Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет36/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187

73 
 
мағыналық үлесі барлығын байқаймыз. Жоғарыда келтірілген сөйлемнің (Қоңырау соғылған 
соң,  сабақ  басталды)  басыңқы  компонентіне  бағыныңқысы  мезгілдік  қатынасты  білдіру 
ыңғайында  жұмсалған,  сонымен  қатар  мұнда  шарт  мәні  де  байқалады  Бұл  айтылғандардан 
шығатын  қорытынды  –  әсіресе  сабақтас  құрмаласта  оның  басыңқы  компонентіне  негізгі 
жүкті үйіп-төге бермей, бағыныңқының да өзіндік үлесін ескеріп отыруымыздың қажеттігін 
аңғартады. Мұны кезінде тіл білімінің көрнекті ғалымдары да ескерткен болатын.  
Тіпті  көпшілік  жағдайда  бағыныңқы  сөйлемдердің  бойында  ең  негізгі  мағыналық 
жүктер болады да, басыңқыда баяндалған оқиғалар солардың нәтижесінен шығып отырады. 
Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылы құрмаластың басқа түрлерінен 
ажыратыла  алады.  Әсіресе  салалас  құрмалас  сөйлемнен  оның  тұлғалық  және  мағыналық 
ерекшеліктері  сараланып  тұрады.  Бұлай  болмаған  жағдайда  сабақтас  сөйлем  құрмаластың 
арнайы  бір  түрін  құрай  да  алмаған  болар  еді.  Ал  әдеби  тіліміздің  материалына  қарағанда, 
сабақтас  құрмаластың  қолданысы  салалас  сөйлемге  қарағанда  жиірек  ұшырасып  жатады. 
Мұның  басты  себебін  айтушы  адамның  белгілі  бір  оқиға,  әрекеттерді  әр  түрлі  қырынан 
суреттеп  отыруымен  түсіндіруге  болады.  Бұлайша  баяндаудың  көрінісі  көбінесе  сабақтас 
құрмалас  сөйлемнің  құрылысының  бағыныңқы  және  басыңқы  компоненттерден 
тұратындығымен тығыз байланысты болады. Өйткені, жоғарыда ескерткеніміздей, басыңқы 
сөйлемде  хабарланған  оқиға  желісінің  мазмұны  бағыныңқы  компонент  арқылы  толығырақ 
ашылады. Бұдан бағыныңқының сипаттағыш қызметі одан сайын айқындала түседі. 
Сабақтас  құрмалас  сөйлемге  тән  болып  келетін  айырым  белгілер  оның  құрамындағы 
компоненттердің  осындай  грамматикалық  табиғатымен  тығыз  байланысты  болып  келеді. 
Сонымен, аталған сөйлемнің айырым белгілері қандай болып келеді, ол белгілерді қалайша 
түсінуіміз керек, бұл мәселелердің мазмұнын ашу – жалпы сабақтас құрмаластың табиғатын 
айқындауға бірден-бір көмекке келеді. Ондай айырым белгілер төмендегідей: 
1.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір-біріне  тұлғалық, 
мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді. 
2.  Мұндай 
тәуелділік, 
негізінен 
алғанда, 
алғашқы 
сөйлем 
(бағыныңқы) 
байланыстырғыш  баяндауышының  тиянақсыз  тұлғада  аяқталуынан  шығады.  Осы  арқылы 
соңғы сөйлеммен (басыңқы) тығыз байланысқа түседі. 
3.  Осыдан  келіп  сабақтас  құрмалас  өз  құрылысы  жағынан  бағыныңқы  және  басыңқы 
сөйлемдерден тұратын болады. 
4.  Бағыныңқы  сөйлемнің  байланыстырғыш  амалы  ретінде  етістіктің  шартты  рай 
тұлғасы, есімше, көсемше формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен 
шылау сөздер жұмсалады. 
5.  Сабақтас  құрмаластағы  (бағыныңқыдағы)  ұласпалы  байланыстырғыш  интонация 
салаластағыдай емес, өте әлсіз, солғын болады. 
Демек,  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір  бүтіннің  қарамағында 
құрылыс  материалы  ретінде  әрқайсысы  өзіндік  қызметке  ие  болады.  Тек  қана  жеке  жай 
сөйлемдердің  мағыналық,  тұлғалық  тығыз  үйлесімділігі,  өзара  бірлігі  оларды  бір  бүтін 
құрмаластың  қарамағына  түсіре  алады.  Мұндайда  бір  синтаксистік  компонент  екіншісінің 
мағыналық мазмұнын әр түрлі жақтан сипаттап, айқындап тұрады. Айқындалушы компонент 
құрмалас сөйлемді аяқтаушы болады да, өзгесі (өзгелері) соны айқындаушы, толықтырушы 
мәндегі  қызмет  атқарады.  Мұндай  қызмет  жеке  сөйлем  мүшелерінің  қызметінен  әлдеқайда 
кең де аумақты болып келеді, өйткені бұл жерде синтаксистік компоненттер сөйлемнің жеке 
мүшелері  рөлінде  болып  қоймай,  өз  алдына  сөйлемдік  қасиетін  сақтай  отыра  орын  алады. 
Құрмалас  сөйлем  синтаксистік  компоненттерінің  грамматикалық  табиғаты  осындай 
заңдылықтарға негізделетін болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» А. 1993. 
2.  Қ. Есенов « Құрмалас сөйлем синтаксисі»  А. 1995.   136 б. 
3.  С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» А. 1994. 318б. 
4.  Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы 1945 


74 
 
ӘОЖ821.512.122.09-98-1 
ДИДАРҰЛЫ С., СЕЙПУТАНОВА А.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚАЗІРГІ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯДАҒЫ АЙҚЫНДАУЛАРДЫҢ  
ПОЭТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Айқындаудың  өлең  контексіндегі,  жалпы  поэзиядағы  негізгі  қызметі  әдеби  бейне 
жасауға  араласатындығы  мен  бүтін  әдебиетке  тән  сипаттарды  айқындауынан,  дәлелдеуінен 
көрінеді.  Абай  мұрасын  зерттеушілер  ақында  бір  ғана  жүрек  сөзі  елуге  тарта 
айқындаулармен  беріліп,  бұның  бәрі  басқалардан  бұрын  Абай  тұлғасын  жасауға  қызмет 
еткендігін айтады. 
А.Н.Веселовский  өзінің  «Тарихи  поэтикасында»  айқындауға  «Эпитеттер  тарихына» 
деген атпен тарау бере келіп, «Егер мен эпитеттердің тарихын поэтикалық стиль тарихының 
қысқартылған басылымы дер болсам, бұл айтқанымда ешқандай әсірелеу жоқ», – деп, оның 
әдебиет  өміріндегі  орны  мен  қызметін  жоғары  бағалайды[1,  73].Ал,  А.А.Потебня 
айқындауларды  жүйелі  түрде  зерттеу  –  жалпы  әдебиеттің  мәнін  ашуға,  оның  әр  түрлі 
сатылардағы шындық  болмысқа қарым-қатынасын анықтауға бара-бар деп жазады [2, 105]. 
Сонымен  қатар,  А.С.Вольф  айқындаулардың  әдеби  бейнеге  қарым-қатынасын  жан-жақты 
аша  келіп:  «Суреткердің  көркемдік  ойлау  мен  таным  әлемдері  бәрінен  бұрын  әдеби 
бейнелерде  жинақталса,  сөз  өнеріндегі  сол  әдеби  бейнені  жасайтын  стильдік  құралдардың 
ішінде айқындаулардың орны бөлек. Айқындау арқылы әдеби бейненің тәні мен жанындағы 
белгілі бір сипаттардың атауы, ерекшелігі, өзгешелігі анықталады және нақтылығы, жекелік 
сипаты  іске  асып  отырады»,  -  деп  жазады  [3,  55].  Бұл  жерде  қатты  ескеретін  бір  мәселе  – 
айқындаулардың  сыңарлары  болып  тұрған  сөздердің  өзгергенімен,  олардың  жасалу 
тәсілдерінің тұрақты түрде сақталып отыратындығы. Айқындаулардың теңеу мен ауыстыру 
сияқты тәсілдерін, технологиясын және қызметінің негізгі бағыттарын тұрақты түрде сақтап 
келуі – бүгінгі поэзиямыздағы ұлттық сипаттың танылуының өзгеше бір қыры. 
Ақын  өлеңдерінде  халықтық  поэзиямыздан  бастау  алған  дәстүрлі  эпитеттер  бейне 
жасауда, табиғат құбылысын не адамның көңіл-күйін танытуда қолданылады. 
Адамның  бет-бейнесін,  сезім-құбылысын  таныту  мақсатындағы  айқындауларға 
мынадай мысалдар келтіре аламыз: 
1) Қараалмаскөзді, бал ерін 
2) Қасы да керік, қараалмаскөзі ай қабақ. 
3) Қаракөзбенсиқырлыойынойнастық 
4) Тәкаппар аппақ жүзіңде 
Тарыдай бір мең бар еді. 
5) Бұлаөскенасқақжанедің 
6) Тәкаппар асқақ түрменен. 
7) Қараалмаскөзден «қарағым» дегенді оқып қап, 
Алтайы көрген шөгелдей төте ұмтылғам. 
Табиғаттағы  заттар  мен  құбылыстардың  сапасын  айқындайтын  бейнелі  сөздер  
Жұматай  қолданысында  өзіндік  сипатымен  дараланады.  Дәстүрлі  айқындаулар  қатарында 
«алалы жылқы, ақтылы қой», «аққұмақ жол», «ала бұлт аспан», «ақ сары құм», «сәмбі тал», 
«көгілдір  көйлек»,  «желекті  жел»,  «қара  қою  көлеңке»,  «бал  ерін»,  «мұңды  жанар»,  «ащы 
жаңбыр»,  «боз  жусан»,  «алқара  шашты  көктем»,  «шәркез  тағдыр»  тағы  басқаларды  атауға 
болады. Ақын көздің өзін бірнеше айқындаумен берген  «қара алмас  көз» деген тіркес сұлу 
қыз  бейнесін  берудегі  басты  белгі  ретінде  бірнеше  рет  қайталанса,  бұдан  кейін  «қап-қара 
көз», «жаутаң көз», «қара көз» деген айқындаулар кездеседі. 
Сондай-ақ,  түр-түске  қатысты  айқындауларды  дәстүрлі  ұғымда  қалдырып  қоймай, 
құбылта, түрлендіре қолдану Жұматайға тән ерекшелік екенін айта кеткеніміз жөн. Мысалы, 
«қызыл  өмір»,  «қара  көз  сөз»,  «ақ  құба  ән»  тек  ақын  поэзиясынан  ғана  ұшырасатын 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау