні
1 бәсекелстің
өнім мәні
2 бәсекелестің
өнім мәні
1
2
3
4
5
6
Техникалық/тұтынушылық сипаттамалар
1-параметр
аналогтар арасында
үздік көрсеткіш
жоспарлы
мәндер
іс жүзіндегі
мәндер
іс жүзіндегі
мәндер
2-параметр
...
...
...
...
3-параметр
...
...
...
...
...
...
...
...
...
Экономикалық сипаттамалар
Бағасы
минималды баға
жоспарлы
мәндер
іс жүзіндегі
мәндер
іс жүзіндегі
мәндер
4. Портердің бес күшін талдау.
5. Стратегияны іске асыру бюджетін негіздеуді қоса алғанда, маркетингтік стратегия.
4. Техникалық бөлім
1. Жоба технологиясының қысқаша суреттемесі (өндірістік қуаты, қажетті өндірістік
персонал, соның ішінде импорт, техникалық регламент, хронометраж, материалдық баланс пен
басқалар)
2. Технологиялық шешімнің таңдалуын негіздеу:
3. Жобаның орналасуы мен көлемін (масштабын) таңдауды негіздеу (жеткізушілер мен нарықтар
үшін орналасу ыңғайлылығы);
4. Ілеспе инфрақұрылым мен көлік мүмкіндіктері;
5. Ғимараттарды пайдалану мүмкіндіктері мен бар ғимараттарды қайта құру;
6. Жоба бойынша тауарларды (қызметтерді) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.
7. Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау (
ұқсас тауарлармен салыстырғандағы өндіру үшін болжалды тауарлардың, қызметтердің техникалық
деңгейі мен құны, қаржыландыру көздеріне сілтемелер):
Көрсетікштер атауы
Көрсетікштердің мәні
Ұсынылатын үлгі
№1 аналог
№2 аналог
1
2
8. Ресурстармен қамтамасыз ету
1) Шикізат пен материалдар:
қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізімі;
көлік шығындарының, салық міндеттемелері мен кеден салықтарын есепке алғандағы бағалардың
қол жетімілігі мен деңгейі;
шикізат пен материалдарды жеткізушілердің қажеттілігін және таңдалуын негіздеу.
2) Құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдар:
қажетті құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдардың тізімі мен оларға негізгі техникалық
сипаттамалар;
әлемдік және жергілікті нарықтағы құрал-жабдық пен технологияның жаңалығы;
көлік шығындары, салық міндеттемелері, кеден салықтары, монтаж және іске қосу мен жөндеу
жұмыстарын есепке алғандағы құрал-жабдықтардың және жиынтықтаушы бұйымдардың құны;
құрал-жабдықтар және жиынтықтаушы бұйымдар жеткізушілерін таңдау қажеттілігін негіздеу;
жөндеу базасының бар болуы мен қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарымен қамтамасыз ету
.
3) Үшінші тұлғалармен орындалатын жұмыстар мен қызметтер:
сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізімі;
сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;
жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерінің қажеттілігі мен таңдалуын негіздеу.
4) Үстеме шығындар:
үстеме шығындардың тізімі;
үстеме шығындардың құны;
жеткізушілердің қажеттілігі пен таңдалуын негіздеу.
5) Өндірістік персонал:
қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы ;
қажетті біліктілігі бар мамандар нарығын талдау;
қажетті біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көзі мен құнын сипаттау.
6. Ұйымдық бөлім
1. Ұйымдық құрылымы мен компаниядағы менеджмент жүйесі;
1) Жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттемелері мен
жауапкершілігін бөлу;
2) Жобаны іске асырудың ұйымдық жоспары (жоспар-график)
7. Отандық технологиялық тұжырымдамаларды дамыту бағдарламасы
1. Шығарылатын өнім мен қызметтердің тұтынушылары болып табылатын кәсіпорындардың
инженерлік-техникалық персоналды оқыту мен құзіреттілігін арттырудың толық бағдарламасы:
1) Концептуалдық негізді әзірлеу;
2) Стратегияны әзірлеу;
3) Ұйымдық құрылымды әзірлеу;
4) Қосымша дағдылар мен ресурстарына ие болу.
8. Қаржылық бөлім
1. Жобаны қаржыландырудың мөлшері мен құрылымы:
1) Көздері мен компоненттері бойынша қаржыландыру құрылымы:
меншікті қаражаттар;
инновациялық грант;
қарыз қаражаттары.
2) Жобаның қаржылық моделі:
өндірістік бағдарлама;
іске асыру көлемін ақашалай шамамен болжау;
өнімнің өзіндік құны мен өткізу шығындарын есептеу;
табыстар мен шығындардың болжалдық есебі;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы болжалды есеп;
жобаның зиянсыздық нүктесін болжау.
3) Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер:
жобаның өмірлік цикліне таза дисконтталған табыс (NPV);
жобаның өмірлік цикліне табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);
жобаның өтелімділік мерзімі (қарапайым және дисконтталған);
жоба өмірінің әр жылы үшін табыстың қарапайым нормасы (рентабелдік);
төленетін салықтар, кеден салықтары мен бюджетке түрлер бойынша төлемдер.
9. Экологиялық бөлім
1. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге
сәйкестігі.
10. Әлеуметтік -экономикалық бөлім
1. Ел экономикасының қажеттіліктеріне жобаның сәйкес келуі (мемлекеттік бағдарламаларға
мен басқа құжаттарға):
2. Азық-түлік тауарлары және халық тұтынатын азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын
арттыру;
3. Импорттың орнын басу (импорттың орнын басудың қабылданған бағдарламаларына сәйкес
келуі);
4. Экспортты арттыру;
5. Жаңа жұмыс орындарын құру;
11. Тәуекелді талдау
1. Тәуекелді бағалауда қолданылатын әдістеменің сипаттамасы.
2. Тәуекелді сәйкестендіру, соның ішінде:
1) Жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдерінде;
2) Тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заң, коммерциялық, ұйымдық);
3) Салдарлар сипаты (жол берілетін, қиын, апатты);
4) Есеп жүргізу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).
3. Әсер ету дәрежесі мен пайда болу ықтималдылығы бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру ("
сезімталдықты талдау" әдісін пайдалану).
4. Тәуекелдің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсету қажет).
Бизнес-жоспар көрнекі құралдарды қамтиды (сұлбалар, сызбалар, эскиздер және басқалар).
Ұйым басшысы
_______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О. (бар болған жағдайда)
Технологияларды
коммерцияландыруға арналған
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Өтініш берушінің сауалнамасы
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(алғашқы
№ 332
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Жобаның паспорты
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(алғашқы
№ 332
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Күнтізбелік жоспардың жобасы
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(алғашқы
№ 332
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Шығындар сметасының жобасы
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(алғашқы
№ 332
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 7-қосымша
Құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары
(Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017
(
№ 332
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |