Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет80/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   187

163 
 
бейнеленеді.  Бөгенбай  батыр  өзіне  шаншыла  қараған  Абылайдан  сескеніп,  «Көзінің 
ұшқындауы жаман екен» деп іштей қиналып қалса, Бөрібай бастаған жастар: «Абылай басқа 
төрелерге ұқсамайды ғой. Мүлде ұқсамайды» дейді. Қараша қазаққа іш тартатынын мезгейді. 
Тағы  да  бірде  роман-трилогия  Абылай  сұлтанды  жоңғар  қонтайшысы  Қалдан-Сереннің 
көзімен  бағалауға  беттейді.  Қонтайшы  ұзақ  монологында  қазақтың  өзге  хандарын  бір  төбе, 
Абылайды бір төбе көреді. Шыңғыстың ұрпағы дейтін дардай аты бар, бірақ «заты оған сәйкес 
емес келмесе де әйтеуір қазаққа бүйрегі бұрмайтындары белгілі» деп төре тұқымына іш тартып, 
Абылайды  оларға  қарсы  қояды.  «Көшпенділер»  мен  «Елім-ай»  авторларының  ұлы  Абылай 
туралы көзқарасы «Қазақтың ханы Абылай» деп толғайтын Бұқар жырау позициясымен өзектес. 
Қонтайшы монологы арқылы Қазақ елінің осал Һәм күшті жақтары талданған.  
Жоңғар  қонтайшысы  Абылай  бастаған  қазақтың  әйгілі  батырлары  мен  билерінен 
хауіптенеді.  «Әй-й!..Бәрібір  олардың  Абылайы  бар-ау!  Абылайы  бар  ғой...»  деп 
жабығады.Бұл  сюжеттерден  Абылай  ханның  айбаты  мен  мықтылығын  анық  көрге  болады. 
Жазушы ханның бар болмысын бір шығармамен толық жеткізе білді.  
Тарихтың легімен жылжып, оны біздің алдымызға  жеткізе білген тағы бір жазушы ол 
Қабдеш Жұмаділов.   «Көшпенділер» трилогиясындағы үлкен детальдардың көрінісі Қабдеш 
Жұмаділовтың «Дарабоз» шығармасында кездеседі. Жазушы тек қана жеке кейіпкерді емес, 
күллі тарихты қоса қозғайды. «Көшпенділермен» тұстас жері де осы. Шоқан Уәлихановтың 
«қазақтың ерлік кезеңі» деп атап кеткен уақыты, яғни  ХVIII ғасырда орын алған оқиғаларды  
көркем бейнелеген туынды, дилогия да осы. Қабдеш Жұмаділов өз қаһарманының характерін 
өзге арқылы ашады. Абылай Қабанбайды көзсіз ерлігі үшін жақсы көреді. Ол билікке таласы 
жоқ,  қарадан  шыққан  батыр  болса  да,  Абылай  үшін  Дарабоздың  көзқарасы  маңызды. 
Қабанбайды  көргенде  хан  екенін  ұмытып,  атының  басын  ұстап,  жылап  көрісті.  Бұл  жерде 
Қабанбайдың  бейнесі  арқылы  Абылайдың  характері  ашылды.  «Егер  тарихтың  қозғаушы 
күші  –  халық  екені  рас  болса,  сол  халықты  бастайтын  серкесі  бар  емес  пе?»-    қаламгерді 
толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, 
батыры  Бөгенбайлар  тұлғасы  оқырманға  жол  тартты.  Бірде  ойлантқан,  бірде  толғантқан, 
бірде  мұңайтқан,  бірде  қиялыңды  шарықтатқан  нәрсе  –  жазушы  бойындағы  дала 
табиғатының,  сол  даланың  еркін  перзенттерінің  қайсар  мінезі…    Жазушы  тағылымы  әр 
жұмыр  басты  пендені    өзін-өзі  тануға  итермелейді,  мынау  жалпақ  жер  бетіндегі  Адам  деп 
аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса,  өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса,  зұлымдық қайдан 
келеді  –  деген  сауал  төңірегінде  толғаныс  жасауға  шақырады.  Қазақ  тарихында  туған  жер, 
тал  бесік,  тас  босаға  үшін  қу  далада  тәні,  құла  түзде  көрі,  құба  белде  елі  қалғанша  жанын 
пида етіп, басын бәйгеге тіккен, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер де аз емес. 
Осындай  азаматтардың  аттарын  ардақтап,  абыройларын  асқақтатып  жүрген  –  жазушылар. 
Жазушы  қашанда  тарихшы.  Әдебиеттің    басты  парызы  –  адамзат  естелігінің  үзік-үзік 
болмауына  күш  салу.  Қабдеш  Жұмаділов  осы  міндетін  толықтай  орындаған  қаламгер. 
Тарихи  сабақтастық  немесе  тарихи  тамырластық  секілді  ұғымдар  әдебиетте  де  бар. 
Тыныштық  пен  тәуелсіздік  үшін  күрескен,  қазақ  халқын  жоңғар  басқыншыларынан  азат 
етушілер  қатарында  есімі  эпикалық  биікке  көтерілген  ер  тұлға  тумысынан  билікке  шығу 
психологиясы бірге калыптасқан, жеке басының абыройы мен мансабын қатар ойлаған жан 
ретінде  Абылайдың  пендешілік  қасиеті  қат-қабат  өрілетін  шығармалардағы    таным  қуаты 
осындай.  Романдардың  әр  бетінде  бағдар  сілтеп,  ойға  жетелеп  отыратын  таным  қуаты  мен 
тағлым мұратының сырына қанығу міндетін арқалайсыз. Батыр да атанған, ақыры хан тағына 
да  отырған,  алайда  жарық  дүниеден  өкінішпен  аттанып,  өкініште  қоштасып  бара  жатқан 
Абылай толғанысы ойға батырады. Расында сонау даңққа бөленген батырлықтан да, абырой-
атаққа оранған басындағы бақ, астындағы хандық тақтан не қалды бүгін? Хан тағына жету 
үшін ұзақ та бұралаң жол басқан Абылайдың жан толқыны нені меңзейді. Осы бір сұраққа 
көңіл-күйі қасірет шеккен күннің бірі – бүгін жауап бергісі келген Абылай жайын аңғарасың. 
Ең  әуелі  сол  хан  тағы  не  үшін  керек  болды!?  Өлімнен  артық  қасірет  жоғын  сезінген 
болмысын көреміз. Иә, хандық  құру мен мансапқорлықтан ғана туды ма  сол арман?  «Жоқ, 
Бұқар  аға,  онда  сен  мені  білмегенсің.  Қолыңда  күшің  болмаса,  кімге  айтқаныңды  істете 


164 
 
аласың?  Ұлы  хан  тағына  отырсам,  қазақ  елін  өзімнің  дегеніме  жеткізем  деп  ойлағам…  Ал 
соңынан… Әділетті ұлы хан болсам, халық менің бұрынғы қиянаттарымды ұмытады ғой деп 
сенгенмін… Хан бар жерде қиянат болмауы мүмкін емес екен. Бірақ мен сол қиянатымды да, 
озбырлығымды  да  халқымды  уысымда  ұстау  үшін  жұмсадым,  ел  бірлігін  күшпен  сақтамақ 
болдым» деген Абылай толғанысы өмір сабағынан алған танымдық зердеге ұласады. 
Абылай  табанды  күрескерлігінің,  айтқанынан  қайтпайтын  батырлығының  және  халық 
талайы таразыға түскенде сын сағатта ешкіммен де ымыраға келмейтін қатал, қатыгездігінің 
арқасында  қазақ  елінің,  жерінің  бостандығын  қорғап  қалды.  Әл  үстінде  ауырып  жатқан, 
Абылай Бұқар жырауға айтқан:  «…Менің кеңесіммен жүрер ұл-қыз болар ма  екен? Сөйтсе 
де,  екі  кеңесім  бар.  Бірі  –  қазақ  аз  ел  ғой,  азып-тозып  кетпес  үшін,  қолдарынан  келсе, 
солардың  бірлігін  сақтасын.  Бірлігі  бар  елді  басқару  –  жеңіл.  Екінші  айтарым,  мен  елу 
жылдан  астам  соғыс  жүргіздім.  Жетпіске  келген  жасымда,  мейлі  айла  құрайын,  әйтеуір, 
шығыс  жағымнан  келген  жауға,  әсіресе,  Қытайға  қазақтың  бір  бөлшек  жерін  бергем  жоқ» 
деген жолдардан Левшин айтқан жоғарыдағы мінездеме сырын емес, көркем болжал арқылы 
өрілген  жазушы  түйіні  мен  тарихи  таным  сипатын  көреміз.  «…қазақ  аз  ел  ғой,  азып-тозып 
кетпес  үшін,  қолдарынан  келсе,  солардың  бірлігін  сақтасын»  деген  ұлы  ханның  сөзінен-ақ 
ұлты үшін, халқы үшін қанша қан кешкенін байқауға болады.  
Сөзімнің соңында Ілияс Есенберлиннің жазылмаған күнделігінен алынған ойды келтіре 
кеткіміз  келеді:  «Мен  қазір  неліктен  тарихқа  көп  ден  қойып  жүрмін?  Ағаш  биіктепөскен 
сайын,  оның  тамыры  дажерге  бойлап,  тереңдейтүспей  ме,  адам  да  солай.  Ол  болашағы 
туралы  көбірек  толғанған  сайын  өткен  тарихы  жайында  көбірек  білгісі  келеді.  Онсыз 
болашақты құруға  да болмайды». 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Есенберлин І. Көшпенділер: Тарихи трилогия. –Алматы,1992. -584 б. 
2.  Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. –Алматы: Жазушы, 1997. – 368 б. 
3.  Сматаев С. Елім-ай: Роман трилогия. – Астана: Фолиант, 2003. – 424 б. 
4.  Жұмаділов Қ. Дарабоз: Тарихи роман: 2 томдық. -Алматы: Шабыт,1994.  
5.  Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным және коркемдік.Алматы:Санат, 1997. – 336 б. 
6.  Тынышбаев Л. Ардақты Абылай хан / Л. Тынышбаев // Қазақ тарихы. – 2002. - №2. – 140-168 бет. 
7.  Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары: Әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1979. – 164 б. 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
МЕЙРАМ М., АЙТМУКАШОВА А.А. 
С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЕТІСТІКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 
 
Қимыл есімі ( кейде тұйық етістік, қимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену 
жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі. Барлық етістік формалары 
жіктеліп жақтық, шақтық   мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, 
есімдерше  көптеліп,  тәуелденіп,  септеліп  қолданылады.  Қимыл  есімінің  етістіктің  бір  түрі 
бола  тұрып    мұндай  ерекшелікке  ие  болуы  қимыл  әрекеттің  өзің  емес,  сол  әрекеттің  атауы 
ретінде қолданылуына байланысты.  
Ахмет Байтұрсынұлы қимыл есімін тұйық рай деп атап, « Тұйық рай дейміз – істің беті 
белгісіз  тұйық  күйінде  тұрғандағы  айтылатын  сөз  түрін.  Мәселен,  қарамақ,  саумақ,  бармақ 
дегенде  кім?  қашан?  қалай?  істегені  мәлім  емес.  Осындай  сөздер  тұйық  рай  болады»[1, 
20б.].Ахмеди  Ысқақов  қимыл  есімін  қимыл  атауы  деп  атап,  -  у  жұрнағы  арқылы 
жасалатынын айтады[2]. 
Ыбырайым  Маманов  та  қимыл  есімі  туралы  пікір  білдірген.  Тіл  білімінде  іс  -  әрекет 
атауы  ретінде  берілетін  сөздер  “қимыл  есімі”,  “қимыл  атауы”,  “у  тұлғалы  қимыл  есімі”, 
“тұйық  рай”,  “тұйық  етістік”  сияқты  терминдермен  беріліп  жүрді.  Соңғы  кездерде  “қимыл 
есімі”  деген  термин  тұрақталып  келеді.  Қимыл  есімі  дегенде,  әдетте,    -  у  тұлғасы  негізге 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау