Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет74/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187

150 
 
ӘОЖ  811.512.122ʼ36 
ҚУАНТҚАН Г.С., БИЯРОВ Б.Н. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ  
ОНЫҢ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНА ЕНУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Ә.Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне,  сингармонизм 
теориясына зор еңбек сіңірген ғалым. Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш 
(просодика слова) мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы; қазақ тілінің 
артикуляциялық  базасы  (моделі)  құрамындағы  артикуляциялық  үлгілер;  қазақ  тіліндегі  буын 
және  морфеманың  дыбыс  құрамы  мен  желісі  (линейная  величина);  латын  әліпбиіне  көшу 
мәселелері;  қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  үйрету  әдістемесі  мәселелерімен  айналысады. 
Сингармониялық  бағыт  Ә.Жүнісбек  еңбектерінің  арқасында  қалыптасып,  ғылыми  айналымға 
түсіп,  қалың  оқырманға  танымал  болды.  Аталған  бағыттың  ұстанған  принциптері  мынадай: 
сөздік  екпін  бар  жерде  тон  мен  сингармонизм  болмайды,  тон  бар  жерде  сөздік  екпін  мен 
сингармонизм  болмайды,  сингармонизм  бар  жерде  сөздік  екпін  мен  тон  болмайды.  Қазақ  тілі 
үндесім  (сингармониялық)  тіл  болғандықтан,  оның  дыбыс  құрамына  тән  ұғымдар  мен 
атаулардың өз ерекшелігі болады.  
Проф.С.Мырзабеков  қазақ  тіліндегі  дыбыс    тіркестерінің    зерттелу  жайына    арнайы  
тоқталып,  осы    бағыттығы    жетістіктерді    атап,  кеткен  кемшіліктеріне  баса  назар  аударып 
отырған. Ғалымның зерттеу нәтижелері теориялық  монографиядан  басталып, практикалық  
айтылым  сөздіктен  аяқталады.  
С.Мырзабеков  өзінің  көптеген  еңбектерінде  А.Байтұрсынұлы,  Х.Досмұхаммедұлы 
еңбектеріне  сүйеніп, қазақ сөзінің  айтылым үлгіліріне қатысты мол мұра қалдырды, қазіргі  
кезде  шәкірттері С.Ақымбек т.б. ғалым салған ғылыми мектеп жолын жалғастырып  келеді.  
Белгілі  фонетист  ғалым  С.Мырзабеков  емле  ережелерін  жетілдіру  барысында  әлі  де 
кейбір кемшіліктер кездесетінін көрсеткен еді [12.175-186]. Мысалы, кісі аттары жазылуында 
«Амангелді,  Есенғұл»деп  жазу  дұрыс  емес,  олар  тоғыспалы  ықпал  арқылы  (Амаңгелді, 
Есеңгелді)  жазылатынын,  «соңғы  буынында  «ы,  і»  дыбыстары  бар  сөздерге  (орын,  құлық, 
көрік  т.б.)  дауысты  дыбыстан  басталатын  қосымша  жалғанғанда  «ы,  і»  дыбыстары  кей 
уақытта  түсіп  қалады»  деген  ережедегі  «ы,  і  дыбыстары»  деген  дұрыс  емес,  дұрысы  «ы,  і 
әріптері» екенін аңғару керек, өйткені бұл жерде «ы, і» әріп, олар «ұ, ү» болып дыбысталады 
дейді  [12.177-178].  С.Мырзабеков  тілімізге  орыс  тілінен  енген  сөздер  көп  екенін  ескертіп, 
емле  ережелерінде  «оларды  буынға  бөлу,  тасымалдау  жайында  бір-екі  параграф  айтылса 
артық болмас еді» деген еді [12.186] 
Ал  енді  зерттеу  жұмысымыздың  өзегі  –  жоғарыда  аталған  ғалымдардың  ашқан 
жаңалықтары  мектеп  бағдарламасына  ендіме  жоқпа,  осы  мәселеге  тоқталайық.  Жалпы 
мектеп  бағдарламасында    қазақ  тілінің  фонетика  саласына  5-сыныпта  ғана  кеңініен 
тоқталады.  Ары  қарай  қалған  салаларын  сатылап  өтіп  келеді  де,  11-сыныпта  бір  қайталап 
шығады. Міне, мектеп оқушыларының фонетика турасындағы білімдері. 
2015  жылы  шыққан  5-сыныпқа  арналған  қазақ  тілі  кітабында  фонетикаға  мынадай 
анықтама беріліпті: 
Фонетика – гректің «phone» сөзі, беретін мағынасы – «дыбыс». Сонда «фонетика» термині 
«тілдің  дыбыстық  жүйесін,  яғни  жасалу  жолдары  мен  естілуін  зерттейтін  тіл  білімінің  бір 
саласы»  дегенді  білдіреді.  Фонетика  дыбыстардың  жасалу,  айтылу,  естілу  және  буын,  екпін, 
интонация  мәселелерін  қарастырады  [7].  Бұл  тұрғыдан  С.Мырзабековтың  фонетикаға  берген 
анықтамасымен кішкене өзгешеліктері болса да, сәйкес келетін тұстары  да  бар. 
 Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 
әріп  бар:(ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і).  Қалғандары  орыс  пен  қазақ  тіліне  ортақ  әріптер.Қазақ  жазуында 
бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.  
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – тоғыз: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү – деп мектеп оқулығында 


151 
 
көрсетілсе,  Ә.Жүнісбек  дауысты  [а],  [ы],  [о]  сингема  (дыбыс)  бар  деп,  ал  С.Мырзабеков:  
Қазақ  тілінің  байырғы  сөздерінің  құрамында  тоғыз  (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і)  дауысты  дыбыс 
бар.Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды[2;34] – дейді. 
Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бала:  «Дауысты  дыбыстар  мыналар: 
а,ә,е,ё,и,о,ө,ұ,ү,ы,і,э,ю,я.  Бұлардың  ішінде  орыс  тілінен  енген  дауысты  дыбыстар  мыналар: 
ё,э,ю,я деуге мәжбүр – деп С.Мырзабеков көрсетсе, мектеп оқулығында  орыс тілінен енген 
және  халықаралық  терминедерде    кездесетін  дауыстылар  қатарына  и,у,э  жатқызылады.  Ал 
Әлімхан    ағамыз      кірме  [  х,  һ,  ч,  щ,  ф,  ц,ъ,  ь,  э,в,  ю,  я  ]  әріптерді    қазақ    әліпбиінде    бос 
жүрген  әріптер  санатына  жатқызады. 
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден 
артық  болмауға  тиіс.Сонда  сөздің  құрамында    қанша  дауысты  фонема  болса,  сонша  буын 
болады  деген  сөз  –  деп  С.Мырзабеков  буынға    тән  сипаттар  ішінде  дауысты  дыбысқа  тән 
қызметтің  бірін  атап  өтеді.  Мектеп  оқулығында:  дауысты  дыбыстар  үннен  ғана 
тұратындықтан  оларды  созып  айтуға  болатыны  аталып  өтіледі.  Дауысты  дыбыстар  буын 
құрайды: сөзде қанша  дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны жоғарыда көрсетілген   
С.М  пікірімен  сәйкес  келеді.  Әлімхан  ағамыз  отыз  жыл  бойы  қазақ  тілінде  9  дауысты  бар 
деуден  жаңылған  да,  жалыққан  да  емес.  Дауыстыларды  тілдің,  жақтың,  еріннің  қатысына 
қарай  бөлінуі  С.Мырзабеков  бөлуімен  сәйкес  келеді.  Алайда  әріптер  арасында 
айырмашылықтар  бар.  Мысалы,  жіңішке  дауыстылар  мектеп  оқулығанда:  ә,ө,ү,і,е,э,и,у  деп 
көрсетілсе  Ә.Ж  дауыстыларды бөле отырып, оларды кестеге жіктейді. Ал С.М  э,у әріптерін 
қоспайды.  Жақтың  қатысына  қарай  ашық  дауыстыларға:  а,ә,о,ө,е,э  жатқызылады  мектеп 
оқулығында, С.М тек а,ә әріптерін ғана алады да езулік дауыстыларда  - э әріпін көрсетпейді. 
Қалған жіктеулер мектеп оқулығымен сәйкес келеді. 
Дауыссыздар  турасында  мектеп  оқулығында    өкпеден  шыққан  ауаның  қалай 
шығытытын,  сөйтіп  дауыссыздың  қалай  пайда  болатыны  туралы  айта  келіп, 
дауыссыздырға:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ,(у) 
жатқызады. 
Ә.Ж: 
17  
дауыссыз   [ б,д, ғ,ж, з, й, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш] сингема (дыбыс) бар деп көрсетеді. С.М: 
қазіргі қазақ  тілінде  25 дауыссыз фонема бар. Азын – аулақ ерекшеліктерді есептемегенде, 
қазақ тілі  мен орыс тіліне ортақ  дауыссыз фонемалар  – он бес:  б,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,р,п,с,т,ш. 
Қазақ  тілінде  бар,  орыс  тілінде  жоқ  дауыссыздар  –  бесеу:  ғ,к,ң,у,һ.Қазақ  тілінде  бұрын 
болмаған,  орыс  тіліне  енген  дауыссыздар  да  бесеу:  в,ф,х,ц,ч  ара  жігін  ажыратып 
көрсетеді.Мектеп  оқулығында 26, С.М  25, Ә.Ж 17   дауыссыз бар дейді.  
Мектеп  оқулығында  дәстүрлі  салдыр  мен  үннің  қатысына  қарай:  қатаң,  ұяң,  үнді  деп 
қана бөледі. Ал, С.М: дауыстың(салдарды деуге де болады) қатысына қарай, айтылу (ауаның 
шығу)  жолына  қарай,  жасалу  немесе  айтылу  (артикуляциялық)  орнына  қарай,қысқаша 
айтқанда,  дауыссыз  фонемалар  акустика  –  артикуляциялық  ерекшеліктеріне  қарай  үшке  
жіктеп    бөледі.  Ә.Ж:  қазақ  тілінің  дауыссыз  дыбыстары  дауыс  (дауыс  желбезегінің) 
қатысына  қарай  –  қатаң  (тербелісіз),  ұяң  (тербеліңкі),  үнді  (тербелімді),  жасалу    орнына  
қарай  –  ерін,  тіл  ұшы,  тіл  ортасы,  тілшік,  жасалу    тәсіліне  қарай  –  тоғысыңқы\жуысыңқы 
(жинақы, жайылыңқы, діріл, жанама) болып жіктеледі[1;98]. 
 Мектеп  оқушыларына  жалпы  атап  өтіледі  де,  тереңдетіп  оқытылмайды.  Ал,  осы 
дауыссыздар  жіктелуіне  қатысты  басқаша  терминдерді  оқушылар  тест  жұмысы  барысында 
кездестіріп  қалса,  көктен  түскендей  болып  отырады.Осы  жерде  ғылымға  енгізіліп  жатқан 
жаңалықтар мектеп оқулықтарына да енуі керек – ақ.  
Буын  мәселесі.  Мектеп  оқулығында  буынға:  сөз  бірнеше  фонетикалық  бөлікке 
жіктеледі. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын делінеді. 
Буынға берген Ә.Ж  анықтамасы: Сөйлеу  үстінде  (сөз  құрамында) өзара кірігіп,  біртұтас 
болып   айтылатын (жасалатын)  дыбыс  тіркесін  (немесе  дербес  дауыстыны) буын дейміз.   
Буын    тілдегі    ары      қарай    бөлшектенбейтін    ең  кіші    жасалым  (артикуляциялық)    бірлік 
болып    табылады[1;163  б]  –  дей  келе  буынды  әуезді,  әуенді,екпінді  деп  үшке  бөледі.  С.М: 
Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауыныңнәтижесінде пайда болатын жеке 
(дауысты,дауыссыз)  тобы  –  деп,  буынға  тән  сипаттарды  атап  өтеді.  Ал  буын  түрлерін: 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау