110
Тибетке жорықты өз бетімен жасамағаны. Оған оны баласы Әбд ар-Рашид мәжбүр еткен.
Өйткені хан өмірінің соңғы жылдары ішкілікке салынып,мемлекет ісін босаңсытып,
беделден айрыла бастайды. Хан сарайындағылардың өкімет билігі күндердің күнінде Әбд ар-
Рашидке тиеді деген болжамына байланысты бірте-бірте жас ханзада сый-құрметке бөлене
бастайды. Ақыры ол әкесін Тибетті шабуға жібереді. Сонан ол Жаркентке қайтып келе
жатқан, жолда,
жоғарыда айтылғандай, кенеттен қайтыс болады.
Дастанның құрылысы мен оқиғасы, авторлық баяндауларына қарап, Хайдар мырзаның
мұсылман шығысы мен үнді әдебиетін де жақсы білгенін, одан үйреніп, тіпті кей тұстарда
еліктегіндігін де байқау қиын емес. Ахмет Зәки Уәлиди Хайдар баба-мыздың поэзиясына
жоғары баға бере келіп, шығарманың тілі қарапайым, баяндауы анық та айкын, қызық та
шебер екендігіненазар аударады. Ақынның әсіресе Фирузшаһтың аңға шыққан кезін
суреттейтін тұстарының ерекше әсерлі екенін айтады.
Хайдар мырзаның «Жиһан намесін» Берлин кітапханасынан алдырып, жарияласақ, бір
ғанибет іс болар еді.
Шығарманың бірінші бөлігін жазғанда Мырза Хайдар Әлиаддин Атамәлек Жовайнидің
«Тарих-е-жаһангошай», Шәрәфеддин Әли Иәздидің «Зафарнама» еңбектеріне сүйенген.
Сондай-ақ Саһиб Қыран Әмір Темірдің Мауароннәһрде дербес мемлекет құруын, оны
сыртқы жаулардан қорғап, Моғолстан ханы Тоғлық Темір (1360 жылдар), тіпті кейінірек те
тегі Дулат Әмірлерінен шығып билікті қолға алған Қамареддинге қарсы жорықтары түгелдей
«Зафарнамадан» алынған. Мұндай жағдайларда автор «Зафарнамадан әңгіме» деп
оқырманды хабардар етеді. Жовейнидің «Тарих-е-жаһангошай» еңбегінен алынған кейбір
үзінділердің алдында да осындай ескерту береді. Зәһиреддин Мұхаммед Бабырдың
«Бабырнама» еңбегі де Мырза Хайдар үшін дере көз қызметін атқарған.
Бұлардан тыс, Мырза Хайдар жастары жүзге таяған қариялардан, әкесінен, немере
ағаларынан, нағашыларынан және басқа сенімді замандастарынан естіген хикаяларды да
мәлімет ретінде пайдаланады. Өз дәуірінің сопылық ағым өкілдерінің Рисалелерінен
(трактат), әдеби шығармаларынан да үзінділер келтіреді. Бірақ, «Тарих-и Рашидидің» екінші
дәптерін жазуда автор негізінен өзінің естеліктеріне арқа сүйейді.
«Тарих-и Рашидиді» оқығанда, автордың өмірлік, философиялық көзқарасын, өз
дәуірінің рухани-мәдени дүниетанымын да сезіну, ұғу қиын емес. Ол оқып, еңбектерінде
пайдаланған алпыстан аса шығармаларды назарға алсақ, тарихшының білім деңгейі өз дәуірі
үшін жоғары
дәрежедегі ғұлама, білімді кісілер қатарында болғанын көрсетеді.
Мырза Хайдар өз еңбегінде Моғолстан хандары мен сұлтандарының билік үшін
тынымсыз таласын баяндап берді.
Мырза Хайдар «моғолдар» деп атап кеткен халықтар қазіргі кезде басқаға сіңісіп,
солардың атымен аталып жойылып кеткен, не бірінің арасына бірі сіңіп кеткен. Моғолстан
және оған тәуелді аумақтар қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың Шыңжаң ауданы
және Батыс Моңғолияның жерінде орналасқан» [1,7-9] деп жазған. Моңғол және моғол
сөздері туралы Шоқан Уәлихановтың да «Моғол Четені: (Жетені) моңғолдармен
шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар» [2,273] деп
нақтылай түскен жазбаларын мойындамаудан басқа амал қалмайды.
«Тарих-и Рашидидің» қолжазба нұсқалары Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан,
Пәкістан, Иран, Қытай, Ұлыбритания, Франция елдерінің қолжазба қорларында сақтаулы тұр.
«Тарих-и Рашиди» – тарихи шығарма, ғылыми тұрпатта жазылған ғұмырнамалық
баян екендігі даусыз әңгіме. Дегенмен, аталған еңбектің жанрлық ерекшеліктері туралы
біраз ойланып, ізденетін жақтары да жоқ емес. Өйткені, бүгінге дейін қазақ ғалымдарының
көпшілігі шығарманың тарихи мән-мағынасына баса назар аударып келеді. Солардың бірі
әдебиеттанушы Ш.Елеукенов: «Қазақстан тарихына қатысты жайларды солтүстікте
Қадырғали Жалаири баяндап берсе, оңтүстікте тарихымыздың және бір маңызды беттерін
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде төгілтіп жазып берді» [4,
45] деп жазған-ды.
«Тарих-и Рашиди» шығармасының жанры туралы сөз болғанда ежелгі әдебиет