147
негізінен аяқталды, еліміздің халықаралық беделі артты, Қазақстанның сыртқы саяси
бастамалары бүкіл әлемге кеңінен танымал. Біздің еліміз Азия құрлығында қауіпсіздік
құрылымдарын құру, мәселесін белсенді қолға алды. Қазақстан сыртқы саясатының шешуші
мақсаттары мен принціптерінің негізінде:
- ұлттық мүдделерді қорғау;
- елде экономикалық реформаларды жалғастыру және демократиялық институтарды
нығайту үшін сыртқы қолайлы жағдайды қамтамасыз ету;
- әлемнің барлық елдерімен тең құқықты және әріптестік қатынастарын дамыту;
- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсенді қатысу;
- ғаламдық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдану және нығайту
мақсатында жетекші мемлекеттермен стратегиялық өзара ықпалдастықты кеңейту;
- халықаралық ұйымдармен ыгтымақтастықты тереңдету міндеттері жатыр.
Еліміз географиялық тұрғыда тепе-теңдестірілген белсенді сыртқы саясат жүргізуі қажет.
Алдағы уақытта экономикалық дипломатияның рөлін арттыруға баса назар аударылды.
Бұл ретте бірінші кезекте Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал ету және сыртқы саяси
мамандандыруды жаңарту, шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық экономикалық
ұйымдарға қатысуды қамтамсыз ету, қазақстандық кәсіпкерліктің әлемдік рыноктарға
шығуына көмектесу, шетелде қазақстандық бизнестің және экономикалық субьектілердің
мүдделерін қорғау сияқты міндеттер тұрады.
Қазақстан Республикасы ХХI ғасырға салмақты сыртқы саяси ресурсы-пәрменді
сыртқы саясаты мен экономикалық өсу мен саясаты бар мемлекет ретінде енді. Қазақстандық
дипломатияның өтпелі кезеңде, бірегей және өзгермелі геосаяси ландшафт жағдайында
қимылдауына тура келіп отыр. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының бағдарламалары
анық: олар-еліміздің ұлттық мүдделерін дәйекті қорғау, басқа мемлекеттермен сындарлы
өзара ықпалдастықты тереңдету, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, қалыптасып
келе жатқан әлемдік тәртіптігін демократиялық негізін нығайту[2, 3].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Теориялық саясаттану. Оқулық. - Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005.
2. Егемен Қазақстан 2001 ж, 23 ақпан.
3. Назарбаев Н.Ә Ғасырлар тоғысында, Алматы 1996 ж.
ӘОЖ 316.624:619.89-008
ҚИНОЯТОВА Н., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
СУИЦИД – ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ДЕРТІ
Кез келген адамға бұл өмірдегі ең қымбат не десек, көбінесе «өмір сүру» деген жауапты
аламыз. Алайда кейбір жандар үшін бұл өмірден кету бәрінен дұрыс шешім болып көрінеді.
Қазіргі таңда адамзаттың өз өміріне балта шабуы – қоғамның дертіне айналып бара жатыр.
Бұл дертпен қүреспесе ол бүкіләлемдік қауіпке айналары һақ, алайда қазіргі таңда бұл дертке
айналып та кеткенін біз жоққа шығара алмаспыз.
Жалпы суицид дегеніміз не? Ол жайлы толығырақ ақпарат алу үшін, ең алдымен оның
тарихына тоқтала кететін болсақ. Бұл термин XVII ғасырда пайда болған. Алайда XVIII
ғасырдың ортасына дейін мұндай ұғым кеңінен пайдаланылмаған. Бірақ бертін келе, XX
ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап тұрғындардың өзіне-өзі қол жұмсауы етек ала бастаған.
Міне, осы кезде ғылымда «суицидология» (суицид туралы ілім) атты дербес зерттеу саласы
қалыптасып, «Суицид» терминін итальян психологі Г. Дэзен 1947
жылы енгізіп, оны «өзін-өзі
өлтіруге әрекет ету» - деп түсіндіреді[1].
Суицид ақыл-есі кем адамның ғана іс-әрекеті деп айтуға келмейді. Себебі бұл әрекет
көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқында кездесетіні анықталып отыр.Түрлі міне-