Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет12/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

20 



техникалық регламент талаптарына сәйкес қолданылады.

 

6.4.4  Құрылыс   алаңында   немесе   иесімен   келісім   бойынша   пайдаланып   жүрген 



аумақта  орналасқан  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстар  құрылыс  салушы  тұлғаның 

шешімі  бойынша  іске  қосылады.  Іске  қосу  жұмыс  журналында  жазбамен  немесе  актпен 

рәсімделеді.

 

6.4.5  Уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстардың,  сондай-ақ  құрылысқа  қажетті  сол 



жер-дегі ғимараттар мен құрылыстардағы бөлек үй-жайлардың түгендігі мен техникалық 

пайдала-ну үшін құрылыс салушы тұлға жауап береді.

 

6.4.6   Объект   құрылысы   үшін   жасалған   уақытша   қоныстар   құрылыс   салушы 



аумағында немесе оның иесімен келісім бойынша қолданылып жүрген аумақта орналасады. 

Уақытша   қоныстың   жобасына   сол   жерге   байланған   бас   жоба,   уақытша   ғимараттар, 

құрылыстар  мен  үй-жайлардың  құрамы,  электр,  су,  жылу  және  кәріз  жүйесінің  схемасы, 

қолданылатын  барлық  көлік  түрлеріне  қажетті  жолдардың  схемасы,  байланыс  торабын 

қамтамасыз  ету  бойынша  шешім  кіреді.  Уақытша  қоныс  жобасы  құрамында  оны  бұзу, 

топырақ құнарлығын қалпына келтіру және осы жұмыстарға қажетті шығынның сметасын 

да қарастырған жөн.

 

6.4.7  Уақытша  қоныс  жобасын  және  оны  бұзу  жобасын  өрт  сөндіру,  санитарлық- 



эпидемиологиялық,  экологиялық  қадағалау  органдарымен  әрі  құрылысқа  рұқсат  берген 

жергілікті атқарушы билік өкілдерімен келісім бойынша құрылыс салушы бекітеді.

 

6.4.8  Құрылыс  салушы  уақытша  қоныс,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  тұрақты 



пайдалануға беруді қарастырған жағдайда уақытша қоныс, ғимараттар, құрылыстар жобасы 

тиісінше  тұрақты  пайдалануға  арналған  қоныс,  ғимарат  пен  құрылыстарды  жобалауға 

қажетті нақтыланған тәртіпте жасалады, келісіледі және бекітіледі.   Мұндай қоныстарды, 

ғимараттарды,  құрылыстарды  іске  қосу  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласы 

бойынша заңмен бекітілген тәртіпте жүзеге асады.

 

 



6.5 Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу және жою

 

 

6.5.1 Құрылыс алаңын жаңа құрылысқа дайындау  немесе  объектіні қайта  құру үшін 



ғимараттар  мен  құрылыстарды  құрылыс  салушы  немесе  келісім  бойынша  тартылған, 

осындай жұмыстарға рұқсаты жазылған арнайы аттестаты бар заңды тұлға бұза алады.

 

6.5.2  Құрылыс  алаңында  жұмыстар  басталмай  жатып,  өртке  қарсы  қазылған  жерде 



орналасқан барлық ғимараттарды жою керек. Егер құрылыс мерзімі кезінде бұл құрылыс 

объектілерін сақтап қалу керек болса, онда өртке қарсы шараларды жасау қажет.

 

6.5.3  Ғимараттар  мен  құрылыстарды  бұзу  және  жою  бойынша  жұмысты  жоюға 



жататын   ғимараттар   мен   құрылыстар   тізімінен,   сондай-ақ   жою   бойынша   қажетті 

техникалық   шешімдерден   тұратын   белгіленген   тәртіптегі   құрылыс   салудың   жобалық 

құжаттар құрамында өңделген әрі келісілген объектілерді бұзу немесе бөлшектеу бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес орындалады.

 

6.5.4  Ғимараттар  мен  құрылыстарды  бұзу  бойынша  құрылысшылардың,  тұрғын- 



дардың, қоршаған ортаның және инженерлік инфрақұрылымның, оның ішінде әрекеттегі 

жер асты  коммуникациялар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті техникалық шешімдер 

объектіге ұйымдастырушылық-технологиялық  құжаттамалар  құрамында дайындалады.

 



21

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

6.5.5 Бұзу бойынша техникалық шешімдерге немесе бұзудың жобасына:



 

– бұзу әдісінің жалпы сипаттамасы;

 

– қабылданған   әдіске   байланысты   қазылатын   және   қауіпті   зоналар   аумағының 



өлшемдері (қажет болса, есептермен);

 

– инженерлік инфрақұрылымның бұзылу қаупін бағалау, оның ішінде әрекеттегі жер 



асты  коммуникациялар,  қажет  болса  инфрақұрылым  объектілерінің  иесімен  келісілген 

қорғау немесе қорғау құрылғылары әдістерінің сипаттамасы, есебі және сызбасы;

 

– жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулар;



 

–  халықтың  қауіпсіздігі  мен  тыныштығын  қамтамасыз  ету,  оның  ішінде  оларды 

құлақтандыру мен қауіпсіз жерге көшіру бойынша шаралар;

 

– қоқыс қалдықтарын шығару немесе жою бойынша шешімдер кіру керек.



 

6.5.6  Жойылатын  ғимараттар  мен  құрылыстар  пайдаланудан  шығарылған  күннен 

оларды   жоятын   күнге   дейін  халық   пен   қоршаған   ортаға   абайсызда   зиян   келтірмей- 

тіндей   (коммуникациялардан   ажыратылған,   ірі   ыдыстарды   босату,   қауіпті   әрі   улы 

заттардың көзін жою) қауіпсіз жағдайға келтіріледі. Сондай-ақ, бұл объектілерге рұқсатсыз 

адамдардың немесе жануарлардың кіріп кетуін болдырмайтын шаралар қабылдау қажет.

 

6.5.7  Жарылысты,  өртті  немесе  басқа  қауіпті  әдісті  қолданған  кезде  бұзу  жобасы 



немесе  ұйымдастырушылық-технологиялық  құжаттамалар  мемлекеттік  қадағалау 

органдарымен келісіледі.

 

Жарылыс,  бұзылатын  ғимаратты  өртеу  немесе  опырылып  құлау  туралы  құрылыс 



алаңындағы   барлық   адамдар,   сондай-ақ   жақын   аумақты   пайдаланатын   ұйымдар   да 

ескертіледі. Егер қажет болса, аумақ қоршауға алынады.

 

6.5.8 Ғимараттар  мен  құрылыстарды  бұзу  немесе  жою  туралы  жергілікті  атқарушы 



органдарды хабарландыру керек. Сонымен қатар, органдар – аумақтық геологиялық қорды 

ұстаушылар   бекітілген   тәртіп   бойынша   жерде   қалған   коммуникациялар,  құрылыстар 

туралы хабарлау қажет.

 

 



6.6 Әрекеттегі жерасты коммуникациялар орналасқан жерлердегі жұмыстар

 

 

6.6.1 Әрекеттегі   жер   асты   коммуникациялар   мен   конструкциялар   орналасқан 



жерлерді ашу жұмыстары осы коммуникацияларды пайдаланатын ұйымдармен бекітілген 

арнайы нұсқаулықтарды сақтау арқылы жасалуы керек.

 

6.6.2  Әрекеттегі  жерасты  коммуникацияларды  қорғау  ережелеріне  сәйкес  жұмысқа 



жауапты  орындаушы  үш  күннен  кешікпей  жұмыс  орнына  әрекеттегі  жерасты 

коммуникациялар  мен  орын-жайларды  пайдаланатын  ұйымның  өкілдерін,  ал  жерасты 

коммуникациялар жоқ болған кезде – жобалық құжаттарды нақтылаған ұйымның өкілдерін 

шақыру керек.

 

Көрсетілген  жерде  пайдаланылатын  коммуникациялар  мен  орын  жайлар  болмаған 



кезде тиісті ұйымдар ресми түрде бұл туралы орындаушыны хабардар ету керек.

 

6.6.3 Сол жерге келген коммуникацияларды пайдаланатын ұйым өкілдеріне жобалық  



құжаттар   мен   белгіленген   қазудың   осі   мен   аумағы   беріледі.   Пайдаланатын ұйыммен  

қоса    сол    орында    (тік    қазу    немесе    басқа    әдіспен)    әрекеттегі    жерасты    ком- 

муникациялар  мен  орын   жайлардың  нақты  орналасу  жері   анықталады  және  жұмыс 

сызбасына  салынады.  Пайдаланатын  ұйым  өкілдері  орындаушыға  әрекеттегі  жер  асты 




жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау