Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет96/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   245
null

«Барлаушылар иелігіндегі механикалық шеберхана мен 
гараждың тұңғыш ұйымдастырушысы Иван Григорьевич Чере-
хович мосқал жастағы кісі еді, ескі заманның кей бір оғаш қы-
лықтарынан арыла қоймаған, міндетті ісін тек жап-жақсы 
білетін маман. Машина жүргізушілер курсында ол көшеде жүру 
тәртібін жете білуді талап етіп, мысалы, трамвай мен автобус 
қатар келіп қалса, қайсысын бұрын өткізу керек деген сықылды 
кереғар сұрақтар қойып, шала сауатты шәкірттердің басын 
қатыратын. Түйеден өзге көлік көрмеген жасөспірім трамвайды 
қайдан біледі?.. Алайда Череховичті ешқандай желеумен миы-
на әбден сіңген қатаң ережеден ауытқыта алмайсың, айтары: 
«Жүр гізуші әр түрлі жағдайға дайын болуға тиіс!..»
Бір күні Иван Григорьевич Жезқазғанға қайта алмай қалып, 
біздің үйде қонуға мәжбүр болды. Қаныш Имантайұлы ас ішіп 
отырғанда, шоферлікке үйретіп жатқан кісілеріңіздің арасында 
қазақтар неге жоқ деп құлаққағыс жасады.
– Пәлі, сіз білмейді екенсіз ғой. Қазақтың бір қолы бір қолынан 
қысқа жаратылған, ал машинаның рулін қолы кемтар кісі ұстай 
алмайды, – деп қиястана жауап берді. 
Қаныш Имантайұлы кенет екі қолын алға созып, бір-біріне 
теңестірді де:
– Иван Григорьевич, менің қолым да сондай ма, міне, қара-
ңыз! – деді кіді үнмен.


233
ШЫҒАРМАЛАРЫ
 Иван Григорьевич қызараңдап:
 – Жо-жоқ, о не дегеніңіз, сіздің қолыңыз тең. Айтпақшы, сіздің 
ұлтыңыз?.. Кешірі ңіз, менің түйсігім мүлдем қате екен, аңда-
май сөйлеппін, – деп қатты састы.
– Олай болса, кешіруді де, Иван Григорьевич, өзіңіз күпір ой-
мен жасаған саяси қателікті түзеткен кезге дейін қалдыра 
тұралық. Есіңізде болсын, қазақ шоферлары бізге өте-мөте ке-
рек, өйткені әрбір шоферге өзіңіз ге қосқандай, бір-бір тілмәш ер-
туге мүм кіндігіміз жоқ. Күні ертең олар айдала ны кезіп жұмыс 
істемек... Қа лай, келіс тік пе? – деп Қаныш Имантайұлы басын 
шайқап, абыржыған қонаққа қолын ұсынды».
Қарсақбай мен Жезқазғанда дайындық курстары ашылған. Ең 
алдымен «Саужой» сабағы жүреді, соңынан тыңдаушылардың 
қалауы бойынша, барлау мамандықтарына үйрету басталады. 
Солардың бә ріне де Қаныш Имантайұлы бастаған инженер-тех-
никтер сабақ береді.
Сол қарсаңда екі тілде шыға бастаған Қарсақбай аудандық 
шағын газеттер «За медь» пен «Қызыл кеншінің» беттерінде 
жиі жарияланған ұрандар мен шақырулар, насихат пен үгіт 
мақалаларының айтары да осы, барлау алаңында жүріп жатқан 
қарбалас әрекеттің тынысы мен көлемін көпке мансұқ ету: 
«Сауатсыз жұмыскер бурабайда жұмыс істей алмайды. 
Бурабай – құрықпен қайыратын өрістегі жылқы емес, қазақ 
жұмыскері! Ол – білімдіге ғана бағынатын күрделі техника». 
«Сауатсыз адам – соқырдан да сорлы, көзіңді аш, қазақ бала-
сы!» «Ормантай Елжасұлы сауатын ашып еді, мастер болып 
жоғарылады. Жалақысы екі есе өсті. Ормантай Елжасұлынан 
үлгі алыңдар!» «Түй е мінген қазақтың машинаға аяқ артатын 
заманы туды, оян, қазақ елі!» «Бурабайға жазылу әлі де жүріп 
жатыр. Бүгін барсаң – кеш емес!..»
Комбинаттың жабдықтау қызметі жыл басында-ақ орталық 
қалаларды кезіп, бұр ғылау техникасымен таныс мамандарды 
жұмысқа шақырып, екі иә бес жылға шарт жасасқан. Әрине, 
бір жазға ғана жалданатын ескі бұрғылаушылардың көмегін де 
пайдалануға тура келді. Биыл олар бұрынғыдан екі-үш есе көбірек 
керек-ті. 
Кәнігі бұрғылаушылармен жасалған ке лісімшартқа биыл тағы 
бір тармақ қосылған: әрбір маман өз өнеріне бірден үшке дейін 
жұмыскер үйретуге міндетті; бұл үшін оған қосымша қаражат 


234
Медеу СӘРСЕКЕ
төленеді және оның көлемі үйреткен кісінің саны мен мерзіміне 
орай өсіп отырады...
Аяздың зәрі сынып, «түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз» 
болған наурыздың орта шенінде Жезқазған төбелерінде жеті ста-
нок күні-түні тарсылдай бастады. Көктем шыға Украина мен 
Мәскеу іргесінен жалдаған бұрғылаушылар да келіп қалды. Жер 
тескен станоктың саны онға жетті.
Сонымен-ақ бұл өңір бұрын-соңды көрмеген, естімеген кең 
көлемді барлау басталды: қайда қарасаң да көрерің – тұрбасы 
шошайған бұрғылау мосылары; солардың арасында ертелі-кеш 
шұбырған аттылы-жаяу; түйелерін боздатып су мен лай, май 
тасыған арбалар легін аңғарасың; кей мезгіл бурабайды жағалай 
аралап, бірінде көбірек, қайсыбірінде азырақ аялдап, соңынан 
будақ-будақ шаң ерткен геологтардың «Фордик» автомобилі келе 
жатады; оның жиірек тоқтайтын жері – 1-шахты жанындағы 
барлаушылардың жаңа қонысы. Онда жаз шыға сол маңайда 
зор қарбалас басталған: керн сақтайтын қойма, шеберхана, гео-
логтар үйі, зертхана мекені, тұрғын барактар мен меншік үйлер 
құрылысы үрдіс жүріп жатыр.
Ахмедия ТӨЛЕКБАЕВ, бұрғылаушы:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау