Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет73/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   187

148 
 
құлық көріністері арқылы суицидке бейімділікті анықтауға болады: 
1.Типологиялық белгілері бар адамдар тобына 
- өзіне деген сенімсіздік 
- өзін бағалау деңгейі төмен 
- оптимизмнің төменгі деңгейі және күнделікті әрекетте белсенді 
- өзін кінәлауға бейім 
- өзін қорғансыз сезінеді 
- инфантилизм (дамудағы тежелу) 
2. Басқалармен қатынасқа түскенде көрінетін мінез-құлықтық белгілеріне мына топтағы 
адамдарды жатқызамыз:  
- мінез-құлық құрылымының өзгеруі. 
- өзіне тән емес тұйықтық және көпшілік адамдармен араласуда белсенділігінің төмендеуі 
- мінез-құлықтың қозуы және белсенділіктің жоғарылығы. 
- тұлғааралық қатынастардың бұзылуы 
- шешім қабылдағанда ерік жігердің болмауы [2]. 
Шетелдік  ғалымдардың  пікірінше,  суицидтің  үш  түрі  бар  көрінеді.  Оның  біріншісі-
шынайы  суицид.Мұндай  жағдайда  адам  өмірден  түңіледі,  үнемі  көңілсіз  жүреді.  Өмір 
сүрудің  мән-мағынасын  жоғалтады.  Ақыры  өзіне-өзі қол  жұмсауға  бел  байлайды.  Екіншісі- 
жариялы  суицид.  Әдетте,  мұндай  жолды  таңдағандар  өлместен  бұрын  өлгісі  келетіндігіне 
өзгелердің  назарын  барынша  аударуға  бейім  тұрады.  Мәселен,  біреумен  ренжіссе  болғаны 
қолына  суық  қару  немесе  арқан,жіп  ала  жүгіріп,  «өлем»  деп  өзгелерді  үрейлендіргісі 
келетіндер осы топқа жатады. 
Ал  үшінші  бір  тобы  –  жасырын,  яғни  құпия  суицид.  Бұған  барғандар  өзіне-өзі  қол 
жұмсаудың  жақсы  еместігін,  абырой  әкелмейтінін  жақсы  түсінеді.  Алайда  оларға  тірлікте 
кездескен  қиындықтан  шығатын  жол  жоқ  болып  көрінеді.  Бұған  көпшілігінде  нашақорлар 
мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.  
Әр жас кезеңіне сай суициальды белсенділік тән болады. 
- Бaлалық шaқ -12 жaсқа дeйін 
- Жеткіншeк кeзең – 12-17 жaс 
- Жастaр aрасы – 17-19 жaс 
- Ерeсектер арaсы – 30-35 жaс 
- Қарттық кезең – 55-70 жас. 
Стaтистикалық  мәлімeттерге  сүйенсек  дүниeжүзінде  әрбiр  20  секунд  сaйын  бiр  адам 
өзіне-өзі  қол  жұмсайды.  Жылына  4  миллион  адaм  өзін  ажалға  қиып,  шамамен  20  миллион 
тұрғын  өмірімен  мәңгілікке  қоштасуға  әрекет  жасайды.  Отбасылық  келіспеушіліктерге 
байланысты 9 жасқа дейін 2,5 пайыз, ал 9 жастан кейін 80 пайызы суицидке барады. Өзіне-
өзі  қол  жұмсайтындардың  1/3  бөлігі  маскүнемдік  пен  нашақорлықтың  кесілінен,  2/3  бөлігі 
депрессияның  себебінен  көз  жұмады.  Маскүнемдік  пен  нашақорлық  түсінікті,  сау  кезінде 
өзін-өзі  өлтіру  ойында  болған,  мастықтың  не  нашаның  кесірінен  есінен  танған  кезде  сол 
ойына түскен себепті, не істегенін өзі де білмей қалады [3]. 
Суицидке  итеретін  себептер  өте  көп  әрі  сан-қилы  сондықтан  да  оларды  төмендегідей 
топтарға жіктейміз: 
  Жеке өмірдегі қиыншылықтар 

 
отбасылық жанжалдар, ажырасу 

 
сәтсіз махаббат 

 
жақын адамын жоғалту немесе оның қатты сырқаттану 

 
жалғыздық, көңілдің бөлінбеуі  

 
жұмыстағы сәтсіздіктер 

 
қаржылай шығынға ұшырау 

 
қалыпты өмірдің күрт өзгеруі 

 
аутинг 

 
айықпас дертке шалдығу 


149 
 

 
күйзеліске түсу (өз-өзіне қол жұмсайтындардың 15%-ы) 

 
жалған жала жабу 

 
зорлық-зомбылық көрсету 
  Экстремалды жағдайлар, өмір сүру мүмкін емес орта 
  Өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы 
  Мәжбүрлі суицид(сот шешімі, жақын адамдарының алдында жасаған қылмысы үшін 
ұялуы, өлім жазасына кесілу) 
  Арды сақтау мақсатындағы суицид. 
Адaмдар белгілі бір қиындыққa тап болғанда нeмесе oл бейімделгeн ортa одaн бaс тaртқан 
кeзде,  oл  өзiн-өзiне  қол  жұмсауға  барaтыны  ғылыми  зeрттеулерде  дәлелдeнген.  Қaзіргі  жастaр 
қауымының  суицидкe  бaруы  –  олaрдың  өмірлерінде  тәжірбие  болмaуына,  олaрдың  алдaрына 
қoйылған  мақсaттарына  жeте  алмауы  сeбебіне  жәнe  өмiр  қиыншылықтарына  шыдaмауына 
бaйланысты бoлады. Бұғaн жaлғыздықтыңда ықпалы бар. Балa таңның атысы кештің батысына 
дeйін компьютер алдында отыруы, компьютергe дегентәуeлділік, виртуaлды әлемнeн бiр сәтке де 
ажырамaй,  бaсқа  бір  әлeмді  аңсaуы,  шынайы  өмірмeнен  бeтпе-бет  келген  кезде  баланың  беті 
қaйтып, өз-өзіне  қoл салуға сoқтырады.  
Суицидке адамдар арнайы ғана емес аңдамай да баруы мүмкін, яғни өзі қай жолға кетіп 
бара жатқанын білмей соңында қайғалы жағдайға ұшырап, о дүниеге аттанып жатқандарын 
жатқызамыз.    Оған  мысал  қазіргі  таңдағы    әлеуметтік  желілер  арқылы  тарап  кеткен  «Көк 
кит» ойыны. Бұл oйын жайлы бірaз зерттeулер жүргiзе отырып, сұрaстырып көрдім. Ойын ең 
алдымeн  Ресeй  жерінде,  қaзіргі  таңда  Қазaқстан  мeн  Қырғызстaнға  жеткен  екен.  Ойынның 
бaрысы – ойынға кіріп, куратордың яғни осы ойынды жүргізетін адaмның хабарын күтeді. Ол 
50 тaпсырма береді. Ең соңғы тапсырмaға келгенде асылып өлeсің бе, әлде сeкіріп өлесіңбe 
дeген  таңдау  қoйылады.  Ал  егер  тапсырмадан  бас  тартатын  болса,  оның  жақын  туыс-
тумаларын  о  дүниеге  аттандыратындарын  ескертеді.  Бұндай  қорқытудан  сoң,  бaла 
амaлсыздан тапсырманы орындaп, өз-өзіне қол жұмсaйды. Бізге міндетті түрдe неге бұл ойын 
«көк кит» деп атaлатыны сұрaқ тудырaды. Себeбі көк кит- сyицид жaсаушылардың симвoлы 
екен.  Көк  киттер  көбіне  жасы  жеткен  уақытында  теңіз  жағаларына  шығып  қалып,  өздерін 
өлтіреді. Бұл ойын әсіресе 18 жасқа толмаған жасөспірім балалар арасында кең тарап кеткен. 
Қазіргі  таңда  бұл  ойынның  алдын  алу  шаралары  жүргізіліп  жатыр.  Атап  айтатын  болсақ 
барлық әлеуметтік желілер арқылы бұл ойынға қарсы құлақтандыру жүріп жатыр, сонымен 
қатар  18  жасқа  толмаған  балаларды  ата-анасының  рұқсатынсыз  әлеуметтік  желіге  кіргізбеу, 
рұқсат берген күннің өзінде ата-анасының қатаң бақылауында болу.  
Суицид-әр  азаматтың  өзінің  жеке  шаруасы,  әрі  өзінің  шешімі.  Десек  те  өз-өзіне  қол 
жұмсау  қиындықтың,  шиеленіскен  мәселенің  дұрыс  шешімі  емес.  Қиындықтан  шығар  жол 
әрқашанда  табылады.  Ол  үшін  адам  ең  алдыменөзгеге  емес  өзіне  сенуі  қажет,  өзін  жақсы 
көруі тиіс. Жамандықтың артында жақсылық тұрғанын ешқашан да ұмытпағаны жөн. Тоқсан 
ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  өмір-ащысы  да  тәттісі  де  қатар  жүретін  бұрмалаңдарға  толы 
қиын  да  қатал  жол.  Сені  қаншалықты  аяғыңнан  шалатын  қиындықтар  толып  жатса  да,  сен 
басыңды  тік  көтеріп  алға  қарай  ұмтылуың  қажет.  Осы  өмірден  жалықтым,  қиындықтардан 
шаршадым, мен бақытсызбын десең, айналаңа бір рет болсын көз жүгірт қаншама адам осы 
өмірге  ынтық.  Қаншама  адам  айықпас  дерттерімен  күресуде.  Оның  жанында  сенің  мәселең 
түкке тұрғысыз екенін, және оның шешімі бар екенін ұғынасың. Өміріңмен қоштаспас бұрын 
дұрыстап  ойлан  бәлкім  сенің  әлі  іске  асырмаған  шаруаларың  бар  шығар,  бәлкім 
орындалмаған  армандарың  да  бар  шығар,  сен  мүмкін  басқа  да  бір  жанға  керек  шығарсың. 
Сондықтан ойлан, себебі суицид – тығырықтан шығар жол емес! 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. И.М. Дармедова.Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану = Социальная педагогика и самопознание.-
2013-№2.-18 бет. 
2. М.Әділбекова. Жантану мәселелері-2010.-№1.-38 бет. 
3. И.М. Дармедова.Әлеуметтік педагогика  және өзін-өзі тану=  Социальная педагогика  и самопознание.-
2013-№2.-18 бет. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау