Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет100/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   245
null

ШЫРҒАЛАҢДА
I
Түсті металл бірлестігі (Главметалдан Қа 
ра металлургия 
өндірістері ажырап, басқарма бұрынғы атына қайыра ие болған) 
1931 жылдың қорытындысын шығарды: Қарсақбай комбинаты-
ның геология бөлімі 20 мыңнан астам погонметр жер бұрғылап, 
Кеңес Одағындағы барлау ұжымдарының алдына шығыпты; 
көзге ұрып тұрған ақиқатты мойындап, бөлім меңгерушісіне ал-
ғыс жариялап, ал ұжым мүшелеріне түрліше сыйлық, марапат-
мақтау қағаздарын жолдауға тура келді; бұл дегеніміз шөл дала, 
қу медиенде, адам айтқысыз қиыншылық пен жетімсіздікте еңбек 
еткен жас ұжымның бұрғылау ісінің кәнігі мамандарымен жұмыс 
істеген байырғы барлау кәсіпшіліктерімен екі-үш жылда-ақ иық 
теңескендігін ресми мойындау еді... 
Отыз екінің қаңтары қақаған аязбен басталды, қар да сол 
жылы үсті-үстіне жа уып, оның аяғы толассыз ұйтқыған боранға 
ұласты. Ақпанда да ауа райы оңдыра қой ған жоқ. Соның салдары-
нан мотордың майы тау сылып, қордағы азын-аулақ сақтаманы 
шығындауға мәжбүр болған. Ал Жосалы стансасынан май ғана 
емес, азық-түлік жеткізудің өзі қиынға айналды. Комбинаттың 
техника паркі күні-түні істесе де, күш-қуаты шектеулі авто-
мобильдерін керуен жолында шашып алып, солардың кейбірін 
елді мекенге жеткізу де ауыр азапқа түсті. 
Бұрғылаушылар жұмысты тоқтатқан жоқ, Жезқазғанның кен 
төбелерін ертелі-кеш ұңғудан жаңылмады. Бірақ азық-түлікпен 
жабдықтау қыс түскенде қиындап, ал жұмыскер саны комбинат 
бойынша неше мың адам болатын, күн сайынғы үлес мөлшері 
мүлдем құлдырады. Сол мәселе жол қатынасы түзелген соң да 
оңала қоймады, Жосалыдағы аралық базаның да қаңырап бос 
тұрғаны мәлім болды. Қаншама үнемдеп таратқанмен, тамақ 


243
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жетімсіздігі қияндағы өндірісте сыр бере бастады. Гәп, әрине, 
басқада, анығында қыр елін жаппай шалған аштық кесепатында 
болатын...
1931 жылдың қоңыр күзінде-ақ Ұлытаудың арғы-бергі бөктерінен өнді-
ріс ірге тепкен елді мекендерге жаяу шұбырған босқындар тобы толассыз 
ағыла бастаған-ды. Дені Есіл мен Шу бойынан, Сырдария қолатындағы малға 
шүй гін, түгі мол, сулы, нулы қазақ ауылдарынан жүрек жалғарлық талғажау 
іздеп шыққандар. Қыс түсе олардың саны молая түсті. Шерменделердің 
көбі өндіріс ошақтарына жете алмай, қарға бөккен оппалар мен терең сай-
шатқалдардың астында мәңгі қалғаны да – өмір шындығы. 
Бұл да Филипп Голощекин басшылық еткен Қазақстан өл келік партия 
ұйымының бәлшебектік белсенділікпен ұйымдастырған бай-құлақты тәр-
кілеуі, араға екі жыл салып, қыр елін жаппай колхоздастырып, «Аулада – 
аша-тұяқ, көгенде – қозы, желіде – құлын қалмасын!» ұранымен БКП(б) 
Орталық комитетінің нұсқауын үш жылдың орнына бір жылда, 300 па-
йыз етіп екпінді орындауының салдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес 
комиссиясының 1990 жылы анықтаған ресми деректеріне қарағанда, дала 
тұрғындары «Кіші Қазан» төңкерісі басталған қарсаңда иелік еткен төрт 
түлік 
тен 1932 жылдың қаңтарына мынадай қарамда шығыпты: 6.509 
мың ірі қарадан – 965 мың, 18.566 мың қой-ешкіден – 1.386 мың, 3.516 
жылқыдан – 316 мың, 1.042 мың түйеден – небәрі 50-60 мың қалған; негізгі 
қорегі мал сүмесі – еті мен сүті болған қазақ одан тып-типыл айырылған 
соң – қайда барып күн көрмек? Туған жұртынан безіп Сі бір қиырына, Алтай 
өлкесіне, Еділ бойына, кәрі Оралға, Өз бек стан, Түрікменстан, Қырғыз-
дың Алатауына, Қы тай мен Ауғанстанға ауған; комиссия анық тамасында 
аштық жай лаған екі жылда 1.130 мың адам бос қын болып, 454 мыңы үш-
төрт жылдан кейін Қазақстанға қайтып оралған; ал сол жылдарда аштан 
өлгендердің жалпы саны – 2 миллион 200 мың адам (кейбір тарихшылар 
3,5 миллион жан дей ді, бұл жерде біз комиссия атаған ресми деректі ғана 
келтіріп отырмыз)... Бұл – сол күнде жер бетінде бар қазақтың қақ жарты-
сы. Баяғы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» біздің халық дәл со-
лай алапат жұтауға түспеген, амал не?.. 
Қарсақбай мыс қорыту комбинатының сол қарсаңдағы ди-
ректоры Р.А. Дрейман өндіріс ісіне мығымдығымен қоса, тір-
шілік күйтіне мазасыз адам еді деседі. Жан-жақтан ағын суша 
жөңкілген босқынға қайткен күн 
де қол ұшын беруді ойлап, 
комбинат жұмыскерінің қарамын екі есеге жуық кө 
бейтіп, 
хал-қадерінше көмек көр 
сеткен. Қаныш Имантайұлы да бұр-
ғылаушылар қосының іргесіне сүлдерін сүй ре тіп жеткен пендені
аштық тырнағынан құтқаруға тырысқан. Сірә, сол себептен де 
ол бөлімге қарасты ұжым қатарын 32-жылдың жазында бір мың 


244
Медеу СӘРСЕКЕ
адамға жеткізген. Алай да бұл шаралар мың-мыңдап шұбыр ған аш 
жұртты жаппай құтқара алмаған...
Қазақ елін тұтас жайлаған аштық нәубеті Сәтбай қажының екі 
ауылын да қармаған. Әрине, оларды ажал тырнағынан құтқару 
тауқыметі сол ұяның естияр азаматы Қанышқа түскен. Менің 
жазбаларымда осы жайында екі зейнеткердің сұхбат үстінде көз 
жасын төге отырып, өздері басынан кешкен иә көзімен көр ген 
сұмдық опат туралы жүрекжарды естелігі сақтаулы. 
Төменде солардан үзінді келтіремін...
Тәрмізи Әбсаламұлы ИМАНТАЕВ ақсақалдың 1966 жылғы 
әңгімесінен:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау