Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет8/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

12 



5.6  -тармақ  Қазақстан  Республикасы  Өңірлік  даму  министрлігі  Құрылыс  және 

тұрғын    үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2013  жылғы  1  шілдедегі 

№137-НҚ,

  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс  және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 

131-НҚ бұйрықтарына сәйкес өзгертілді. 

5.6* 


Шарт  негізінде  құрылысты  жүзеге  асыру  кезінде  Құрылыс  салушы  (Тапсырыс 

беруші)  құрылысты  жүзеге  асырып  жатқан  тұлғаға  өздері  бекіткен  жобалау-сметалық 

құжаттаманы, сондай-ақ жалпы объектіге немесе жұмыстың белгілі бір кезеңдеріне жұмыс 

құжаттамасын береді. 

Жобалау-сметалық  құжаттаманы  Құрылыс  салушы  (Тапсырыс  беруші)  «Жұмыс 

жүргізу» деген мөр қою жолымен және құрылысқа тапсырыс беруші тарапынан жауапты 

лауазымды тұлғаның қол қоюы арқылы құжаттауға тиіс. Жобалу-сметалық құжаттаманың 

құрамы мен бөлімдерінің мазмұны ҚР ҚН 1.02-03 талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

5.7  Құрылысты   жүзеге   асыратын   тұлға   өзіне   жұмыс   құжаттамасын   орындауға 

берілген   кіріс   бақылауды   орындайды,   онда   анықталған   ақаулықтар   тізімін   құрылыс 

салушыға (тапсырысшыға) береді, олардың жойылуын тексереді. Жобалық құжаттаманың 

кіріс бақылануын орындау мерзімі келісімде белгіленеді.

 

5.8  Құрылыс  процесінде  еңбек  қауіпсіздігі  және  қорғау  саласындағы  еңбек  заңна- 



масының  талаптарын  орындау  мүмкіндігі,  сондай-ақ  орындалатын  жұмыстардың 

жобалық, нормативтік құжаттарға және (немесе) келісім талаптарына сәйкестігін бағалау 

үшін қажетті бақылаудың барлық түрлерін  орындау мүмкіндігі құрылысты орындайтын 

тұлғаның ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттамасымен қамтамасыз етіледі.

 

5.9  Ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттама:



 

5.9.1 Ұйымдастырушылық-технологиялық   құжаттамаға   құрылысты   ұйымдастыру 

жобасы,  жұмыс  өндірісінің  жобасы,  сондай-ақ  құжаттарды  әзірлейтін,  бекітетін  және 

келістіретін  ұйымдарда  қолданылатын  ережелерге  сәйкес  ресімделген,  келісілген,  бекі- 

тілген  және  тіркелген,  құрылысты  ұйымдастыру  және  жұмысты  орындау  технологиясы 

бойынша шешімдерді қарастыратын басқа да құжаттар жатады.

 

Құрылыс-монтаждық   жұмыстарды   бекітілген   құрылыстың   ұйымдастыру   жоба- 



ларысыз  және  жұмысты  өндіру  жобаларысыз  атқаруға  тыйым  салынады.  Құрылысты 

ұйымдастыру   жобаларының   және   жұмыстарды   өндіру   жобаларының   шешімдерінен 

оларды әзірлеген және бекіткен ұйымдардың келісімісіз бас тартуға жол берілмейді.

 

5.10  Құрылысты  ұйымдастыру  жобасы  (ары  қарай  ҚҰЖ)  тапсырысшы,  мердігер 



құрылыс  ұйымдары,  сондай-ақ  құрылыстың  қаржылық  және  материалдық-техникалық 

қамсыздануын жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады:

 

–  құрылысты  ұйымдастыру  жобасы  жұмыстарды  өндіру  жобасын  әзірлеудің  негіз- 



демесі болып табылады;

 

–  құрылысты  ұйымдастыру  жобасы  құрылысты  инвестициялауды,  сәулет  немесе 



құрылыс объектісін дәлелдеу құрылымында әзірленеді;

 

– құрылысты ұйымдастыру жобасын құрылыс салушы (тапсырысшы) бекітетін және



 

5.6  тармағына  сәйкес,  құрылысты  жүзеге  асыратын  тұлғаға  беретін,  жобалық  

құжат- тамаларды өңдеуді жүзеге асыратын тұлға әзірлейді.

