328
іс әрекетке қызығушылық ниет мотив болмайтыны талай зерттеуде белгілі болған.
Демократиялық стиль. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен
балалардың бірдей белсенді позициясы етеді.Педагог жеткіншектің жағымды эмоцияларды
қажетсінуінің өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға жағдай жасайды. Мейірім, достық
негізінде, дара стиль арқылы жеткіншектің өз-өзіне сенімді болуын адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыруды дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және
иландыру тәсілдерін пайдаланып, қарым-қатынас құрады [4].
Жеткіншектік кезеңде балалар бір-бірімен араласу қарым-қатынасына түседі.
Жеткіншектің балалық қызығушылығы қалып, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-
қатынасы өзгере бастайды. Жетіле келе жеткіншек өзінен үлкен кісілерге талап қойып,
өзінен кішкене бала сияқты қарым-қатынасқа түсуге қарсылық білдіреді. Жеткіншек өзінің
құқықтарының ұлғаюын талап етеді. Үлкендердің өзара түсінбеушілігінің әсерінен
жеткіншектерде әртүрлі тыңдамаушылық, қарсы шығушылық реакциясы пайда болады. Егер
ересек адам жеткіншектің қарсылықтарын түсінетін болса, ол оның қарым-қатынасының
өзгеруін оңай жолмен шешеді, әйтпесе осы кезеңде ішкі және сыртқы қарсылық пайда
болады. Оған жеткіншекте, үлкен кісі де қатысты болады. Ересек кісілер мен жеткіншек
тердің арасындағы келіспеушілік, олардың құқық туралы ойлары мен міндеттерінің
келіспеушілігінен туындайды. Ескертулер мен келіспеушілікті жеңу маңызды шарт болып
табылады. Егерде ол туындаса, бұның бәрі жеткіншектің жауапкершілігінің және оның
істеріне еркіндік беруде білдіреді. Ересек адамдар мен жеткіншектердің арасындағы
келіспеушілікті шешу үшін олардың арасында сенімділік, достық, өзара сыйластық қарым-
қатынасы орнау керек. Бұндай қарым-қатынастың пайда болуы жеткіншектің қандай да
болмасын маңызды істерді шешуге көмектеседі.
Жеткіншектік кезеңде балаларды психологиялық жетілуге байланысты екі түрлі қарым-
қатынас орнайды: бірі-үлкен кісілермен, екіншісі – құрбыларымен. Оның екеуі де мектеп
кезінен дами бастайды. Екеуі де бір әлеуметтік ролді атқарып, олар кейде бір-бірімен қарама-
қайшы келеді. Құрбыларымен қарым-қатынас тең құқықта құрылса, ал мұғалімдермен және
ата-аналармен олар тең дәрежеде болмайды [4].
Достармен қарым-қатынас жеткіншекке оның интеллектуалды қызығушылығымен
қажеттілігіне көп пайда әкелетіндіктен, олар мектеп отбасынан арырақ кетіп, уақытының
көбісін достарымен өткізеді.
Кейбір құрбылар жеткіншектік кезеңде балалар арасындағы қарым-қатынаста қатаң
ережелерге бағынады. Қызығушылық пен проблема мәселенің ұқсастығы жеткіншектердің
қобалжуына әкеп соқтырады. Достарының арасында оның әңгімелесуі, үлкен кісілердің
қоғамына қарағанда жеткіншектер үшін олардың тобы атмосфераны қызықты етеді. Мектеп
жасындағы балалармен қарым-қатынас және олардың бір-біріне деген қызығушылығымен
байланысты жеткіншектер арасында екі түрлі қарым-қатынас проблемасы пайда болады:
біріншісі - жеткіншек жастың басталуы, екіншісі – аяқталуы. Есейе келе балаларда қарым-
қатынастың үш түрі пайда болады. Ішкі эпизодтық контактілер қызығушылық пен
қажеттілікті қанағаттандырады. Достық қарым-қатынастағы, араласу олардың өзара
білімдерін айырбасталуына әкеп соғады. Достық қарым-қатынасқа тұрақтануы олардың
эмоционалдық – жеке мінездері кейбір сұрақтарды шешуге көмектеседі. Жеткіншектік
кезеңнің екінші жартысына өткенде қарым-қатынасы өз бетінше болып, маңызды өмірлік
роль атқарады. Жеткіншектер бұл кезде үйде отырмайды, олар достарына қарай топтасып,
өмір сүруге ұмтылады. Бұл жеткіншектік кезеңнің өте бір маңызды белгісі. Жеткіншектің
достарымен жағымсыз қарым-қатынасы оларға өте ауыр тиеді.
Көптеген жеткіншектерге бұндай жаста достарын жоғалтуы тұлғалық драма сияқты
болады. Жеткіншектерде достық қарым-қатынас бірінші орында болады. Бұндай қарым-
қатынас атмосферасы басқа адамға деген сыйластықтан, сенушіліктен, әдептіліктен, көмек
көрсетуден тұрады. Көбінесе жеткіншектер топтарында өзімшілдік, өз сөзінде тұрмау,
достарын айырбастау, бұйрық беруге ұмтылу, достарының ойларымен келісмпеушілік ортаға
салынады.
329
Жеткіншектердің топтарында қарым-қатынас лидері анықталады. Қызығушылық пен
істер арасындағы ұқсастық жеткіншектің достық жақындасуының маңызды факторы болып
табылады. Кейде досына деген көзқарас онымен достасу арманы, оның іске деген
қызығушылығын тудырады. Осының нәтижесінде жеткіншекте жаңа қызығушылық пайда
болады. Досы жеткіншекке үлгі болады. Ол да сондай болуға ұмтылады.
Жетінші-сегізінші сыныптардағы қыз балалар мен ер балалар арасында романтикалық
қарым-қатынас пайда болып, бір-біріне хат жазып, бірге қыдырып, киноға бара бастайды.
Жеткіншектер арасында мұндай қарым-қатынастарда олар жақсы болуға ұмтылады. Мұндай
жаста көп балалар өз тәрбиесіне өзі көңіл бөле бастайды. Ерте жастық шақта жеткіншектер
өздерінің құрбыларымен және үлкен кісілермен бір-бірінен бөлек тәуелсіз қарым-қатынас
орнайды. Құрбылармен қарым-қатынас өз кезегінде достық қарым-қатынасқа, ал
үлкендермен – жеке және жұмыстық қатынасқа бөлінеді. Жеткіншектік кезеңге қарағанда
осы қарым-қатынас жүйесі ерте жастық шақта күрделірек болады. Бұл жерде үлкен сынып
балалары әртүрлі әлеуметтік роль атқара бастайды. Жас балалар мен қыздар қатынасын
әртүрлі қатынастар бұл кезде балалық қасиеттер жоғалта бастап, үлкен кісілер арасында
орын алатын қарым-қатынас орнай бастайды.
Ал осылардың негізі болып, екі жақтық сыйластық пен тең құқылық орын алады.
Жастық шақта тұлғаралық қарым-қатынас жеткіншектік кезеңге қарағанда күрделірек, бұнда
уақттың көбі құрбылармен қарым-қатынасқа кетеді. Бозбалалар мен қыздардың жақын
құрбылары сыйға ие болады. Ал қалған жай құрбылармен жолдастық немесе таныстық
қатынаста болады. Балалық шақтағы құрбылар мен өзара қатынас адамның болашақтағы
психологиялық жақсылығымен байланысты екенін психологтар анықтаған [5].
Жас жеткіншектің қарым-қатынас жасаудың екі саласы тән – үлкендермен қарым-
қатынас және құрбылармен қарым-қатынас.Оның тұлғалық қалыптасуында осы екі саланың
рольдері әр түрлі.
Бірінші салада жеткіншек баланың қоғамдық маңызды критерийлерін меңгереді, мінез-
құлықтың мақсаты мен түрткісін сондай-ақ әрекет тәсілдерімен қоршағанақиқат нәтижесінің
тәсілдерін меңгеріп, басқарушы ролін атқарады. Ал екінші салада ол өзімен тең
дәрежедегілермен бетпе-бет соқтығысып, проблемаларға соқтығысады, яғни құлықтылық
және этика проблемаларымен үлкендермен қарым-қатынас кезінде ол жолдастық қатынаста
болса кішкентай қалпында болады. Яғни бағынушы ретінде, бұл қалыпта құлықтық-
этикалық нормалардың барлығы тәжірибеде меңгерілген жоқ, тек қана құрбылармен
қатынаста ол белгісі бойынша формальді түрде тең дәрежеде болады.
Жеткіншек үшін жолдастарымен қатынас ерекше маңыздылыққа ие болады. Достар-
жолдастар жеткіншек өміріне маңызды табиғи орта. Ол осы жолдастары арасынан еліктеуге
болатын үлгіні таңдап, сол деңгейге жетуге ұмтылады. Құрбылармен қарым-қатынас жасау
ролі жеткіншек өмірінде сөзсіз өте биік. Бірақта сонымен қатар оның формалары мен
мазмұны, сипаты мен тәсілі – жеткіншектің үлкендермен қалыптасатын қатынастармен
анықталады. Жеткіншектер үлкендер сияқты болуға тырысады, ол оның құқығы мен
мүмкіншілігіне ие болғысы келеді. Осы жеткіншектің дамуының соңғы қорытындысы сол,
ол үнемі үлкенмен теңескісі келеді. Бірлескен іс-әрекетте үлкендер жеткіншектің тұлға
ретінде қалыптасуына мүмкіндікке жетеді. Сондықтан жеткіншекпен қатынаста дұрыс
позицияны тауып алу өте қажет.
Ата-аналарды жас жеткіншекпен қандай қатынас орнатуды алаңдатады. Бәрімізге
белгілі ешқандай беделсіз тәрбие мүмкін емес.
Ересек міндеті – жеткіншекпен бірге болу. Ал бұл – дәл уақытта оған көмекке келу,
кеңес беру, ақыл қосу, ал қажеттілік туса, оның өміріне белсенді араласу. Ересектің бірге
болуы, яғни жеткіншекте сенімді және тәжірибелі достық болуы. Жас жеткіншек дамуының
негізгі тенденцияларын, индивидуалды ерекшеліктерін білу, ата-анаға өз баласымен нақты
өзара әрекеттің әдісі мен құралдарын табуға, өзара әрекеттің дұрыс формаларын таңдауға
көмектеседі. Мынаны ескерген жөн, әр жеткіншек - әр түрлі факторлар әсерінен
қалыптасатын тұлға. Ата-аналардың басты тәрбиелеу жұмысы - өтпелі кезеңде
Достарыңызбен бөлісу: |