Ж¦лдызы биік талант



жүктеу 83,22 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі83,22 Kb.
#4003

ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ТАЛАНТ


Егемен Қазақстан, 06 Мамыр 2010 | Тұлға


 Загрузка ...

АҚАН СЕРІ

Алматы шаҺарының кіндік тұсын көктей тесіп өтетін Көкентай өзенінің жарлауыт жағасына мінбелей келіп ірге тепкен еңселі үйлердің бірінде мені көптен іңкәр етіп жүрген мүсінші, өзіміздің Төлеген Досмағамбетовтің шеберханасы орналасқан. Астанаға жол түскен соңғы бір сапарда осы шеберханада әлденеше рет болуыма, хас шебердің жұмыс үстіндегі қимыл-әрекеттерін көзбен көріп, көп сырды көңілге түюге тура келді. Әрине, бұл бақыт еді…

Төлештің туған халқының тарихында ғалам­дық деңгейге көтеріле алған алыптар шоғырына бүтіндей бет түзеп, солардың тұлғаларын сомдауға ұмтылысы, сөйтіп республикада кенжелеу қалып келген монументальды бейнелеу өнерінің еңсесін биіктете берсем деген ізгі мұраты сүтпен еніп, сүйек­ке дарыған дейтіндей қасиетімен оқшау­ланары даусыз шындық. Өйткені, ол сонау Ле­нинград қаласындағы И.Репин атындағы Бей­нелеу, мүсіндеу мен архитектура академиясында оқып жүргенде-ақ туған топырақ тұғырында тұрған тұлғалар тағдырына қатты қызығатын. Дипломдық жұмыс тақырыбының халық қаҺарманы Амангелдіге тірелуі де содан болатын.

Сол кездегі кеңестік мүсіндеу өнерінің бір оқшау корифейлері Аникушин, Пинчук, Томскийлердің ілтипатына бөленіп, жоғары бағасын алған бұл жұмыстың академия музейінде қалдырылуы Төлегеннің бұл өнерге тосыннан кездейсоқ келмегендігін дәлел­десе, екінші жағынан академия академия болғалы Е.Нико­лаевтан кейін қарапайым қазақ баласының диплом жұ­мысының музейде қа­луы оның табиғи талан­тын қапысыз таныта алған ақжолтай қадамын аңғартқандай еді…

Менің көз алдым­дағы айналмалы тұғырда Ақан серінің көсіле шапқан ат үстіндегі бейнесі тұр. Тұр емес, екпіні ерек, ерен шабыс; шабыспен астаса біткен шабытты шырқау қимыл үстінде ақ селеулі байтақ кеңістікпен келешекті бетке ала көсілтіп келе жатқан сері; оң қапталында қазақтың құмай тазысы, сол қапталында “күніне алпыс үйрек, қырық қаз ілген” Көкжендеті; ат тізгінін бос тастап, домбырасын қағып-қағып жіберіп шырқай жөнелген Ақанның осы бір асыл бейнесінің оның барлық ғұмырының күреске толы трагедиялық халі, тынымсыз шарқ ұрған арманшыл жанының қиялшыл қияпаты үйлесім тапқандай екен. Анау тазы, мынау қыран, қолдағы домбыра сал-серілік тірліктің атрибуттары десек те басын орамалмен шарт буып тастап, екпіндете жосылған ат ағысына ілесе өзі де қанаттанып, қиялай биіктеп бара жатқан Ақанның динамизмге толы тұлғасынан мамыражай, бейжай тірлік кешпеген ахуалын аңдап, алабұртқан ақындық, әншілік қасиеттерін дөп басып, қапысыз танығандаймыз.

Әлі толық бітіп, соңғы нүктесі қойылмаса да жалпы шешімі шырай беріп тұрған осынау мүсіннің сәтті тұстарын қуаттаған бізге серінің басын орамалмен шарт байлаған мына кейпін көрер көпшілік көз қалай қабылдар екен деген Төлештің күдікті ойы да болмай қалмады. Шеберханада серінің бөрік киген алғашқы нұсқасына да назарымыз ауған. Сонда осы бір шағын детальдың қаншалықты мәнге ие болып тұрғанын сезінгендей едік. Жосылған ат үстіндегі сері қимылы соңғы жобадағыдай емес, қуатты динамизмнен айырылып қалғандай әсерге жетелеген. Осы тұста Лев Толстой мен ұлы Суриковтың арасындағы мына бір әңгіме ойымызға оралған. Жазушы Суриковтың атақты “Боярина Морозова” деген полотносын көріп тұрып: “Картинаның етек жағын кесіп тастау керек екен, шананың ізіне көп орын қалды­рыпсыз”, – дегенде, “Шананың қар үстіндегі ізін қысқартып тастасам, жалпы картинаның өн бойындағы қимыл тоқтап қалар еді” деп, ұлы суретші оны өз дәлелімен сендірген ғой. Ендеше, бөрікті серіден де орамалды шарт түйген серінің тап осы ат үстіндегі қимылы динамизмге бай әрі ұтымды шешім тапқан дегенге саямыз.

