214
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы: 1993. – 320 б.
2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: 1989.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: 1955. – 70 б
ӘОЖ 82:801.6; 82-1/-9
ЖОЛЖАКСЫНОВА А., КАРТАЕВА А.М.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
М. ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ӘДЕБИЕТІ
Мұхтар Әуезов ылғи да туған әдебиетінің таңдаулы туындыларынан нәр ала жүріп,
туысқан халықтар әдебиетіне ерекше мән бере қарап, орыс әдебиетінің заңғар сырларын терең
ұғынды. Шетел жазушыларының талантын танып, олардан рухани нәр алды. Соның нәтижесінде
Мұхаң ғұлама ғалым, дарқан дарын, кемел суреткер дәрежесіне көтеріліп, өзі де өзгелерге игі әсер
ететін аса талантты майталмандар қатарынан орын алды.
М.Әуезовтің қол артқан келесі бір үлкен арнасы –Түркі халықтары әдебиеті. Түркі
халықтары әдебиетінен алған ізгі нәрі мен тигізген игі әсерлері оның шығармашылығында
айрықша көз тартып, көңіл аудартады. 1922 жылы Ташкент табалдырығын аттап басқан
күннен-ақ, түркі халықтары әдебиетіне айрықша мән беріп, Абай нәр алған бұлақтардың
кәусарынан сусындап, әдебиет әлеміне еркін кіре бастайды да, оны өмірінің соңғы
сағаттарына дейін үздіксіз зерттеп, жазумен айналысқан. Соңдықтан Н.Тихонов: «Ол
әріптестерін үйіріп әкететін тамаша әңгімешіл адам, әсіресе, азиялық әдебиеттер мәселесінде
үлкен білімдар, аса көрнекті ғалым еді», - деген сөзінен М.Әуезовтің туысқан көрші
халықтар әдебиетін жетік білетіндігін көруге болады [1, 8].
М.Әуезов түркі халықтары қаламгерлерінің шығармаларын түпнұсқадан оқыған. Бұл
ретте М.Мырзахметұлының: «Ғылыми жетекшісі М.Ф.Гавриловтың арнайы тапсыруымен
және нақтылы басқаруымен Қожа Ахмет Яссауидің «Дивани хикметін», Ә.Науаидың
шығармаларын, Әбілғазы Баһадурдың «Түрікмен шежіресі» атты еңбегі мен Шаһнаманы»
және осман түріктері мен түркмен эпостарын оқып танысты», - деген пікірін толық қостауға
болады [2, 1]. Расында да, Мұхтар Әуезов Ташкентте аспирантурада оқьш жүрген кездерінде
Әлішер Науаи шығармаларын, соңдай-ақ Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметін»,
Әбілғазы Баһадүрдың «Түрікмен шежіресін», Фирдоусидің «Шахнамасы» мен түрікмен,
Осман түрк эпостарын
мұқият оқып,
әрі оларды зерттеп, үйрене түседі.
«М.Әуезов азиялық әдебиеттердің білімпазы еді. Қазақтың жаңа өсіп келе жатқан
жасөспірім жазушыларынан бастап дүние жүзі әдебиетінің аржақ-бержағын қыран көзімен
түгел шолып отыратын. Біз ғұламаның сабақтарын тыңдағанымызда Абай есімі арғы тұсы
Аристотель, әл-Фараби, бергісі Спенсер, Редиард Киплинг, Байрон, Пушкиндермен қатар
аталатын. Ол туған әдебиетін қандай кең зерттеп білсе, қырғыз, тәжік, өзбек, азербайжан,
түркмен, татар, кавказ халықтары әдебиеті тарихы жайлы сөйлегенде де тау суындай
екпіндетіп, түйдектетіп алып кетуші», - деген Ө.Күмісбаев сөзі М.Әуезовтің түркі халықтары
әдебиетінің терең білгірі екенін растайды [3, 98].
1922-1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінің (қазіргі ТашГУ)
Шығыстану факультетінің еркін тыңдаушысы ретінде оқи бастаған алғашқы күндерінен-ақ,
түркі халықтарының өмірімен, әдебиетімен, мәдениетімен, салт дәстүрімен жете таныса
бастайды. Шығыс классиктерінің шығармаларына ден қойып, оларды тереңінен танып
зерттейді. Әрі Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуді қолға алады. Белгілі ғалым
Мекемтас Мырзахметұлы: «1922 жылдан бастап Мұхтар Әуезов Абай шығармаларының
толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы ғылыми
мақалалар жазып, Абай өмірі мен шығармашылығын баспасөз бен дәріс оқу орны арқылы
насихаттау жұмыстарын қатар жүргізеді», - деп орынды байлам жасайды [4, 17]. Оның үстіне
Ташкенттегі Орман шаруашылығы техникумында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бере