Сондықтан Сіз сияқты үлкен ғалымдардың ақыл-кеңесі маған
өте-мөте пайдалы болар еді... Бұл еңбекте сөз еткен мәселелерім,
өзіңізге мәлім, қазіргі таңда өте күрделі және кен түзілу теория-
сы үшін мәні зор тұжырымдар, сірә, әжептәуір талас туғызады
деген ойдамын... Қысқасы, зерттеуімді жария еттім, көз қорқақ,
қол ба тыр деп тәуекелге бел буған жайдамын. Бір талай жетекші
573
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мамандардан таяқ жеуім анық. Ал Сізден мен, Қаныш-ака, егер
уақы тыңыз болса, еңбе гімді мұқият қарап, ескер т пелеріңізді
ашық айтуыңызды өтінемін...»
– деген.
Өзбек ғалымы бекерге күдіктенбеген. Күрделі еңбегімен геоло-
гия нояндарының «бақшасына» түсетінін жақсы білген. Ол күт-
кен айтыс іле-ақ басталып, тек Абдуллаев ойлағандай, «ғылыми
шындықты» анықтау үшін емес, мүлдем басқа жөнде өрбіді.
Ең алғашқы соққыны ғалым өзі тұратын Ташкентте, сол күзде-
ақ алған: монографиясы зиянды деп танылды; авторға тағыл-
ған басты айып – «зерттеу негізіне АҚШ ғалымдары Эммонс пен
Линдгреннің реакционерлік кертартпа идеялары пайдаланыл-
ған; демек, Абдуллаев – кеңестік озық геология ілімінен жиреніп,
шетелге табынған космополит...» Өз идеясына сенімді ғалым-
геолог сыңаржақ тұжырыммен келіспейді. Төрелік айтуды тілеп,
орталықтағы институттардың біріне шығады. 1951 жылдың ба-
сында Мәскеуде өткен талқылауға академик Сәтбаев та қатысқан.
– Жолдастар, мен бір жайға түсінбеймін, – деген-ді ол жас
әріптесін қорғай сөйлеп. – Бізден басқа ғалым атаулы реакцио-
нер деген қағиданы кім шығарған? Ғылым жер, ел талғай ма?
Шынайы ғылым үшін шекара бола ма? Шетелдік деп Ньютон мен
Дарвиннен, иә Кюрилер әулеті ашқан ұлы жаңалықтардан безсек,
жағдайымыз не болар еді, ғылым қайтіп өрістемек? Мәселенің
бұл бір жағы... Екінші, өзбек ғалымы бүкіл Орта Азия аймағында
ондаған жылдар бойы үстем болып келген кен орындарының тү-
зілуі жөніндегі болжамдарды, демек, бар лау да ұстанған жетекші
бағытты теріске шығарып отыр. Жас білімпаз үшін тым батыл
қадам! Бірақ сіздер мына жайтқа көңіл аударыңыздар: бұрынғы
теорияны теріс деумен бірге ол жаңа тұжырымдама, кен іздеуге
тың ой ұсынды... Ташкентте оның тың идеясы қолдау көрмей,
геология қауымы тарапынан зор қарсылық туғызғаны мәлім.
Абдуллаевқа өте дөрекі және аяусыз сындар айтылды. Түсінікті
гәп: ескі бағытты жақтаушылар оп-оңай жеңілгісі келмейді, себебі
өзің ондаған жылдар мадақ тұтып, бүкіл өміріңе, зерт
теу
іңе,
кен орындарын ашуға түп қазық еткен идея сынға түсіп отыр...
Меніңше, бұл таластың ең оңды ше шімі, әділ төрелік – жаңа теория-
ны барлаушы геологтарға ұсыну. Он жылдан соң Абдуллаевтың
болжамы рас болып шықса, оны таяқтауға қатысқан ғалымдар
өзінің бүгінгі оғаш қылығын қалайша түсіндірмек? Кім осыған
«Біздікі – дұрыс, оныкі – қате» деп кепіл бола алады?..
574
Медеу СӘРСЕКЕ
Амал қанша, ғылыми ақиқатқа жүгінуге қаншама шақыр-
ғанымен академик Сәтбаев өзбек әріптесін сол күнгі жөнсіз бұр-
малау дан қорғай алмаған. Қайыра сөйлеушілер оның өзіне жа-
бысып, «Сәтбаев оны гидротермальдық теориясын жақтайтын
идея ұсынғаны үшін қасақана қорғап тұр, бұл болса – өзара ниет-
тестердің ауыз жаласқан байбаламы» деген сынды ауыр сөздер
естірткен.
БКП(б) Орталық Комитетінің ғылым және жоғарғы оқу орындары
бөлімінің нақты сұрауына жа уап бере отырып, 1951 жылдың 3 шілде күні,
яғни жоғарыдағы айтыстан үш айдан соң Мәскеуге жолдаған ресми хатында
Қ.И. Сәтбаев Хабиб Абдуллаевтың есімін төр тінші кезекте атайды:
«геология-
минералогия ғылымдарының докторы, Өзбек КСР Ғы лым академиясының
Достарыңызбен бөлісу: |