Мүсіншіні Ақан сері тақырыбы көптен тол­ғандырғандай ма, қалай, Көкшетаудағы Ақан сері ескерткішіне сарабдал сабырлылық, алысқа көз тіккен ойшыл жанның бейнесі менмұнда­лайтындай. Егер ойға алған жоспары жүзеге асса, ескерткіш етегі Құлагердің мерт болу траге­диясымен байланысты бір бедерлі кескіндемемен толыспақ. Онда Ақан бейнесі қазіргіден де сом­далып, ішкі мазмұн толғанысы тереңдей түсері ақиқат. Төлегеннің бұл арманды ойы оның өмір­ден ерте кетуімен жүзеге аспай қалды. Әрине, бұл орны толмас өкініш болды!

Құлагер демекші, бұл тақырып та Төлешті бейжай қалдырмағанға ұқсайды. Халық аузындағы Құлагер әсіресе Ілияс суреттеген Құлагерді еске алсақ, шабысы бөлек болғанмен көрер көзге қораштау шығар еді. Ал оны мүсін тілімен сомдап шығу қияметтің қияметі екендігін екінің бірі сезіне де бермеуі мүмкін. Сондықтан Абай, Ілияс суреттеген стандартты қазақы ұғымнан шығып, тұлпар тұрпатын әлем мүсіншілері сомдаған сырт бітімі Һәм сұлу, Һәм сымбатты, иесіне лайық дерлік дәрежеге көтерген мақұл. Өйткені, жылқы қасиетін қазақы көзбен ғана қарап қабылдауға болмас. Кенащы ауылында Құлагер құдығының іргесінен бой көтерген жаңағы тәтпіштеңкірей сөз еткен Ақан сері ескерткіш кешенін қызықтаған күн де туған. Бұл Төлеген Досмағамбетовтің ұлы бабасын мүсіндеуде қол жеткен ірі табысы болып кезінде қабылданғандығына куә болғанбыз.

Ескерткіш орнағаннан кейін сол ақиқаттың шырайлы шындығына көз жеткіздік.

ШОҚАННАН ӘЛІБИГЕ ДЕЙІН

1971 жылдың шіліңгір шілдесі. Көкшетауда зор қуаныш. Бүгін мұнда ұлы жерлесіміз Шоқанға арналған ескерткіш ашылмақ. Академик жазушы Сәбит Мұқанов қараторы балаң жігіттің қайта-қайта емірене маңдайынан иіскеп, бауырына басады. Бұл мүсінші Төлеген Досмағамбетов еді.

Міне, ақ шымылдық сусып түсті. Ширақ адымдаған бозбала Шоқан жұртшылықпен қауышуға келе жатқандай сыңайда екен. Жүзінен терең ой, елегізіп елеңдеуі мол парасат пайым­дылығы сыртқа тепкен тектілік нышаны аңға­рылғандай. Толысып бітпеген балаң тұлғасына қона қалған әскери бешпенті Шоқанның сыртқы бітімін одан әрі жинақыландырып, одан әрі ажарландыра түскен бе дерсің. Жігерлі жанарын алға қадаған қалпы нық қадам басқан тұрпатынан ұлы Шоқанның жан дүниесіндегі жасымас жігер мен өршіл арман, сарқылмас қуат пен сырбаз сыршылдық, терең ойлылық пен ізгі мұрат жолынан таймас қайсарлығы тоғысқандай. Осының бәрін жансыз қола мүсіннің өн бойына қапысыз қотара білген Төлеш талантының шүбәсіздігі оның Көкшетау қаласының көшесінде тұрған Шоқан Уәлиханов ескерткішін зерделей байыптап, терең үңілген зерек көңілге таңылмай қалмас-ау, сірә. Ұлы Роденнің “когда вы лепите, никогда не мыслите в поверхности, а только в глубину” деген қағидасы ойға оралады бұл тұста.

Осы орайда академияны жаңадан ғана бітіріп келген Төлегеннің (бар-жоғы 25 жаста еді) Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне жарияланған одақтық бәйгеде бірінші орын алғандығын, Алматының төрінде тұрар бұл ескерткіштің әлдеқандай себеппен облыс орталығына сырғытылып жіберілгендігін жазып жатудың қажеті болмас…

Әліби Жангелдинге барар жол бұрынғы Одақтың жарты ғасырлық мерекесін тойлау қарсаңында жарияланған бәйгемен орайлас келген. Бұл жолы да Төлеген бәйгеге түсіп, бақ сынаудан шет қалмаған. Торғай даласында атқа қонып атой салған Амангелді дипломдық жұмысына тақырып болса, Әліби “дала комиссары” ретінде Одақ тойында тарихи тұлғалар қатарында тұруға әбден лайық болатын.

Дереу іске кірісті. Әдетінше болашақ мүсіннің әлденеше нұсқасын қатар сомдады. Сөйтіп, зайыбы Ольга Григорьевна екеулеп төрт нұсқаны қатар жасап шықты. Бір тұлға, төрт образ, төрт композиция, төрт шешім. Комиссия төртеудің біреуін ғана қабылдап алды. Биіктігі 6 метрлік мүсін Ленинградта құйылды. Төлеген осы арада өзінің рухани ұстазы санайтын академик Ани­кушин тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Ленинградтағы атақты Пушкин ескерткішінің авторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Аникушин Төлегеннің Шоқанын көргенде қатты толқып, қуанышын жасыра алмаса, Әліби мүсінін тіксіне, тосырқай қарсы алған.

Мұнда Төлеген басқа стиль, басқа шешіммен келген. Шоқан бойында қаншалықты ғұламалық сыры жатқанымен, сұлу лиризмге бай жылылық байқалмай қалмайтын. Ал, Әліби тұлғасында, әсіресе әскери киім сипатында да мүлде басқа кө­рініс орын алған. Жорықты жылдар жалынынан суырылып шыққан дала комиссары өз дәуірінің бар дауылды тұстарын өз бойына дарытқандай. Оның киімінде де тігісі жатық жарасымдылық жоқ, мойынын шалт бұрып тастап бір қиырға үңілген сәтінде де жылылықтың орнын сұстылық, ойлылықтың орнын елегізіген аттаншап ұран басқандай. Өңі сұсты, жүрісі ширақ, киімі құрсанған сауыттай ма дерсің. Бұл дәуір лебі, замана шындығы еді. Ұстазы қанша қарсылық білдіргенмен Төлеш мүсінді құйып, Алматыдағы құтты орнына қондырған. Осы еңбегі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл ірі табыс еді.

Ойға алғаның орындалар болса

Көкшетаудағы Біржан салға арналған ескерткіш төңірегінде алуан ой, арналы пікірлер күні бүгін де толас таппай келеді. Біржанды “жынданды” деп керегеге таңып тастағанымыз да, “әніңді тоқтат” деп домбырасына жармасқанымыз да тарихи шындық бола тұра, сол шындыққа топырақ шашатындардың сондағы бар айтары әрі басты айтары: “Біржанды неге байлап қойған, домбырасын неге сындырған” болып келеді. Бейнебір Көкшетау елі ақындарын әспеттеп, аялай білгендей, Біржекеңнің мына отырысын өз беттеріне салық, өз бойларына мін санайтындай сыңай білдіргенсиді. Оның бәрі жалған намыс ғой, ағайын.

Сөзімді жоққа шығарғысы келгендерге туған елінен пана таппай тау кезіп күңіреніп кеткен Ақан, керегеге керіп байланған Біржан, “халық жауы” атанып, елінен қуылған Ыбырай, қазақтар оғынан опат болған Балуан Шолақ тағдырына тағы бір үңіл, зерделе, сосын барып сөйлеселік дер едім. Сөз жоқ, Біржан аса күрделі тұлға. Оның “Теміртасы” өзінің өліміне арналған реквиемі еді. Осында ұлы әншінің бар өмірі, тірлігі, қуаныш-қайғысы, сүйініші мен сергелдеңі жатыр. “Айбо­зы­мында” ұлы арман, сарқылмас сағыныш, бейопа тірлік, қайта оралмас махаббат, арман жалынан айырған жалғыздық бар. Ал “Жанботасында” өз басын зор тұтқан, топас­тан көрген қорлық, қас­көй қысастыққа қарсы атойлаған ашу ыза, топанды қарсылық күресі жатыр. Мәселе домбыра­сын тартып алу-алмауда, сабап кетуде ме екен. Мәселе Біржанға ән айтпа деп тыйым салуда ғой. Ал Біржанға өлең айтпа дегеннен де атып тастағандары артық емес пе. Осыны түсінбейтіндер Біржанды ешкім сабаған жоқ, домбырасын сындырмақ түгілі қол тигізген жоқ деп кеше ғана ұлы әншімен табақтас болғандай өнбес дауды қоқсытады. Біржанның әр әні тарих, оның әуезді, әуенді иірімдерінде жан күйзелісі, шері, шаттығы мен мұңы жатыр. Соны неге тыңдамаймыз, сонда неге қорытынды жасамаймыз.

Осы тұста Төлештің Біржанды мүсіндеудегі шешімі ұтымды шыққан (ал көркемдік кескіндеу басқа әңгіме) демеске лажымыз жоқ. Өйткені, ұлы әншінің өміріндегі ең шерлі әндері өзін қорғаудан, табан астына салып илегісі келгендерге қарсылықтан туған… Бір ғана дәлсіздік мүсіншінің Біржанды тым жас кезінде байлап қоюы шындықтан алшақтау болмақ, ал ол шын мәнісінде қартая келе болған қысастық еді.

Алматыға барған сайын М.Төлебаев көше­сіндегі бір ескерткіш белгіге соқпай кете алмай­мын. Осы арада Төлегеннің тағы бір туындысы тұр. Ол мемлекет қайраткері Дін­мұхамед Қонаевтың ескерткіші. Ол кезде екі мәрте Батыр атанғандарға ескерткіш белгі қою дәстүрі бар еді ғой. Сол тұста республика бас­шылығы тарапынан Төлеген Досмағамбетовке арнайы тапсырма берілген болатын. Ол қолда бар фотосуреттерді пайдалана отырып әрі Ди­мекеңмен жүзбе-жүз кездесе жүріп, республика басшысының бейнесін сомдап шығарған. Ш.Уәлихановпен бірлесіп архитектуралық шешімі де табылған. Ақыры Төлеш бастаған топтың ұсынған еңбегі қабылданып, ескерткіші әзір болғаннан кейін Димекең бастаған басшылар мүсінші шебер­ханасына келген. Осы арада ЗуҺра жеңгеміз мүсінші шеберлігіне тәнтілігін білдіру үстінде өзінің назын да өткізіп жіберген көрінеді. Онысы Димекеңнің жан жылылығын жүзінен көрсек дегенге сайса керек.

Мен осы бір қола мүсінді көрген сайын сол оқиғаның ізін іздеймін, бір кездегі мемлекет қайраткерінің жүзінен елім деп елжіреген жан жылуын, кеңпейілді кемеңгерлігін тапсам деймін…

Төлеген Ғани Мұратбаевтың мүсінін сомдады. Ол да Алматының бір әсем мүйісінде тұр. Де­генмен оның алғашқы ойға алған шешімдері то­лық жүзеге аспай қалды. Халықтар достығына ар­нал­ған монумент те дайын болды. Алайда тоғыз жыл­ға созылған бұл бәйгеде де жеңіп шық­қа­ны­мен, мына аласапыранда мүсінші еңбегі еле­ніп, ел игілігіне айналары қиындыққа тірелген еді.

Шеберхананың орта тұсында алып жартастың үстінде ақын отыр. Ол Ілияс Жансүгіров. Бұл ескерткіш Талдықорған қаласының төрінен орын алды.

Мына бір тұста ат үстінде алдаспанын аспан­датып батыр тұр. Бұл қаракерей Қабанбай. Ал мына бір арудың ат құлағында ойнайтын хас ше­берлігі сондай, құйғытқан тұлпарға теріс қонып, соңынан түскен қуғыншыларға садақ тартып келеді. Бұл скифтердің әйел патшасы Томирис. Алдына жайып салған картаға үңіле қадалып, қадалғаны қаһарлана сұс шашқандай Бауыржан Момышұлы тұр сөре төрінде. Оның жанында ақын Кәкімбек ағаның бюсті. Академиктер Н.Се­ме­нов, М.Әуезов, ақын О.Сүлейменов порт­рет­тері де Төлеш еңбегінің ішіндегі елеулілері. Ал шағын шеберхана шеңберіне сыймай, музейлер аралап кеткен ағаштан, қоладан, мәрмәрдан құй­ып, қашап, жонып жасаған ескерткіштері қаншама дей отырып, Төлеген Сәбитұлы Досмағам­бе­тов­тің қысқа да мазмұнды ғұмырында жиі жолы­ғысып, кейіннен сырлас достыққа ұласқан сәт­тер­де түйген ой байламдарымның бір оқшау сипа­тын баяндау үстінде осылайша ой қорытсам деймін.



Төлеген ҚАЖЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры.
жүктеу 83,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау