22
құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді,
ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында: «...Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп
кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз
заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар
бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика
жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...», – делінген.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті
сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің
көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты
қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге
келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементтерін сабақта
кеңінен қолданудың маңызы артып келеді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі
дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық
педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып
отырғаны даусыз Қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі- тіл мәселесі. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне
қатты назар аударған болатын.Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір
азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де
шебер, мағыналы да, мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты
сөздердің бірі- мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік
қорын, грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік
маңызы зор. Оқушылардың ойлау қабілетін де жетілдіреді. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы
халық даналығынан туындаған. Оқушылар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік
қоры байи түседі. Ал, мақал-мәтелдердің оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол
азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып
келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-
мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдылығымен, әрі түсінікті
даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында мақалдардың
қазақша баламасын, екі тілде жаттатқызамын. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-
мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.
Сондай-ақ ағылшын тілін меңгерте отырып, халқымыздың ақыл-ой даналығын үйрететін
мақал-мәтелдермен шәкірттердің ойын ширатып, ойлау белсенділігін арттыратын
жұмбақтарды да пайдалануға ұмтыламын. Бұл оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін
арттырады. Негізінен мақал -мәтелдерді белгілі бір тақырып бойынша жазғызамын. Мысалы
«Достық» тақырыбын өткен кезде тіл дамыту жаттығуларын орындау барысында мынадай
жұмыстар жүргізіледі.
1. Between friends all is common – Достардың арасында бәрі ортақ.
2. A man is known by the company he keeps – Адамды досына қарап танырсың.
3. Joy shared with other are more enjoyed – Доспен көрген қуаныш аса зор қуаныш.
4. A hedge between keeps friendship green – Шынайы достық қиындықта сыналады.
5. Friendship can not stand always on one side – Ерегескен ел болмайды, есептескен ДОС
болмайды.
Бұл оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулып, пәнге қызығушылығын арттырады.
Ойын түрінде өткізілетін сабақтар барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, бір топқа мақал-
мәтелдердің бас жағы, екінші топқа соңғы жағы беріледі. Әркім өз жалғасын табуы керек.
Келесі бір ойында конверттің ішінде бас-аяғы қиылған мақал-мәтелдер бар, ол 10 сөйлемнен
тұрады, яғни оқушылар мақал-мәтелдердің бас-аяғын құрастыруы тиіс. Барлық 10 сөйлемді
бірінші болып жинаған топ жеңімпаз болып саналады.
Немесе оқушылар екі топқа бөлініп, өзара мақал-мәтелдер айтып жарысады. Қай топ
көп мақал айтса, сол топ жеңген болып саналады.
23
Сабақ өтудің тағы бір тәсілі кеспе картаға бір сөзін қалдырып, жазған мақалдың бірін
қазақ және ағылшын тілінде орындап шығу. Әрине, мұндай сабақтарды көптеп қызықты, әрі
түрлендіріп өткізуге болады. Мұндағы негізгі жетістік- баланың сабаққа белсене араласуы,
өз ойын жеткізе білуге үйренуі, сол себепті де саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында
ұтымды тәсілдерді қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті. Мақал көптеген жағдайларда
тиянақталған ой ретінде, сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын
пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал мәтел сипаты жағынан бейнелеп сөйлеудің
элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал-мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де
«Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмалар ретінде көптеп
кездеседі. Барлық тілдер секілді ағылшын тілі де мақал-мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай,
олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады.
Мақал-мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі
көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын
меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдерді ағылшын тілінде жайшырай,
салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайларды өткен кезде қолдануға болады.
The degrees of comparison of adjectives
1. A good name is better than riches
Доброе слово лучше богатства
Жақсы сөз – жарым ырыс
2. Twoheadsbetterthanone
Одна голова хорошо, две- лучше
Екі кісі бір кісінің тәңірісі
3. East or west home is best
В гостях хорошо, дома лучше
Өз үйім өлең төсегім
The plural of nouns
1. So many countries, so many customs
Что ни город, то народ
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа
2. Many words cut more than swords
Злые языки острее меча
Сөз сүйектен өтеді
The constructions: there is/there are
1. There is no place like home
В гостях хорошо, а дома лучше
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім
2. There is no smoke without fire
Нет дыма без огня
Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды
The Present Indefinite
1. Tastes differ
На вкус и цвет товарищей нет
Әркімнің өз талғамы бар.
2. All is well that ends well
Все хорошо, что хорошо кончается
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады
The Future Indefinite
1. We shall see what we shall see
Поживем – увидим
Көргеніңнен көрмегенің көп
Достарыңызбен бөлісу: |