27
Бұхар поэзиясы халықтық əдеби стильдегі поэзия, оның тілінде тұрақты
тіркестер саны 15-17 ғасырға қарағанда 2 есе көп. Мыс: Жаңа тіркестер.
Үшкілсіз көйлек, қу тас таяқты кедей, тұрымтайдай ұл, бірі етек, бірі жең
болған, найзаның ұшы ойып, ормандай көп орта жүз, бəйгелі жерге бақ болған,
қара судың бетінде сығылып аққан сен едің. Бұхар өлеңіндегі басты ерекшелік
лексикасында сөздер көбейді. Араб жазуы аралас шағатай тіліне бұхар жетік
сияқты. Мыс: кітап, еншіл, хақ, хат, бохар, имам, дəуіт, қалам т.б. ақындар
ішіндегі ең қайраткер адам Б.Қалқаманұлы.
2. Ақындар дəстүрі
Ақындар Дəстүрінде жаңалық 11 буынды, 8 буынды аралас ұйқасты
күрделі эпитеттерден тұратын өлең келді. Əсіресе портрет, саяси тұлғаға
қаратпа сөз əсіресе адамның жасына байланыста қаратпа өте көп.
2. Лексикасы
Бұл кездегі өлең жырлар төл жəне кірме сөзден тұрады. Кірме сөздер- араб-
парсы сөздер. Бүгінгі архоизмдер кіреуке, сауық, дулыға, берең тарихтан хабар
беретін терминдер көп. Мыс: жүздер, хан, сұлтан аттары. «Ару» сөзі бүгінгі
лексикада қолданылады. Мыс: Бұлттан шыққан айбатты, айттырса бермес
сұлуым (Ақтамберді). Əскери лексика мен дидактикалық мазмұнды сөздер көп,
тұрмызтық сөздер аз. Р.Сыздықова: «Ақтамберді, жиенжаға, қамал деген
қарапайым сөздерді жырласа олар да образ қажетінтін өтеп тұр. Жеңіне жамау
түскеннің, қорлылық сенен көремін. Иығыма қолдың тигені жалғыздық, сенен
көремін». Малға қатысты лексика көбейгенін Р.Сыздықова сөз етеді. Мыс:
Қоспақ өркеш сары атан, арғымақ, тоқты, лақ. Сауда-саттыққа,егіншілікке
қатысты сөздер аз. Мысалы: саудагер, базар, орақ ору, егін салу т.б. 18 ғасыр
Дерексіз ұғым көптеп кездеседі. 1. –лық жұрнақ арқылы жасалған зат есімдер.
Мыс: Ақтамберді, жалғыздық, кеншілік, қорлық, зорлық, əділдік, бірлік, үміт,
кеңес, абырой, даңқ. Шал ақын: өлең, бəле, сауық. 2 Лексикаға қазақтың
түбір сөздері жəне өзге тілдегі жұрнақтары мен жасалған есімдері жатады.
Араб-парсы сөздерінің аз бөлігі ислам дініне қатысты.
18 ғасырдың лексикалық құбылмалылық, яғни, нормалану мəселесі əртүрлі
жағдайда жүрген. «Байтақ» сөзінің орнына «ел-жұрт» сөзінің орнына «халық»
сөзі тұрақтана бастады. «Алаш» сөзімен қатар «қазақ» сөзі қолданыла бастады.
Ш.Уалиханов «Шара» сөзі «азамат» сөзінің синонимі дейді. «азамат» жауынгер
деген ұғымды білдіреді. Азамат сөзі «қолына қару ұстап, ел жаулауға аттанатын
əскери адам» мағынасында 15-18 ғ. ақын-жыраулар қолданылды. Бүгін,
В.Радлов та қорғайды.
3 18 ғ. əдеби тілдің грамматикалық сипаты
18 ғасыр текстерінде ноғайлық тұлғалар жоқ. Мақсат-мағынасындағы -
арғы жəне –уға қосымшалары қатар қолданылады. Сонымен қатар сөйлеу үшін
жаратқан сөз анасы сөйлейді. Етістікке көптік жалғауы жалғанады. Мыс:
Қалмақтар кетпес ерегіс (Бұхар).
-ғын, -гін оффиксті бұйрық етістікті С.Аманжолов қазақ тілінің батыс
говорларына тəн диалект тұлғалар болып саналады. Сөз тудыру саласында ең
актив -лық формасы, сонымен бірге –тық, -тік, -дық, -дік формалары
қолданылады. Шешендік жолын тұтынждық (Үмбетей). Ол дағы қияметтік
жақын кісің (Шал). Есімшенің –ған жəне соң шылауы формасының орнына
28
кейде -ғасын, -кесін формасы келеді. Дəніккесін бұл, шіркін, адал бір дəм
жегізбес (Үмбетей). Күні суық болғасын, түні қайтсын шал? –дүр, -дір
шылаулары əлі де болса келеді. Ақтық үш мешіт-ті, киім кисең қаптау ки, найза
кессе қалаңды, суық кессе тамақ-ды (Ақтамберді).
Ал, мен формасы əлі актив. Бұл кезеңде грамматикалық нормалану
қарқынды жүрді. Қазіргі қазақ тіліндегі формалар бүгінгі қызметінде
қолданылады.
4. 18 ғ. əдеби тілінің ерекшеліктері.
Бұндағы басты стильдегі дəстүр15-17 ғ. поэзиясынан келеді. Параллелизм - ең
негізгі дəстүр. Ақын өз ойын қорыту үшін табиғаттағы құбылыстарды
салыстыра зерттей келе оларды теңестіреді. Методологиялық Шал ақын: Иман -
қой, ақыл – қойшы, нəпсі-бөрі.
Р.Сыздықова «күмбір-күмбір, кісінетіп» дəл көрсетіледі. Əдеби көркем
стиль өте күшті дамығанын байқаймыз.
18-19 ғ. 1 жартысындағы ресми қағаздар тілі.
Бұл кезеңде Хан, Сұлтан, орыс əкімшілік орындарымен жасасқан хаттары, тілі,
өз ерекшелігі бар. Бұл материалдарды зерттеген М.П. Вяткин былай дейді:
Хандардың хаттарын жазғандар қазақтар емес. Татар молдалары. Патша
үкіметінің агенттері болатын. Тіл жағынан алғанда қазақ делдалдары атынан
жазылған бұл дакументтер арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда
татар элементтері басым қазақ тіліне тəн элементтер Орта Азия тіліне тəн
арабизмдер араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында ұзақ
уақыт берік сақталып, ресми хат-хабарлардың барлығында қолданылды. Бұл тіл
қазақ халқының көпшілік бұхарасына түсініксіз болды.
Кеңсе қағаздары тілінің Орта Азиялық түркі тілінде қалыптасқан стилі
болды. 1. Əкім, сұлтандарды дəріптейтін сын есімді тіркестерден хаттар
басталады. Мыс: ғизатлу, хурматлу, мархабатлу, сағадатлу, биік мартебелу,
құдіретлу, шафағатлу. Сонымен қатар арабтың һош жəне хазірет сөздері
қосылып, мəртебесін арттыру, білдіру үшін қолданылады. Мыс: Сіздің һош
хазіретлеріңіз, Игельстром хазіретлеріне. 2. Сөздердің басым бөлігі Орта
Азиялық əдеби тіл мен татар тілдерінікі, тіпті көне ұйғыр сөздері де жүр. 3.
Грамматика саласында бұл стильге көне жəне ортағасырлық түркі аралас жазба
тілдерінің нормасы тəн.
Лексика. Хаттар əр түрлі аталған. Арыз, арызнама, арыз-ахуал, арыз хел
деп атаған. Бұйрықтары йарлұқ, əмір йарлұқ, формалар түрінде келеді.
Жамағат-община, хайыр сөзімен қатар қолданылады. Көптеген сөздер
терминденген. Поддонный-рағайатлік, рағанат; йонатлық-дурные действия,
тұтқын-пленные, астрахат- спокойствие, мал-товар, шабуыл-набеги, елші-
посланник, сахара халқы-степной народ. Етістіктер араб-парсы сөздерімен
келеді. Оның ішінде көңіл-күй лексикасы. Мағзун қыдыңыз-огорчили меня,
ғадаулік қылмақ-действовать враждебно, одағолымды- скончался. Орыс сөздері
осы ресми тілде кездесе бастайды: генерал, старшина, престол, кірепіс. Қазақ
сіздері ішінара кездеседі: кіші жүз, ақсақал, қара халық, төре, атастырып-
шабыстырып йорген, қабыл көрді, елші қылып, сізге қандай дұшпан болса бізге
сондай дұшпан, сол себептен, Жем суының басындағы ел, шауып алды т.т.