Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет23/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187

46 
 
Балғынбек бар Имаш-ай 
Шамаң жетсе силас-ай 
«Ая тебя убью Ринат –ай» [4].
 
2011 жылғы Ринат пен Аалы айтысында Аалы: 
Демек, қомыз деген бұл еркек, 
Ер екенін білемін. 
Екі аяқты домбыра 
«Женский родка» келеді[4].
 
Арман Бердалин мен Балғынбек Имашевтың айтысында Арман: 
Алла деп алдарыңда ән бастарда, 
Айналдым айтыстағы алдаспанға. 
Мәскеулік қандас қазақ аманбысың, 
Сыйлас дос, сырлас болған «сары бастарға». 
Ассалаумағалайкум, сәлем бердім, 
«Здравствуйды» күнде еститін қазақтарға. 
Ұлтымды ұлықтаудың «мастері» едім. 
Асыра айтам, дегенмен бәс тігемін, 
Әлемге әйгіленген Қазақстан- 
Тараған көк бөріден қасқыр елім[5].
 
Мэлс Қосымбаевпен Айбек Қалиевтің айтысында Айбек: 
Ауыз ашсам тұрады тап бергелі. 
Біздің қоғам –осындай сазбет қоғам. 
Қазақ деген ұғымды жат көреді. 
«Цементпен гримделген бетон беттер» 
Саяси сахнаның актерлері. 
Ініңе байқап тұрмын кең болдың ғой, 
Өзімнен дей алмаймын кем болдың ғой. 
Төрт кәпірді мұсылман қылдым дейсің, 
Осы жерден ағасы жем болдың ғой. 
Көрге барып исламды қабылдайтын 
Мэлс «суперпайғамбар» сен болдың ғой[5].
 
Осындай  жаргон  сөздер  қосылып  айтылған  айтыс  әрбір  иісі  қазақтың  санасына  терең 
ой  салары  анық.  Бұл  сияқты  сөздерді  ақындарымызда  тегіннен  тегін  қолданбайды  ғой. 
Мұнда ақындар өздерінің негізгі айтып отырған келелі мәселелерді қозғай отырып, тілімізде 
қолданылатын осындай жаргон сөздердің де қолданудың зиянды жақтарын түсіндіріп отыр. 
Ақындардың бұлайша жырлауының бірнеше себебін атап көрсетуге болады. 
Біріншіден,  ақындар  халыққа    тілімізде  қолданылатын  жаргон  сөздердің  жиілеп  бара 
жатқанын  және  олардың  қаншалықты  төл  сөздерімізбен  арамызды  қашықтататының 
көрсеткісі келсе керек. 
Екіншіден, бұндай сөздерді қоданудан аулақ болуды үндейтіні анық. Әрине әрбір адам 
бірнеше  тілді  оқып,  білуінің  маңызы  зор.  Бірақ  бұл  ана  тіліміздің  сақталуына  зиянын 
тигізбеуі керек 
Үшіншіден,  өзінің  ойын  немесе  айтып  отырған  келелі  мәселесін  халыққа  салмақты, 
айқын әрі қызықтырардай күлкілі етіп жеткізу мақсатында. 
Төртіншіден,  біз  мойындасақ  та,  мойындамасақ  та  кейбір  сөздердің  әбден  тілімізге 
сіңісті болып, оның тіпті осындай әдеби туындыларымызда да көрініс беруі. 
Қорытындылай  келе  айтарымыз,таяқтың  екі  ұшы  болатын  сияқты  жалпы  әдеби 
туындыларымызда  жаргон  сөздердің  қолданылуыныңда  пайдалы  және  зиян  жақтары  бар. 
Пайдалы  жағы  жоғарыда  айтқандай,  ақындарымыз  тіл  шұбарлайтын  сөздерді  жырларында 
келеке  етіп  қолдану  арқылы  мұндай  сөздерден  аулақ  болуға  үндеуі  және  соны  жас  ұрпақ 
дұрыс қабылдап, сабақ ала алса, бұл нағыз өзінің жемісін берген елеулі еңбек болар еді. Ал 
зиян  жағы,  айтыс  немесе  тағы  басқа  туындылар  арқылы  жаргон  сөздердің  зиян  екенін 
көрсетеміз деп жүріп, оның кері әсері тиіп кетпеске кім кепіл. Тіл мәселесі қазіргі таңда өте 


47 
 
ауқымды мәселе болып отырғандықтан, бұған жайбарақат қарауға әсте болмайды. Тіл біздің 
болашағымыз! Тіл біздің халқымыз! Тіл біздің елдігіміз! Егер сол тілден айырылсақ бір ұлт 
болып  өмір  сүретін  халық  та,  сол  халықты  біріктіретін  ел  де,  ғұмырлы  болашақ  та  болмақ 
емес. Тілімізді бізге сан ғасырдан бері ата –бабаларымыз қандай таза, мөлдір етіп жеткізсе, 
бізде болашақ ұрпаққа солай жеткізуге міндеттіміз деп ойлаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Дүсіпбаева  Қ.С.  Лингвоэкололгияның  зерттелуі  /Халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция 
материалдары жинағынан. Астана, 2010. 
2https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%80%D0%B3%D0%BE%D0%BD. 
3 Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи - этнографиялық шолу. - Алматы: «Жазушы», XV т., 1979. - 380 бет. 
4  М.Жолдасбеков. Қазақ өнерінің антологиясы «Айтыс» VI том, «Күлтегін». - Астана, 2014. 
5  Қазіргі айтыс (үшінші кітап). «Күлтегін». – Астана, 2006. 
6  Уәли Н. Тіл экологиясы// Ана тілі, 2009, 29 ақпан. 
 
 
ӘӨЖ 28-1 
БАТЫРОВ Д.Т., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ИСЛАМДЫҚ ЖАТ АҒЫМДАР 
 
Қазіргі  кезеңде  кез  келген  діни  ағымдағы  экстремистік  ұйымдар  мен  топтардың 
артында  үлкен  мемлекеттердің  мүдделері,  саяси  көздеген  мақсаттары  жатқандығы,  яғни 
жауыздық діни ойлардың қалыптасуына шетелдік арнайы қызметкерлердің ықпалы бар екені 
белгілі болып отыр. 
Тәуелсіздіктен кейінгі секуляристік кезеңді өткізген Қазақстан халықтарына дінді үйретеміз 
деп келген дін үйретушілер біздің ата-бабаларымыз ұстанған бағыттан алшақтатып, «біздікі дұрыс 
ал  сендер адасып жүрсіңдер» деп ой санамызға жат нәрселерді салып, дінді саяси бағытта қару 
ретінде пайдаланып, зиялы қауым өкілдерінде өз қатарларына қоспақ ойда болды. Осы топтарға 
«Зікіршілер» мен «Таблиғ жамағатын» айтуға болады.  
Ислам  дініндегі  Құран  хадистерін  толық  білмей  тұрып,  оны  тура  қабылдап  адасудың 
нәтижесінде  туындап  отыр.  Ислам  дінін  осындай  жолдармен  түсіндіретін  діни  ағымдарға 
«сәләфизм»  идеологиясын  түсіндірушілерді  айтуға  болады.  Олар  өздерін  ешқандай 
өзгерістер енгізілмеген әуел бастағы «таза исламды» ұстанушылармыз деп түсіндіреді. Осы 
ойдың  негізін  салған  Шейх-Уль  Ислам  Такауиддин  Ибн  Таймия  (1263-1328  ж.ж.)  болып 
табылады [1]. 
Қазақстан  мемлекетіне  ислам  дінінің  келуі  мен  орналасуы  сан  ғасырлар  бойы  ата-
бабаларымыз ислам мәдениеті тұрғысында ислам дінін ұстанып өмір сүріп келеді. Қазақстан 
жеріне  Ислам  дінін  тарату  мақсатында  (VIII  ғғ)  арабтар  жорықтар  жасады.  Кутейба  ибн 
Муслим  Мауереннахр  жеріне  кіріп,  714  жылы  Ташкент  және  Отырарды  бағындырып,  751 
жылы Ислам әскері Атлах маңында Таң империясының әскерін соғыста жеңіп шықты. Талас 
жеңісінен кейін Ислам діні Қазақстан жеріне орнықты. Қазақстан мемлекетіне ислам дінінің 
таралуын ғалымдар бірнеше кезеңге бөліп қарастырады: 
1-ші кезең – VIII-ІХ ғғ.; 
2-ші кезең – Х-ХVII ғғ.; 
3-ші кезең – ХVIII-XIX ғғ.; 
4-ші кезең – XIX ғ. соңы-XX ғ. басы; 
5-ші кезең – 1917-1991 жылдар аралығы (кеңестік дәуір); тәуелсіздік орнағаннан кейінгі кезең. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Біз  барша  діндердің  теңдігі  мен  Қазақстандағы 
дінаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, өзге 
де  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  ең  үздік  дәстүрлерін  дамытудамыз  және  оларды 
сыйлаймыз.  Бірақ  та  заманауи  зайырлы  мемлекет  құрып  жатырмыз»  –  деп  айтып  өткен 
болатын [2]. 
Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау