19
реконструкция компонентті талдау əдістері-бүгіндегі жаңа əдістер. Профессор
Р.Сыздықованың тарихи еңбектерінде осы əдістер негізгі болып отыр.
Бұл пəннің теориялық маңызы ерекше. Əрбір қазақ өзінің тілін қашан, қалай,
неден, қандай жағдайда қалыптасқанын білу қажет. Сондықтан болашақ
филологтар оқушыларға өз тілін неден, қашан қалыптасқанын түсіндіру үшін
бұл пəнді теориялық тұрғыдан меңгеруі керек. Бұл пəнді меңгеруде əдеби
тілдік стильдік тармақтары, нормалар, əдебилік ұғымы туралы түсінік аламыз.
Профессор С. Исаев көп жыл белгілі қазақ əдеби тілін зерттей келе оның
белгілі екі қызметін көрсетеді.
1. Экспресивті-эстетикалық қызмет. Əр түрлі стильдерге қатысуы. Əр
түрлі периолер, деңгейлік, авторлық поэзия дəрежесі осы əдеби тіл қызметі.
2. Коммуникативті қызмет. Жалпы тілдік қызметінен əдеби тілдің қызметі
күрделі. Əдеби тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, көркем шығарма,
көркем, деректі фильм, үнтаспа т.б. салаларда да шебер беру құралы
болғандықтан қызметі əр алуан. Осы əр алуан қызметтен əдеби тілдің стильдік
тармақтары туындайды. Жалпы тілдік қызметтен əдеби тіл қызметі осы
стильдерге байланысты күрделі болады.
4.
«Əдеби тіл» құралы ғылымда пікірлер өте көп, əр ғалым бұл ұғымды
өзінше таразылағандықтан «əдеби тіл» ұғымы əлдеқайда кең, түсінігі
бұлыңғыр.
Қазақ əдеби тілі туралы М.Əуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Н.Сауранбаев,
М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Р.Сыздықова, С.Исаев, Б.Əбілқасымов, И.Серғалиев,
М.Томанов, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов т.б. ғалымдар өз пікірлерін білдірген.
Көптеген қазақ ғалымдары əдеби тілдің өлшемдерін көрсетеді. Оның басты-
жазудың болуы, яғни тілдің жазба тіл болу керектігі. Профессор Р.Сыздықова
бұндай өлшемге келіспейді. Ол өз ойын М.Əуезов, С.Мұқанов,0 С.Кеңесбаев
сияқты алыптардың ойларымен үндес екенін айта кете «əдеби тіл» ұғымы үшін
жазу басты шарт екендігін көрсетеді. Ол былай дейді: «Қазақ əдеби тілін біз
қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі жəне ұлттық түрі
деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы-өткен ғасырдың II жартысы
яғни қазақтың ұлттық əдеби тілі XIX ғ. II жартысынан бастап қалыптасты
деген тұжырымға келеміз.
Академик М.Əуезов: «Қазақтың əдеби тілін Абайдан басталады дейтін
тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан
келе жатқан жастарындағы, ұзынды-қысқалы саяттық, терме жырларындағы,
шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар,
Махамбеттерде қазақ əдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»
Профессор Р.Сыздықова қазақтың ауызша əдеби тілін қазақ əдеби тілі
қатарына қосып, бір қарайды. Бұған қарсы пікір айтушылар келтіреді.
Р.Сыздықтың айтып отырғаны өте орынды. Қазақ əдеби тілінің үлгілері
авторы əдебиетте, ол фольклер əдеби тілдің қайнар көзі. Ол былай дейді:
«Қазақта халық ауыз əдебиетінен өзге, бірақ оған едəуір белгілерімен ұқсас
келетін профессионал əдебиет те өмір сүріп келді. Оның тілі əдеби тіл санатына
кіреді деп тану керек. Бұл тілді «ауызша əдеби тіл» деп алып отырмыз.» Сөйтіп,
19 ғасырдың 1жартысынан басталатын қазақтың төл жазба əдеби тіліне дейін
оның ауызша тараған əдеби тілі өмір сүрді. Əдеби тілдің бұл екі тілінің бір
20
біріне жақын келетін жəне бір-бірінен ажыратылатын тұстары едəуір болды.
Олар мынадай:
1. Ауызша əдеби тілдің фольклермен ұқсас келетін сəттері болғанымен
жазба тілдің ерекшеленетін осы жақындығы.
2. Ауызша əдеби тіл үлгілері жазба тілге қарағанда əлдеқайда тар. Жазба
əдебие болса, араб-парсы орыс əдебиетінен үлгі-əсер алып дамыды.
3. Ауызша əдеби тілдің стильдік тармақтарға бөлінуі жазба əдеби тілге
мүлде сəйкес келмейді.
4. Ең үлкен айырмашылық таралу, сақталуда. Ауызша əдебиет, ауызша
жазба əдебиет жазбаша таралады.
5. Жазба əдебиет өкілдері өз туындыларын өндеп отырса, ауызша
əдебиетте бұл процесс өте баяу. Көбіне айтылған тарих, жыр, толғау сол
күйінде тарайды. Оның өнделуіне көптеген ғасырлар əсер етуі мүмкін.
Р.Сыздықова: «Сөйтіп, қазақтың ұлттық жазба əдеби тілі тұтқиылдан,
айталық Абай мен Ыбырайдың шығармалары туған күннен басталған емес».
«Тағы айталық нəрсе бұл ауызша əдеби тілмен қатар, жазба үлгілер де болды.
Сондықтан, «ескі өзбек тілі, ескі татар тілі»деген ұғымдар пайда бола бастады.
Р.Сыздықова бұған негіз де бар деп көрсетеді. Оған ол қу, шежіренің жазбаша
таралуы, эпитефиялық жазулар, дін туралы хиссалар, тарихи ескерткіштердегі
тіл фактілерін жатқызады. Қазақ ұлттық əдеби тілі ауызша əдеби тілден
шыққандығы ой тудырмайды. Тек жазба деген ұғымда əдеби тіл ұғымы
байланысты болмау қажет. Халыққа ортақ тіл əдеби тіл болады,тек
жалпыхалықтық тілден ерекшелігі оның ауызша тараған авторлы əдебиетке
материал болуы».
№ 2 Дəріс. Əдеби тіл нормалары.
1.Тілдік норма туралы.
2.Лексикалық норма.
3.Орфоэпиялық жəне орфографиялық норма.
4.Грамматикалық норма.
Тіл дамыған сайын белгілі бір қалыпқа түсе бастайды. Сөздер мəні қолданылып
тұрақты сипатқа ие болады. Барлық адамдарға түсінікті болатын сөздер сөз
тіркестері əдеби тіл нормасын құрай бастайды. Профессор М.Балақаев əдеби
тіл дамыған кезде қарама-қарсы екі түрлі бағдар байқалады.
1.
Тіл қоғам өмірімен тікелей байланысты болғандықтан, сол үздіксіз
дамып, сол даму барысында халық тілінің мүмкіншіліктерін пайдаланылып, сол
өзгеріске ұшырап отырады.
2.
Мемлекеттік жұмыстар, баспасөз, ғылым, əдебиет дамыған сайын, тіл
қалыптасып, нормаға айналады. Тіл сұрыпталып, «нормалану» процесі үнемі
жүріп отырады. Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да пайдалануда,
барлық жағдайда болады.
Бұрын араб-парсы тілінен енген сөздер бүгінде үндестік заңына бағынып,
төл сөзден болып кетті. Мыс: əдет-«ғадет», өмір-«ғұмыр», күнд-«гуно».
Қазақ əдеби тілінің əр дəуірде өзінің тілдік нормалары болды. Мыс: 18-19
ғасыр түркі тілдерінің көпшілігіне ортақ норма сөздер болды. Мыс: боһадүр,
үшбу, уағда, хақиқат. Əдеби тілде «кітаби тіл» түрі қалыптасты. Абай өз
сөздерін осы дəстүр бойынша құрап, сосын қазақ сөздеріне ауысқан. Мыс: