Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет35/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   187

71 
 
сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем. С. Аманжоловтың жіктеуінде елеулі айырмашылық 
байқалады. Ол өзінің синтаксиске арналған еңбегінде құрмалас сөйлемдерді төрт түрге бөліп 
саралаған:  Салалас  құрмалас,  сабақтас  құрмалас,  аралас  құрмалас  және  тиянақты 
басыңқысыз  сабақтастар.  Алдыңғы  үшеуі,  әрине,  түсінікті.  Төртінші  түрін  автор  былайша 
түсіндіреді:  «Қазақ  тілінің  тағы  да  бір  ерекше  қасиетінің  бірі-онда  кәдімгі  басыңқы-
бағыныңқылы  түрден  де,  аралас  құрмаластан  да  басқа  сабақтастың  тиянақты  басыңқысыз 
түрінің  де  болуы.  Бұлардың  формасына  қарасақ,  бәрі  басыңқылы,  ал  жеке  мағынасына 
қарасақ әрбір суреттің үзігі сияқты, бірақ әрбірі ерекше, тиянағы  бар сияқты».  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» А. 1993. 
2.  Қ. Есенов « Құрмалас сөйлем синтаксисі»  А. 1995.   136 б. 
3.  С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» А. 
1994. 318б. 
4.  Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы 1945 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’367 
ДӘУЛЕТШЕ Н., ЕНСЕБАЕВА К.К. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАСТЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ 
 
Жоғарыдағы  талдаулардан  байқалғандай,  құрмалас  сөйлемнің  өзі  бірнеше  жай 
сөйлемдерден  тұрады.  Осы  жай  сөйлемдер  құрмаластың  құрамында  енді  әдеттегі  қасиетін 
толық  сақтай  бермей,  бір  бүтіннің  ішінде  байланысқа  түскен  жеке  компоненттер  ретінде 
танылады.  Сондықтан  да  бұларды  әдеттегі  жеке  жай  сөйлемдермен  тепе-тең  түрде  бірдей 
қарастыруға болмайды. 
Құрмаластың қарамағына түскен жеке жай сөйлемдер (синтаксистік компоненттер) енді 
жаңаша  сипат  алатын  болады.  Бұл  олардың  мағыналық  және  тұлғалық  жақтарынан  тығыз 
үйлесімділігін  тауып,  бір  бүтін  синтаксистік  конструкция  құрау  негізінен  шығып  жатады. 
Міне, осындайда олар бұрынғыдай сөйлемдік қасиетін сақтай ма, не болмаса ол дәрежеден 
айырылып  қала  ма  –  мәселенің  грамматикалық  табиғаты  осыған  келіп  саяды.  Бұл  сұрақ 
жалпы тіл білімінде бұрын да қойылған болатын. Бұған екі түрлі жауап қайтарылады. 
Құрмалас  сөйлемнің  салалас  түрінде  бұл  аталған  жайт  онша  қиындық  туғыза 
қоймайды,  өйткені  жеке  синтаксистік  компоненттердің  баяндауыштары  тиянақты  тұлғада 
аяқталуына  байланысты  олардың  сөйлемдік  қасиеті  айқын  байқалып  тұрады.  Ал  егерде 
құрмаластың  алғашқы  компонентінің  баяндауышы  өзгеріске  ұшырап,  тиянақсыз  қалыпқа 
түссе  (бағыныңқы  сөйлем),  мұндайда  бірден  жоғарыдағыдай  «сөйлемдік  дәрежедегі» 
жауапты табу қиындыққа соғады. Демек, құрмалас сөйлем компоненттердің грамматикалық 
табиғатының  мазмұны,  негізінен  алғанда,  оның  сабақтас  түрінен  өрбіп  шығатын  болады. 
Өйткені  сабақтас  құрмаластың  құрамындағы  синтаксистік  компоненттер  мағыналық 
жағынан  өзара  тең  болмай,  бірі  бағынушы,  екіншісі  бағындырушы  (басыңқы)  ретінде 
жұмсалады. Осыған орай да бұлардың бойындағы сөйлемдік дәреже әр сипатта түсіндіріледі. 
Атап  айтсақ,  кезінде  А.Байтұрсынов  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы  компонентінен 
басыңқының  «сөйлемдік  қасиеті  молырақ»  екендігн  көрсеткен  болатын.  Осындай 
айырмашылығына  байланысты  автор  бағыныңқы  сөйлемді  «бітпеген  шала  сөйлем», 
басыңқының  «шылауындағы  қосшы  сөйлем»  деп  атайды.  Сабақтас  құрмаластың 
синтаксистік  компонентін  осылайша  бірдей  дәрежеде  қарастырмаушылық  кейінгі 
зерттеулерден  де  орын  алды.  Ғалымдар  С.Жиенбаев  пен  Н.Сауранбаев  өз  еңбектерінде 
сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырды. 
Осыдан  келіп  бағыныңқы  компоненттің  мәні  сөйлем  мүшелерінің  қызметімен  тепе-тең 
түсіндірілді.  Бұл жайында ғалым С.Жиенбаевқа:  «Бағыныңқы сөйлемді  басыңқы сөйлемнің 


72 
 
бір  мүшесі  қатарында  есептеу  керек.  ...бағыныңқыларды  да  жай  сөйлемнің  мүшелерінше 
жіктейміз».  Бағыныңқы  сөйлемнің  табиғаты  жайында  проф.  Н.Т.  Сауранбаевтың  пікірі  де 
осымен  үндес  жатады:  «...бағыныңқылар  басыңқы  сөйлемдегі  бір  жай  мүшенің  қызметін 
атқарады, я соның орнына жүреді».  
Құрмалас  сөйлемдегі  жеке  синтаксистік  компоненттердің  грамматикалық  табиғатына 
орай  осы  бір  қысқаша  пікір-түсініктерден  нені  аңғаруға  болады?  Жоғарыда  аты  аталған 
ғалымдар  бұл  заңдылықты  сабақтас  құрмаластың  табиғатынан  шығарып,  оның  бағыныңқы 
компонентін таза сөйлемдік дәрежеде танымай, тек басыңқысын ғана осы қасиетте түсінеді. 
Сонда  мұндай  пікір  жоғарыда  келтірген  тіл  біліміндегі  екінші  көзқараспен  үндес  жатады: 
бағыныңқы компоненттің сөйлемдік дәрежеден айырылуы, деформацияға ұшырауы. 
Сонымен, сөз болып отырған мәселені қалайша тұжырымдауға болады?  
Құрмалас  сөйлемнің  құрылыс  материалы  жеке  сөйлемдер  екенін  ескерсек,  мәселенің 
түйінін  шешу  онша  қиындыққа  соқпайды.  Құрмалас  сөйлем  болу  үшін  жеке  сөйлемдер 
мағыналық  бірлікке  түсуі  қажет,  бір  түтін  тұтас  конструкция  құрауы  қажет.  Мұндағы  бір 
бүтінділік  –  ондағы  жеке  компоненттердің  сөйлемдік  қасиетін  жоғалтып  жібере  алмайды. 
Бұл  әсіресе  оның  салалас  сөйлем  түрінен  анық  байқалады:  Қоңырау  соғылды,  сабақ 
басталды. Ал егерде осы сөйлемді «Қоңырау соғылған соң, сабақ басталды» түрінде құрсақ, 
рас,  алғашқы  компоненттің  құрылысынан  болған  өзгерісті  бірден  байқаймыз.  Ол  өзгеріс  – 
оның  баяндауышының  тиянақсыз  тұлғамен  аяқталуы.  Бұл  –  құрмалас  сөйлемге  (сабақтас) 
тән  заңдылық.  Алғашқы  компоненттің  баяндауышы  осылайша  тиянақсыз  қалыпқа  түспесе, 
сабақтас  құрмалас  сөйлем  де  шақпаған  болар  еді.  Алайда  сол  «тиянақсыз  қалып»  оның 
сөйлемдік дәрежесін жоғалтып жібере алды ма, әрине, жоқ. Рас, бұл жерде оны әдеттегі жеке 
жай  сөйлемдермен  тепе-тең  бірдей  қарастыра  алмаймыз.  Құрмаластағы  жеке  сөйлемдер  – 
өзара  тығыз  байланысқа  түскен  сөйлемдер.  Ал  байланысу  барысында  оның  баяндауыш 
формалары  түрліше  өзгерістерге  түсіп  отырады.  Осыған  орай  да  мұндайда  бағыныңқы 
компонентті сабақтас сөйлем жасаудағы аралық желі ретінде қарастыруымыз керек. Демек, 
құрмалас сөйлемнің әрбір синтаксистік компоненттерінің өзіндік атқаратын қызметі болады. 
Мұндай  қызмет  ондағы  жай  сөйлемдердің  мағыналық,  тұлғалық  тығыз  үйлесім 
заңдылығынан көрініс тауып жатады. 
Сөйтіп,  құрмаластың  құрамындағы  синтаксистік  компоненттер  сөйлем  дәрежесінде 
танылып,  күрделі  ой  білдірудің  құралына  айналады.  Осытурасында  проф.  М.Балақаевтың 
мына  бір  пікірі  назар  аударарлықтай:  «Құрмалас  сөйлем  мағыналық  және  тұлғалық 
жақтарынан  жалпы  алғанда  тұтас  бір  бүтін  болғанмен,  ол  жеке  сөйлемдерден  құралад. 
Алайда  сол  жеке  сөйлемдер  құрмаластың  қарамағында  мағыналық  және  интонациялық 
тиянақсыз қалыпқа түскенмен олар негізгі сөйлемдік белгілерін жоғалта алмайды
1
». 
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  грамматикалық  табиғатын  осы  негізде  түсінетін 
боламыз. Сонда олардың бір бүтіннің қарамағында бір-біріне сіңісіп кетпей, өзіндік қасиетін 
сақтап  тұратындығы  белгілі  болады.  Ондай  қасиет  әрқайсысының  өзінше  белгілі  бір 
қызметке ие болуына негізделеді. 
Бұл  әсіресе  сабақтас  құрмалас  сөйлем  табиғатында  айқын  орын  алады.  Мұнда  бір 
синтаксистік  компонент  ойдың  негізі  болса  (басыңқы  сөйлем),  екіншісі  –  соны  әр  түрлі 
жақтан  айқындап,  толықтыру  қызметін  атқарады  (бағыныңқы  сөйлем).  Мұндай  қызмет 
сөйлем  мүшелерінің  атқаратын  қызметінен  әлдеқайда  кең  де  көлемді  болып  келеді, 
сондықтан  да  бағыныңқы  компонентті  сөйлем  мүшелерінің  атқаратын  қызметімен  тепе-тең 
бірдей  қарастыруға  болмайды.  Бұл  арада  проф.  Н.Т.  Сауранбаев  айтқандай,  бағыныңқыны 
«сыпаттағыш сөйлем» деп қарастырған жөн. 
Рас,  сабақтас  құрмаласта  сөйлемді  аяқтаушы  –  басыңқы  компонент  болады.  Алайда 
жалаң  басыңқы  компонент  құрмалас  сөйлемді  жасай  алмайды,  оның  «сыпаттағыш 
бағыныңқы  сөйлемі»  болуы  қажет.  Екеуі  де  –  бір  бүтіннің  екі  қанаты.  Демек,  бағыныңқы 
сөйлем  –  басыңқыда  хабарланған  ой  желісін  әр  жақтан  айқындап,  толықтырушы  сөйлем. 
Осы реттен келгенде, басыңқының мазмұнын бағыныңқы компонент толтырады. Бұдан оның 
тұлғалық  жағынан  тиянақсыз  түрде  болғанмен,  басыңқы  компонентке  байланысты 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау