Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет13/42
Дата06.01.2020
өлшемі1,46 Mb.
#25955
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

22 



коммуникациялар  мен  орын  жайлардың  бүтіндігін  сақтауды  қамтамасыз  ету  бойынша 

және  ашылған  жұмыстар  туралы  және  қайта  орға  топырақ  шашу  кезін  куәландыру  үшін 

шақыру қажеттілігі бойынша ұйғарым береді.

 

6.6.4  Жұмыс   орнында   коммуникациялар   мен   орынжайлардың   жоқтығы   туралы 



айтпаған әрі келмеген пайдаланушы ұйымдар тағы қосымша жергілікті атқарушы органды 

ескертіп,  бір күн бұрын осы ұйым өкілдерін шақырады. Егер ұйым өкілдері тағы келмесе, 

онда  жергілікті  атқарушы  орган  бұдан  арғы  шараларды  өз  қолына  алады.  Сәйкесінше, 

шешім қабылданғанша, жұмысқа кірісуге болмайды.

 

6.6.5  Жұмысқа  жауапты    орындаушы    жер    қазатын    машина    жүргізушісіне    қазу  



жұмыс- тарының  тәртібі  туралы  айтып,  топырақты  механикалық  жолмен  қазу  бойынша 

рұқсат  берілген  аумақтың    шекарасын  нақты  анық  белгілермен  көрсетуге  міндетті. 

Жерастылық құрылысқа тікелей қабысқан топырақтың қалдығы қолмен өңделеді. 

6-бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2016 

жылғы 5 наурыздағы 64-НҚ бұйрығына сәйкес 6.6.6-тармақпен толықтырылды. 

6.6.6-тармақ 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс 

және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2017  жылғы 

26 маусымдағы № 131-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 

6.6.6  Жерасты  құбырлары  коммуникацияларының  трассаларындағы  және  кабель 

желілеріндегі  жұмысты  жерасты  коммуникацияларында  немесе  оларға  тән  нүктелерде 

орнатылатын  және  жергілікті  жерден  ақпарат  алуға  мүмкіндік  беретін,  сондай-ақ  жеке 

сәйкестендіру  нөмірі  бар  электрондық  маркерлердің  (RFID)  зияткерлік  құрылғысымен 

жүргізген  жөн.  Трасса  іздейтін  жабдықтың  көмегімен  маркерлерді  сәйкестендіру  кезінде 

оларды ГЛОНАСС немесе GPS  арқылы МАЖ-бен байланыстыруды жүзеге асырған жөн. 

 

6.7 Объект құрылысын тоқтату және консервациялау



 

 

6.7.1  Объект  құрылысы  бойынша  жұмыстарды  6  ай  мерзімге  тоқтату  қажеттілігі 



туындаған  кезде  объектіні  тоқтатып  қою  –  құрылысқа  пайдаланған  объект  мен  аумақ 

қоршаған   орта   мен   тұрғындарға   қауіпсіз   болатындай   әрі   негізгі   құрылымдардың 

беріктігін, орнықты және бүтіндігін қамтамасыз ететін жағдайға жеткізілуі тиіс.

 

6.7.2 Құрылысты тоқтату немесе уақытша тоқтату туралы шешімді құрылыс салушы 



қабылдайды  және  құрылысты  жүргізіп  жатқан  тұлғаны  (келісім  негізінде  құрылысты 

жүзеге   асырған   кезде),   жергілікті   атқарушы   органды,   сонымен   қатар   мемлекеттік 

қадағалау  органды  да  тиісінше  хабардар  ету  керек.  Құрылысы  тоқтап  немесе  уақытша 

тоқтап тұрған объект қауіпсіздігі үшін жауапкершілік  құрылыс салушыға жүктеледі.

 

6.7.3  Құрылысты  тоқтату  немесе  консервациялау  туралы  деректі  үш  күн  мерзімі 



ішінде  қажет  болған  жағдайда  көлік  пен  жаяу  жүргіншілер  қозғалысын  шектеуді  алып 

тастау   мақсатында   ішкі   істер   органдарының   жол   полициясы   қызметін,   сондай-ақ 

бекітілген  әрі  келісілген  құрылыстың  бас  жоспарына  сәйкес  құрылыс  алаңы  аумағына 

енгізілген аумақ иелерін хабардар ету керек.

 

6.7.4  Келісім  бойынша  құрылысты  жүзеге  асыру  кезінде  құрылыс  салушы 



(тапсырысшы)  және  құрылысты  жүзеге  асырушы  тұлға  бір  ай  мерзімі  ішінде  объектінің 

салынып   болған   бөлігінің   жағдайы,   жасалған   жұмыстың   көлемі   мен   құны,   объект 




23

 

ҚР ҚН 1.03-00-2011

 

 

құрылысы    кезінде    қолданылаған  құралдар,  материалдар  және  конструкциялар  тізімі,  



сондай-ақ    пайдаланылмаған,    бірақ    сақталу    керек    құралдар,    материалдар    және 

конструкциялардың тізімі, объектінің және қолданылмаған құрал-жабдықтар, материалдар 

мен   конструкциялардың   бүтіндігін   қамтамасыз   ететін   жұмыстар   тізімі   сипатталған 

қабылдап алу туралы акті жасаулары қажет.

 

6.7.5  Қажетінше,  жобалаушы  құрылыс  салушымен  (тапсырысшымен)  келісім 



бойынша   объект   консервациясының   сметасы   мен   сызбасын   жасайды,   ал   құрылысты 

салушы тұлға осы смета мен сызбалар  көздеген жұмыстарды атқарады.

 

6.7.6  Құрылысы  консервацияланған  объект  мен  құрылыс  алаңын  келісім  бойынша 



құрылысты жүзеге асырған кезде акт бойынша салушыға (тапсырысшыға) беріледі. Актіге 

қоса, орындаушылық құжаттамалар, жұмыс журналы, сонымен қатар құрылыс барысында 

жүргізілген  зерттеулер,  тексерулер,  бақылау,  сынау,  өлшеу  жұмыстары  туралы  құжаттар, 

жобалық  және  нормативтік  құжаттар  талабына  сәйкес  объектінің  материалдары,  жұмыс- 

тары,   конструкциялары,   технологиялық   құрал-жабдықтары   мен   инженерлік   жүйелері 

сәйкес келетінін растайтын жеткізіп беруші тұлғаның құжаттары болу керек.

 

Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруа шылық 

істері  агенттігінің  2013  жылғы  16  шілдедегі  №62  бұйрығы  бойынша  6.7.7  тармақтың 

соңғы сөйлемі алынып  тасталды. 

6.7.7   Объектіні   консервациялау   және    пайдаланылмаған    құрал-жабдықтар,    ма- 

териалдар   мен   конструкциялардың   бүтіндігі   бойынша  қажетті   жұмыстарды   аяқтаған 

шақта  мердігер  сәулет-құрылыс  инспекциясы  мен  жергілікті  атқарушы  орган  өкілдерін 

хабардар  етіп  барып,  оларды  салушының  (тапсырысшының)  техникалық  қадағалауына 

ұсынады.


 

6.7.8  Объектінің   бүтіндігі   және   оның   қоршаған   орта   мен   халыққа   қауіпсіздігін 

консервацияның барлық мерзімі ішінде салушы (тапсырысшы) немесе осы уәкілетті ұйым 

қамтамасыз  етеді.  Сондай-ақ,  алаң  міндетті  түрде  қоршалу  керек,  ал  алаңға  кіру-шығу 

жолдары жабық болуы тиіс.

 

Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруа шылық 



істері  агенттігінің  2013  жылғы  16  шілдедегі  №62  бұйрығы  бойынша  6.7.9  тармақтың 

соңғы сөйлемі жаңа редакцияда жазылды. 

6.7.9 Объектіде  қайта  жұмыстар  жанданған  кезде  салушы  (тапсырысшы)  мердігерге 

тоқтатып  қойған  объект  мен  құрылыс  алаңын  объектінің  қазіргі  жағдайы  жазылған  акті 

бойынша  тапсырады.  Егер  қажет  болса,  конструкциялар  мен  жүйелердің  техникалық 

жағдайына  зерттеу  жүргізіледі.  Құрылыс  салушы  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  қайта 

бастау   туралы   мемлекеттік   сәулет-құрылыс   бақылауын   жүзеге   асыратын   органдарға 

хабарлама   жасайды,   сондай-ақ   құрылысты   жүзеге   асырып   жатқан   тұлғаға   қажетті 

техникалық және өндірістік құжаттамаларды береді.

 

 

6.8  Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету



 

 

6.8.1 Құрылыстың  және  құрылыс  өнiмдерiнiң  сапасын  қамтамасыз  етуде  сәулет, 



қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн 

нормалар  мен  ережелер  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексiмен  реттеледi, 




жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау