Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет4/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 



3.4 Авторлық қадағалау: бұл: 

– сәулет  және  қала  құрылысы  туындысының  авторымен  (авторларымен)  жүзеге 

асырылатын, құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуін; 

– әзірлеушілерімен,   соның   ішінде   сәулет   және   қала   құрылысы   туындысының 

авторымен  (авторларымен) жүзеге асырылатын, құрылыс жобасының жүзеге асырылуын 

қадағалауды жүзеге асыру бойынша автордың құқықтары. 

Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте 

жүзеге асырылады; 

Техникалық  қадағалау:  жобаны  жүзеге  асырудың  барлық  деңгейлерінде  құры- 

лысты,  соның    ішінде  сапаны,  мерзімді,  құнды,  орындалған  жұмысты  қабылдауды  және 

объектіні пайдалануға беруді қадағалау; 

Аяқталмаған  құрылыс:  белгіленген  тәртіпте  тапсырысшымен  пайдалануға  беруге 

қабылданбаған  және мақсат бойынша (өмір сүру, қызмет көрсету, өнімді шығару, табыс 

табу және қолданудың басқа түрлері) қолданылмайтын объектісі; 

Ғимарат:  салмақ  түсетін  және  қоршайтын  конструкциялардан  құралған,  жер  үс- 

тіндегі міндетті  тұйық көлемді жасайтын, функционалдық мақсатына қарай адамдардың 

тұруы  немесе  уақытша  болулары,  өндірістік  процестердің  орындалуы,  сондай-ақ 

материалдық  құндылықтарды  орналастыру  және  сақтау  үшін  қолданылатын  жасанды 

құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін; 

Құрылыс:    табиғи    немесе    жасанды    кеңістік    шекаралары    бар    және    өндірістік 

процестерді   орындауға,   материалдық   құндылықтарды   орналастыруға   және   сақтауға 

немесе   адамдардың,   жүктердің   уақытша   болуына   (орын   ауыстыруына),   сондай-ақ 

қондырғыларды  немесе  коммуникацияларды  орналастыруға(салуға,  өткізуге)  арналған, 

жасанды, көлемді, жазық немесе желілік объект (жер бетіндегі, су бетіндегі және (немесе) 

жерасты,  суасты).  Құрылыстың  сондай-ақ   шығармашылық-эстетикалық,  декоративтік- 

қолданбалы немесе мемориалды мәні болуы мүмкін; 

Жоба:  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  құжаттамасы  түрінде  (сызбалар, 

графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) берілген, 

адамның өмір сүруіне  қажетті  жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды 

тұлғалардың немесе мемлекеттің түпкі ойы; 



*Жобалар  сараптамасы:  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген, 

жобалау  үшін  бастапқы  құжаттардың  (материалдардың,  деректердің)  шарттарына 

жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер 

мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және 

мемлекетаралық  нормативтік  құжаттар  нормалары  мен  ережелерінің  талаптарын  сақтау 

арқылы  жобалардың  сапасына  талдау  мен  бағалау  жүргізуден  тұратын  сараптамалық 

қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді: 

ғимараттарды  мен  құрылыстарды,  олардың  кешендерін,  инженерлік  және  көлік 

коммуникацияларын  салуға  арналған  техникалық-экономикалық  негіздемелер  және 

жобалау-сметалық  құжаттама  бойынша  «бір  терезе»  қағидатымен  жүргізілетін, 

объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді  сараптама (салалық  және 

ведомстволық сараптамаларды қамтиды); 

қалалық  және  ауылдық  елді  мекендерді,  қонысаралық  аумақтарды,  сондай-ақ  елді 

мекендерден  тыс  орналасатын  өндірістік  кешендерді  дамытудың  және  оларға  құрылыс 




5

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

салудың  қала  құрылысы  жобалары  бойынша  жүргізілетін,  аумақтардың  қала  құрылысын 



жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;; 

Құрылыстық  қызмет    (ары    қарай    –    құрылыс):    жаңа    объектілерді    салу    және 

(немесе)  әрекеттегі  объектілерді  (ғимараттарды,  құрылыстарды  және  олардың  кешен- 

дерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңаландыру, техникалық қайта жабдықтау, 

қайта  қалпына  келтіру,   күрделі  жөндеу),  олармен  байланысқан  технологиялық  және 

инженерлік  жабдықтардың  монтажы    (демонтажы),  құрылыстық  материалдарды,  бұйым- 

дарды және конструкцияларды жасау (өндіру),  аяқталмаған объектілерді консервациялау 

және  өз  ресурстарын  жұмсап  болған,  объектілерді  кейіннен  пайдаға  асыру  бойынша 

жұмыстарды  жүзеге  асыру  арқылы  өндірістік  және  бейөндірістік  бағыттағы   негізгі 

қорларды  жасау  бойынша қызмет; 

Объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері): 

– тұрғын-азаматтық мақсаттағы; 

– инженерлік желілерді қоса, коммуналдық мақсаттағы; 

– автомобильдік және теміржолдар мен олардың инфрақұрылымының; 

– әуе және су көлігінің; 

–  көпірлер,  жол  құбырлары,  туннельдер,  өнімжолдары  және  инженерлік  құрылысы 

бар электр таратушылардың; 

– телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстардың; 

–  атом    энергетикасына    арналған    ғимараттар    мен    құрылыстарды    қоса,  

энергетиканың; 

–  өндіруші  өнеркәсіпке  арналған  ғимараттар  мен  құрылыстарды  қоса, 

өнеркәсіптердің 

– ауыл шаруашылықтық, су шаруашылықтық, ирригациялық және (немесе) гидро- 

техникалық мақсаттағы; 

– қорықтардағы,  қаумалдардағы,  балық  тәлімбақтарындағы,  орман,  аңшы  және 

басқа  пайдалы  жерлердегі  тұрғын,  өндірістік  және  қосалқы-шаруашылықтық  мақсаттағы 

ғимараттар, сонымен қатар көлемді, жазықтықты және сызықты құрылыстар. 

Өзгеріс  ендіру  белгіленген  объектілерге,  сонымен  қатар,  жеке  тұрғын  және  тұрғын 

емес үй-жайлар немесе қазіргі бар ғимараттың (құрылыстың) бөліктері де жатады; 

Құрылыс өнімі: сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық 

және (немесе) соңғы нәтижесі; 



Құрылыс өнімінің сапасы (объект сапасы): қызметтің бүкіл мерзімі барысында 

(пайдалану,    қолдану)    иелерінің    (тұтынушыларының)    және    жалпы    қоғамның  

мүдделері  мен      қауіпсіздігін      қамтамасыз      етуге      бағытталған,      талаптарды   

айқындайтын,      соңғы  құрылыстық    өнімді      тұтынушыға    жеткізілген    сипаттамалар  

(эстетикалықты  қосқанда) жиынтығы; 

Объектінің  қолданыстан  кейін  пайдаға  асырылуы:  капиталды  құрылыстың 

(ғимараттың, құрылыстың, кешеннің) пайдаланылуы (қолданылуы) тоқтатылғаннан кейін, 

регенирацияланатын    элементтерді  (конструкцияларды,  материалдарды,  қондырғыларды) 

қайта  қалпына  келтірумен  және   қайталама  қолданылуымен  қатар,  сондай-ақ  регене- 

рациялауға  жатпайтын  элементтер  мен    қалдықтарды  қайта  өндірумен  қатар,  капиталды 

құрылысты демонтаждау және бұзу бойынша жұмыстар кешені; 



Салынып   жатқан  объектінің  консервациясы:   аяқталмаған   объектінің  құры- 


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау