29
Грамматикалық сипаты. Синтаксисі түсініксіз шұбалаңқы сөйлемдерден
тұрады. Мыс: бірыңғай сөйлемдерді тізбектете беру бұларға тəн дəстүр. Сөйлем
мүшелерінің орналасу тəртібі тұрақсыз, орындары ауысып келе береді.
Морфологиялық ерекшеліктер жазба тілдік дəстүрге тəн. Есімшенің –ған
жұрнағы орнына – маш аффиксінің келуі. III жақ жіктік тұлғада дұр
форматының қолданылуы, етістіктің III көпше аспектісінде –лер жалғауымен
келуі: хан йасадлар, алғанлардүр, кеттілер. –у жұрнағының орнына –ғұ
формасының келуі: дұшпанның құлғұсы. Түркі жазба тіліндегі бұл дəстүрлік
эпистолярлық жанрдағы тіл қазақ тілінен алыс тұрды. Бұл тілдегі жазу
ақсүйектер қауымына тəн, себебі жазуы бар қазақ тілі болмады.
Дəріс № 5
XIX ғасырлық əдеби тіл.
1.
XIX ғасырлық қазақ əдеби тіл үлгілері Махамбет, Дулат ақындар
тілі.
2.
Лексикалық ерекшелігі. Орыс сөздері.
3.
Араб-парсы сөздер.
4.
Грамматикалық сипаты.
XIX ғ. 1 жартысында оқу ағарту мардымсыз болды. Р.Сыздықова 1822
жылғы «Сібір қазақтары туралы устав» бойынша қазақ байлары орыс
мектебінде оқитын болды. М.Өтемісұлы, Алмажан, Дулат Бабатайұлы,
Шернияз Жарылғасынұлы, Сүйінбай Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы.
XIX ғ. жартысы əдеби тілі ауызша тараған. М.Өтемісұлы – нақтылы
тақырыпты сөз еткен ақын. 7-8 буынды жыр, өсиеттер жазған. Лексикасы
түгелдей жуық қару-жарақтар. Орама мылтық, білте деп сонымен: «Беліне
садақ асынған». Етістіктер: жауға тию, қамалды бұзу, оқ ату, оқ тию, жау
тоқтату, қанға бату, қанды көбік жұтқызу, қырылу. XV- XV11 ғасырларда
кездесетін сөздер арайна, боттуық, сайғақ, торпақ, сай, жемсау, шығады.
Махамбет бірнеше варантты ұсынады. Мыс: қызғыштай болған есіл ер. Еркек
қойдай бөсініп, қас бəйтерек, жауға ұстаған қара балта ақ сұңқар құстың сабы,
екі тарлан бөрі, құстан туған құдай, қара құстан туған қалықпан (баласы жоқ үй
бағу керек), суаруы қанақ көксүңгір. Сол мықты жаңа тіркестер қолақпандай
қолданып жауымен айқасу, қырдан қиқу төгілу. Р.Сыздықова Қайраңнан алған
шабақтай қия бір сойып ас ету, адырнасын ала өгіздей мөңірету, темірқазық
жастық аузындағы келімсек болған тіскестер.
Д.Бабатайұлы тілі. 1880 жылы Қазанда шыққан Дулаттың «Өсиетнамасы»
түгелдей əлеуметтік деу қате екендігін Қ.Өмірəлиев дəлелдеді. Дулаттың
ерекшелігі жазудың жаңа үлгісін салуы. Қазақ өлеңінін тарауларға болінуі осы
адамнан басталады. Шоғыр-абзац-бір ұйқаспен топтастырылып əрқайсысы бір
тақырыпты қамтиды. «Тырнақтай меңі болған соң» 9 шоғырдан тұрады.
1- шоғыр
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түріне кір қонған соң,
Мінсіз, шеңсіз, кіршіксіз
Қаңқай болмай қалау бол!
2-шоғыр
Ту ұстап тұлпар жаратпай,
30
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жай отындай оқ өтпей,
Анадан тудым дегенмен,
Байыпқа сай ұлан бол!
Дулат заман өзгерістерін жырлағанг. Сондықтан ол, толғау, жырлау, шығарған
ақындардан бөлек тұрады. Шаруашылықтағы жаңа өзгерістерді жырлады.
Шортанбайдағы «бір қалаштық жиың, насихат шашу малды қағаздату, солдатқа
айдау, абақтыда жату» сол кездегі көріністен алынған.
2
Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезде лексика жарияланған, оған қазақ
сөздері жəне араб-парсы сөздері кірді. Махамбетте, Дулатта «Еспембет»
поэмасында басқа əскери лексика кездесе бастайды. «Ақсүйек, қазы, бай,
кедей, төлеңгіт, жатақ, қараша, қара қазақ» сөздері қолдана бастайды. Реформа
бойынша «аға сұлтан,болыс, майор, ұлық, тілмаш, зекет, абақты,малды
қағаздату» тіркестері енді. Саудаға байланысты: саудагер, ақша, пұл, таразы,
пайда, сан, тиын, кір сияқты сөздер пайда болды. Шаруашылыққа қатысты: мал
айдау, кіре тарту. Əкімшілік жүйесіне қатысты: сайлау, атқамінер, орыс ұйымы,
парақор, сөздері шықты. Оқу білімге қатысты: ғалым, шешен, медресе, кітап,
сызған хат, сабақ оқу, өнерпаз, сия, қалам сөздері.
Орыс сөздері. 1 жартысында аз Мыс: расход, срок, солдат. Тек 70 жылдарға
қарай көптеп енді. Мыс: Болыс, старшын, майор, сот, тілмаш, Петербор, медəл.
Араб-парсы сөз. Қазаққа сіңген сөздерден басқа сөздер Дулат, Шортанбайда
көп кездеседі. Мыс: кəлес, фуркем, харам, ғафил, рабби, қаһар, ғарил. Дублет
сөздер (өмір-ғұмыр, ғылым-ілім, əріп-харіп) осы кезден басталды.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
№
Тақырып
Мазмұны
А
пт
а
Əдебиет
1
1.Қазақ
əдеби
тілінің
тарихы
мақсат-міндеттері,
мəселелері,
зерттеу əдістері.
Əдеби тілдің сипаты.
Əдеби
тіл
туралы
жалпы
мəлімет.
Ол
жайындағы
түрлі
көзқарастар,
анықтамалар.
Əдеби тілдің нормалық
белгілері, түрлері. Əдеби
тіл нормаларының əр
түрлі тарихи кезеңдерде
тұрақтылық дəрежесі
мен талаптардың бірдей
еместігі.
Əдеби
тіл
жəне
көркем
əдебиет
тілі,
1
Сыздық Р. Абай жəне
қазақтың ұлттық əдеби тілі.
Алматы, 2004 ж.
Исаев С. Қазақ əдеби
тілінің
тарихы.
Алматы,
1989,1996 ж ж.
Қалиев Ғ,Боранбаев Г.
Қазақ əдеби тілінің тарихы.
Практикалық курс. Алматы,
2001 ж.
Мұхамбет-Кəрім
Х.
Диалектология
мен
қазақ
əдеби тіл тарихы мəселелері.
Алматы, 2001 ж.