Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет228/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   245
null

СОҢҒЫ ПАРЫЗ
І
Арқадағы атамекеніне ат басын бұр 
уға іңкәр ой Қаныш 
Имантайұлын соңғы кезде, әсіресе жиі ауыратын болғаннан беріде 
есінен кетпейтін мансұқ іске айналды. Жыл асқан сайын бірақ 
жете алмай қойды. Тек жуықта, академияның жаңадан ашылған 
Химия-металлургия институтының жай-күйіне бола Қарағандыға 
баруға келіскен күні, өзін мазалап жүрген жайт тағы да жадына 
оралып кө мекшісін шақырды:


593
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бөке, жасы үлкен ағаң ретінде өтінішім бұл, – деп бас-
тап, Айырық бойындағы ата-анасының ескі зиратын қоршауға 
ықтияттады. Қажет қаражатты да қолына ұстатып, қыстаудың 
жөн-жосығын, зираттың қай жерде тұрғанын, кімнен сұрап, не 
істеу керектігіне де й ін қағазға сызып берді...
Көміршілер қаласына келген соң да сол істің сәті түсе қоймады. 
Президенттің бір басына мол жүктелетін міндет пен борыш бұл 
жолы да бір күн босатқан жоқ. Кеше, қала сыртындағы елді 
мекендердің бірінен келе жатқанда, ғалым өкінген үнмен:
– Бөке, Айырықтың жолы алыстап барады-ау, – деген-ді.
Президенттің бұл сөзін Аяпбергенов қатаң ескерту деп ұқты да, 
өзінше әрекет етуге бел буды. Келесі күні Қаныш Имантайұлын 
таңнан оятып:
– Екі құлпытас пен зиратты жөндеуге қажет нәр селері тиелген 
жүк машинасы жолда, іңірде жөнелттім. Өзіміз мінетін «Волга» 
есік алдында тұр. Ертеңгі жиналысқа дейін бір күн далаға шығып, 
қыр ауасын жұтып, демалып келсек – рақат болар еді! – десін.
Қаныш Имантайұлы тез сергіді.
– Далаға деймісің? Үлгереміз бе? 
Бастығының тосын ұсынысын қуана қабылдағанын сезген 
Бөпежан да:
– Үлгермегенде! Барар жолға төрт сағат. Айырықтың өзіне 
төрт сағат, қайтарға және төрт сағат аялдаймыз. Іңір түсе қайтып 
ораламыз, Қанеке. Ас-суды жетерлік қамдадым...
Президент апыл-ғұпыл киіне бастады.
Тақтайдай тас жолмен ағып отырып, Үміт кер ауылына жеткен 
соң-ақ Шадыраға туралай тартқан жүйрік «Волга» төрт сағатқа 
жетер-жетпес мерзімде жолаушыларды Ақке 
лін тауларының 
сілеміне іліндірді. Құл пытас тиеулі машинаны да сол мезетте 
қуып жеткен. Түнде жер орталап барып, көз шырымын алуға 
тоқтаған жүргізуші таң ата қайтадан заулап келеді екен. 
Дала да сол күні өзгеше жасанып тұр еді: қайда қарасаң 
да – жасыл реңмен құл пыр ған сай-сала, гүлі жайқалған кө-
галды алқаптар; біресе оңнан, біресе солдан оқшау ланып жол 
күзеткен қарауыл шоқылар; бұқпа сайлардың, тал-шіліктің 
тараң аяғынан сылдырып аққан мөлдір бұлақтар; ең аяғы қара 
жол қырқаға шығып, көделі даламен бұралаңдай жөнелгенде, 
доңғалаққа төселген иен жазыққа дейін туған еліне келе жатқан 
төл перзентіне қошемет білдіріп, шексіз қуаныштағандай. Аспан 
да биіктеп кеткендей, мөлдір әйнектей тұнып қалған. Күн ай-
38-0196


594
Медеу СӘРСЕКЕ
дарланып шықты. Тап қазір қақ маңдайда, «Қуа ныштымын бұл 
сапарға!» деп құптап тұрғандай...
«Ненің қуанышы? Сағыныш па? Сағыныш болса – мынау кең 
көсілген дала, анау жақпар тасты биік тау іңкәр көңілдің жай-
лауы шығар? – Есіктің әйнегін кеңірек түсіріп еді, салқын ауа 
бетін жуып, сау-сау құйыла бастады. Арқаның дару самалы. Бұ 
да жанын тебіренткендей, маңдайын емірене сипаған ата-ананың 
жұмсақ алақанындай сезілді. – Самал жел, сені де сағындым. 
Туған жердің шәрбат ауасы, саған да құштармын бүгін!..»
Осы ма еді көкейінде тұнған сыр? Көптен бері жүрегін 
лүпілдеткен сағыныш жыр? Айырған жоқ, шамасы да келмеді. 
Күм бір леген әнге айналып құйқылжи төгілсін:
«Шықшы тауға, қарашы кең далаға:
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?!»
Машинаның артқы креслосында қалғып отырған Бөпежан, 
ғалымның даусы оқыс шыққанда селк етіп, алдына қараған: ма-
нағы бір әзірде көз ұшында бұлдыраған көкшіл таудың оқшау 
басы одырайып жақындай түскен, етегіндегі қалың тал да дара-
ланып айқын көріне бастапты. Алабас екенін айнытпай таныды. 
Ғалымның ата қыстауы – осы таудың арғы бауырында, қол созым 
жер.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау