569
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әуес дүниеге айналғаны соншалық – күндердің күнінде құрылыс
материалдары министрлігі де дербес геологиялық трест құруға
талаптанған...
Сайып
келгенде, бұл геологиялық қызметтердің жер-жерде
шектеусіз көбейіп, шығын да бірнеше есе өскен. Ал соларды
төлеуші – үкімет. Тығырықтан алып шығар жол қайда? Өзгеріске
құмар әуесқойлар геология комитетін біржола жоюды, барлау
ісін әрбір министрліктің өзі не беруді жөн деп біледі. Қ.И.
Сәтбаев
КСРО Министрлер Кеңесіне хат жазып:
«...түрлі ведомстволарға
тарап кеткен геология күш те рін біріктіріп, жер асты қазынасын
іздеуді тиімді де пәрменді жолмен, кешенді түрде топтап бар-
лауды»
ұсынады. Тынымсыз Қа ныш Имантайұлына бұл да аз.
Күндердің күнінде ол СОКП Орталық Комитетінің жаңа хатшысы
Л.И. Брежневтің қа был дауына сұранады.
«Шынын айтқанда
, –
деп есіне алған-ды осы сұхбатты 1978 жылы бізбен жүз дескенде,
сол күнде КСРО Орта машина жасау
министрінің орынбасары бо-
лып еңбек ете тін П.Я. Антропов,
– Қаныш Имантай ұлының кімді
болсын бірден үйіріп алатын жар қын келбеті, әрине, мықты
логикалық дәлелдермен партия мен үкі мет басшысын сендіре
сөйлегені одақтық геология қызметін біржола таратудан аман
сақтап қал ды
».
Бұл ойын марқұм Петр Яковлевич ға лым туралы
«Академик Қ.И. Сәтбаев» естеліктер жинағында да:
«Бұл істе ол
бә ріміз ден де гөрі табандылық көрсетті!»
– депті.
П.Я. АНТРОПОВТЫҢ естелігінен:
«Мынадай бір мәслихат есімде: КСРО ҒА президенті, акаде-
мик А.Н. Несмея новпен хабарластым да, геология ілімі нің жайын
талқылау үшін бір топ ғалым-геологтарды қабылдауын өтіндім...
А.И. Вер надский атындағы геохимия және аналитикалық химия
институты академияның химия бөлімшесіне қарайды; ал қазба
байлықтарды геофизикалық тәсіл дермен іздеу
–
физика-матема-
тика бөлім шесінің қарауында; палеонтология биология ғы лым-
дары бөлімшесіне бағынатын; соның кеселінен геология ілімі та-
бан тірейтін ең негізгі саласын өрістету тұрмақ, бағыт-бағдар
беру мүмкіндігінен де ай ырылып қал ған-ды... Бұл сұхбатқа ака-
демиктерден Қ.И. Сәтбаев, Н.С. Шатский, Н.М. Страхов және
Достарыңызбен бөлісу: