Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет102/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   245
null

– Марияша! – деді жездем, – мына бүл дір шіндер – менің қаны 
бір туыстарым. Үлкендерді жеткізе алмадым, ал балаларын 
адам санатына қосу, сірә, пешенеме жазылған... 
Жер еденде сұлап жатқан мүләйім бейбақтардың адам шо-
шырлық сұрқына қа рап тұрып зәрезап күй кештім. Жездемді 
ерекше сыйлаушы едім, мезгілсіз уақытта шақыртқанына қа-
рағанда, менен көмек күт кені анық. Бір басына осыншама ауыр 
жүк топ ете түскен Таисияны да аяп тұр мын: қолында әлі бір 
жасқа толмаған Мейізка бар, оған қоса өткен күзде Қа ныш 
Имантае вичтың тұңғышы Ханиса мен Әбікей ағасының қызы 
Ханен келіп, мектепке қатынай бастаған; үшеуіне топты бала 
қосылмақ.


246
Медеу СӘРСЕКЕ
Осы сәтте асүйге жапсарлас бөлмеден шешеміздің гүрілдеген 
зор даусы саңқ етті.
– Әй, қыздарым, сендерге не болған?! – деп есіктен бері аттай 
бере дүрсе қоя берді. Анамыз, жаны жаннатқа кіргір Фелицата 
Васильевна адуын жан еді, үміт күткен жалғыз ұлы былтыр 
күзде кенеттен опат болған соң, сонау Алтайдан Қарсақбайға 
көшіріп әкелгенбіз. – Неменеге естерің шығып кет ті? Әлде сен-
дер уайым-қайғы көрмеп пе едіңдер?.. Шиеттей төрт бала-
мен жесір қалғанда да өлгем жоқ, жерді еміп, тырбанып жүріп, 
құдайға шүкір, бәріңді де оқытып, жұрт қатарына қостым... 
Жә, көздеріңді сүр тіңдер, Қаныштың амандығын тілейік. Туыс-
тарын тоқшылықта іздеп, жоқшылықта безіне ме?.. Мына 
бейбақтарға қазір жылы мейір керек, ең алдымен ас пен жақсы 
күтім. Марияша, біздиіп тұр ма, қолыңа қайшы мен ұстара алып, 
түп-түгел, қыз-ұл демей, шаштарын сыпыр, сонсоң моншаны 
жақ, үстеріндегі киімді де түк қоймай өрте!.. Ал, сен, Тася, қа зақ 
азаматына тұрмысқа шығарда күйеумен бірге бір ауыл туысқа 
ие болатыныңды ойлауың керек-ті, ендігің кеш!.. Тездетіп қазан 
көтер және ең үлке нін!.. Күйеужан, сен де отырма, қайдан тапсаң 
да үйге бір орам мата жеткізіп бер, дабы иә кенеп болса да...
 Бәрі де шешеміз айтқандай болды. Қо ңыр күзге дейін көтерем 
балақандарды жабыла бақтық. Күн сайын он тоғыз жанға ас 
пісіреміз. Шамалап қараңыз, Тасяның мой нына қаншама ауыр 
бейнет арт қанын?!.. Күзде жетім қалған Сәтбаевтардың денін 
пансионатқа беріп, сырттай бас-көз болып қарап жүрдік. Екі 
жиенін Қаныш Имантаевич өз тәрбиесіне алып қалды. Екеуі 
де Қарсақбайда оқып, орта мектеп бітірді, кейіннен жоғары 
дәрежелі білім алды. Рәшат мұғалім болып шықты, ағасы Кемел 
Ақышұлын Қазақстан түгел біледі – үлкен ғалым-археолог атан-
ды. Әлемді таңғалдырған «Алтын ханзаданы» тапқан сол – біз 
тәрбиелеген түлек, Қаныш Имантайұлының туған жиені...»
ІІ
Түсті металдар басқармасы сол жылы қомақты қаржы босатып 
әрі бөлімді комбинат қарамағынан ажыратып, дербес есептегі 
геологиялық барлау мекемесі (контора, қысқартып айтқанда, 
ГРК) етіп қайта құрған-ды. Бұл оның әрбір тиын 
ды қайда 
жұмсаудың есебін білетін іскер басшысына «көш сәнін» жүре 


247
ШЫҒАРМАЛАРЫ
түзеп, ізденіс көлемін арттырып, «барлаушылар бесжылдығы» 
жоспарын зорайтып жасауға мүмкіндік берген...
«Маршрут бойынша саяхатқа шыққанда Қаныш Иман-
тайұлының геологиялық зерттеуге жан-тәнімен берілетіндігі 
сонша – алдындағы жер бедерінен өзге дүниені ұмытып кете-
тін, 
– деп куәлік етеді Таисия Алексеевна естелік жазбаларын-
да. – 
Жуықта ашылған кен орнына келгенде иә өзі жасақтаған 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау