Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет218/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   245
null

Д.И. Щербаков қатысты. Әңгіме үстінде Қаныш Имантайұлы 
бұл келең сіз діктің өте қолайсыз және қисынсыз екенін айтудан 
тайсал ған жоқ. Өз пікірін ол на ным ды айғақтармен дәлелдеп, 


570
Медеу СӘРСЕКЕ
геология ілі мінің түрлі саласын бір басшылыққа бағындырып, 
яғни геология-география бөлімшесіне беру қажет тігін, шикізат 
іздеудің комплекстік тәсі лін геологиялық қызметке ғана емес, 
ілімі не де енгізуді талап етті. 

 Осынау үйлесімсіздікті тездетіп тү зетпесек 

 бүкіл гео-
логия ілімін тығырық қа әкеп тіреуіміз анық. Қазірдің өзінде 
ол ведомствоаралық ұсақ тайталастың астында тұншығып, 
еңсесін көтере алмайтын халге жетті, – деген-ді ол...»
«Жер мен оған әсер етуші құбылыстарды зерттейтін ғылым 
салаларының өзара қарым-қатынасы академия ғалымдары ара-
сында бір жылға тақау уақыт талқыланды, әр түрлі ұсыныс-
пікірлер айтылды. Кешенді іздеу нәтижелеріне сүйенген 
Қ.И. Сәтбаев өз идея сын табандылықпен қорғап, әрбір мүм кін-
дікті пайдаланып қайталаумен болды. Ақыр аяғында оның 
ұсынысы КСРО ҒА төрал қасында талқыланып, геологияның бар-
лық тармақтарын Жер туралы ілім дер бөлім шесі етіп қайта 
құрумен аяқ талды», –
деп куәлік етеді Д.И. Щербаков «Академик 
Қ.И. Сәт баев» кітабында.
КСРО ҒА ұйымдық өзгерісі 1963 жылы жүзеге асқан. Ал 
Қаныш Имантай ұлы президент болып отырған Қазақ КСР Ғылым 
академиясының өзінде ше?
«...Ғарыш әлемін зерттеудегі соңғы жылдардың ірі табыстары 
геология мен астрофизика ілімдерінің бір-біріне қолғанат болып, 
теориялық ғылыми бағытты өзара күшейтуге әсерін тигізді. 
Қазірдің өзінде біз геологияның жаңа тармағы – планеталық гео-
логия ілімі туғанын айта аламыз,
– деген-ді Сәтбаев 1963 жылдың 
шілде айында өткен республика ғылым ошағының жалпы жиналы-
сында жасаған баяндамасында. – 
Астрофизика мен геологияның 
творчестволық ынтымағы, сөйтіп жер бетіндегі ірі сызаттар 
мен қатпарлы құрлықтардың пайда болу заңдылықтарын қайта 
қарап, әр алуан құбылыстарды түсінуге жәрдем беруде. Демек, 
бұл екі ілімді ғылым академиясының бір бөлім шесіне бағындыру 
ешқандай талас тудырмаса керек. Ол бөлімшені біз «Әлем және 
Жер ғылымдары» деп атауды ұсынамыз». 
Сәтбаев ұсынған осы атауды бес жылдан соң сәл өзгертіп, КСРО 
ҒА да қабылдады. Бұл атау содан бері үйреншікті ғылыми термин-
ге айналды. 


571
ШЫҒАРМАЛАРЫ
1963 жылы академик Қ.И. Сәтбаев төр 
тінші мәрте Ленин 
орденімен марапатталды. Сол жайындағы жарлықтың мәтінінде 
«Қа зақ стан қыртысындағы қазба байлықтарды зерттеу және 
Одақтық геология ілімін дамытудағы үздік еңбектері үшін»
деген анықтама бар-ды. Шынтуайтын айтқанда, бұл да ге 
о-
логия саласындағы Қаныш Имантайұлының орасан зор еңбегін, 
қайталанбас біртуар тұлға екендігін ресми мойындау. Сөйтсе де... 
Ғалым туралы ізденіс жылдарында мен осы ілгеріде аз-кем сөз болған 
Одақ министрі (ресми түр де Орта салмақты машиналар минис тр лігі атала-
тын, ал іс жүзінде атом өндірі сі мен шұғылданатын) Е.П. Славскиймен екі 
мәрте кездестім. Алғашқыда Өскеменде (ол кісі сол қаладан бірнеше мәрте 
КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған), соңғы рет 1981 жылдың 
күзінде, Үлкен Ордынка көшесіндегі кабинетінде. Екін ші мәрте іздеуіме 
түрткі болған себеп: «Молодая гвардия» баспасының ЖЗЛ сериясында жа-
рық көрген «Сәтбаевты» сыйлап, сол басы лым ға нақты көмек көрсеткеніне 
рақмет айту еді. Жасы сол кезде сексеннің шебіне ілінген Ефим Павлович 
мені ілтипатпен қабылдап, ұлы замандасы туралы көл-көсір әңгіме айтып, 
ғылыми қауымға мәлім емес жайттардан сыр шерт ті...

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау