Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет37/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   187

75 
 
айқындаулар.   
Айқындаулардың  әр  ақынға  тән  қолданысында  өзіндік  ерекшелігі  бар  екенін 
Ж.Әбдірашев  өлеңдерін  мысалға  ала  отырып  дәлелдеуге  болады.  Бейнелеу  құралдарынан 
дерлік  ұлттық  сипатты  анық  көруге  болатыны  заңды.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Жарасқан 
өлеңдеріндегі  айқындаулардың  ұлттық  белгісі  анық  екенін  айтамыз.  Ақынның 
«Армысыңдар, қарттарым» өлеңіндегі айқындаулар мынадай: алмас жүзді анттарым, ақ боз 
атты  дәстүрім  мен  салттарым,  сұңқар  мінез  дәстүрім  мен  салттарым.  Бұл  айқындаулар  
екінші қырынан ауыстыруға ұласады, ақын дәстүр, салт, антдеп қарттарды айтып тұр [4, 24]. 
«Ұйқысыздық» өлеңінде  ақын көңілді  уақытқа сәйкес әр түрлі  айқындаулармен береді. Ең 
әуелі «сәби көңіл» деп алынып, сол айқындауға сәйкес іс-әрекет, мінез беріледі: 
Сәби көңіл қол созып күнге жырақ, 
Жүргеннен бе жете алмай мүлде бірақ, 
Бірде толқып оянам, бірде қорқып, 
Бірде күліп оянам, бірде жылап [4, 43]. 
Сәбиге тән мінез бен қылық суреттеліп, мұның бәрі сәби көңіл деген эпитетті  бейнелеп 
тұр. Келесі шумақтағы айқындау «пенде көңіл» болып, енді сол көңілдің пенделік болмысы 
айқындалады: 
Пенде көңіл өзінше шын данасып, 
Жүргеннен бе тірлікте жұлмаласып, 
Бірде бөсіп оянам, бірде шошып, 
Бірдетасыпоянам, бірдежасып [4, 44]. 
Тірліктегі пенделік  әрекеттердің барлығы осылайша жинақталып келіп,  «пенде көңіл» 
айқындауын  жан-жақты  танытады.  Сол  сияқты  «жігіт  көңіл,  «батыр  көңіл» 
айқындауларының  да  мән-мағынасы  шумақ  мазмұнында  ашыла  түседі.  Ұйқысыздық  – 
мазасыздық  мәні,  өмір  қағидасы  адам  жанын  түрлі  құбылыстарға  әкелетінін  бейнелеудегі 
ақын  эпитеттері  өте  сәтті  шыққан.  «Көңіл»  ұғымы  тағы  бір  өлеңінде  «сері»  деген 
айқындаумен беріледі: 
Сері көңіл қашты алып,  
Сұлу қызға сыр аштым [4, 74]. 
«Бойдақ  жыры»  деп  аталатын  бұл  өлеңінде  қыздың  өзі  мінез  болмысына  сай  әртүрлі 
айқындаулармен  келтірілген:  «ойлықыз»,  «еркеқыз»,  «алуанқыз».  Жастық  шақалбырттығы, 
алып-ұшқан арманшыл көңілді бейнелеуде бұл айқындаулар да маңызды орынға ие. Көңіл-
күй  құбылыстарын  танытуда  ақынайқындауларға  көп  жүгінеді.  Қайғы-мұң  әлеміне  қарама-
қарсы «жаз күлкі», «жарқын мінез» айқындаулары алынады: 
Қашан да қайғы-мұңға майдан ашқан, 
Жазкүлкі, жарқынмінез қайда қашқан? [4, 68] 
Ақын тіліндегі айқындаулардың өзі асқақ пафосқа бағындырылған: 
Тарықсаң табатұғын көңілемін – 
Тарқатты талай тойды төңірегің. 
Жатырма жүрегіңде тайталасып, 
Толғақтыой, тентексезім, өмір-өлім! [4, 68] 
Сезімнің  «тентек»  деген  айқындаумен  берілуі  ақынның  лирикалық  қаһарманының 
бөлекше  мінезін  аңғартқандай.  «Тентек  сезім»  айқындауы  енді  бірде  «бұла  сезім» 
түріндекеліп, реңктік мәнін сәл өзгертеді: бұла сезім буған кезде кеудеңді [4, 69].  
Жарасқан  тіліндегі  «күзгі  гүл»,  «суық  сыңай»,  «ызалы  түр»,  «сыздап  қалған  жүз»   
айқындаулары көңіл-күй, мінез, сезім құбылыстарын бейнелеуде маңызды роль атқарған.  
Айқындаулар  К.Мырзабековте  көбінесе  табиғат  суретіне  қатысты  ұшырасады.  Ақын 
табиғатты  суреттегенде  теңеулер  сияқты  айқындауларды  да  мезгілді,  құбылысты  көрсету 
мақсатында  пайдаланған.  «Таң»  өлеңінде  теңеулермен  бірге  айқындаулар  да  осы  мезгілдің 
өзіндік бояуын танытады. Бозалатаң, тып-тыныш дала, ұйықтаған бұлт, ұйтқыған жел [5, 
11] айқындаулары таңның суретін көзалдымызға әкеледі. Көңіл-күй құбылыстары да табиғат 
суретімен  астасып,  әсем  бір  көркемдік  мазмұн  құрайтынына  мына  өлеңінен  мысал  келтіре 


76 
 
кетейік: 
Көктемнің кезі, көлдерге құйған қарсуы, 
Бал құрақ қамыс, қозғалып кетсе – бал шуы. 
Бойыңды кейде дір еткізеді, дүние-ай, 
Байқатпай ғана аяулы сезім шаншуы [5, 19]. 
«Бал  құрақ  қамыс»,  «аяулысезім»  -  бірі  табиғат,  бірі  адам  болмысына  тән  нәрселер. 
Психологиялық егіздеуге жақын бұл суреттеу адам-табиғат бірлігінің, тұтастығының көрінісі 
тәріздес.  Сондай-ақ  көктем-жастық  егіздеуі  айқындаулар  астарынан  көрінеді.  Өлеңде  бір-
бірін  ашатын,  толықтыратын  айқындаулар  сәтті  көрініс  тапқан.  Мысалы  «ояуы  сөнген, 
бояуы  семген  солғын  мұң»  күрделі  айқындауы  табиғатпен  жарыстырыла,  қатарластырыла 
қолданыла отырып, көңіл-күйді танытады.  
Дәстүрлі айқындаулар ақын өлеңдерінде көркемдік мазмұн көріктілігі наша түсу үшін 
пайдаланылады. Олардың қатарында «жарық дүние», «жалқын сәуле», «қоңыр қыр», «байтақ 
дала»,  «көк  шалғын»,  «ақжал  құм»,  т.  б.  атайаламыз.  Ақын  тілінде  айқындаулардың  жаңа 
түрлері кездеседі. Бұл – ақын стилін танытатын бірден бір белгі екенін айтқан жөн. 
Ұлттық поэзиямыздағы айқындаулар көбінесе табиғатпен етене байланысты болса, осы 
сипат  К.Мырзабеков  поэзиясының  көркемдігіне  де  тән.  Академик  З.Ахметовше  айтсақ 
«айналасындағы табиғаттың әр сипат-белгісі оның ой-санасында ерекше орын алады» [7,39-
40].  Бұл  –  барлық  суреткерге  қатысты  айтқан  пікір.  Пікірді  дәлелдей  түсу  үшін  Кеңшілік 
өлеңінен мысал келтірейік: 
Жазық жердің көзге ұрған жалғыз тауы, 
Жасыл белдің көктеген жалбыздары. 
Жайдақ жолдың бойына сіңіп жатқан 
Жалқын кештің сәулесі жалғыз-жарым. 
 
Жорға көлдің жым-жылас ағыстары, 
Жолдағы елдің жылыжүз-таныстары. 
Жоны кере – қырлардың ақ шағылы, 
Соры сере – ойпаңның таспа құмы[ 5,53]. 
Көріп  отырғанымыздай,  табиғаттың  шынайы  болмысы  суреткер  сезімі  арқылы 
бейнеленіп  жырланған.  Өлең  көркемдігінде  айқындаулар  алдыңғы  орынға  шығып,  табиғат 
суретін  көңіл-күймен  астастыра  беруге  атсалысып  тұр.  Тұтастай  алғандағы  айқындаулар 
тізбектелекеліп, бір сурет түзіп тұрғанына жазық жер, көзге ұрған жалғыз тау, жасыл бел,  
жайдақ жол, жорға көл, жоны кере ақшағыл, соры  сере таспа құм сияқты суретті сөздер 
мысал  бола  алады.  Бұл  айқындауларға  назар  аударсақ,  тура  мән  мен  ауыспалы  мәндегі 
сипаттарды көреміз. Мысалы, таспақұм «соры сере» деп сипатталады. Бұл тәсіл салыстыру, 
ауыстыру  мәнінде.  Кеңшілік  өлеңдерінде  қат-қабат  жан  әлемін  айқындаулармен  беруде  де 
өзгеше мәнер танытады.  
Еліктей орғып жасқанамыз біз, 
Биік көңілдер баурайында [6,8]. 
Нақты  ұғымда  көңіл  биік  болмайды,  оның  баурайы  болмайды.  Бұл  жерде  салыстыру 
бейнелі  ұғымға  негіз  болып,  соның  аясында  «биік  көңіл»  айқындауы  орын  тепкен.  Өлең 
шумағы  әдемі  бейнелеуге  құрылған.  Екі  балғын,  екі  өскіннің  алаңсыз  халі  «биік  көңіл 
баурайында еліктей орғыған» түрде суреттелген. Балалық дәуренді «балқаймақ күндер» [6,9] 
деген айқындау мен сипаттау кеңшілікке тән жаңалық.   
Сағынышқа  ұласа  келетін  мұң  –  ақын  өлеңдеріне  көп  бой  көрсетеді.  Мұңды  да  ақын 
өзгеше айқындаумен бере білген: 
Бәрі де елес. Өткен бір өмір – мұнардың  
Мұхиттай шексіз мұңына малтып тұрармын [6,20]. 
«Мұхиттай  шексіз  мұң»  тіркесінің  бойынан  бір-бірімен  астасып  кеткен  бірнеше 
көркемдік тәсілді аңғаруға болады. Ең әуелі бұл жерде «мұхиттай шексіз» бейнелеуі  «мұң» 
сөзін айқындап тұр. Мұңның ауырлығын беруде бұл сәтті айқындау болған. Шексіз мұң енді 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау