Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет216/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   245
null

«Жеке басының мүддесінен де 
гөрі мемлекет шаруасын көбірек ойлайтын адам әрдайым осылай істейді. 
Қаныш Имантаевичтің нақ сондай жан екеніне мен әрдайым сүйсініп әрі 


565
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қайран қаламын!..
– деп үкімет басшысы әңгімесін аяқтапты. 
– Сол себепті 
мен оған ешқашан да жоқ демеймін, тектен-текке сұранбайтынын де 
жақсы білемін...»
Міне, енді, өзі мойындағандай, «мәнді шаруамен ғана жүретін» 
академик Сәтбаев тағы да алдына келіп отыр. Ал келген мәселесі 
туралы, Қазақстанға ядролық институттың аса қа жет еместігі 
жайында көптеген мамандар иланымды уәж айтып, қаржы 
бөлмеуге өзін иліктіріп қойған...
– Алексей Николаевич, ядролық физика институтынсыз Қа-
зақстан ғылымы он екі мүшесінің бірі жоқ кісідей кемтар ғаріпке 
айналады. Физиктердің ядро құпиясына үңілген биік деңгейі 
ғылымның өзге саласына үлгі-өнеге болатынын сіз түсінуге 
тиіссіз. Орта Азия республикалары үшін Ташкентте жұмыс 
істейтін реактор жетеді деген уәж, меніңше, ғылым келешегінен 
түйсігі жұтаң мамандардың біздің халықты менсін бейтін күйкі 
пиғылынан туған. Ядролық физика институты Қазақстанға ауа-
дай қа жет! – дегенде, кабинет иесі Қазақ КСР ҒА президен ті нің 
сөзін бөліп:
– Сіздерде сол реакторда жұмыс істейтін кадр жоқ деседі. Оны 
қайтесіз? – деді.
– Сізге ақпарды жаңсақ берген. Зерттеуге бірден кірісетін 
ғалымдар бізде бар. Ал жетпейтінін өздері-ақ бірер жылда даяр-
лап алады. Сонсоң, Алексей Николаевич, институт болмаса – кадр 
де қайдан шығады, тө релігін өзіңіз айтыңызшы...
Ұзақ-сонар дауға айналған мәселе сөйтіп ширек сағатта сөреге 
жақындады.
– Қаныш Имантаевич, айтып отырғаныңыздың бәрі де ойға 
қонымды сөз. Тек маған соны басқаша түсіндірген еді. Таң-
мын, – деп трубканы көтеріп, атом өнеркәсібіне жауапты министр 
Е.П. Славскиймен сөй леседі. 
Косыгин туралы қауым арасында ешқашан да күлмейді, тек 
қана жұмысты білетін әріпшіл тақуа деген сипатты қауесет 
тараған. Сірә, ол да Алексей Николаевичті жете білмейтін, мем-
лекет ісіне деген қатыбастығын түсінгісі келмейтіндердің шы-
ғарған өсегі. Комитет төрағасы мырс етіп, қазақстандық ғалымға 
жымия қарайды да:
– Сізге дауа жоқ, Қаныш Имантаевич. Ефим Павловичті де өз 
ойыңызға икемдеп қойыпсыз. Қысқасы, сұраған институтыңыз-


566
Медеу СӘРСЕКЕ
дың құрылысын бітіреміз, қаражатты – біз, өзге жабдығын 
Славский тауып әрі орнатып та беретін болды, – деді. 
Талғар қаласының тау жақ іргесіндегі физиктер қонысы – 
Алмалы мекені дүниеге осылай келген-ді. Институттың еңселі 
ғимараты, ядролық реактор орныққан зертханасы, өзге де зертха-
налары, ғылыми қызметкерлер тұратын екі қабатты коттедждер 
де бас-аяғы екі-үш жыл да бітіп, кең көлемді зерттеуге кірісті. 
Қазірде ол ҚР ҰҒА-ның «Жоғары қуат инс титуты» аталады.
Институт қабырғасы көтеріле бастаған кезде-ақ республика үшін қа-
жеттігі дүдәмал әрі құпия жағдайда жұмыс істейтін зерт теу ұжымына кадр-
лар әзірлеуге қам жасалған. Бұл үшін оған ғылыми жетекші табу керек-ті. 
Академия президенті бұл мәселе нің де орайын келтірді: Мәскеуде, Нобель 
сый лығының иегері, академик И.Е. Тамм мен абырой-атағы әріптесінен бір 
мысқал кем емес академик М.А. Марковтың қарауында қабілет-дарыны фи-
зика іліміне ерте байқалған Жабағы Сүлейменұлы Тәкібаев атом ядросының 
құпиясын зерттеумен шұғылданатын: Қаныш Иман 
тайұлы жас физикті 
туған ел мәртебесі үшін тың істі қолға алуға, ал оның жетекшілерін дарын-
ды шәкіртін ядролық жаңа орталықты тыңнан игеруге жіберуге көндіреді; 
нәтижесінде Қазақстан қиырында жоғарғы материямен түбегейлі айналыса-
тын зерттеу ошағы дүние ге келді... Ж.С. Тә кібаев 1958 жылы Қазақ КСР 
ҒА толық мүшесі болып сайланды. Қаныш Имантайұлы төрт жылдан кейін 
жасаң физикті академия басшылығына шақырды. Вице-президент мін детін 
ол он бір жыл атқарды. 
(Академик Ж.С. Тәкібаев тоқсанның сеңгіріне ауған егделікке жет-
кенше өз қолымен құрған институтта еңбек еткен. Әрине, жарым ға сыр-
дан астам уақытқа созылған ізденісте Тәкібаев мектебінің түлектері өз са-
ласында әлем физиктерін сүйсінткен, ядро құ пиясының алуан түйткілін 
шешкен ірі зерт 
теулерімен танылған. Бір жайтты ресми мә 
лімдеуге 
тиіс 
піз: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған кезде 
Семей полигонының ғылыми орталығы болған Курчатов қаласындағы 
ядролық сы нақ зертханаларында жұмыс істеген Ресей ғалымдары өз от-
анына тік көтеріле қайтқанда, олардың орнын Алматыдағы институттың 
қызметкерлері басты; бұрынғы зерттеу лер аз көлемде болса да тоқтаған 
жоқ; сірә, бұл гәп те Қазақстан физиктерінің ғылыми деңгейі жоғары 
екенін айқын аңғартса керек...)
* * *
Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектерінің соңғы басылымының (1996-1999)
 
6-томында 1962 жылы Мәскеуде, КСРО Ми 
нис 
тр 
лер Кеңесінің ғылыми-
зерттеу жұ 
мыс 
тарын үйлестіруді басқаратын Мемлекеттік комитетінде 
жасаған баяндамасы жарияланған. Академия президенті сол еңбегіне «Ғылым 
жүйесін кеңейтудің келешек мүмкіндіктері» деп атаған түсініктеме де жол-


567
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дапты: «Қазақстанды бес түрлі табиғи-тарихи аймаққа бөліп қарау тегінде 
ғылыми үйлесімді іс болмақ. Орталық Қазақстан (орталығы Қарағанды), 
Тың өлкесі (Целино град), Батыс Қа зақстан (Ақтөбе), Шығыс Қазақстан не-
месе Кенді Алтай (Өскемен) және Оңтүстік
 
Қазақстан (Алматы)...» Ғалым-
ның болжауынша, осы қалалардың бәрінде де аталған аймақтардың өндіргіш 
күштеріне өріс беретін зерттеу институттары құрылуға тиіс. Олардың жал-
пы саны – 43, солардың 13-і 1959-1965 жылдарды қамтитын жеті жылда 
құрылып, қалғаны таяу уақытта ірге көтеруге тиіс...
СОКП ХХІІ құрылтайынан қайтқан бетінде Қаныш Иман-
тайұлы «Қазақстан ғылымының даму өрістері» деген мақала 
жариялаған. Оны да жарқын келешекті меңзеген ұшқыр қиялдың 
шырқау биікке самғауы десек рауа. Мысалы, ғалым жоғарыда 
өзі жобалаған зерттеу инс титуттарының ғылыми бағдарын бы-
лайша шамалаған: кен байыту процесі жетіліп, барлық пай-
далы элементтерді қорытпаға шығаратын, одан әрі әрбірі же-
ке-дара өндірілетін технологияға же ту; бұл үшін байытуға уль-
т ра-дыбыс, гидрохимия және иондық ауысу тә сіл дерін енгізу; 
ал металлургияда циклондық қорыту әдісі қолданылады – 
оны жедел өрістету үшін Украинадағы академик Е.О. Па 
тон 
ұйымдастырған электрмен пісіру институты сияқты дербес зерт-
теу ошағын ұйымдастыру; химия өндірі сінің қарамы сан-салалы 
болғандықтан, республиканың бірнеше қаласында сол аймақтың 
жергілікті өнеркәсібіне бейім делген түрлі бағыттағы институттар 
ашу; Қазақстанның құрғақшылық табиғатын жә не әр аймақтағы 
жартылай шөлейт жерлердің молдығын ескеріп, арнаулы зерттеу 
жүргі зе тін Шөл институтын құру...
Бұл болжамдардың біразы кезінде жүзеге асты. Енді бірі өз 
кезегін күтіп кейінге ысырылған. Біржола ұмыт болғандары 
қаншама! Әрине, бергі уақыттағы аласапыран өзгерістер соның 
бәрін қиын жағдайға душар еткені де – кешелі-бүгінгі өмірімізде 
көз көрген, көңіл түңілген оқиғалар. Десек те,
 
бұл жерде біз заңғар 
ғалымның өз уақытынан ондаған жылдар алға қарап, кемел ой-
арманы түзген шың-құзарларды, шырқау биіктерді сөз етіп отыр-
мыз. 
ІІІ
Қайда жүрмесін, қандай жұмыспен шұғылданбасын, ғалым-
ның көкейінде сүйікті геологиясы дара тұрады. Сондықтан да экс-
педициялардан келген геологтармен кездесу, Алматыда ірге теп-


568
Медеу СӘРСЕКЕ
кен сан түрлі геологиялық қызмет мамандарымен сұхбат құру – 
Қаныш Имантайұлы үшін әрқашанда мерейлі қуаныш, қым-қуыт 
шаруалардан бір мезгіл сергу сағаты.
ГҒИ директоры қарауындағы мыңға тарта қызметкердің әрбірі 
нендей мәселемен айналысатынын жақсы білген. Директор болған 
кезден өзіне дағды еткен, жылына бір иә екі мәрте институттың 
зертханаларын аралап, әрбір қызметкер мен зертханашыны 
жұмыс орнында көріп, орындап жатқан зерттеуін өз аузынан 
тыңдау рәсімін академик ешқашанда бұзбаған. Бұл – әр зерттеуші 
үшін ерекше мәнді мезет, соған ол жыл бойы мұқият дайында-
лады, жұмыс үстінде кезігетін күпті жайт, кедергілерді де сол 
сағатта шешуге болады. Тіпті тұрмыс жағдайының ділгер ісін де.

* * *
Қаныш Имантайұлының елуінші жылдары белсене араласып, 


сәтті шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан елеулі ісі – геологиялық 
қызмет пен ғылымды қайыра екшеп, барлау жүйесін заман тала-
бына сай жандандыру.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау