Семей ќаласы аумаєыныѕ


Электр энергиясын газ бен суды өндіру мен бөлу саласының маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы



жүктеу 5,64 Mb.
бет6/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Электр энергиясын газ бен суды өндіру мен бөлу саласының маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы



р/с

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

Облыс көлеміндегі үлес салмағы %

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Электр энергиясы

млн. кВт.сағ.

1697,0

1468,5

1512,6

20,7

2

Жылу энергиясы

мың Гкал

1478,3

3872,7

1506,9

13,6

3

Табиғи су

млн.куб.м

32,3

33,8

32,4

13,5

2009 жыл ішінде сала бойынша 10,9 млрд. теңгенің товар өнімдері өндірілді, ал облыстық көлемдегі үлес салмағы – 21,7 % құрады, нақтылы көлем индексі 99,1 % құрады (11 суретті қар.).

2009 жылы 1512,6 млн Квт сағ электр энергиясы өндірілді, тараптан 668,9 млн. кВТ сағ. алынды, электр энергиясының шығыны 2181,5 млн Квт сағ құрады. 1702,4 млн Квт сағ электр энергиясы босатылды, оның ішінде облыс көлеміне 834,8 млн Квт сағ.

Облыста өндірілетін энергияның жалпы көлемінде Семей аймағының үлес салмағы 20,7 % құрайды.


2007- 2009 жылдардағы электр энергиясын газ бен суды өндіру мен бөлу саласының товар өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы

Сур.11


Соған байланысты салаға төмендегі проблемалар тән болып отыр:

электр энергиясы жетіспеушілігінің өсуі;

электр энергиясы тарифтерінің салыстырмалы түрде жоғары болуы;

электр энергиясының баламалы көздерін (күн, жел) пайдаланудың үлес салмағының төмен болуы.



Өнеркәсіп саласының даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

  1. Өз материалдық-шикізат базасының болуы;

  2. Құрамында алтын бар руданы өндіру мен өңдеу бойынша жетекші

компаниялардың болуы;

  1. Өнім импорттайтын ірі нарықтарға жақындығы (Ресей, Қытай);

  2. Өндірістік мүмкіншіліктерінің болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздестіру бойынша геологтық барлау

жұмыстарына мемлекеттік қаражаттың салынуының жетіспеушілігі;

  1. шет елдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірудің жоғары қор

және энергия жұмсалатындығы;

  1. еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігі;

  2. ішкі нарық көлемінің салыстырма түрде шағын болуы:

  3. білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  4. технологиялық құрал-жабдықтардың күшті ескіруі (70 % дейін), негізгі

қорлардың баяу жаңартылуы;

  1. кәсіпорындардың айналыс қорларының жетіспеушілігі және өндірісті жаңғырту

мен техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған жинақталған қорының жетіспеушілігі.

Мүмкіншіліктер

  1. Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің көлемін ұлғайту;

  2. ТКМК-нің дамуы қала экономикасын индустрияландырудың «локомотиві»

болуы мүмкін;

  1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен кедендік одаққа енуге

байланысты нарықтың кеңеюі шикізаттар мен қосалқы бөлшектерді экспорттау мен импорттауды жеңілдетеді;

  1. Ел ішіндегі және халықаралық кооперацияның дамуы, оның ішінде әлемдегі ең

ірі шикізат жеткізуші елдер болып саналатын Ресей мен Қытаймен жақындықты пайдалану.

Қатерлер

  1. Машиналар, құрал-жабдықтар мен тетіктерді импорттаудың көлемінің жоғары

болуы металлдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушыларының машина құрылысы мен приборлар құрылысы саласының дамуын тежейді;

  1. Қытайдың машина құрылысы саласының тарапынан күшті бәсекелестіктің

болуы;

3. Шикізат қорларына бағаның төмендеуі.


2.2.1.2. Агроөнеркәсіп кешені

Семей қаласы экономикасының аграрлық саласында 673 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 11 саяжай-бақ кооперативтері және тұрғындардың 32,0 мың жеке қосалқы шаруашылығы бар.

2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6,9 дан 10,4 млрд. теңгеге өсті немесе 1,5 есеге өсті. 2007- 2009 жылдардағы нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы 5 кестеде келтірілген

Кесте 5.


2007- 2009 жылдардағы нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы


Көрсеткіштер/ жылдар

2007

2008

2009

Физикалық көлем индексі

139,7

138,5

110,3

оның ішінде өсімдік өсіру

148,8

137,4

236,4

мал өсіру

135,5

140,8

107,4

Аймақтың негізгі мамандануы - картошка, көкөніс және ет - сүт өнімдерін, тері мен жүн өндіру болып табылады, оларды одан әрі дамытумен қазіргі таңда ауыл шаруашылығы товар өндірушілері айналысуда.

Өсімдік өсіру қала ауыл шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, оның үлесіне өнім өндірудің жалпы көлемінің 32,5%-ы келеді. Шаруашылық жүргізу телімді және суармалы жер өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Негізінен астық, картоп, көкөністермен бақша өнімдерін өсіру кеңінен таралған. Өндірілетін өнімдердің басым бөлігі суармалы жерлерде өсіріледі. Бұл жағдай шаруашылықтардың Ертіс өзенінің бойын бойлай орналасуымен байланысты болып отыр. Семей аймағы бойынша қазіргі таңда шаруашылық жүргізуші субьектілер суармалы жерлердің 4,0 га көлемін пайдаланып отыр.

АӨК салаларын тұрақтандыру бойынша шаралардың қабылдануы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің одан әрі дамуына жағдай жасады, оның нәтижелілігінің артуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасады.

Картоп мен көкөністер өсіру салаларының тұрақты дамуының құрамдас бөлігі суландырылатын жерлер көлемін арттыру, салаға суландырудың алдыңғы қатарлы мелиорациялы жүйесін енгізу болып табылады, мұның өзі жер өңдеу мәдениеті деңгейін арттыруға, өндірілетін өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірісін арттыруға алып келеді.

Семей аймағы бойынша ғылыми негізделген жеті танаптық егін айналымын «Агрофирма Приречное» ЖШС қолданып келеді, бұл егу айналымдары картошка, көкөніс және жем өнімдерін өсіруде қарастырылады. Өзге шаруашылықтарда үш танаптық егін егу пайдаланылады.

Саланы дамыту бойынша қолданылған шараларға қарамастан аймақтың өсімдік өсіру саласы әлі күнге дейін қалыптасқан табиғат жағдайларына тәуелді болып қалып отыр.Суландырылатын жерлердің аумағы баяу өсуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін ылғал сақтаушы технологиялар бойынша өндіру баяу өсуде.

Тек «Мұздыбай- І» ШҚ 2010 жылы 75 га жерді суландыруға арналған қосымша 3 «Фрегат» суландырушы агрегаттары орналастырылған.

«Алина» ШҚ тамшылап суландыру қондырғыларына тапсырыс берген.

Аймақта машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2008 жылы 7 дана сатып алынса, 2009 жылы ауыл шаруашылық техникасының негізгі түрлерінің 6 данасы сатып алынды.

Жақын және алыс шет елдерден өнімділігі жоғары, энергиямен толық қамтамасыз етілген техникаларды сатып алу ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2007 жылмен салыстырғанда 1,3- 1,4 % өсіруге мүмкіндік берді.

1999 жылдан бастап 8 комбайн сатып алынды, жаңарту 35% құрады, 17 трактор сатып алынды, жаңарту 3 % құрады.



Кесте 6.

2007- 2009 жылдардағы өсімдік өнімдерін өндірудің

негізгі көрсеткіштерінің өзгерістерінің

динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2007ж

өткен жылға шаққандағы %

2008ж

өткен жылға шаққандағы ℅

2009ж

өткен жылға шаққандағы %

Егіс алаңдары, га

5330,1

79,7

5367,5

100,7

6349,4

118,3

а) дәнді дақылдар

654

66,6

451

69,0

746

165,4

оның ішінде бидай

100

21,3

100

100

-

-

Көрсеткіштер атауы

2007ж

өткен жылға шаққандағы %

2008ж

өткен жылға шаққандағы ℅

2009ж

өткен жылға шаққандағы %

б) күнбағыс

0,2

100

-

-

-

-

в) жемдер

437

53,6

633

144,8

721

113,9

г) картоп

2481,5

81,4

2528,7

101,9

3013,0

119,1

д) көкөністер мен бақша өнімдері

1157,4

86,7

1254,8

108,4

1343,9

107,1

Суарылатын шабындық

18400

100

18400

100

18400

100

оның ішінде үнемі суарылатыны

4430,1

78,9

4767,5

107,6

4922

103,2

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің орташа өнімділігі , цн/ га



















а) дәнді дақылдар

9,0

91,8

3,7

41,0

9,5

256,7

б) күнбағыс

95,0

79,2

-

-

-

-

в) картоп

170

105,6

155,6

91,5

151,8

97,6

г) көкөністер

172,0

104,7

208,8

98,7

201,0

118,4

д) бақша өнімдері

161,2

124,6

129,7

80,5

153,8

118,6

Өнім өндіру, тонна



















Астық

489,4

60,9

269,1

54,9

710

263,8

Күнбағыс

1,9

79,2

-

-

-

-

Картоп

42185,5

86,0

39346,5

93,3

45730

116,2

Көкөніс

18768,6

102,0

24321,0

129,6

25531,3

104,9

Бақша өнімдері

1067,6

65,1

1145,0

107,3

969,2

84,6

Тұқым өндіруші шаруашылықтар

1

100

1

100

1

100

Жоғарыдағы талдаудан көріп отырғанымыздай өнімдердің өнімділігі бойынша мәліметтер табиғат жағдайларына байланысты жылдар бойынша елеулі түрде өзгеріп отырғанын көруге болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін интенсивті технологиялар бойынша өндіру

минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданусыз жүргізу мүмкін емес. Бүгінгі таңда егін айналымымен қоса олар жердің өнімділігін ұлғайтудың бірден-бір көзі болып отыр. Семей аймағының жері өз балл бонитеті бойынша 5- 10 балл көрсеткіштерінен аспайды, мұның өзі жердің гумустық қабатының әлсіздігін көрсетеді. Алаңдарға минералды және органикалық тыңайтқыштар жеткіліксіз көлемде енгізіледі. 2007- 2008 жылдары орта есеппен 1 гектар шабындыққа бар егістікке 27 кг тыңайтқыш енгізілген, 2009 жылы 50 кг, 2010 жылы 75 кг минералды тыңайтқыш енгізілген.

2008 жылы егін алқаптарына 15,5 мың тонна органикалық тыңайтқыш жеткізілген, 2009 жылы - 16,0 мың тонна. 2010 жылы шаруашылықтарға 15,5 мың тонна органикалық тыңайтқыш жеткізілген.

Дәнді дақылдар өндірісінің дамуын тежейтін факторлардың бірі ұсақ шаруа қожалықтарының санының көп болуы болып отыр, дәнді дақылдар өндірісінде пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерін толық өңдеуден өткізу, өнімдерді өңдеуде агротехника деңгейін арттыру үшін олар жаңа техникаларды сатып алуға қабілетсіз.

Бүгінгі таңдағы тағы бір проблема суландырылатын жерлердің аз пайдаланылуы болып отыр, 1990 жылға дейін 18,3 мың га жер пайдаланылған болса, олардың ішінен қазіргі таңда бар болғаны 4,0 мың гектары пайдаланылып отыр, олардың иелері «Агрофирма Приречное» ЖШС, «Кирилл», «Якуб», «Үміт», «Шанс» шаруа қожалықтары болып табылады.

Суландырылатын жерлердің қалған бөлігі суландыру желілерінің бұзылуы салдарынан пайдаланылмайды, оларды қалпына келтіру үшін қаржы және материалдық-техникалық қаражаттар жетіспейді. Суландырылатын жерлердің көпшілігі каналдар жөнделмегендіктен, гидротехникалық құрылыстардың бұзылуы салдарынан су көздерімен байланыстарын жоғалтып алған.

Тыңайтқыштарды сақтауға арналған орталықтанған қоймалардың болмауы салдарынан, оларды дайындаушы заводтардың үлкен көлемде жеткізіп беруі салдарынан көптеген шаруа қожалықтарының субсидияларды есепке алғандағы баға бойынша да минералдық тыңайтқыштарды сатып алу үшін материалдық мүмкіндіктері жоқ.

Тұқым өндіруде негізгі ұйымдастырушы бөлігі ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады, олар сортты тұқымдар өндіру мен тұқым өндіруді ұйымдастыруда шешуші рөл атқаруы тиіс. Оларға тұқым өндіруші шаруашылықтарға тұқым өндіру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету міндеті тапсырылған.

Аймақта картоп тұқымын өндірумен айналысатын бір шаруашылық жүргізуші субъект қызмет етеді («Агрофирма Приречное» ЖШС).

Өндірісте бір сортты ұзақ мерзім бойы пайдалану салдарынан олардың шаруашылық-биологиялық қасиеттері нашарлайды, тұқымның өнімділігі төмендейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары өнімділік пен таза сорттылықты сақтау, өндіріске неғұрлым өнімді сорттар мен гибридтерді енгізу үшін аймақта дәнді дақылдар, күнбағыс пен картошка тұқымдарын өндіру жүйесі болуы тиіс, олар мемлекеттің қолдауы арқылы сапалы тұқым өндіру мәселесін шешуі тиіс.

Мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының, әсіресе шалғай аймақтардағы тұрғындардың басым бөлігінің негізгі кіріс көзі болып табылады. Мал шаруашылығының төменгі салалары жетекші салалар болып танылған: сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы.

Саланың дамуына жасалған талдау Семей қаласы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының саны мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсу бағытының сақталып отырғанын көрсетеді.

Кесте 7.
2007- 2009 жылдардағы мал шаруашылығының негізгі

көрсеткіштерінің өзгерістерінің

динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2007 ж

өткен жылға шаққандағы %

2008 ж

өткен жылға шаққандағы ℅

2009 ж

өткен жылға шаққандағы %

Ірі қара малының ІҚМ саны (мың бас)

39,4

105,9

40,9

103,8

42,3

103,4


Көрсеткіштер атауы

2007ж

өткен жылға шаққандағы %

2008ж

өткен жылға шаққандағы %

2009ж

өткен жылға шаққандағы %

Қой мен ешкі

156,0

113,0

180,0

115,4

197,8

109,9

Жылқы

13,0

118,2

15,0

115,4

16,2

108,0

Шошқа

9,1

137,9

4,8

52,7

3,0

62,5

Құс

899,1

116,6

964,5

107,3

1033,9

107,2

Мал өнімділігі:



















1 сиырдан сауылатын сүт кг

1943

98,9

1985

102,2

2000

100,5

1 қойдан қырқылатын жүн

2,5

100,0

2,5

100,0

2,4

96,0

100 бас сиырдан алынатын бұзау

83

101,2

84

101,2

84



100,0

қозылар мен лақтар бас.

93

100,0

93

100,0

92

98,9

құлындар бас.

83

101,2

83

100,0

78

94,0

торайлар бас.

766

85,4

547

71,4

432

95,8

Өнім өндіру, мың тонна:



















Ет тірі салмақта

13,2

118,2

15,0

113,7

17,2

114,4

Ет өлі салмақта

8,4

120,0

9,8

116,6

11,3

115,3

оның ішінде сиыр еті

2,2

100,0

2,3

104,5

2,4

104,3

қой еті

1,0

100,0

1,1

110,0

1,4

127,2

шошқа еті

0,4

152,8

0,5

125,0

0,3

60,0

Сүт

30,5

105,5

31,6

103,6

32,3

102,2

Жұмыртқа, млн. дана

110,9

116,8

114,1

102,9

109,4

95,9

Жүн, тонна

305

114,0

335

109,8

373

111,2

2007 – 2009 жылдар ішінде ауыл шаруашылығында ірі қара малының саны 14,9 ℅, қойлар мен ешкілер 61,3% өсті, жылқылар 66,3 %. ет өндірісі 71,6%, жұмыртқа 14,8%, сүт 17,7%, картоп өндіру 3,0 %, көкөніс 28,0 % өсті.

Жаңадан құрылған ЖШС «Семей несиелік серіктестігінде» 462,3 млн теңгенің несие желісі ашылды. Серіктестіктің қызметі басталған кезден бастап оның қатысушыларына қайтаруды есепке алғанда 352,7 млн. теңге несие берілді, оның ішінде 2009 жылы серіктестіктің 18 қатысушысына 51,0 млн. теңге несие берілді.

Аймақта өсірілетін ет бағытындағы ірі қара малының негізгі және ең үздік тұқымы қазақи ақ бас тұқымы болып табылады, олар жергілікті қатаң табиғи-климаттық жағдайларға төзімді болып келеді. Бұл ет бағытындағы тұқымды өсірумен шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар айналысады, сондай-ақ «Агрофирма Приречное» ЖШС айналысады, мұнда жыл басында ірі қарамалының саны 2,0 мың басты құрады. Шаруашылық қазақи ақ бас ірі қараны өсіру бойынша асыл тұқымды завод статусына ие болып табылады.

«Агрофирма Приречное» ЖШС базасы негізінде 500 бас ірі қараға арналған бордақылау кешені салынған. Оны бордақыланатын малмен қамтамасыз етуді өз ірі қара өндірісі есебінен жүргізеді.

«Нұр» шаруа қожалығының базасының негізінде 500 бас ірі қараны бордақылауға арналған алаңның құрылысы аяқталып, қазір пайдаланылып отыр.

Сүт бағытындағы мал өсіру Озерки, Новобаженово, Приречное, Ертіс, Достық, Жиенәлі, Знаменка ауылдық округтерінде дамып келеді. Новобаженово ауылдық округінде «Шолпан», Ертіс ауылдық округінде «Темір», Озерки ауылдық округінде «Баршын», Знаменка ауылдық округінде «Нұр» шағын сүт-тауар фермалары жұмыс істейді. Аталған шаруа қожалықтарында жылына 100- 150 тонна сүт өндіріледі.

Қала маңындағы аймақта сүт бағытындағы мал өсіруді дамыту өзінің өткізу нарығына жақындығына байланысты үнемі пайдалы және неғұрлым нәтижелі болып келді.Алайда аймақта сүт өндірумен айналысатын ірі шаруашылықтар жоқ, соған байланысты өнім өндірудегі өсім шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар есебінен болып отыр. 2007- 2009 жылдары өсім 6 % құрады. Жазғы кезеңде сүт өнімдерін өткізуде проблемалар пайда болады.

Таралған тұқым симментал тұқымы болып табылады, ол табынның 70 пайыздық үлес салмағын құрайды.

Абыралы аймағының және Жазық, Знаменка, Жиенәлі ауылдық округтерінің табиғи-климаттық жағдайлары қой шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Салада қазақи құйрықты қатаң жүнді тұқым басым болып келеді. Бұл жерлерде жайылымдар мен шабындық жерлер көп. Қатаң жүнді қой шаруашылығында тұқымды асылдандыру еттің сапасын арттыру мен ақшыл жүнді қойлардың санын арттыру бағытында жүргізіліп келеді.

Аймақта шошқа етін өндіруші Ертіс ауылдық округінің «Санум», Озерки округінің «Анастасия» және «Шанс» шаруа қожалықтары болып табылады.

Аймақта негізінен қазақи жылқылар және олардың өзге тұқымдармен будандары өсіріледі. Бұл жануарлар жақсы ет және сүт өнімділігімен, құлын табудың жоғары деңгейімен, жыл бойы табындап бағуда жақсы өміршеңдігімен ерекшеленеді. Аймақта жылқы еті мен қымызды негізгі өндірушілер төмендегі шаруа қожалықтары болып табылады: «Нұртаза» Приречное ауылдық округі, «Арқалық» және «Лябиб» Достық, «Әлихан» Айнабұлақ ауылдық округі.Аймақтағы негізгі мал басын беруші «Қайнар» ЖШС асыл тұқымды фермасы болып табылады, ол қазақ тұқымының жылқыларын өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық ретінде тіркеліп, куәлігін алған.

Аймақта құс шаруашылығы мал шаруашылығының ең жетілген түрлерінің бірі болып табылады. Өндірістік құс өсіру жұмыртқа бағытында да, ет бағытында да жүргізіледі.Жұмыртқа бағытындағы өндірістік құс өсірумен «Семей құс» ЖШС, ет бағытындағы құс өсірумен «Прииртышск бройлер құс фабрикасы» ЖШС айналысады.

Аймақта мал шаруашылығында гендік қорды сақтау бойынша белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізіліп келе жатыр. Қазіргі таңда ақ басты қазақи ірі қара малын өсіру бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы заводы статусына «Агрофирма Приречное» ЖШС, қазақи жылқы тұқымын өсіру бойынша «Қайнар» ЖШС, таза тұқымды мініс көлігі жылқысын өсіру бойынша «Жұмат» шаруа қожалығы, қазақи құйрықты қылшық жүнді қойларын өсіру бойынша «Үсен», «Нұр», «Гүлрайхан» шаруа қожалықтары, «Байыс» түріндегі қазақы құйрықты қылшық жүнді қойларын өсіру бойынша «Ақбастау» шаруа қожалығы, жұмыртқа бағытындағы «Изабраун» құстарын өсіру бойынша «Семей құс» ЖШС ие болып отыр.

Сала инфрақұрылымы.

Семей қаласы территориясында Достық, Озерки, Алғабас, Қараөлең ауылдық округтерінде өлген малдарды тастайтын 4 қойма бар, олар 2001- 2002 жылдары салынған. Эпизоотикалық жағдайды сауықтыру мақсатында Семей қаласында өлген малды тастайтын орын құрылысын аяқтау қажет және 14 ауылдық округтер мен поселкелерде де осындай құрылыстар жүргізілуі керек.

Ветеринария.

Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерде бекітілген ветеринарлық дәрігерлер мен лицензиат мал дәрігерлері бар.Олар тұрғындар мен фермерлерді қажетті ветеринарлық қызметпен қамтамасыз етеді.



жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау