Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет14/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

24 



құрылыстардың  барлық  түрлерiне,  соның  iшiнде  оларға  қатысты  технологиялық  және 

инженерлiк жабдықтарға қолданылады.

 

6.8.2 Құрылысқа   қатысушылар   –   құрылысты   жүзеге   асырушы   тұлға,   салушы 



(тапсырысшы), жобалаушы – құрылыс-монтаж жұмыстарының, соғылған конструкциялар 

мен  ғимараттың  немесе  құрылыстың  инженерлік-техникалық  қамтамасыз  ету  жүйесінің 

техникалық   регламенттердің,   жобалау   және   жұмыс   құжаттамаларының   талаптарына 

сәйкестігін  бағалау  мақсатында  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  заңнамасымен 

қарастырылған құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асырады.

 

Құрылысты  жүзеге   асырушы   тұлға   құрылыс   өнімінің   сапасын   бақылау   кезінде 



сапасының  көрсеткіштерінің  жобада,  стандарттар  мен  техникалық  жағдайларда,  жеткізу 

туралы   келісімдерде,   төлқұжаттарда   және   басқа   құжаттарда   көрсетіліп,   бекітілген 

талаптарға сәйкестілігіне тексеру жүргізеді және:

 

–  құрылыс   салушымен   (тапсырысшымен)   ұсынылған   жобалау   құжаттамасының 



және   қолданылатын   құрылыс   материалдарының,   бұйымдардың,   конструкциялар   мен 

жабдықтардың кіріс бақылауын;

 

– күрделі құрылыс объектісінің геодезиялық бөлгіш негізін куәландыруды;



 

–   құрылыс-монтаж   жұмыстарының   операцияларын   орындау   барысында   және 

аяқталғаннан кейін операциялық бақылауды;

 

–  Г  қосымшасы  бойынша  келесі  жұмыстарды  орындау  басталғаннан  кейін 



қорытындысына қол жетімсіз болып табылатын орындалған жұмыстарды куәландыруды;

 

–  Д  қосымшасы  бойынша  жауапты  құрылыс  конструкцияларын  және  инженерлік- 



техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің телімдерін куәландыруды;

 

– техникалық қондырғылар мен жабдықтарды сынау және жүргізіп көруді орындайды.



 

 

6.8.3 Кіріс бақылау

 

 

6.8.3.1 Жобалау құжаттамасының кіріс бақылауында ҚҰЖ мен жұмыс құжаттамасын 



қоса, осы жерде:

 

– жұмыс құжаттамасының толымдылығын;



 

– жобалық осьтік өлшемдер мен геодезиялық негіздердің сәйкестігін;

 

– келісімдер мен бекітулердің бар екендігін;



 

– материалдар мен бұйымдарға нормативтік құжаттардың сілтемелері бар екендігін;

 

–  құрылыс  алаңының  шекарасы  құрылыстың  бас  жоспарында  бекітілген  сервитут- 



тарға сәйкестілігін;

 

– бақылаушы параметрлерінің нақты толықтығына талаптардың бар екендігін;



 

– бақылау мен өлшеу әдістері туралы сілтеулердің, соның ішінде тиісті нормативтік 

құжаттарға  сілтеме  түрінде  бар  екендігін  тексере  отырып,  барлық  ұсынылған  құжат- 

таманы сараптау қажет.

 

Жетіспеушіліктер   табылған   жағдайда,   тиісті   құжаттама   келісімде   көрсетілген 



мерзімде қайта жасауға қайтарылады.

 

6.8.3.2 Құрылысты  жүзеге  асырушы  тұлға  өзіне  құрылыс  салушы  (тапсырысшы) 



ұсынған   геодезиялық   бөлу   негізін   қабылдайды,   оның   жердегі   бекіту   белгілерінің 

толықтығына, сенімділігіне бекітілген талаптарға сәйкестілігін тексереді.

 



25

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

Құрылыс салушыдан (тапсырысшыдан) геодезиялық бөлу негізін қабылдауды тиісті 



актімен ресімдеу керек.

 

6.8.3.3   Кіріс  бақылауымен  сатып  алынған  (алынған)  материалдардың,  бұйымдар 



мен   жабдықтардың   сапа   көрсеткіштерінің   жобалау   құжаттамасында   және   (немесе) 

мердігер   келісімінде   көрсетілген   стандарттардың,   техникалық   жағдайлардың   немесе 

техникалық куәліктерінің (төлқұжаттарының) талаптарына сәйкестігін тексереді.

 

Бұл   жерде   жеткізушінің   (өндірушінің)   көрсетілген   материалдардың,   бұйымдар 



мен  жабдықтардың  сапасын  растайтын  ілеспе  құжаттарының  бар  екендігі  және  мазмұны 

тексеріледі.

 

Қажеттілікке   қарай   жоғарыда   көрсетілген   бақылаушы   өлшеулер   мен   сынаулар 



жүргізілуі   мүмкін.   Осы   өлшеулер   мен   сынаулардың   әдістері   мен   құралдары   ұлттық 

стандарттың талаптарына сәйкес келуі керек.

 

Кіріс  бақылауының  нәтижелерін  кіріс  бақылауының  және  (немесе)  зертханалық 



сынақ журналдарында құжатталуы керек.

 

6.8.4 Құрылыс-монтаж жұмыстарын операционды бақылау.



 

6.8.4.1 Өндірістік  процестер  мен операцияларды  орындау  барысында осы  процестер 

мен операциялар жалғасқан жағдайда жасырылуы мүмкін ақауларды анықтау мақсатында 

операциялық бақылау  орындалуы қажет,  сонымен қатар осы ақаулардың алдын алу  және 

жою бойынша шараларды қабылдау керек.

 

6.8.4.2 Операциялық бақылаумен



 

–  өндірістік  процестер  мен  операцияларды  орындау  толықтығы  мен  реттілігінің 

сәйкестілігі,  сондай-ақ  технологиялық  тәртіп  нормаларының  технологиялық  құжаттар 

(технологиялық карта, регламенттер) талаптарына сай болуы;

 

–  жобалық  құжаттар,  құрылыс  нормалар,  ережелер  мен  аралық  жұмыстар  нәти-



 

жесінің    сапасына    деген    стандарттар    (мысалы,    арматура    мен    салынған  

бұйымдардың  көлемі    мен    орналасуы,    бетон    қоспасын    салмас    бұрын    олардың  

дәнекерлік    тігістерінің  сапасы,  кірпішті  қалаған  кезде  арасына  салынатын  ерітіндінің 

қалыңдығы,  жылытқыштың  қабаттары,    конструкцияның    жиналатын      бөлшектерінің  

орнату   дәлдігі,   т.с.с.)   талап- тарының орындалуы;

 

–  операцияларды   орындаудың   және   оның   нәтижелерінің   сапа   көрсеткіштерінің 



жобалау  және  технологиялық  құжаттарыдың  талаптарына,  сондай-ақ  осы  технологиялық 

операциялардың нормативтің құжаттарға сәйкестілігі тексеріледі.

 

6.8.4.3 Құрылысты жүзеге асырушы тұлға өзінің басқарушылық құжаттары негізінде 



операциялық  бақылауды  орындауға,  оның  нәтижесін  құжаттайтын  және  бақылау  арқылы 

анықталған ақауларды жоюға жауапты тұлғаны тағайындайды.

 

6.8.4.4  Операциялық  бақылау  нәтижесін  және  бақылау  арқылы  анықталған  ақауды 



жою туралы мәліметті жұмыстардың жалпы журналына құжатталып, енгізу қажет.

 

6.8.5 Сәйкестілікті аралық бағалау



 

6.8.5.1   Құрылыс   қатысушылары   аралық   сәйкестілік   бағасын   жасауға   міндетті, 

олардың   қорытындылары   объектінің   қауіпсіздігіне   әсер   етеді,   бірақ   қабылданған 

технологияға  сәйкес  келесі  жұмыстарды  орындау  басталғаннан  кейін  бақылау  үшін  қол 

жеткізбес болып табылады.

 

Аралық   сәйкестілік   бағасы   келесі   жасырын   жұмыстар   (ары   қарай   –   жасырын 



жұмыстар)  нәтижесін  құжаттандыру  формасында,  сонымен  қатар  ғимараттар  мен 


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау