2007- 2009 жылдардағы сусындарды қоса есептегендегі тамақ
өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 9
Бұл салада 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда өнім өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері (Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты) АҚ ұнына сұраныстың азаюы және «Company Aspara» ЖШС мен «Шығыс Сусындары» ЖШС өндірісінің тоқтап қалуы болып табылады.
Техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы шеңберінде «Ертіс жағалауы бройлерлер құс фабрикасы» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ ұн тарту мен құрама жем өндіру өндірісі жөндеуден өткізілді. «Семей ет комбинаты» ЖШС консерві және колбаса өндірісі қайта жаңғыртылды.
Тамақ және өңдеуші өнеркәсіп салаларында негізінен шағын кәсіпорындар басым, олар бейімделген ғимараттарда орналасқан, бұрын пайдаланылған өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, олар моральдық және қызмет ету жағынан ескірген.
Саланың проблемаларына мыналар жатады:
нан пісіретін өндірісте технологиялық құрал жабдықтардың күшті ескіруі (50 % және одан жоғары);
ескірген технологияларды пайдалану;
қол еңбегінің үлес салмағының жоғары болуы;
жоғары сапалы шикізаттың жетіспеушілігі, әсіресе ет пен сүттің;
«Шығыс Сусындары» ЖШС спирт, алкогольдік және алкогольдік емес ішімдіктер, сусындар, сыра, шыны бөтелкелер шығаратын өндірісінің ұзақ мерзімге тоқтап қалуы, оның өнім шығару қуаттылығы жылына 5,0 млрд. теңгені құрауы мүмкін еді.
Саланың өндірістік мүмкіншіліктері 40-60 % қана пайдаланылады.
Химия өнеркәсібінің ішкі саласы кәсіпорындарының өнімдері қаланың өндірістік мүмкіншіліктерінің жалпы көлемінің 0,1 % құрайды.2009 жыл ішінде сала бойынша 61,8 млн. теңгенің товар өнімдері өндірілді, бұл 2007 жыл деңгейінің 11,3 % құрайды, нақтылы көлем индексі 13,4 % құрады (сурет 10).
2007- 2009 жылдардағы химия өнеркәсібінің товар өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 10
Осы кіші салада өнеркәсіп өнімдерін өндірудің төмендеуінің негізгі себептері несие саласы бойынша қаражат берудің тоқтатылуына байланысты «Семей кабель заводы» ЖШС бояу, олифа, тазалаушы құралдарды шығаратын өндірістің тоқтап қалуы себеп болды, оның себебі шикізат сатып алуға айналыс қаражатының болмауы болып отыр.
Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру бойынша сала қалада «Ромат медицина препараттары заводы» болып табылады, ол осы саланың өндірілетін өнімінің 100,0 % өндіреді. 2009 жылы кәсіпорында 471,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Қазіргі кезеңде кәсіпорында «Өндіріс көлемін ұлғайту және өндіріс номенклатурасын кеңейту» жобасы енгізілу үстінде, соның нәтижесінде өндірісті жаңғырту жүзеге асырылады, жаңа өндірістік линиялар сатып алынып, орнатылады. Сондай-ақ ішкі қажеттіктерді толық қанағаттандыру мен экспортқа шығару үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту мақсатында ISO және GMP халықаралық сапа стандарттарын енгізу жоспарлануда.
2012 жылдың сәуір айына жоспарланған жоба енгізілгеннен кейін дайын дәрілік препараттарды өндіру көлемін 10 есеге ұлғайту жоспарланып отыр, шығарылатын дәрілік препараттар номенклатурасын 250 атауға ұлғайту жоспарлануда.
Қазақстандық мазмұн мәселесінде негізгі міндеттерді орындау үшін товарларды, жұмыс пен қызметті кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар тарапынан сатып алу кезінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық мазмұнды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту, отандық өндірушілерді қолдау бойынша кезеңді жұмыс басталды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша қаланың 84 кәсіпорыны бойынша мониторинг жүргізілген (облыс кәсіпорындарының 23,7 %), олар жалпы сомасы 51,6 млрд. теңге товарлар, жұмыс пен қызметті сатып алуды жүзеге асырған, оның ішінде 41,2 млрд. теңгесі (немесе 79,7 %) қазақстандық мазмұнда (облыс бойынша 80,1 %).
2009 жыл бойынша қаланың ірі және орта кәсіпорындарымен 69,3 млрд. теңгеге өнім өткізілді (немесе облыс деңгейінің 16,7%), оның ішінде ішкі нарыққа 52,9 млрд. теңге (немесе облыс көлемінің 23,4 %), оның ішінде: 2,1 млрд. теңге - ұлттық компаниялар және 479,6 млн. теңге мемлекеттік сатып алулар шеңберінде.
Қаланың 149 мемлекеттік мекемелерімен товарларға, жұмыс пен қызметке мониторинг, 6661,2 млн. теңге сомасында (6238,1 млн. теңге – қазақстандық ұстау) товарлар, жұмыс пен қызмет сатып алынғандығын көрсетеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін 1642,9 млн. теңге сомаға. Товарларды, жұмыс пен қызметті мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлес салмағы 93,6 % құрады.
2010 жылдың 10 айына 50,3 млн. теңге сомасына товарлар, жұмыс пен қызмет сатып алынғанды, соның ішінде қазақстандық ұстау 39,6 млрд. теңге немесе 78,7 %, оның ішінен:
38,4 млрд. теңгенің товары сатып алынды, оның ішінде қазақстандық 28,2 млрд. теңге, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 73,3 %;
9,2 млрд. теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде қазақстандық 9,1 млрд. теңге, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 99,1 % құрады.
2,7 млрд. теңгенің жұмысы істелінді, оның ішінде қазақстандық мекемелердің күшімен 2,3 млрд. теңгенің жұмысы, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 94,4 % құрады.
2010 жылдың 10 айына мемлекеттік мекемелердің товар, жұмыс пен қызмет сатып алудың көлемі 3935,2 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық 3728,7 млн. теңге немесе 94,7 %, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сатып алу көлемі 1171,1 млн. теңге сомасын құрайды.
Өнімді өткізумен байланысты проблемаларын шешуге қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары Өскемен қаласында өткізілген товарларды сатып алудағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша үш Форумның жұмысына қатысты, «Самұрық-Қазына» АҚ өткізген ұлттық компаниялар жұмысы мен қызметі Форумына, республиканың облыс орталықтары мен жақын шет ел аймақтарында ұйымдастырылған көшпелі жергілікті өнімдер көрмесіне, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізілген товар өндірушілер Форумына, Алматы қаласында өткен ІҮ Текстиль Конгресіне қатысты.
2010жылдың қаңтар-қазан айларында:
Қаңтар айынан бастап 2010 жылдың 1 қарашасына дейінгі кезеңде 62 өнеркәсіп кәсіпорыны үшін олар өндіретін товарларға 206 «СТ- КZ» сертификаттары берілді .
Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін тиімді жағдай қалыптастыру шеңберінде 2008 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен аймақтың 7 кәсіпорындары мен ұйымдары айналысты. Олар 28,5 млн теңгенің көлеміндегі ғылыми-техникалық жұмыстарды атқарды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 69,3 %- ға аз болып отыр. 2007 жылмен салыстырғанда зерттеу жұмыстарына жіберілген шығын қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты азайды. Ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінде басты үлес салмақты қолданбалы зерттеу жұмыстарының үлесіне тиеді.
Атқарылған жұмыстардың жалпы көлеміндегі зерттеу жұмыстары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізілді және 98,1 % құрады, қалған 1,9 % тапсырыс берушінің сомасы есебінен.
Қала кәсіпорындары мен мекемелерінің инновациялық белсенділігі артып келеді. Жаңа технологиялар құрылымында негізгі көлемді өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инновациялар құрайды.
Инновациялық сала көрсеткіштерінің динамикасы
Кесте 3
Көрсеткіштер
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі
|
6,6
|
4,0
|
3,2
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны, дана
|
15
|
9
|
6
|
Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге
|
8386,2
|
2580,2
|
1953,9
|
Зерттеу және әзірлеу жұмыстарына жіберілген ішкі шығындар, млн. теңге
|
85,1
|
28,5
|
193,9
|
Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар, млн. теңге
|
41,6
|
253,1
|
193,9
|
2009 жылы қала кәсіпорындарының инновация саласындағы белсенділік деңгейі 3,2% құрады, бұл 2008 жыл көрсеткіштерінен 0,8 % төмен. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал-жабдықтар мен материалдарды енгізуге бағытталған.
2009 жылы көрсеткіштердің қала бойынша да, облыс бойынша да төмендеуінің себебі әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде экономикалық дамудың жалпы төмендеуімен байланысты болып отыр.
2009 жылы инновациялық өнімдер көлемінің жалпы облыстық өнімдер көлеміндегі үлес салмағы 28,1 % құрады, зерттеу жұмыстарына жіберілген ішкі шығындар - 3,5 %, өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жіберілген шығындар – 1,3 %.
2009 жыл ішінде өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жіберілген шығындар 193,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржыландырудың төмендегі көздері есебінен: өз қаражатына - 64,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 29,5 млн. теңге, шет ел инвестициялары - 100,0 млн. теңге.
2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 76,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде бағыттары бойынша: іргелі - 150,0 мың теңге, қолданбалы зерттеулерге - 76,0 млн теңге, ғылыми-техникалық зерттеулерге – 300,0 мың теңге.
Өз күштерімен орындалған жұмыстардың көлемі 150,0 мың теңге сомасы көлемін құрады.
2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың облыстық көлемдегі үлес салмағы (бұдан әрі ҒТЖ) 0,7 ℅ құрады, бұдан шығатын қорытынды инновациялық қызмет бойынша ғылыми потенциал облыс орталығында орналасқан.
Қалада ғылыми зерттеу және ғылыми құрастырым жұмыстарымен 9 кәсіпорын айналысады.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлудің негізін «АЭС Шульба ГЭС-ы» ЖШС, МКК «Теплокоммунэнерго» және МКК«Семей-Водоканал» құрайды.
2007 жыл деңгейімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру 10,9 % төмендесе, жылу энергиясын өндіру 1,9 % өскен, табиғи су өндіру 0,3 % өскен (кесте 4).
Кесте 4.
Достарыңызбен бөлісу: |