 

5.10.1  Құрылысты ұйымдастыру жобасын өңдеу үшін бастапқы деректерге:



 

– объектіні кезектерге және (немесе) қолданысқа берілетін кешендерге бөлу бойынша 




13

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

шешімдер, ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына келтіру немесе жөндеуден өткізу 



(жұмыстарды   өндіру   кезеңіне   ғимарат   немесе   құрылыстың   пайдалану-пайдаланбауы) 

кезінде ерекше шарттар көрсетілген, құрылысты ұйымдастыру бойынша бастапқы деректер 

қосымшасы бар жобалау тапсырмасы;

 

–  инженерлік  ізденістер  материалдары  (объектілерді  қайта  қалпына  келтіруде  –



 

объектіні техникалық тексеру);

 

– қажетті жобалық құжаттамалар;



 

– ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың көлемдік- 

жоспарлық  және  конструктивтік  шешімдері,  техникалық  көрсеткіштері  бар  (құрылыстың 

көлемі,  пәтерлердің  жалпы  көлемі,  қабаттылығы  және  т.б.)  объектілерді  кезектерге  және 

(немесе)  қолданысқа  берілетін  кешендерге  бөлу  (жобалауға  берілген  тапсырмаға  сәйкес) 

бойынша шешімдер;

 

–  жобалық  ұйыммен  әзірленген  және  белгіленген  тәртіпте  келісілген,  инженерлік 



коммуникациялардың жиынтық жоспары;

 

–   қазылатын   жер   массасы   картограммасымен   құрылыс   алаңының   вертикалды 



жоспарлануы;

 

– ландшафтық жоспар (көгалдандыру жоспары);



 

–  құрылыс  алаңын  қолайсыз  табиғи  құбылыстарынан  сақтау  және  геологиялық 

процестер   бойынша   шаралар   және   оларды   орындау   кезеңдері   (алаңды   инженерлік 

дайындау және т.б.);

 

– сметалық құжаттамалар;



 

–   құрылысты   тапсырысшы   ұсынатын,   электрэнергиямен   және   сумен   уақытша 

қамтамасыз ету үшін техникалық жағдайлар;

 

– артық топырақты шығару және жетпеген топырақты жеткізу, топырақты уақытша 



үйю,  құрылыстық  қоқыстарды  шығару,  соның  ішінде  қалдықтар  мен  қоқыстарды  қайта 

өндіру  немесе  пайдаға  асыру  үшін  қабылдайтын  ұйымдармен  келісілген,  тасымалдау 

ұзақтылығын көрсетумен қоқысты одан әрі қайта өндіру орындары туралы мәліметтер;

 

–  құрылыстық  конструкцияларды  жабдықтаушы-ұйымнан  құрылыстық  конструк- 



цияларды,   бұйымдарды,   материалдар   мен   қондырғыларды   жеткізу   және   тасымалдау 

шарттары туралы мәліметтер;

 

– құрылыстың директивтік мерзімдерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;



 

– күрделі және сынақтық объектілердің құрылысына қойылатын арнайы талаптар;

 

– жобада қолданылған отандық энергия мен ресурстарды үнемдейтін конструктивтік 



элементтер, материалдар және энергоүнемдегіш инженерлік жүйелер туралы мәліметтер;

 

–  қайта  қалпына  келтірілетін  объектілерде  құрылыстық-монтаждық  жұмыстарды 



өндіру шарттары туралы мәліметтер жатады.

 

5.11  тармақ  Қазақстан  Республикасы  Өңірлік  даму  министрлігі  Құрылыс  және 



тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2013  жылғы  1  шілдедегі 

№137-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілген.

 

5.11*   Құрылысты  ұйымдастыру  және  өндіріс  технологиясы  бойынша  шешімдері 

бар жұмысты жүргізу жобасын (бұдан әрі – ЖЖЖ), сондай-ақ өзге де құжаттарды, әдетте, 

осы  құрылысты  жүзеге  асырушы  тұлға  немесе  шарт  бойынша  осындай  жұмыс  түрлерін 

атқаруға тиісті рұқсат құжаты бар тұлға әзірлейді. 

5.11.1  тармақ  Қазақстан  Республикасы  Өңірлік  даму  министрлігі  Құрылыс  және 



жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау