324
Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем
картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы,
әлемге деген мағыналық қарым-қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі
ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы.
Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер
кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік
жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік
іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы дамуға сүйену ұстанымы,
креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін
қалыптастырушы ұстаным. Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту
жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті
материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау
арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен
өзектіліктікке.
Бастапқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен
техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi.
Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс
құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған
материалдарды бекiтуге бағытталған. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан,
әскери іс
негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.
Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-
ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан
Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке
жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта
жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен
түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын
дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін
заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті
екендігі түсіндіріледі.
Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады.
Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы
әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс
машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған.
Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша
дағдыларды меңгереді.
Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка
макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің
бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен
әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-
дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында
оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін,
қаруды күту және сақтауды үйренеді.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда
(плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-
ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша
көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері
бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру
алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы
қажет.
325
Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз
бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут
бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.
Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт
және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан,
ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен
қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек
көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде
алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.
Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет
етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық
бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге
бағытталуы тиіс.
Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу
жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы
мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен
оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының
бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және
взвод командирлері тағайындалады.
Бастапқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері
взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-
ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.
Бастапқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы
арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының
талаптарына сәйкес құрастырылады [1].
Бастапқы әскери дайындық сабағын жоспарлау және өткізуде сынып ұжымының
психологиясын, олардың даму және көріну заңдылықтарын да ескеру қажет. Ұжымның
психологиясы ұжым мүшелерінің жеке психологиясының өзгеруінің нәтижесі болып
табылады. Ол келесі компоненттерден құралады:
- ынталандырушы компоненттер – ұжымдық қажеттіліктер, мүдделер, сұраныстар,
мақсаттар,
тілектер, дәстүрлер;
- парасаттылық компоненттері – ұжымдық сезімдер мен көңіл-күйлер;
- ерікті компоненттер – жігер, қайсарлық, тәртіптілік және т.б.
- әлеуметтік компоненттер – ұжым мүшелерінің арасындағы арақатынасты сипаттайды
(өзара тартыс,
бәсекелестік,
баға беру, мейірім, жақтырмау және т.б.)
Ұжымды ұйымдастыру заңдылықтарын ашу, психологиялық ортаны, достық
арақатынасты басқару, оқушыларды рух беру арқылы тәрбиелеуге көмектеседі [2].
Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша сабақтарды жоспарлап жүргізу барысында
оқытудың білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін ескерген жөн.
Дидактикалық жоспарлауда окыту процесі күрделі болып келеді. Оның айырмаланатын
ерекшеліктері мыналар: көпфункционалдық; зерттеудің әдістемелік дәлелденгендігі;
негізделгендік
және нақты тәжірибелік бағытталғандық; оқыту мен үйретуде
қиындықтарының басымдылығы; оқыту мен үйретуде дәлелдеудің жоғарылығы және
эмоционалды көтеріңкілігі; оқуда өз еркінше ізденудің жоғары үлес салмағы;
жауынгерлердің танымдық қызметіндегі тапсырмалардың жиынтығы жүйесі; жоғары
техникалық камтамасыздандырылғандық, мазмұндағы, ұйымдастырудағы, әдістеме мен
басқармадағы жинақтылық. Оқудың құрылымдық жоспарында – бұл процесс үйретуші мен
үйренушінің арасындағы өзара байланысты белсенді қызмет. Мұнда оқытушы басқарушы
рөл атқарады, ол танымдық-практикалық қызметті ұйымдастырады және оны басқарады.
Оқушы оқу материалын ұғыну арқылы жауынгерлік шеберлікті үйренеді, өзінің білімдік
және дене дайындығын, саяси-моральдік және жауынгерлік қасиеттерін дамытады.