Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет95/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   187

194 
 
қаншалықты  маңызды  болса,  олардың  Отанына  деген  сүйіспеншілігінің  мол  болуы  басты 
қажеттілік болып табылады. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете 
алатыны  күмән  тудырады.  Ұлтының  патриоты  болған  адам  ана  тіліне  бей-жай  қарай 
алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда 
келтіре  алатыны  анық.  Қазіргі  тәуелсіздік  жағдайында  патриоттыққа  баулу  –  айырықша 
маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан. 
Жалпы  әлеуметтік  тұрақтылықты,  ең  әуелі,  саяси  тұрақтылықтың  негізгі  қызметтерін 
сатылы  түрде,  бірізді  атқаратын  саяси  жүйе  қамтамасыз  етеді.  Ал,  бұл  оның  туындайтын 
мәселелері  мен  қайшылықтарын  дер  кезінде  анықтап,  оларды  шешудің  сәйкес  шараларын 
қабылдайтындығын  білдіреді.  Сондықтан  қоғам  тұрақтылығын  өз  іс-қызметінде  тек  
заңдар  мен  басқа  да  нормативтік  актілерге  сүйенетін  мемлекет  «жоғарыдан»  қамтамасыз 
етеді.  Осы  арқылы  жүйенің  қызмет  ету  қарқындылығы  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  жағдайда 
барша  саяси  билік  субъектілерінің  қызмет-  қайраткерлігін  бақылау  зор  маңызға  ие  
болады.  Алайда  тұрақтылық,  оның  ішінде  саяси  тұрақтылық,  қоғам  демократиялығының 
дамуына  қарай,  азаматтардың  жүзеге  асыратын  шынайы  саясаты,  саяси  басшылығының 
дұрыстығы  негізінде  билік  органдарына  деген  сенімінің  күшеюіне  қарай  едәуір  нығайып, 
мейлінше  тұрақты  бола  түседі.  Бұл  жағдайда  тұрақтандарушы  сана  патриоттық  санамен 
қабысып,  қоғам  дамуы  мен  нығаюының  күшті  тұрақтандырушы  факторы  маңызын  
иеленеді 

3


Жоғары  да  айтылып  кеткендей,  дәл  осы  патриотизм  қоғамның  саяси  бірігуіне, 
ынтымақтасуына  немесе,  керісінше,  саяси  жіктелуіне,  бөлінісіне  әкеле  алады.  Ақпараттық-
бағдарлық тұрғыда дәл осы патриоттық көзқарастар әрекет етуші саяси жүйе туралы саналы 
білімді  бойына  тұтып,  осыған  байланысты  адамдар  мінез-құлқының  саяси  бағыттаушысы 
болып  табылады.  Дәл  осы  патриотизм  адамның  өз  Отанында  үстемдік  ететін  саяси  билік 
жүйесін  қолдауының  немесе,  керісінше,  оған  қарсыболып  күресуінің  негізгі  себептерінің 
біріне  айналады.  Сонымен,  кеңінен  ұғынылатын  патриотизмнің  саяси  рөлі  саяси 
қатынастарды  тікелей  реттеушілігінен  көрінеді.  Қоғамның  саяси-әлеуметтік  құбылысы 
ретіндегі  патриотизм  саяси  билікке  тікелей  ықпал  етеді;  ұлттық-мемлекеттік  қауіпсіздікті 
қамтамасыз етеді; саяси және саяси-әскери тұрақтылыққа қолдау жасайды; қоғамның саяси 
мәдениетін қалыптастырады

4


Қазақстан  патриоттарының  сезімдері  мен  іс-әрекеттері  Отанға  және  оның  халқына 
бағытталған.  Патриотизм  –  бұл  саяси  идеология,  оның  басты  қағидасы  Отанға,  өзінің 
халқына,  Атамекеніне  деген  сүйіспеншілік  болып  табылады.  Бұл  өз  еңбегімен,  жанкешті 
ерліктерімен  елінің  беделін  арттырып,  халқының  абыройын  асыратын  Қазақстандық 
азаматтардың  күнделікті  өмірінде  пайда  болады.  Бірақ  ол  Отан  мен  Қазақстан  халқына 
қауіп  төнген  сындарлы  жағдайларда,  әсіресе  айшықты  әрі  қарқынды  түрде  туындайды. 
Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, сондай-
ақ  жауынгерлерді  туған  өлкені  батыл  қорғауға,  өз  халқының,  елінің,  Атамекенінің 
егемендігін,  «құрмет  көрсетіліп,  қастерленуі»  тиіс  шекарамыздың  бұзылмауын,  қоғамдық 
құрылыстың  мызғымастығын  қамтамасыз  етуге  даярлайтын  әскери  қызметтегі  
жасампаз  еңбегінен  көрінеді  дей  келе,  мемлекетіміздің,  қоғамымыздың  асқақ  арманы  
әрі  алға  қойған  басты  мақсаттарының  бірі  «Мәңгілік  Елге»  жету  жолында  патриот  
ұрпақ тәрбиелеп, өз бойымызға да патриоттық сезімді сіңіру біздің үлкен міндетіміз! 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы: Дайк Пресс, 2007. -458 бет. 
2. Көркембаев Р. Қазақстандық патриотизм немесе оның қалыптасу жолдары // Семей таңы, 2009, №7, 3-бет. 
3. Мускунов Қ. Қазіргі таңда ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі. – Қарағанды, 2011, 156-бет 
4. Электронды ресурс: http://kazgazeta.kz?p=2849 
 


195 
 
ӘОЖ904.008.212.2 
ТАТИЕВ Е.Е. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ҰМАЙ АНАҒА ҚАТЫСТЫ ПЕТРОГЛИФТЕРДІҢ  
БІРҚАТАР МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аналық рудың орнына келген аталық рудың үстемдігі жаңа тас дәуірінен бастау алса да 
Ұлы дала жерінен толығымен аналық ру белгісі жойылмады.Ертетүркі тілдес халықтарының 
ұрпақ жалғастырушысы, береке, молшылық тәңірісіретінде Ұмай ана саналды (1-сурет). Әр 
дәуірдің  мифтік  әңгімежәне  бейнелікформаларында  Ана  ұғымы  ерекше  орынға  ие  болды. 
Көшпелі  халықтардың  тұрмыс-салт  дәстүрінде,  тарихы  мен  мәдениетіндеАна  –  отын-
ошақтың, үй жылуы-түтіннің иесі. 
Ұмай  ананың  көркемдік  бейнесі(образы)ғалымдардың  зерттеулері  көрсеткендей,  тас 
бетіне бедерленіп салынған және олар ежелгі түркі дәуіріне тиесілі. 
Жалпы  түркі  дәуіріндегі  петроглифтердіңбасым  бөлігі  жауынгерлік  сипатта 
бейнеленген. Ту ұстаған асыл бекзадалар мен ақ сауыт асынған жауынгерлер сайын даланың 
құдіреттілігін  паш  еткендей  әсер  береді.  Сонымен  қатартүркі  дәуіріндедіни  сана 
формаларынақатысты  петроглифтерде  бар.    Бұл  жағынан  алғанда  «Ұмай  ана»құдайына 
қатысты тас бетіндегі суреттерді айтуымызға болады.  
 
 
Сурет 1 – Ұмай ана. Жамбыл облысы, Кіші Қаратау тауы, Билікөлі 
 
«Ұмайға»  қатысты  шығармалардың  бірі  Жамбыл  облысы,  Кіші  Қаратау  тауы, 
Билікөлінде  табылған  ескерткішке  тиесілі.Аталмыш  тас  бетіне  қашалған  бедерлі  суретті 
зерттеген  С.М.Ақынжанов  өзінің  «Об  этнической  принадлежности  каменных  изваяний  в 
«трехрогих» головных уборах из Семиречья» деп аталатын мақаласында былай деп жазады: 
«1969 жылы Жамбыл облысы, Майтөбе ауылында,  Билікөл көлінің оңтүстік жағасында, тас 
тақтаның  кесіндісі,  адам  беттері  контурлы  техникамен  орындалған  бейнесі  табылған.  Ол 
жалпақ  та  жасылдау  түсті  тақта  таста,  ұзындықпен  70,  ені  66  және  қалыңдығы  10  см  .  Бет 
жағы  жақсы  аман  сақталған.Ол  дөңгелек  және  үлкен  жақты.  Үлкен сопақ  формалы  көздері 
кеңсірікке  таяу  отырғызылған.  Түзу  және  ұзартылған  мұрын,  негізге  қарағанда  аз-кем 
артықтау.  Ол  сызық  түрінде,  сырқыра  иілген  көз  шараларының  үстіндегі  қастармен  бірге 
кесілген.  Бұл    Т  –тәріздес  бейнелі  танау  және  қастардың,  бірыңғай  кешенде  болуы,  -
қыпшақтық  тас  мүсіндеулердің  көркем  қабылдауларында  ортақ.  Ауыз  нұсқалары  нашар 
салынғаны  бақыланып  отырады.  Сол  құлаққа  көлемді  үш  қалақты  салпыншақтармен  сырға 
бекітілген. Оң құлақ жартылай бүлінген».Бұл ежелгi қыпшақтар тарихын зерттеген көрнектi 
тарихшы Сержан Ақынжановтың аталған кескінді бейнеге берген ғылыми сипаттамасы. 
Сондай-ақпетроглифтанушы    А.Г.Медоевосындай  үш  айдарлы  Ұмай  ана  бейненің 
шығыс Алтайдағы, 1924-1925 ж. Шулышман аудандағы, Кудыргэ жазығында табылғандығын 
жаза келе, Билікөлде табылған көне туынды үлкен сюжеттік композицияның  бір бөлігі ғана 
болуы мүмкін деген болжам жасаған. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау