Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет82/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   187

167 
 
жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады[5, 65б.]. 
-ып,  -іп,  -п    жұрнақтары  арқылы  жасалған  көсемшелер  жіктелгенде  бұрынғы  өткен 
шақты білдірсе – а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы 
шақты  білдіреді.  Көсемшелердің  бұлардан  өзге  жұрнақтары  жіктелмейді.  Көсемшенің 
жіктелетін  –а,  -е,  -й  және  –ып,  -іп,  -п  тұлғаларының  жіктелмейтін  тұлғаларға  қарағанда 
елеулі  айырмашылықтары  бар.  Біріншіден,  олардың  тілдегі  жұмсалу  жиілігі  соңғыларына 
қарағанда  әлдеқайда  басым.Мәселен,  жіктелетін  көсемшелер  арқылы  күрделі  етістіктің, 
пысықтауыштардың  және  сабақтас  сөйлемдердің    бірнешеуі  жасалады.  Екіншіден,  жіктелетін 
көсемшелердің  қолданылу  өрісі  кең.  Олар  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарларының  да, 
басыңқы  сыңарларының  да  баяндауыштары  бола  алады.  Ал  жіктелмейтін  көсемшелер  тек 
бағыныңқы сыңардың ғана баяндауышы болады. Сергіген қабағы сәл тұнжырай түсіп, ол тағы 
ойланды  (Майлин).  Жалғыз  баласы  Иса  өлгелі,  Қадір  әбден  тұнжырап  кеткен  еді  (Әуезов). 
Алғашқы сөйлемде көсемшелер бағыныңқы баяндауыштың құрамында да қолданылып тұр. Ал 
екінші сөйлемде тек басыңқының баяндауышы болып тұр. 
Көсемшелер  жеке-дара  сөз  есебінде  қолданылмайды,  есімдердің  морфологиялық 
түрлену  жүйесіне  түспейді,  демек  оларға  көптік,  тәуелдік,  септік  жалғаулары  қосылмайды. 
Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасында байлаулы, ал мағынасы 
етістікке қатысты белгімен байланысты болады да, өзі тек етістік негіздерімен және олардан 
өрбіген  тұлғалардан  туындайды.  Осы  себептен  де  көсемшелер  етістіктің  ерекше  бір  түрі 
болып саналады. 
А.Байтұрсынұлы  еңбектерінен  бастап  Н.Сауранбаев  еңбектеріне  шейін  (елуінші 
жылдар)  көсемше  жұрнақтары  ретінде  –а,  -е,  -й;  -ып,  -іп,  -п;  -ғалы,  -гелі,-қалы,  -келі 
қосымшалары  аталған.  Кейінгі  зерттеушілер  көсемшенің  жұрнақтарына  –ғандай,  -ғанша,  -
мастан, -май, -майынша, -ысымен (әрқайсының дыбыстық варианттары бар) жұрнақтарын да 
қосады. Бұлардың көсемшелік сипаты қаншалықты басым болғанымен де, -ғалы тұлғасынан 
өзгесінің морфологиялық құрамы анық көрініп тұр[1]. 
-ғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ) 
-мастан (болымсыз етіс + есімше + шығыс септік)  
-ысымен(қимыл есім + тәуелдіктің III жағы + көмектес септік) 
-майынша (болымсыз етістік + көсемше + дәнекер қызметтік жұрнақ). 
Көсемше  жұрнақтарының  ішіндегі  ең  белсендісі,  бесаспабы  -п  жұрнағы.  Кезінде 
Н.Сауранбаев  бұл  жұрнақты  “үнемді”  деп  атаған.  Қазіргі  қазақ  тілінде  –п  форматты 
көсемшенің қолданысында тағы бір ескерте кететін ерекшелік бар. Көсемшенің бұл жұрнағы 
соңы  –п  дыбысына  біткен  етістікке  жалғанса,  ол  түбіртегі  –п  дыбысын  –у  дыбысына 
айналдырады. Мысалы, тап - тауып, жап – жауып, қап – қауып т.б.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  –ғалы  көсемшенің  –а,  -е,  -й,  -ып,  -іп,  -п  тұлғаларына  қарағанда 
қолданылу аясы тар. Бұл тұлға өзінің бастапқы қызметінде тұрып та барлық етістікті бірдей 
сипаттай  бермейді.  Көбінесе  қозғалыс  мағынасындағы  етістіктерді  ғана  сипаттайды. 
МысалыТатуласқалы келдім, жауласқалы барды, айтысқалы кетті. 
Етістіктің  функциялық  формаларының  бірі  –  есімше.  Есімше  мағынасы  жағынан 
етістіктерше  болымды  және  болымсыз,  салт-сабақты  болып  бөлініп,  жақтық,  шақтық 
мағынаны  аңғартады.  Бірақ  түрленгенде  есімдерше  көптеледі,  септеледі,  тәуелденеді.  Осы 
ерекшелігіне  байланысты  сөйлемде  атрибуттық  және  предикаттық  мағынаға  ие  болады  да, 
әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. 
Есімше –ған (-ген, -қан, - кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -йтын, -йтін), -ушы (-уші), -
мақ  (-мек,-бақ,  -бек,  -пақ,  -  пек)  жұрнақтарының  негізгі  және  туынды  түбір  етістікке, 
етістіктің  болымды  және  болымсыз  формаларына,  етіс  категориясының  барлық  түрлерінің 
жалғану арқылы жасалады[4, 320б.]. 
Есімше  жұрнақтарының  қызыметі  –  өзі  жалғанаған  етістіктің  аңғартатын  мағынасын 
өзгертпей, заттың қимыл – әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы, бар – қимыл  - 
әрекетті  білдіретін  етістік,  ал  барған  (адам),  барар  (жол),  баратын  (  кісі),  барушы  (бала)  – 
заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.  
Есімше  жіктеледі,  бірақ  етістіктерше  емес,  есімдерше  жіктеліп,  сөйлемде  баяндауыш 


168 
 
қызыметін  атқарады.  Есімше  формасының  әрі  сын  есім,  әрі  етістік  ретінде  қолданылуына 
қарай күмәнді  пікір пайда болуы  анық.  Шындығында, екі  сөз табына тән белгілері  бар бұл 
форманы  қай  сөз  табына  жатқызуға  болады?  Бұл  мәселесінің  басын  ашып,  түсінікті  болу 
жағын ұарастыру үшін екі сөз табына тән тұстарын санамалап барып таразыға салу лазым. 
1. 
Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері: 
а)  Есімше  формалары  сын  есім  сияқты  заттың  белгісін  аңғартып,  сөйлемде  қандай? 
деген  сұраққа  жауап  береді,  анықтауыш  қызметін  атқарады.  Бұл  жағынан  есімшенің  сын 
есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттық белгісін білдіруі 
анықтап  аңғарған  кісіге  бірдей  емес.  Мәселен,  көк  шөп  –  көгерген  шөп,  ақ  шаш  –  ағарған 
шаш,  қызыл  орамал  –  қызарған  орамал  деген  мысалдардағы  бірінші  тұрған  көк,  ақ,  қызыл 
сын  есімдермен  екінші  тұрған  көгерген,  ағарған,  қызарған  есімшелерінің  мағынасындағы 
айырмашылыққа    назар  аударайық.  Сын  есімдер  заттың  тұрақты  (статикалық)  белгісін 
білдірсе,  есімшелер  қимыл  –  әрекет  нәтижесінде  пайда  болған  өзгерісті  (динамикалық) 
аңғартып тұр. 
ә)  Есімшелері  сын  есім  сияқты  көптеліп,  тәуелденіп,  септеліп  заттанады.  Сөйлемде 
бастауыш,  толықтауыш  қызыметін  атқарады.  Жіктеліп  баяндауыш  қызметін  атқарады. 
Мысалы, Көрмес – түйені де көрмес дегенде бірінші көрмес атау септігінде тұрып бастауыш, 
екінші  көрмес  сөзі  жіктеліп,  3  –  жақ  нөлдік  формада  қолданылып  баяндауыш  қызыметін 
атқарып  тұр.  Айтарыңды  айтып  қал,  Енді  айналып  келгенше  дегенде  айтар  есімшесі  әрі 
тәуелденіп, әрі септеліп толықтауыш болып тұр. 
б)  Етістіктің  болымсыз  формасына  есімше  жұрнағы  жалғанғанда  да  есімшенің 
болымсыз  мағынасы  аңғарлады.  Бірақ  есім  сөздер  сияқты  есімшелер  де  жоқ,  емес  сөздер 
арқылы  болымсыз  форма  жасайды.  Мысалы,  бармаған    -  барған  жоқ,  барған  емес.  Демек 
есімшелер  болымсыздық  форманы  етістіктерше  синтетикалық  жолмен  де,  есімдерше 
аналитикалық формамен де жасайды екен. 
2) Есімшелердің етістікке жақын белгілері: 
а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді 
салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі  себеп болады. Мысалы, кітапты алған, қаламды 
берер,(бермес),қатты  жазатын,  жүкті  тасушы,үйді  көрмекші  т.б.дегенде  табыс  септігіндегі 
сөздердісабақты  етістік  ретінде  меңгеріп  тұр.Ал  балаға  қараған,үйге  жеткен,  үйде 
отырған,даладан  кірген,бізбен  келген  дегенде  салт  етістік  ретінде  барыс,  жатыс,  шығыс, 
көмектес септіктегі сөздерді меңгеріп тұр. 
ә)  Есімшелердің  шақтық  мағына  беруде  қызметі  ерекше.  –ған  қосымшалы  есімше 
жіктеліп,  өткен  шақ  мағынасын  берумен  қатар  атрибуттық  қызметте  тұрып  та  сол  өткен 
шақтық мағынаны сақтайды.Мысалы, келген қонақ, қайтқан мал дегенде атрибуттық мағына 
болып  өткен  қимыл  қозғалысқа  білдіріп  тұр.  Дегенмен  атрибуттық  мағынада  тұрған 
есімшенің  бұл  түрінің  өткен  шақты  білдіруі  баяндауыш  қызметіндегі  өткен  шақты 
білдіруіндей  анықта  тұрақты  емес.Мәселен,  енді  келген  адам  бұл  үйге  кірмейді  дегенде 
келген есімшесінің мағынасы келетін, келер есімше формасының мағынасында қолданылып 
тұр. –ар (-ер, -р, -с) формалы есімшелер әр кез келер шақ мағынасын білдіреді. 
б)  Есімшенің  етістікке  тән  басты  белгісі  қимыл  қозғалысқа  байланысты  мағынадан 
алыстамайды.  Сондықтанда  есімше  етістіктерше  болымды  жане  болымсыз  салт  жане 
сабақты болып бөлінеді[5, 67б.]. 
Аталған  үш  белгі  есімшені  етістіктін  бір  түрі,  оның  ішінде  функционалды  етістік 
формасы деп есептеуге мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 445 б. 
2.  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (морфология).– Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 бет. 
3.  Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы, 1966. 
4.  Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. –  784 б. 
5.  Исаев С.М Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Өнер, 2007. – 336 бет. 
6.  Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардын текстері. / Ы.Е.Маманов.– Алматы, 1973. - 89 б. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау