25
зооморфоза,
ботоморфизмдер
көпетеп
кездеседі.
Бақташылық
кəсіп
болғандықтан əскери демократия болғандықтан жаугершілік көптеп кездеседі.
Көптеген сөздер əскери қару-жарақ атаулары: Зат есімдер найза, қылыш,
аса берік оқ, ала балта, қанды ауыз, жебе, қараболат, он екі құрлау жазайыр.
Етістіктер: түленді бұзу, ссуырылып шабу, қылыш белгілеу, жазуды қайтару,
байрақты суыру, атқан оқты оздыру, дұшпанның табын тоздыру тіркестері бар.
Бұл жырлакрда дерексіз есімдер көптеп кездеседі. Мұны қазақ жəне араб-парсы
сөздері деп екіге бөлеміз. Бір элементтер араб-парсыға түспек, ол көптеген осы
кездегі тұрақты теңеулер етуінде қолданылады. Мыс: жағына жалаң жібек
байлаған арулар, салуалы ақ орда, ару ұл, ауыр хал, ойдындықтай білек.
Арабтың екі көзінен гөрі, түркінің тəңірі сөзі жиі ұшырасады.
Жұрт сөзі территориядағы халық деген ұғымға келеді. Ол халық өз
мағынасында сол кезде қолданыла бастаған сияқты. Жұрт, ел, алаш
қолданылған: Арқағақарай көшермін, Алашыма ұран десермін (Шалкиіз).
Аға сөзі «жасы үлкен сыйлы» деген ұғымды білдіріп қолданылған. «Батыр
жігіт жол бастар, Аға жігіт қол бастар» (шалкиіз). Азаулының Айнадай ер
Доспамбет ағаның хан ұлына несі жоқ, немесе Азалыда аға болар ерлер көп еді?
(Доспамбет). Аға сөзі «басты» сөзінің орнына қолданылғанын осы жерден
байқалады. «Ала балта» ұрыс қаруының аты. Р.Сыздықова «ала» бұл түс емес,
Мыс: айбалта бөлек, ала балта бөлек.
15-17 ғасырларды əдеби тіл лексикасындағы көне сөздер.
Бұл дəуірде біраз түркі сөздері актив болғанымен бізге түсініксіз қалпында
жетіп отыр. Профессор Р.Сыздықова бұларды үшке бөледі:
1.
Бұл күнде мүлде қолданылмайтын бейтаныс түрлер
2.
Қазірде де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып қалған элементтер.
3. Қазір де қолданылатын, бірақ өзгеше мағынаға ие болғандар. Көне
формаларды деп атау қалыптасқан. Мыс: сындыру, тебір, күрлек, күсбек, ұным,
нарт, үрмек сияқты сөздер түсініксіз күйде қалып отыр. Үшінші топтағы сөзге
қарындас, жұрт, алаш, алыр, озу сөздерін жатқызамыз. Қарындас-бірге туысқан
адам. Аға –іні арасында бір қарыннан шықты деуге болатындай. Мыс: Асан
Қайғы: ол күнде қарындастан қайырым кетер; Шалкиіз: Жайымды білген
қарындас. Ол қарындас əн жолдас. Мақал: ауру астан, дау қарындастан. 19 ғ.
Махамбет те «қарындас» сөзі өз мағынасында. Тек бүгінде ғана ағасына əйел
туысы деген мағынада. «Ауыр» «күшті, мықты, зор» мағынасын береді. 19 ғ.
Махамбет те сол күйінде. «Қыршын» көбіне «жас» сөзімен сипатталып, қазақта
«қыршыннан қиылды» деген тіркес бар. Ш.Уалиханов Қадырғали бидің
тексінде «тас» ретінде кездесетіні айтып оны өсімдік, тал екенін көрсетеді.
«Қыршын жас, қыршыннан қиылды» тіркестері осыны көрсетеді деп
пайымдайды Р.Сыздықова. «Ару» сөзі де өз мағынасында емес «кіршіксіз таза»
мағынасында қолданылған.
Термин сөздердін көпшілікті түсінікті болғанымен түсініксіз. Мыс:
тағдырлас, қүсбек т.б.
Бұл үлгілерде көне сөздердің сақталуына біркелкі əсер еткен.
1.
Көркем туындының поэзия түрінде болуы, ұйқас, ырғақ бұл
сөздердің жойылуына əсер етпейді.
2.
Бұл үлгілердің жазбасы болуы мүмкіндігі
26
3.
Əдеби тілдің жариялануының қалыптасу əсерін тигізді. Мыс: кейбір
сөздер түсініксіздігіне қарамай 19 ғасырға жетті.
4 15-17 ғ. Ауызша əдебиет тілінің грамматикалық сипаты.
Р.Сыздықованың көрсетілуінде ноғайлық «менің» тұлғасы жəне «біздің»
есімдіктері кездеседі. Тұйық етістік «у» формасының орнына «тақ» жұрнағы
жүрген. –ғыз,-гіз,-қыз,-кіз етіс формалары- кер қосымшасымен берілген:
Масағынан өткеріп, Басын қолға жеткеріп, Созып тартар күн қайда?
(Доспамбет). Сондай-ақ ,-ғой,-гой жұрнағымен беріледі: Қалаға қабалап
жаулар жигей ме?
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінің 1 жақтағы ма+й+мын вариантының
орнына –тан жұрнағы келеді. Мыс: тоғай қондым өкінбен.
Сөз тудыру жүйесі қазіргі қазақ тілімен дəл келеді. Мыс: сынайые етістігі
сол сындайын түрінде келеді. Сұлу үнмен үндесіп. Үндеу етістігі бүгіндегі
сөйлеу етістігіне келеді. (Р. Сыздықова) Көне формалар мен –ғой, -дүр. Дүр
формасы 18-19 ғ. –ды, -ді, -ты, -ті формасына өзгертілген. Өйткені В.Радлов
Қырым ноғайларына сол кезде осы форманы жазып алған. Бəйтеректің
йалқалмағы йелден дір. Мыс: Сайдың басы түгел-дүр.
5. Стильдік-тілдік ерекшеліктері
Мұндағы басты ерекшелік лексикалық қайталаудың көптігі. Қожалар, табиғат
бейнесі, малға қатысты тұрмыстан тұрады. Табиғат суреті, эпитет тұнып
тұрған теңеулер əдеби көркем стильдің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.
Эпостардағы суреттер, жаугершілік лирикасы ұқсас келгенімен ерекшеліктер
бар. Азаматтық рух, ел бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілік арнайы тұрақты
лексикалық қайталанып қабат-қабат келу арқылы жүректен орын алады. Біздің
онсыз батырларымызды тəрбиелеген осы түсінікті. Риторикалық сұрақтар,
портрет өлеңдер, терминдер, фигуралар түрлерінің əдеби тіл екендігінің айғағы
бола алады.
15-17 ғасырлардағы қазақ-ноғай тілінің көркемділігі Қ.Қ. Жалайридің
«Қажиғат тауарих» (17 ғ). Əбілғазының «шежіре-т-түрік» (17 ғ), еңбектерін
жатқызамыз. Сол кездегі жазба дəстүрден біраз макғлұмат береді.
№ 4 18 ғасырдағы қазақ əдеби тілі
1.
Бұхар жырау толғаулары тілі. Ақындар дəстүрі
2.
18 ғасырлар қазақ ауыз əдеби тілінің лексикалық сипаты.
3.
18 ғасыр əдеби тілінің грамматикалық сипаты
4.
18 ғасырдың стильдік ерекшеліктері.
5.
Іс-қағаздар тілі.
18 ғасырда даламызда авторлы əдебиет қарқынды дамыды. Ірі өкілдері Бұхар,
Ақтамберді, Тəтіқара, Үмбетей ақындар. Бұған қоса бұл кезде халық
əдебиетінің жас нұсқалары жасалып, тереңде,й түсті.
Бұл кездегі үлкен мəнге көптеген толғаулардың кімдікі екендігі. Қ.
Өмірəлиев пікіріне Р.Сыздықова қосылды. «Ей, айтшы алланы айт», «Ақтың
үйі мешіт-ті» толғаулары Бұхардікіне келеді деген, «Əлемді түгел көрсе де»,
«Көк көгершін, көгершін» толғаулары оған жат деп түйеді. Қ.Өміралиев
«Ақсаннан биік тау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе»,
«Алыстан қызыл көрінсе», «Қара арғымақ арыса», «Арту-арту бел келсе»,
«Асқар таудың өлгені» деген толғаулар бұрыннан келе жатқан деп есептеледі.