ҚР ҚН 1.03-00-2011
6
лысы уақытша тоқтатылу кезеңіне оның конструкцияларының, материалдарының және
қондырғыларының сақталуын және сапалы сипаттамаларын қамтамасыз ету бойынша
шаралар кешені;
*Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында көрсетілетін
инжинирингтік қызметтер: оңтайлы жобалау көрсеткіштеріне қолжеткізу мақсатында
құрылыс дайындығын және оны іске асыруды қамтамасыз ететін қызметтер кешені
(техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
орталық мемлекеттік орган;
Ғимараттардың (құрылыстардың) инженерлік жабдықтары: материалдық
құндылықтардың сақталуын, сонымен қатар технологиялық жабдықтың және өндірістік
процестердің инженерлік қамсыздануын қамтамасыз ететін, адамдардың өмір сүруіне
(тұрмысына), еңбек қызметіне (уақытша болуда) нормативтік немесе қолайлы
жағдай- ларды жасайтын, инженерлік жүйелер және техникалық қондырғылардың кешені;
*Ұлттық стандарт: уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың тобына
қолжетімді стандарт;
Техникалық кедергілер: техникалық регламенттердегі және стандарттардағы
талаптардың айырмашылығының немесе өзгергіштігінің нәтижесінде туындайтын
кедергілер;
Техникалық регламент: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
туралы заңнамасына сәйкес өңделген және қолданылатын, өмірлік циклдерінің
өніміне және (немесе) процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін,
нормативтік құқықтық акті;
Техникалық реттеу: өнімге, қызметке, процестерге қойылатын міндетті және
ерікті талаптарды анықтаумен, орнатумен, қолданумен және орындаумен байланысқан
қатынастарды, соның ішінде сәйкес келуі, аккредиттеу, белгіленген талаптарды орындау
үшін мемлекеттік бақылауды растау бойынша қызметті қоса, құқықтық және нормативтік
реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар қосылмайды.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1-тармақ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің
2013 жылғы 16
шілдедегі №62,
2017 жылғы 26 маусымдағы № 131-НҚ бұйрықтарына сәйкес өзгертілді.
*4.1 Ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі - объектілер) салу «Рұқсаттамалар
және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте
және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығымен бекітілген Хабарламалар нысандарына және Мемлекеттік органдардың
хабарламаларды қабылдауы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарды анықтау туралы қағидаларына сәйкес мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау
жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады.
7
ҚР ҚН 1.03-00-2011
*4.1.1-тармақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі №62 бұйрық бойынша
алынып тасталды.
4.1.2 Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне (құрылыстың басында) рұқсат
беру (беруден негізделген бас тарту) объектілердің құрылысының сапасына мем-
лекеттік сәулет-құрылыстық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын сәулет, қала
құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен және оның
аумақтық бөлімшелерімен беріледі.
4.1.3 Объектінің құрылысын бастамас бұрын, құрылысты ұйымдастыру жобасымен
қарастырылған, мерзімде құрылысты қамтамасыз ететін, көлемде құрылыстық өндірісті
әзірлеу, соның ішінде жалпы ұйымдастырушылық-техникалық дайындық, сондай-ақ
құрылыс ұйымын объектіні салуға дайындау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.
4.2 Құрылыс қатысушыларының әрекеттері, құрылыс процесінде орындалатын
жұмыстар, олардың нәтижелері, соның ішінде құрылысы аяқталған ғимараттар мен
құрылыстар, әрекеттегі заңнама, жобалық және жұмыс құжаттамасы, жер құқығына
сәйкес келетін, жер телімдерінің қала құрылысы жоспары талаптарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Объектінің құрылысы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мен өз құзіреті
шегінде әрекет етуші басқа мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бақы-
лауымен жүзеге асады.
4.3 Құрылыстың жалпы жүргізілуін құрылыс салушы жүзеге асырады.
Ескертпе - Құрылыс салушы ретінде инвестор бола алады. Құрылыс салушы мен құрылыс салушы
болып табылмайтын, инвестор арасындағы өзара қарым-қатынас олардың арасындағы келісімпен
анықталады.
4.3-тармақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2017 жылғы 26
маусымдағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес 4.3.1-тармақпен толықтырылды.
4.3.1 Тапсырыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы
16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметі мен функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен
бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және
функцияларын жүзеге асырудың қағидаларымен регламенттелген.
4.4 Ғимараттар мен құрылыстар құрылысын жүзеге асыру жағдайында (ары қарай
құрылыс объектісінің) келісім негізінде құрылыс салушының негізгі функциялары:
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі №62 бұйрық бойынша 4.4-тармақ жаңа
редакцияда жазылды.
– құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасау;
– құрылыс уақытында көршілес жер телімдерін (сервитуттарды) шектеулі пайдалану