Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет52/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   187

106 
 
ретінде әлем мәдениетіне тарту жүзеге асырылуы тиіс.  
Жастардың  тәжірибе  барысында  басқа  адамдарға  деген  сыйластық  және  төзімділік 
танытуына,  студент  жастарды  толеранттылыққа  тәрбиелеуде  куратордың  атқаратын 
жұмысының  маңызы  зор.  Кураторлар  –  топтағы  студенттердің  жас  ерекшелік,  ұлттық 
индивидуалды ерекшеліктерін, әрбір студенттің топпен қарым-қатынасын ұйымдастырушы. 
Студенттерді  толеранттылыққа  тәрбиелеуде  куратордың  жұмысы  адекватты  болып 
табылады,  себебі  индивидуалды  және  эмоционалды  күшке  ие,  сонымен  қатар,  ЖОО-ғы 
тұлғааралық,  ұлтаралық  қарым-қатынастың  ұясы  болып  табылатын  студенттер  тобымен 
жұмыс  жасайды.  ЖОО-да  студенттерді  толеранттылыққа  тәрбиелеудің  әсерлі  болуына 
олардың  ұжымда  бірлесе  жұмыс  жасауы  әсер  етеді.  Студенттердің  бойындағы 
толеранттылықтың  эффективтілігі  ұлттық  және  ұлтаралық  сферадағы  мінез-құлықтық 
дағдының және сенімнің, білімнің қалыптасу тұрғысынан қаралуы керек. ЖОО студенттерін 
толеранттылыққа  тәрбиелеу  үшін  күрделілік  деңгейіне  қарай  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес 
формадағы  жұмыс  әдістерін  қолдануға  болады,  яғни,  дөңгелек  үстелдер,  дебат,  диспут, 
студенттердің  шығармашылық  жұмыстарын  көрсету,  байқаулар,  тренингтер  өткізу. 
Осылайша,  жастарды  толеранттылыққа  тәрбиелеу  интеллектуалды,  рухани-адамгершілік, 
эстетикалық, еңбек, патриоттық, құқықтық т.б. бағыттарда да дамиды. Бос уақыт шеңберінде 
жастардың  толеранттылық  мәдениетін  қалыптастыруды  үлгілеу  тұрғысынан  қарастыру 
керек.  Үлгілеу  толеранттылықты  қалыптастыру  үрдісін  жүйелі  түрде,  әлеуметтік-мәдени 
қызметтің  әдіснамасы,  теориясы  мен  тәжірибесінің  қырынан  қарастырып  қана  қоймай, 
міндеттерді  күрделендіру,  ықпалдасқан  мәдени-әлеуметтік  технологияларды  қолдану 
арқылы  қатысушылар  арасындағы  қарым-қатынасты  жақсарта  отырып,  толеранттылықты 
қалыптастыру  үрдісін  уақытылы  түзетуге  мүмкіндік  береді.  Үлгілеу  толеранттылықты 
қалыптастыруды  көпфакторлы,  копфункционалды  және  мультиортадағы    үрдіс  ретінде 
қарастырады.  Ол  жастардың  бос  уақытын  ұйымдастырудың  негізгі  бағыттарын  жүзеге 
асырумен  байланысты  және  олардың  қызмет  ерекшеліктерімен,  толеранттылықты 
қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін құру сапасымен шарттастырылған.  
Бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу барлық әлеуметтік институттардың, әсіресе, 
жастармен  жұмыс  істейтін  институттардың  қызметін  қамтуы  тиіс.  Жастар  толерантылығы 
мәселесін шешуде көмектесе алады: 
1.  Мемлекеттік  мекемелер.  Олар  келіспеушіліктерді  диалог  арқылы  шешуге 
көмектеседі, құқық қорғау мәселесінде маңызды рөл атқарады; 
2.  Азаматтық  қоғам. Расизмге  қарсы  күресте,  қоғамдық  қызығушылықты  арттыруда 
азаматтық  қоғамның  рөлі  басым.  Қоғам  ішіндегі  әртүрлі  топтардың  өзара  сыйластықтары 
мен  бір-біріне  деген  сенімдерінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік 
институттардың,  саяси  көшбасшылардың  дифференциалдық  міндеті  емес,  сол  қоғам 
азаматтарының өз бастамасы болуы тиіс; 
3.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары. Мейлі  аудиовизуалды,  электрондық  БАҚ  немесе 
мерзімді  басылымдар  болсын,  демократиялық  қоғамда  олардың  алар  орны  зор.  Кейбір 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мигранттар  немесе  босқындар  туралы  жаңсақ  пікір  және 
негативті  таптаурындарды  қалыптастыру  арқылы  расизмді,  расалық  дискриминацияны 
немесе ксенофобияны тудыруға ықпал ете алатындықтарын ескерсек, оны пайдалы бағытта, 
яғни  толеранттылықты  насихаттауға  да,  әсіресе,  жастардың  бойында  өзге  мәдениет 
өкілдеріне  деген  төзімділікті,  әлемдік  мәдени  саналуандылықты  сақтауға  шақыру  үшін  де 
қолдануға болады; 
4.  Білім  беру. Білім  беру  саласының  ақпараттандыру  және  сыйластық  пен  төзімділікті 
марапттау ісіндегі  атқарар рөлін бағалау  мүмкін емес. Қандай да бір дискриминацияға жол 
бермей,  білім  қолжетіміділігін  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  сонымен  қатар,  білімнің  барлық 
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы мәні зор.  
Қорыта  келгенде,  қазіргі  заманғы  жастардың  толеранттылық  мәдениеті  олардың  қай 
ұлтқа,  қай  әлеуметтік  топқа  тиесілі  екендігіне,  діні  мен  ділі,  тілі  мен  салт-дәстүрі, 
дүниетанымы, мінез-құлқына байланысты ерекшеленеді және қоғамда әртүрлі көрініс беріп, 


107 
 
сәйкесінше, әртүрлі сипатқа ие болады. Дегенмен, жастардың әлеуметтік топтардың ішіндегі 
ең  белсенді,  сонымен  қатар,  жас  ерекшелігі  мен  құндылық  бағдарларының  толық 
айқындалмауына  байланысты  «ең  өзгермелі»  топ  екендігін  ескерсек,  дәл  осы  жастардың 
бойында  жалпыадамзаттық  құндылық  –  толеранттылықты  қалыптастыру  аса  маңызды 
екендігіне  көз  жеткізуге  болады.  Мультимәдениеттер  жағдайындағы  толеранттылық  жатты 
«өзімдікіне»  санауидеялық  ұстанымын  жүзеге  асырмауы  тиіс.  Толеранттылық  пен 
немқұрайлылықтың 
арасында 
теңдік 
белгісін 
қою 
ағаттық 
деп 
санаймыз. 
Мультикультурализм жағдайындағы толеранттылық екіұшты ахуалды қалыптастырады: бірі 
–  «өзімдікі»  -  «өзгенікі»  деп  бөлу  бөгде  мәдениет  өкілдеріне  өзінің  көзқарасын, 
дүниетанымы  мен  ұстанымдарын,  өмір  сүру  әдеті  мен  салтын  күштеп  тану,  яғни 
интолеранттылық  таныту  болса,  екіншісі  –  «толеранттылық»  ұғымының  көптеген 
индивидтермен  дұрыс  түсіндірілмеуі,  яғни  оны  өзгенің  артынан  көзсіз  ілесу,  барлығына 
рұқсат  етушілік,  жалпыадамзаттық  шынайы  құндылықтардың  тапталуына  көз  жұма  қарау, 
көптің  (мульти)  арасынан  өзіндік  ерекшелікті,  идентификацияны  сақтап  қалуды  жоққа 
шығару  деген  жаңсақ  ойдың  қалыптасуы.С.Хантингтонның  айтқан  «өркениеттер 
қақтығысы» жағдайында шиеленістен барлығының бірдей аман шығып, өз мәдениетін сақтау 
және  өз  болмысын  жоғалтпау  үшін  толерантты  болу  және  жастардың  бойында 
толеранттылық мәдениетін қалыптастыру аса қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Даль В. // Толковый словарь живого великорусского языка, 1998. 
2.  Большой энциклопедический словарь: в 2 т. / гл. ред. А. М. Прохоров. – М. : Сов. энциклопедия, 1991. – Т. 2. 
3.  Словарь по этике / под ред. А. А. Гусейнова и И.С. Кона. – М. : Политиздат, 1989. С351 
4.  World Conference against racism //  Расизмге,  расалық  дискриминацияға,  ксенофобияға  қарсы  күрес 
және олармен байланысты шыдамаушылық бойынша бүкіләлемдік конференция. Дурбан (Оңтүстік Африка). 31 
тамыз – 7 қыркүйек, 2001.- 17-18 б. 
5.  Ахмедов А.Э., Шаталов М.А. К вопросу о необходимости формирования толерантности у студентов 
как  фактор  устранения  их  девиантного  поведения  //  Общество  и  этнополитика.  Материалы  Международной 
научно-практической конференции. Новосибирск: Изд-во СибАГС, 2015. С. 212-217. 
6.   Уэйн К. образование и толерантность // Высшее образование в Европе.№2.-1997. 
 
 
ӘОЖ 82.0(574) 
ҚАЙСАНОВ А.С., БАРБОСЫНОВА Қ.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ТАРИХШЫСЫ М.Х.ДУЛАТИ – ТҮРКІ ХАЛҚЫНЫҢ 
ІРІ ТҰЛҒАСЫ 
 
Қазақ  ғылымымен  мәдениетінің  қалыптасуына  өлшеусіз  үлес  қосқан  ғалым,  қазақтың 
тұңғыш  тарихшысы  Мухаммед  Хайдар  Дулати.  Өткеніне  үңіле  бастаған  елдің  тарихының 
өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге 
дейін  Қазақстан  мен  Орта  Азия  елдерін  зерттеушілердің,  тіптен  түркі  тектес  халықтардың 
мәдениетін  зерделеген  европалық  ғалымдардың  қай-қайсысын  алсақ  та,  оған 
жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды. 
Тарихтан  біз  Шыңғысхан  жаулап  алған  жерлерін  көзі  тірісінде  ұлдарына  бөліп 
бергенде,  Алтайдан  Атырауға  дейінгі  өлкенің  Шағатайға  тигенін  білеміз.  Ал  ол  қайтыс 
болған соң, Мәуренахр мен Қазақстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзілістермен болса 
да,  кезегімен  билеп  келгенімен,  XIV  ғасырдын  ортасына  таман  Шағатай  мемлекеті  екіге 
бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс 
Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса,  Шағатай ұрпақтарының 
қолында  қала  берді.  Өзі  тұрақтап  қалған  мемлекеттін  шекарасы  жайлы  Мұхаммед  
Хайдар  Дулати  былай  дейді:  «Моғолстанның  шығыс  шеті  қалмақ  жерімен  шектесіп 
Барыскөл,  Еміл,  Ертісті  қамтиды.  Терістікте  оған  Кекше  теңіз  (Балқаш),  Бұм,  Каратал 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау